Ауыспалы егiстердiң ғылыми негiздерiмен танысу
Ауыспалы егiстердiң әр түрлi типтерiн және оларды құрастыру принциптерiн оқып бiлу.
Танаптық және мал азықтық ауыспалы егiстердiң тәсiмiн құру
Тапсырма бойынша әр түрлі егістік жүйесіне байланысты егiс аудандарының қүрылымын және ауыспалы егiстер жүйесiн есептеп дайындау
Студенттерге тапсырма беріледі
Шифр 6 беттегі кестеден алынады, тапсырма 35 және 36 кестеден екі рет жасалады
Студенттердің аты-жөні
|
нұсқалар
|
Акбарова Гаухар Мұратқызы
|
21
|
Алматаева Мадина Алимовна
|
22
|
Амантай Ақниет Мухтарқызы
|
23
|
Амантай Асылбек Даниярұлы
|
24
|
Асанқызы Нилуфер
|
25
|
Әлжан Жанетхан Айдаұлы
|
26
|
Әмбе Дәулет Талапбекұлы
|
27
|
Әшіров Нұрахмед Дінахметұлы
|
28
|
Беркінғалиұлы Рамазан
|
29
|
Бимағамбет Бекарыс Қасқырбайұлы
|
31
|
Досжанұлы Мәди
|
32
|
Жакенов Фархат Ермекович
|
33
|
Жұмағазина Шұғыла Жұмағазықызы
|
34
|
Қыстақбай Айдар Ғаниұлы
|
35
|
Нуржигитов Асылбек Қанатұлы
|
36
|
Нұрлан Мұқағали Төлегенұлы
|
37
|
Орынбек Нәзипа Болабетқызы
|
38
|
Сабырғали Әсел Талғатқызы
|
39
|
Ұразбай Махамбет Мұхтарұлы
|
51
|
Хозыбай Хулан
|
52
|
Эргашев Марат Тохируғли
|
53
|
Ауыспалы егiстi нығайтудың екi кезеңiн ажыратады: енгiзу және игеру. Енгiзген кезде шаруашылықтың табиғи-экономикалық жағдайларын ескерiп егiстiктiң және сүрi жердiң үтымды алаңының қүрылымын анықтайды. Егiстiк алаңының қүрылымы деп жыртылатын жер алаңында пайызбен берiлген дақылдардың меншiктi көлемiн атайды. Ол ауыспалы егiстердiң негiзi болып табылады. Егiншiлiк тәжiребесiнде егiстiк алаңының қүрылымын әр түрлi өнiмдерге сүранысы мен нарықтық коньюктурасына, сонымен қатар шаруашылықтық мүмкiндiктерiне /техниканың және еңбек қорларының болуы, түқым материалымен қамтамасыз етiлуi және т.б./ байланысты анықталады .
Дақылдың немесе сүрыптың өсiру тиiмдiлiгiн бағалаған кезде келесi көрсеткiштердi қолданады:
-дақылдың негiзгi және жанама өнiмдiлiгiн;
-өнiмнiң сапасын: тағамдық, мал азықтық және техникалық қүндылығын.
-дақылды өсiру үшiн 1 гектарға немесе 1 тонна өнiмге жүмсалған еңбек және қаражат шығындарын, 1 гектардан алынқан таза пайда ж„не рентабельдiк.
Әр түрлi мал азықтарын өндiру тиiмдiлiгiн 1 гектардан: мал азықтық немесе мал азықтық протеин өлшемдерiнiң шығымдары арқылы анақтайды. Сонымен қатар өсiмдiктердiң топырақтың физикалық қасиеттерiне әсерiн, олардың топырақ қорғау және фитосанитарлық рөлiн, топырақты органикалық қалдықтармен қүнарландыру қабiлетiн ескередi. Содан соң игеру Үшiн қажеттi ауыспалы егiстердiң санын анықтап, дақылдардың кезектесу тәсiмiн қүрастыруқа кiрiседi.
Әдетте ауыспалы егiстердiң бiрнеше тәсiмдерiн жасайды. Бүл кезде шығыны аз, жоғары өнiмдлiктi қамтамасыз ететiн және топырақ қүнарлылығын сақтайтын ауыспалы егiстерге көбiрек көңiл берiледi.
Эрозия пайда болатын жағдайларда әр түрлi дақылдардың топырақ қорғау рөлiн ескеру керек. Мысалы, солтүстiк Қазақстанда таза сүрi жерден кейiн отамалы дақылдарды орналастыруға болмайды, өйткенi бүл кезде жел эрозиясының қауiптiлiгi байқалады. Осы себептерге байланысты отамалы дақылдардың қайталама егiстерiн болдырмау керек.
Топырақ қорғау қабiлетi бойынша дақылдарды 3 топқа бөледi: бiрiншiсi – топырақты эрозиядан жақсы қорҚайтын көп жылдық шөптер; екiншiсi –топырақ қорғау касиетi орташа-жаппай себiлетiн бiржылдық дақылдар; үшiншiсi- топырақты нашар қорғайтындар отамалы дақылдар.
Ауыспалы егiсте егiс алаңы азырақ дақылдарды әр түрлi жолмен орналастыруға болады: барлық дақылдарды ауыспалы егiстiң қүрама танаптарында орналастыру арқылы немесе қүндылығы жоғары дақылдарға ең жақсы топырақ алқабын бөлiп, екiншi ауыспалы егiстi игередi.
Студенттерге ауыспалы егiстердiң тәсiмiн жасау Үшiн оқытушы егiстiк алаңының қүрылымы туралы бастапқы мәлiметтердi бередi.
Студенттер оларды қолданып ауыспалы егiстегi танаптардың санын және көлемiн анықтайды, дақылдардың кезектестiру ретiн белгiлейдi және жасалқан ауыспалы егiске толық атын бередi.
Танаптың орташа көлемiн анықтау Үшiн биологиясы мен агротехникасы үқсас дақылдарды жеке бөлiп, олардың ауыспалы егiсте меншiктi көлемiн пайызбен есептеп шығарады.
Мысалы, күздiк дәндi, жаздық дәндi, отамалы дақылдардың топтарын ж.т.б. Танаптың орташа көлемi ретiнде дақылдардың жеке топтарының алаңы алынады.
Жыртылатын жер қүрылымында сүрi жер болса, онда ауыспалы егiс танабының орташа көлемi ретiнде оның алаңы алынады.
Қүрама танаптардың санын мүмкiндiгiнше азайту керек. Содан соң ауыспалы егiстегi танаптардың санын ауыспалы егiстiң жалпы алаңын бiр танаптың орташа көлемiне бөлу арқылы табады. Қүрама танаптарды белгiлейдi. Бүдан кейiн жоғарыда айтылған қағидаттарды үстанып, дақылдардың кезектесу тәсiмiн қүрастыруға кiрiседi. Сонымен бiрге дақылдардың өнiмдiлiгiн жоғарылататын және топырақ қүнарлығын сақтайтын агротехникалық шаралар жүйесiн өндiредi (топырақ өңдеу жүйесi, мелиоративтiк шаралар, арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресу ж.т.б.).
Ауыспалы егiстiң тәсiмiн жасау Үшiн бастапқы мәлiметтер 35 ж„не 36 кестеде берiлген. Тапсырма студенттiң оқу шифрiнiң соңғы екi саны арқылы анықталады: сызықшаның Үстiндегi бiрiншi сандары –дақылдарды көрсетедi, екiншiлерiнде (сызықшадан кейiнгiлер) – пайызбен дақылдың меншiктi көлемi берiлген. Сызықшаның астында – ауыспалы егiстiң жалпы алаңы.
Мысалы, студенттiң оқу шифры 029 болса, бастапқы м„лiметтерi 2- тiк жолмен 9- көлденең жолдың қиылысында орналасады. Бүл мысалда дақылдардың нөмiрлерi 1,4,5,21,26 ал меншiктi көлемi –40;13;3;6,7;20;20%, жалпы алаңы 750 га тең.
Бастапқы мәлiметтердi көшiрiп, берiлген сандары бойынша дақылдарды анықтайды, олар 36- кестенiң астындағы ескертпеде берiлген. Бүл тапсырмада бiрiншi нөмiрi жаздық бидай, төртiншi-арпа, бесiншi сүлы, 21-көп жылдық шөптер, 26 –ықтырмалы сүрi жер. Содан соң меншiктi көлемi және ауыспалы егiстiң алаңын анықтайды. Ол үшiн жалпы алаңды меншiктi көлемiне көбейтiп 100-ге бөледi. Бүдан кейiн танаптарды қүрастырып, ауыспалы егiстiң тәсiмiн жасайды.
Бес танапты дәндi сүрi жерлi көп жылдық шөптердiң шықпа танабымен ауыспалы егiстi қүрастыру мысалы.
32. Жыртылатын жердi пайдалану қүрылымы
Дақыл
|
Меншiктi мөлшерi, %
|
Алаңы, га
|
Жаздық бидай
|
40,0
|
300
|
Арпа
|
13,3
|
100
|
Сүлы
|
6,7
|
50
|
Көп жылдық шөптер
|
20,0
|
150
|
Ықтырма сүрi жер
|
20,0
|
150
|
Жыртылатын жердiң барлығы
|
100
|
750
|
33 Дақылдарды топтарға бөлу және олардың ауыспалы егiс алаңындағы меншiктi көлемi , %
Дақылдардың топтары
|
Алаңы,га
|
Меншiктi мөлшерi,%
|
Жаздық дәндi
|
450
|
60,0
|
Көп жылдық шөптер
|
150
|
20,0
|
Ықтырмалы сүрi жер
|
150
|
20,0
|
Барлығы
|
750
|
100,0
|
Танаптың орташа көлемiн анықтаймыз. Егiстiк алаңмен сүрi жер қүрылымының бастапқы мәлiметтерiне сүйенiп, орташа көлемiн 20% (150 га) деп алған жөн болады. Ауыспалы егiстегi танаптардың санын анықтаймыз: 100:20=5. Жоспарланған ауыспалы егiсте 5 танабы болу керек, олардың екеуiнде жаздық бидай, көпжылдық шөптерге және сүрi жерге бiр танаптан берiледi, ал бiр қүрама танабында 100 га арпа және 50 га сүлы орналасады.
34. Танаптарды күрастыру
Дақылдар
|
Алаңы, га
|
Жаздық бидай
|
150
|
Жаздық бидай
|
150
|
Арпа 100га+сүлы 50 га
|
150
|
Көп жылдық шөптер
|
150
|
Ықтырмалы сүрi жер
|
150
|
Барлығы
|
750
|
Алдымен, дақылдардың кезектесу қағидатына сәйкес ауыспалы егiстiң буындарын қүрастырады. Қүрастыратын ауыспалы егiсте негiзгi дақыл жаздық бидай оны, ең жақсы алғы егiстерден (сүрi жер және сүрi жерден кейiн екiншi дақыл) кейiн орналастырған жөн болады. Бүл мысалда ықтырмалы сүрi жердiң жақсы соңғы әсерiн қолдануға болады.
Төртiншi қүрама танабында жаздық бидайқа қарағанда қүнарлығы төменiрек арпа мен сүлыны араластыруға болады. Бүл дақылдардың арамшөптерге бәсекелестiгi жоғары, олардың себу мерзiмдерi кеш болғандықтан арамшөптерi өнiп өсуiн арандатуға егiс алаңында жоюға мүмкiндiк бередi.
Бүл ауыспалы егiстiң бiр сүрi жер буыны ғана болады: сүрi жер- бидай-арпа-сүлы. Көпжылдық шөптердi шықпа танапта орналастырған жөн болады.
Ауыспалы егiстiң т„сiмi осындай болады:
Ықтырмалы сүрi жер
Жаздық бидай.
Жаздық бидай
Арпа+сүлы
Көп жылдық шөптер (шықпа танап).
оның толық аты – бес танапты дәндi сүрi жерлi көп жылдық шықпа танабымен. Тағы ескеретiн жағдай, ылғалдылығы жеткiлiксiз дала және қүрғақшылық дала аймақтарда ең тиiмдiсi төрт- бес танапты ауыспалы егiстер.
Олар топырақты су және жел эрозиясынан қорғауға ықпал жасайды, күрiш және мақта ауыспалы егiстiктерiнде агромелиоративтiк (түздануға тежейдi) маңызы бар және қүнарлықтың сақталуына, кей жағдайларда жоғарлауына мүмкiндiк жасайды. Өсiру мерзiмi мен тәсiлiне байланысты күздiк, аңыздық, орымдық және үстемелiк аралық дақылдарды ажыратады.
Күздiк аралық дақыл ретiнде күздiк қара бидай, тритикали, күздiк арпа қыстайтын ас бүршақ және сүлы, күздiк сиыр жоңышқа, күздiк рапс және т.б. Өсiрiледi. Бүларды негiзгi дақылдарды жинағаннан кейiн себедi де, келесi жылы ерте көктемде жинайды.
Қазақстанның оңтүстiк аудандарында аралық дақылдарды өнiм жинақаннан кейiн өсiредi. Бүл үшiн бiр жылдық шөптер, дәндi бүршақтар, отамалы және жедел өсетiн дақылдарды қолданады.
орымдық аралық дақылдарды негiзгi дақылды пiшенге , көк балаусақа, пiшендемеге немесе сүрлемге жинасымен, iзiнше өсiредi. Оңтүстiкте әдетте күнбағыс, ас бүршақ пен бүршақтың қоспасы, шайжүгерi, т.б. Себiледi, жазғы күзгi мерзiмi қысқа жерлерде астық бүршақтың бiр жылдық қоспалары, сүлы, ас бүршақ т.т. Қолданылады.
Үстемелiк аралық дақылдарды негiзгi дақылдардың бүркемесiне онымен бiр мезгiлде немесе оны себiсiмен, iзiнше себедi. Олар, негiзгi дақылды жинап алғаннан кейiн бозқырау түскенше пәрмендi өсуiн жалғастырады. Мүндай егiс Үшiн түйе жоңышқа, судан шөбi, эспарцет, бiр жылдық беде, сиыр жоңышқа және т.б. Қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |