Түркі әлемі жастар жылын атап өтеді



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2019
өлшемі0,57 Mb.
#24766


ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖАСТАР ЖЫЛЫН АТАП ӨТЕДІ 

 

 



Астанада  Түркі  кеңесі  мемлекеттерінің  Жастар  істері  және  спорт 

министрлерінің  үшінші  отырысы  өтті.  Жиын  ынтымақтастықты  кеңейтуге 

және  түркітілдес  мемлекеттер  жастарының  арасындағы  қарым-қатынасты 

нығайтуға  бағытталған.  Басқосуға  Түркі  кеңесінің  Бас  хатшысы  Бағдат 

Әміреев,  Қазақстанның  Қоғамдық  даму  министрі  Дархан  Кәлетаев, 

Түркияның жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу, Қырғызстанның 

Жастар,  денешынықтыру  және  спорт  жөніндегі  мемлекеттік  агенттігінің 

директоры  Қанат  Аманқұлов,  Әзербайжанның  жастар  және  спорт 

министрінің 

орынбасары 

Исмаил 

Исмаилов, 



Халықаралық 

Түркі 


академиясының  президенті  Дархан  Қыдырәлі,    Түркияның    Қазақстандағы 

Төтенше 


және 

өкілетті 

елшісі 

Невзат 


Уянык 

қатысты.  

 

Отырыс  барысында  жас  көшбасшылардың  ІІ  форумын,  IV 



Халықаралық  жастар  лагерін  және  Түркі  кеңесінің  ІІІ  Халықаралық  жастар 

фестивалін өткізу мәселелері талқыланды. Жиынды ашқан Бас хатшы Бағдат 

Әміреев  Түркі  кеңесінің  шараларына  қолдау  көрсеткені  үшін  еліміздің 

Мәдениет  және  спорт  министрлігіне  және  Қоғамдық  даму  министрлігіне 

алғысын  айтты.  Сондай-ақ  Бас  хатшы  отырысқа  қатысушылар  түркітілдес 

елдер жастарының бірыңғай платформасын құру идеясын қолдайтынын және 

оны жүзеге асыруға кірісетін уақыт келгенін атап өтті. «Қырғызстанда өткен 

Түркі  кеңесінің  саммитінде  мемлекеттер  басшылары  жастар  құрылымдары 

арасындағы  ынтымақтастықты  нығайтып,  жастарды  радикалды  идеялардан 

қорғау мақсатында шаралар қолдануға бірауыздан келісті. Түркітілдес елдері 

жастарының 

бірыңғай 

платформасының 

құрылуы 


мүше 

елдер 


көшбасшылары  қойған  мақсаттарға  жетуге  бірден-бір  мүмкіндік»,  деді 


Бағдат  Әміреев.  «Бүгінде  әрбір  төртінші  қазақстандық  –  жастар  өкілі.  Сон-

дықтан  мемлекеттік  саясаттың  осы  бағыты  Президент  пен  Үкіметтің 

назарында.  Жастарды  қолдауға  бағытталған  бағдарламалық  құжаттар  мен 

жобалар жүйелі негізде іске асырылуда. Ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге 

асыру  үшін  біздің  министрліктің  құрылымында  Жастар  және  отбасы  істері 

жөніндегі  комитет  жұмыс  істейді,  барлық  өңірлерде  уәкілетті  мемлекеттік 

органдар қызмет атқарады», деді Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев. 

Министрдің  айтуынша,  өңірлерде  210  жастар  ресурстық  орталығы,  818 

Жастар  ісі  жөніндегі  комитет,  жастардың  549  үкіметтік  емес  ұйымы  жұмыс 

істейді.  Атқарылған  жұмыстардың  нәтижесінде  білім  индексі  бойынша  189 

елдің  ішінде  Қазақстан  31-орында.  Ал  жастар  дамуының  жаһандық 

индексінде  еліміз  183  елдің  ішінде  61-орында  тұрса,  Түркия  –  62-ші, 

Қырғызстан  –  64-ші,  Әзербайжан  –  95-орында.  Сонымен  қатар  министр 

Жастар  жылының  тек  Қазақстанға  емес,  бүкіл  түркітілдес  елдерге  қатысты 

жыл болуына мүмкіндік бар екенін айтты.  

 

Түркияның  жастар  және  спорт  министрі  Мехмет  Касапоглу  келер 



жылы Түркияда IV Халықаралық жастар фестивалі және 2020 жылы Дүние-

жүзілік Көшпенділер ойыны өткізілетінін айтты. «Спорт жастардың өмірінде 

ерекше  орын  алуы  тиіс.  Сондықтан  осы  бағытта  жастар  лагерьлерінің 

жұмысын  жандандыру  қажет.  Келер  жылы  біздің  еліміз  Дүниежүзілік  Көш-

пенділер ойынын, 2021 жылы Ислам ойындарынан жарыс өткізуді жоспарлап 

отыр.  Қазақстанмен  қарым-қатынасымыз  өте  жоғары  деңгейде.  Алдағы 

Жастар жылы аясында болатын іс-шараларда Түркі кеңесіне мүше елдер бел-

сенділік танытады деген сенімдемін», деді ол.  

 

Жиын  соңында  Түркі  кеңесінің  VI  жастар  лагері  келер  жылы 



Қазақстанда,  Түркі  кеңесінің  III  Халықаралық  жастар  фестивалі  Түркияда, 

Түркі  кеңесі  елдері  университеттерінің  екінші  спорттық  жарыстары  (түркі 

Универсиадасы) 

2020 


жылы 

Қазақстанда, 

Түркі 

кеңесі 


Жас 

көшбасшыларының  ІІ  форумы  2019  жылы  еліміздің  Түркістан  қаласында 

өтетіні  нақтыланды.  Түркі  кеңесі  жастар  тұғырнамасының  Бас  Ассамблеясы 

2019  жылы  Әзербайжанда  ұйымдастырылады  деп  шешім  қабылданды. 

Сонымен  қатар  Түркі  кеңесі  елдерінің  жастар  және  спорт  министрлерінің 

төртінші отырысы 2019 жылы Қырғызстанда өтеді.



 

 

 

 

 



 

 

 




ӘЗЕРБАЙЖАН  МЕН  ИРАН  БІРЛЕСІП    ЖЕР  СЕРІГІН 

ЖАСАУДЫ ЖОСПАРЛАУДА 

 

Әзербайжан  мен    Иран  бірлесіп,  Жерді  қашықтан  зондтайтын  жерс  ерігін 



жасау  туралы    келісімге  келді.    Бұл  жөнінде  7    желтоқсанда    Иранның  

байланыс  және    ақпарат  министрі    Мухаммад  Джавад  Азери  Джахруми  

мәлімдеді. Оның  сөзіне  қарағанда  қазіргі кезде  қос мемлекет  жер серіктік 

байланыс саласы бойынша  тығыз  қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар, 

қос  мемлекет    пошта  байланыстарын    нығайту  бағытында  да 

ынтымақтастықты кеңейтіп келе жатыр. 

«Қазіргі  таңда    Иран  мен    Әзербайжан  пошта  байланысы  саласында  да 

ынтымақтаса  жұмыс  істеуде  әрібіз  бұл  қатынастарды    тереңдете  береміз.  

Келешекте    пошталық  қаржы  қызметі  саласында    ынтымақтастықты 

дамытуды көздеп отырмыз»,-деді М.Джахруми. 

Сондай-ақ,    иран  министрі    өзінің  әзербайжандық  әріптесімен  кездесуі 

кезінде TASİM талшықты-оптикалық кабель  магистралы құрылысы жөнінде 

ақылдасатынын айтты.  

Естеріңізге  сала  кетсек,  бүгінде    Әзербайжанда  «Азеркосмос»  ААҚ-на  

қарасты  Azerspace-1,  Azerspace-2 байланыс және  Azersky төменгі орбиталық 

жер серігі бар.  

 

 

 




 

ТҮРКІМЕНСТАН 

2025 

ЖЫЛҒА 

ДЕЙІНГІ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ДАМУ 

БАҒДАРЛАМАСЫН 

ҚАБЫЛДАЙДЫ 

 

 



 

5  желтоқсанда    өткен  Түркіменстан  министрлер  кабинетінің  отырысында 

биылғы  11  айдың    қорытындысы  талқыланып,  ел      Президенті    Ғұрбанғұлы 

Бердімұхамедов      Түркіменстанды  дамытудың  2025  жылға  арналған  жаңа  

экономикалық  моделін жасау керек екендігін айтты.  

«Жыл  қорытындыларына    арналған  Министрлер  кабинетінің  бүгінгі 

отырысында  біз  2025  жылға  дейін  елді  дамытудың  жаңа    экономикалық 

моделін    қабылдауымыз  керек.    Бұл  бағдарлама    ұлттық  экономиканың 

барлық  саласындағы  құрылымдық    өзгерістерге  негіз  болып,    тәуелсіз 

елімізді  қазіргіден  де  жоғары  деңгейге    көтереді  әрі  халықтың  әл-аухатын 

жақсарта түсуі тиіс»,-деді Ғ.Бердімұхамедов. 

 

Түркіменстан      Президентінің  сөзіне  қарағанда  мұндай  жоспарды  



жүзеге  асыру  үшін  Министрлер  кабинеті  төрағасының  әрбір  орынбасары, 

әрбір  министр    менс  алалық  ведомство  басшылары    өздері  жауапты 

салалардағы жағдайды қатаң бақылауда  ұстауы керек. 

«Сіздер    қабылданған  бағдарлама  қалай  орындалып  жатыр,    қандай    нысан 

салынады,  ең бастысы қай уақытта аталған  нысандар пайдалануға беріледі, 

мұның  барлығын  жақсы  білулеріңіз  керек...  Бұл    2019  жылы  барлық 

министрліктер  мен  ведоство  басшыларының  алдында    орасан  зор  міндет 



тұрғанын көсретеді,  бұл  міндеттерді  табысты  орындау  әр  тұлғаның  қасиетті  

борышы  боулы  тиіс.    Біз  қаншалықты  тиімді  жұмыс  істесек,    халқымыздың 

жағдайы  соншалықты  жақсарып,  елдің  беделі  де  арта  түседі»,-деді 

Ғ.Бердімұхамедов. 

 

 

 



 

БІШКЕКТЕ  ӨЗБЕКСТАН КИНОСЫ КҮНДЕРІ  ӨТТІ 

 

 



 

4-5  желтоқсанда  Қырғызстан  астанасы  Бішкек  қаласында  Қырғызстандағы 

Өзбекстан киносы күндері өтті.  «Манас» кинотеатры мен Шыңыс Айтматов  

атындағы    кино  үйінде  өткен  шарада  өзбекстандықбірқатар  фильмдер  

көрсетілді. 

Бағдарламаға  режиссер  Е.Туйчиевтің  «Ришта»,  А.Гамировтың  «Әке  үйі», 

«Узбеккино»  киностудиясы    түсірген  «В  паутине  лжи»    фильмдері  еніпті.  

Шараға  Өзбекстан  кинематографистер      одағының    төрағасы,  Өзбекстанның 

еңбек сіңірген әртісі Маякуб Матчонов және  танымал өзбек актері  Улугбек 

Кадыров  қатысты.  

Сонымен  қатар,  Бішкектегі  «Космопарк»  кионтеатрында    Өзбекстан  мен 

Қырғызстан  бірлесе  түсірген  «Делбирим»  фильмінің    тұсаукесері  өтті. 

Фильмнің  көсретілімі  әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына 

арналды.  




Бұл  шаралар  Орталық  Азиядағы  бауырлас    қос  түркі  мемлекетінің 

арасындағы  гуманитарлық    ынтымақтастықты  тереңдетуге  зор  үлес  қосатын  

болады. 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау