«бекітемін» аатф деканы С. С. Табултаев 2017 ж



жүктеу 0,98 Mb.
бет1/2
Дата11.12.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4007
  1   2

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

КОМЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ




«БЕКІТЕМІН»

ААТФ деканы

____________С.С. Табултаев

«____»__________ 2017 ж.


2017 ЖЫЛЫ ТҮСКЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН

ТАҢДАУ БОЙЫНША ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

«5В070400 -

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» мамандығы




АЛМАТЫ 2017 ж.
«5В070400 -ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР

(таңдау бойынша)






Цикл

Пәннің

сандық


коды

Пән атауы




Семестр

Кредит

саны


1 курс

1

ЖБП




1107

Экологиялық тұрақтылық және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

1

3

1107

Экологиялық және техногендік қауіпсіздік

1

2

БП

1211

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

2

2

1211

Қолданбалы статистика

2

3

БП

1215

Ақпарат теориясы

2

2

1215

Ақпараттық жүйелер негіздері

2

4

БП

1217

Бағдарламалау технологиялары

2

3

1217

Бағдарламалық қамтама құру технологиялары

2


Экологиялық тұрақтылық және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Постреквизиттер: Еңбекті қорғау, Өндірістік қауіпсіздік.

Оқыту мақсаты: техносферадағы антропогендік және табиғи текті теріс әсерден адам қауіпсіздігі, жайлы тұрмыс жағдайына қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Экология ұғымы және анықтамасы. Газ тазарту және шаң коллекторлар түрлерінің әдістері. Ағынды суларды тазарту. Өндіріс қалдықтары. Тұрақты даму тұжырымдамасы. Экологиялық мониторинг.

Оқыту нәтижелері: халықаралық нормалар мен орнықты даму қағидаттарына сәйкес экологиялық стратегияны және экологиялық саясатты құру;

- білуі тиіс- еңбек жағдайларын және қауіпсіздігін арттыру жолдарын, төтенше жағдайларда өндірістік персоналды қорғау;

- істей алуы - жұмыс орнында қауіп жою әдістері мен құралдарын пайдалану;

- дағдылану - қауіптер себептерін талдау және техникалық жүйелерді істен шығу себептерін анықтау.

Құзыреттер: кәсіпорындарда еңбекті қорғау, өмір тіршілігі қауіпсіздігі және шектен тыс жағдайлардағы қорғанысты ұйымдастыру мәселелерін шешуді білу.

Кафедра: Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология.
Экологиялық және техногендік қауіпсіздік

Постреквизиттер: Еңбекті қорғау, Өндірістік қауіпсіздік.

Оқыту мақсаты: Техникалық жүйелердің жұмыс істеуін, экологиялық және техногендік қауіпті көзі ретінде табиғи процесстер мен құбылыстарды зерттеу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Негізгі қауіпсіздік ұғымдары, қауіпсіздік негізгі критерийлері және жіктелуі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық қауiпсiздiк. Төтенше жағдайлар жіктелуі және кодталуы. Техникалық жүйелердің сенімділігі теориясы. Қауіптер мен техникалық жүйелердің істен шығу анықтау әдістері.

Оқыту нәтижелері: техногендік және экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін кепілдіктер арттыру;

- білуі тиіс - техникалық жүйелерімен айналысатын кезде адам қателерін жүйелеу; техногендік табиғи, әлеуметтік-саяси және әскери сипатты төтенше жағдайларды жіктеу, тәуекел деңгейін бағалау;

- істей алуы - төтенше жағдайлардың классификаторға сәйкес кодтарын анықтау, аумақтық тарату критерийлерге, экономикалық шығындарға және құрбандары санына сәйкес төтенше жағдайлар деңгейін анықтау;

- дағдылану - қауіптер себептерін талдау және техникалық жүйелердің істен шығу себептерін анықтау.

Құзыреттер: техникалық жүйелердің істен шығу түрлері мен олардың себептерін білу.

Кафедра: Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология.
ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интеллект жүйелері.

Оқытудың мақсаты: арнайы пәндердің тарауларын өзіндік оқып-үйрену үшін Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру, есептеу әдiстерiн, сипаттамаларын меңгеру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ықтималдықтар теориясы пәні. Комбинаторика элементтері. Элементар оқиғалар кеңістігі. Толық ықтималдық формуласы. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдары. Лапластың локалдық және интегралдық теоремасы. Пуассон теоремасы. Математикалық статистика элементтері. Бақылаулардың нәтижелерін өңдеу. Статистикалық үлестірімнің сандық сипаттамалары. Үлестірімнің белгісіз параметрлерін бағалау.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдарын және сандық сипаттамаларын; ақпаратты өңдеу әдістері, оларды жүйелендіру және статистикалық берілімдерді талдау әдістерін;

- істей алуы - мәселені қоя білу; математикалық модель құру; қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларда аналитикалық және сандық әдістерді қолдану; үлестірімнің белгісіз параметрлерін кездейсоқ шамалардың үлестірім бағасы арқылы анықтау; басқару процесстерінде таңдама статистикалық берілімдер бойынша сандық сипаттамаларын табу;

- дағдылану - үлестірім заңы бойынша статистикалық берілімдер талдау, жүргізілген статистикалық талдау негізінде машықтану ұсыныстарын беру.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикамен байланысты мәселелерді шеше білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ҚОЛДАНБАЛЫ СТАТИСТИКА

Пререквизиттер: Математика

Постреквизиттер: Басқару теориясы модельдері мен әдістері, Оптималдау әдістері.

Оқытудың мақсаты: ықтималдыктар теориясы мен математикалық статистика негіздерін, кездейсоқ шамалардың ықтималдыктарының үлестірім заңдарын, үлкен сандар заңдарын, үлестірім параметрлерінің статистикалық бағалауларын, статистикалық болжамдардың тексеру әдістерін, ықтималдылық моделдерді құру және зерттеу әдістерін оқып меңгеру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ықтималдықтар теориясы пәні. Комбинаторика элементтері. Толық ықтималдық формуласы. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдары. Үлкен сандар заңы, орталық шектік теорема. Чебышев теңсіздігі мен теоремасы. Математикалық статистика пәні және оның басты мақсаттары. Полигон және гистограмма. Үлестіру параметрін статистикалық бағалау. Функционалдық және корреляциялық тәуелділік. Корреляцияның таңдама коэффициенті және оны табудың әдістері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - ықтималдықтар теориясының негізгі фундаменталдық түсініктерін: ықтималдықтар теориясының аксиомалық талқымаларын және одан шығатын ықтималдықтар қасиеттерін; кездейсоқ шамалар қасиеттерін және олардың үлестірілімдерін; кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын; математикалық статистиканың негізгі түсініктерін; нүктелік бағалау және оларды алу әдістерін; интервалдық бағалауды; болжамды тексерудің негізгі теориясын; кездейсоқ процесстердің корреляциялық теориясын, оларды жүйелендіру және статистикалық берілімдерді талдау әдістерін;

- істей алуы - нақты кездейсоқ құбылысты дұрыс айқындап сипаттайтын математикалық моделін құру, ықтималдықтардың классикалық және геометриялық анықтамасына есептер шешу; кездейсоқ шамасының үлестірілім функциясының заңын табу; кездейсоқ шамалардың моменттерін және корреляция коэффициентін есептеу;

- дағдылану - математикалық әдістерді қолданып инженерлік есептерді шешу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
АҚПАРАТ ТЕОРИЯСЫ

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. JAVA, Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. NET.

Оқыту мақсаты: ақпарттар теориясының негізгі түсініктерімен танысу, ақпарттық процесстердің модельдерін және олардың ұйымдастырылуын физикалық және арналық деңгейде оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ақпаратты тарату теориясы, ақпарат өлшемі, хабарламаны дискреттеу, ақпаратты кодтау.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс- негізгі фазаларды және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтаманы құру кезінде оларды қолдану қағидаларын;

- істей алуы - ақпаратты таратудың негізгі модельдері мен тәсілдерін заманауи компьютерлік жүйелерді оптимизациялау;

- дағдылану - энтропияны, хабарларды арналар бойынша тарату кезіндегі ақпарат мөлшерін есептеуге.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ақпарат теориясының негізгі әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР НЕГІЗДЕРІ

Пререквизиттер: Математика

Постреквизиттер: Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: ақпарттар теориясының негізгі түсініктерімен танысу, ақпарттық процесстердің модельдерін және олардың ұйымдастырылуын физикалық және арналық деңгейде оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ақпаратты кодтау және жіберу. Ақпараттық жүйелердің негіздері. Салалардағы ақпараттық жүйелер.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - ақпаратты қорғау жүйелерін құрудың тәжірбиелік тәсілдерін; мәтіндердің ақпараттық-статистикалық трансформациялану жүйелерінің құрылу әдістерін;

- істей алуы - аппараттық қорғау, бағдарламалық қорғау тәсілдерін, ұйымдастырушылық қорғау шараларын жобалау жайлы түсінігі болуы, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық тәсілдерін қолдану; ақпараттық ресурстарды қорғаудың қажетті шараларын анықтау; жергілікті желілерде жұмыс істеу және жеке қорғаныстың бағдарламалық тәсілдерін қолдану; деректер қорының қаіпсіздігі және қорғау әдістерін қолдану; рұқсатсыз ену әрекеттерін анықтау үшін эксперттік жүйелерді пайдалану жайлы түсінік және алынған дағдыларды компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде қолдану;

- дағдылану - ДҚҚЖ пайдаланумен қарапайым ақпарттық жүйелерді жобалау және құру.

Құзыреттер: Ақпараттық жүйелерді жобалай және құра білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
БАҒДАРЛАМАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Пререквизиттер: Математика, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. JAVA, Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. NET.

Оқыту мақсаты: заманауи бағдарламалау технологияларын оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): бағдарламалау технологиясы туралы негізгі түсініктер, әдістер және қолдану жолдары. Бағдарламалау әдістері мен алгоритмдер теориясын тереңірек оқу.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - әртүрлі бағдарламалау технологияларын құру қағидаларын және қолдану ерекшеліктерін; бағдарламаларды құру кезеңдерін; бағдарламалаудың базалық концепцияларының негізгі сипаттамаларын; бағдарламалық жиындарды кешендеу тәсілдерін; қолданылған технологияға байланысты құрылған бағдарламалардың эксплуатациялық сипаттамаларын;

- істей алуы - тиімділігін бағалау және құруға ең тиімді технологиялық тәсілдерін таңдау; бағдарламаны құру процесін басқаруды талдау; құрастырылған бағдарлмалардың негізгі блоктарын таңдау және құнын алдын ала есептеуін жүзеге асыру;

- дағдылану - БҚ құрудың негізгі қағидаларын қолдануға; технологиялық шешімдерді таңдау тиімділігін бағалау; БҚ құруды басқару процесстерін талдау.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде әртүрлі есептерді бағдарламалауды білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМА ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Пререквизиттер: Математика, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Объектке бағытталған бағдарламалау. С++, Объектке бағытталған бағдарламалау. С#.

Оқыту мақсаты: заманауи бағдарламалау технологияларын оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Бағдарламалық қамтаманы құрастыру технологиясы туралы негізгі түсініктер, әдістері және мүмкіндіктерін қолдану жолдары. Бағдарламалау алгоритмдерін және құрылымдарын тереңірек оқып үйрену. Бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерінің басқару құрылымы.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - әртүрлі бағдарламалау технологияларын құру принципін және қолдану ерекшеліктерін; бағдарламаларды құру кезеңдерін; бағдарламалаудың базалық концепцияларының негізгі сипаттамаларын; бағдарламалық кешендерді жөндеудің тәсілдері; қолданылған технологияға байланысты құрылған бағдарламалардың эксплуатациялық сипаттамаларын;

- істей алуы - тиімділігін бағалау және құруға ең тиімді технологиялық тәсілдерін таңдау; бағдарламаны құру процесін басқарды талдау; құнын алдын ала есептеуді және құрылушы бағдарламалардың негізгі болктарын таңдауды жүзеге асыру;

- дағдылану- БҚ құрудың негізгі қағидаларын қолдануға; технологиялық шешімдерді таңдау тиімділігін бағалауға; БҚ құруды басқару процесстерін талдауға.

Құзыреттер: Әртүрлі кәсіпорындарға арналған бағдарламалық қамтама жобалауды және құруды меңгеру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.


Цикл


Пәннің

сандық


коды

Пән атауы




Семестр

Кредит саны

2 курс

1

ЖБП

2106

Қоғамның саяси - құқықтық және әлеуметтік - рухани негіздері

3

4

2106

Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін

3

2

БП

2210

Математиканың арнайы тараулары

3

3

2210

Математиканың қолданбалы бөлімдері

3

3

БП

2212

Дискретті математика

3

3

2212

Математикалық логика

3

4

БП

2213

Электр тізбектерінің теориясы. Сызықты және сызықты емес тізбектер

3

3

2213

Электр тізбектерінің теориясы. Сызықты және сызықты емес тізбектерін есептеу әдістері

3

5

БП

2214

Желілік қосымшаларды құру технологиялары

3

2

2214

Кроссплатформалық қосымшаларды құру технологиялары

3

6

БП

2216

Басқару теориясы модельдері мен әдістері

3

2

2216

Оптималдау әдістері

3

7

БП

2218

Объектке бағытталған бағдарламалау. С++

4

3

2218

Объектке бағытталған бағдарламалау. С#

4

8

БП


2221

Машинаға бағдарланған бағдарламалық тілдер

4

3

2221

Windows жүйесінде Ассемблер тілінде бағдарламалау

4

3


Қоғамның саяси - құқықтық және әлеуметтік - рухани негіздері

Пререквизиттер: Қазіргі Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер: Философия, Теориялық экономика және экономикалық тәжірибе, Әлеуметтік-экономикалық дамудың Казахстандық үлгісі.

Оқыту мақсаты: қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани негізде қызмет етуі мен дамуы туралы білім жүйесін студенттердің бойында қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Саяси-құқықтық ойлардың қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптары; қоғамның әлеуметтік-рухани негізі; қоғамдағы тұлғаның саяси қызығушылық қатынастары; Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселелері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - қазіргі қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани өмірінің негізі мен даму заңдылықтары, қазіргі кезеңдегі қоғам мен адамзаттың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолындағы әр түрлі ғылыми тәсілдерді білу;

- істей алуы - саясат, құқық, діннің қоғам өмірінде алатын ролі туралы білімді жүйелеу, өзіндік азаматтық позициясын қалыптастырып, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін мойындау;

- дағдылану - қазіргі кезеңдегі қоғамның негізін бағалау және талдау,алынған білімнің көмегімен қоғамдағы қатынастарды реттеудегі байланыстар, жеке және кәсіби салада жаңа білім қорын игеру.

Құзыреттер: Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани негіздерінің қағидаларын білу.

Кафедра: Қазақстан тарихы және мәдениеті.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін

Пререквизиттер: Қазіргі Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер: Философия, Теориялық экономика және экономикалық тәжірибе, Әлеуметтік-экономикалық дамудың Казахстандық үлгісі.

Оқыту мақсаты: демократиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, студенттердің бойында қазіргі кезеңдегі қоғамдағы әлеуметтік институттар туралы ғылыми білімді қалыптастырып, белгілі бір қоғамдық құбылыстар мен жағдайларды бағалауда ғылыми тәсілдерді қолдануды үйрету, өздерінің кәсіби мәселелерінің шығармашылық шешімдеріне қажетті білім қорымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): әлеуметтік институттарды қалыптастыру; әлеуметтік институттардың белгілері, элементтері және типтері; әлеуметтік институттардың мақсаты, фукциялары мен дисфункциялары; саяси институттар; құқық әлеуметтік институт ретінде; дін әлеуметтік институт ретінде; қазіргі кезеңдегі әлеуметтік институттар; қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси дамуы мен жаңаруы.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен даму заңдылықтары; әлеуметтік институттардың негізгі функциялары мен дисфункциялары; қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік институттардың ролі;

- істей алуы - өзбетінше дербес талдау жасау,сыни ойлау,қоғам өміріндегі құбылыстар мен жағдайларды танып біліп бағалауда жеке өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

- дағдылану - әр түрлі дереккөздерін салыстыра отырып, мағлұматтардың дәлелдігін анықтап, қазіргі кезеңдегі қоғамның жағдайы мен даму тенденцияларын бағалау және талдау.

Құзыреттер: Әртүрлі қоғамдық оқиғаларды бағалауда ғылыми қағидаларды қолдану.

Кафедра: Қазақстан тарихы және мәдениеті.
Математиканың арнайы тараулары

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Объектке бағытталған бағдарламалау. С++, Объектке бағытталған бағдарламалау. С#.

Оқыту мақсаты: техникалық және қолданбалы есептерді математикалық әдістермен шешу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Матрицалар және анықтауыштар. Векторлар және векторларға қолданылатын сызықты операциялар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулер. Сызықты біртекті және біртекті емес теңдеулер. Толық дифференциалды теңдеулер. Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу. Эйлер әдісі. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін Рунге-Кутт әдісі.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін; векторларға, матрицаларға қолданылатын сызықты операцияларды; дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдарын; айнымалылары ажыратылатын теңдеулерді, сызықты біртекті және біртекті емес теңдеулерді, толық дифференциалды теңдеулерді; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу үшін Эйлер әдісін;

- істей алуы - сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін үйлесімділікке зерттеуде және шешімін таба білуді; қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен аналитикалық және сандық әдістерді қолданып математикалық есептерді шешуді;

- дағдылану – математикалық әдістерді қолдану арқылы инженерлік есептерді шешуге.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде математикалық әдістерді қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Математиканың қолданбалы бөлімдері

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интеллект жүйелері, Бағдарламалар өңдеудің құрал-жабдықтары.

Оқыту мақсаты: әртүрлі есептерді математикалық модельдеу және оларды шешу әдістерін және оларды шешуге пайдаланылатын бағдарламалық қаматама жайлы білімдерді қалыптастыру.

Пәннің қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Матрицалар және анықтауыштар. Векторлар және векторларға қолданылатын сызықты операциялар. Жазықтықтағы түзу теңдеулері. Жазықтықтың әртүрлі теңдеулері. Кеңістіктегі түзу. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Екінші ретті қисықтар мен беттер. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулер. Сызықты біртекті және біртекті емес теңдеулер. Толық дифференциалды теңдеулер. Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу. Эйлер әдісі. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін Рунге-Кутт әдісі.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - сызықты алгебра мен аналитикалық геометрияның, дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдарын; айнымалылары ажыратылатын теңдеулерді, сызықты біртекті және біртекті емес теңдеулерді, толық дифференциалды теңдеулерді; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу үшін Эйлер әдісін;

- істей алуы - қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен аналитикалық және сандық әдістерді қолданып математикалық есептерді шешуді;

- дағдылану – математикалық әдістерді қолдану арқылы инженерлік есептерді шешу.

Құзыреттер: инженерлік есептерді шешуде математикалық модельдеу әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.

ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Ақпарат қорғау және ақпараттық қауіпсіздік, Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, Сараптау жүйелері, Жасанды интеллект жүйелері.

Оқыту мақсаты: студенттерге классикалық математикалық зерттеу әдістеріне үйрету. Студенттерге қолданбалы есептерді және арнайы пәндердің тарауларын оқып-үйрену үшін алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Жиындар теориясының элементтері. Жиындардың берілу тәсілдері. Унарлы, бинарлы, тернарлы қатынастар. Арнайы бинарлы қатынастар. Математикалық логика элементтері. Формулалардың тең мәнділігі. Формулалардың қалыпты формалары. ДҚФ және ҚКФ келтіру. Функционалды толықтық туралы Пост теоремасы. ДҚФ классында буль функцияларын минимизация. Буль алгебрасы және жиындар теориясы; коммутациялық сұлбалар.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - жиындар теориясының және математикалық логика теорияларының негізгі ұғымдарын: жиынның булеаны, универсумды, жиынның қуатын, Эйлер-Венн диаграммасын, өзара бірмәнді сәйкестіктерді, логика формулаларын, бинарлық қатынастарды, логика және предикаттарды есептеуді, предикаттарды, кванторларды;

- істей алуы - ҚФ және КҚФ келтіру, дизъюнктивті қалыпты формалар класында минимизациялау, формулалардың бірмәнділігін қолданғанда; қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен классикалық математикалық есептерді шешуде;

- дағдылану - классикалық математикалық есептерге келтірілетін қолданбалы есептерді шығару; машықтандыру есептерінің шешімдерінің тиімді әдістерін анықтау.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттердегі мәселерді шешуде дискретті математика әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Жоғары математика.
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЛОГИКА

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Басқарушы есептеуіш жүйелерді ұйымдастыру, Сандық басқару жүйелерін ұйымдастыру, Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: арнайы пәндердің тарауларын өзіндік оқып-үйрену үшін Математикалық логиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру, есептеу әдiстерiн, сипаттамаларын меңгеру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Математикалық логика элементтері, тұжырымдар логикасы. логикалық қисаптар. негізгі эквивалентті заңдар мен ережелер, логикалық функциялардың толық жүйесі. логикалық формулаларды ДҚФ және ҚКФ келтіру, графтар теориясы, ағаштар, ең кіші діңгекті ағаштар, графтарда маршруттарды іздеу, транспорттық желілер, ең үлкен ағын құратын Форд-Фалкерсон алгоритмі, комбинаторика.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - математикалық логиканың негізгі ұғымдарын, логика формулаларын, логика және предикаттарды есептеу, предикаттар, графтар бөлігін, ағаштар, минималды салмақты діңгекті ағаштар, Эйлер шынжыры және циклдары, транспорттық желідегі ағын туралы;

- істей алуы - ДҚФ және КҚФ келтіру, дизъюнктивті қалыпты формалар класында минимизациялау, формулалардың бірмәнділігін қолданғанда; қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен классикалық математикалық есептерді шешу;

- дағдылану - классикалық математикалық есептерге келтірілетін қолданбалы есептерді шығару; машықтандыру есептерінің шешімдерінің тиімді әдістерін анықтау.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттердегі мәселелерді шешуде зерттеудің математикалық әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ. СЫЗЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ТІЗБЕКТЕР.

Пререквизиттер: Математика, Физика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Электроника, Цифрлық схемотехника.

Оқыту мақсаты: сандық және сапалық түрде тұрақты, синусойдалы, периодты синусойдалы емес сызықты электр тізбегіндегі орныққан кезеңдерді, индуктивті байланысқан сызықты емес электр тізбегін, төртұштықтарды үйрену.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): негізгі түсініктер, тұрақты токтың электр тізбектеріндегі әдістерін және заңдылықтарын есептеу, электр тізбектерінің гармоникалық режимдерінің әсер етуі, электр тізбектеріндегі резонанстық режимдерін, периодикалық синусоидалды емес әсер ету кезеңдерін, индуктивті байланысқан тізбектерді, тұрақты токтың сызықсыз электр тізбектерін, төртұштықтар теориясын.

Оқыту нәтижелері:



- білуі тиіс - тұрақты және бір фазалы синусойдалы токты сызықты электр тізбегін есептеу әдістерін және негізгі заңдарын; периодты синусойдалы емес әсердегі тізбектерді; тұрақты токты сызықсыз электр тізбегіндегі индуктивті байланысқан тізбектерді;

- істей алуы - қолданбалы есептерді шешу; периодты синусоидалы емес әсердегі тізбектерді; тұрақты токты сызықсыз электр тізбегіндегі индуктивті байланысқан тізбектерді;



- дағдылану - инженерлі есептерді есептеу үшін сызықты электр тізбегіндегі қалыптасқан режимдағы есептеу әдістерді қолдану.

Құзыреттер: сызықтық электр тізбектеріндегі электромагниттік үрдістердің сапалық және сандық заңдылықтарын білу.

Кафедра: Теориялық электротехника.
ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ. СЫЗЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ТІЗБЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ.

Пререквизиттер: Математика, Физика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Басқарушы есептеуіш жүйелерді ұйымдастыру, Сандық басқару жүйелерін ұйымдастыру.

Оқыту мақсаты: сандық және сапалық түрде тұрақты, синусойдалы, периодты синусойдалы емес сызықты электр тізбегіндегі орныққан кезеңдерді, резонанс режимдерін, төртұштықтарды, сүзгілерді және периодты синусойдалы әсердегі тізбекті үйрену.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): тұрақты және синусоидалы токтардың сызықтық электр тізбектерінде қалыптасқан кезеңдерді, сондай-ақ электр тізбектерінің резонанс құбылысын, индуктивті байланысқан тізбектерді, периодикалық синусоидалды емес әсер ету кезіндегі тізбектер үшін, электр тізбегінің өтпелі кезеңдері, тұрақты токтың сызықсыз электр тізбектерін және графоаналитикалық әдісін, төртұштықтар әдісін есептеу.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - тұрақты, синусойдалы және периодты синусойдалы емес токты сызықты электр тізбегін есептеу әдістерін және негізгі заңдарын; электр тізбегіндегі резонанс режимдарын, төртұштықтарды және сүзгілерді;



- істей алуы - қолданбалы есептерді шешу, тұрақты, синусойдалы және периодты синусойдалы емес токты сызықты электр тізбегін есептеу әдістерін және негізгі заңдарын;

- дағдылану - инженерлі есептерді есептеу үшін сызықты электр тізбегіндегі қалыптасқан режимдағы есептеу әдістерді қолдану.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде тұрақты ток сызықтық электр тізбектерін есептеу әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Теориялық электротехника.
Желілік қосымшаларды құру технологиялары

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Объектке бағытталған бағдарламалау. С++, Объектке бағытталған бағдарламалау. С#.

Оқыту мақсаты: Желілік қосымшаларды құрудың негізгі қағидаларымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Таратылған қосымшалардың үрдістерінің өзара әрекеттесуі. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісі. «Клиент - сервер» архитектурасы. Сокеттер және RPC интерфейстері. TCP/IP хаттамалар стегі. TCP/IP құрылымы. TCP/IP негізгі қызметтері. Желілік утилиталар. TCP/IP баптау. WindowsSockets интерфейсінің құрылымы мен құрамы. Таратылған қосымшалардың үрдістерінің өзара әрекеттесуі сұлбасы. WindowsSockets кітапханасын инициализациялау. Сокеттермен жұмыс. Байланыс арнасымен жұмыс. Клиент пен сервер өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс – хаттамаларды қолданатын желілік қосымшаларды құрудың негізгі қағидаларын;

- істей алу - қарапайым клиент – серверлік қосымшалар құруды;

- дағдылану - қарапайым клиент – серверлік қосымшаларды жобалау мен іске асыруға.

Құзыреттер: Желілік қосымшаларды құрудың негізгі қағидаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Кроссплатформалық қосымшаларды құру технологиялары

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. Java, Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. Net.

Оқыту мақсаты: кроссплатформалық қосымшаларды (орын ауыстыру мүмкіндігі бар бағдарламалық жүйелерді) құру аймағында негізгі білімдер мен дағдылар қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Кроссплатформалық қосымшалар құруға кіріспе. Жобаларды құру және конфигурациялау. Кроссплатформалық фреймворк мысалы: Qt. Qt кітапханасы. wxWidgets құрал-жабдықтары. С++ жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі. Бағдарламаларды тестілеу және күйін келтіру. Бағдарламалардың әр түрлі операциялық жүйелерде орындалуы.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - кроссплатформалық қосымшалар құрудың негізгі қағидаларын;

- істей алуы - кроссплатформалық қосымшаларды бағдарламалауды;

- дағдылану - кроссплатформалық қосымшаларды жобалауға және іске асыруға.

Құзыреттер: кроссплатформалық қосымшалар құрудың негізгі қағидаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ОбъектКЕ бағытталған бағдарламалау. С++

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: Net негізінде объектіге - бағдарланған бағдарламалауды заманауи технологияларын оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Visual Studio ортасында бағдарламалау негіздері. Windows-қа арналған және деректер қорымен жұмыс істейтін қосымшаларды құру сұрақтары. Бағдарламалардың күрделілік мәселелерін шешу. Объектілер жиынтығы ретінде елестету.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - объектіге бағдарланған бағдарламалау концепциясын; оның негізгі түсініктерін; қасиеттерін (инкапсуляция, мұралық, полиморфизм); объектіге бағдарланған бағдарламаларды жобалау және талдау әдістерін; С++ тілінің негізгі түсініктерін, синтаксисін және тіл құрылымының семантикасын; С++ бағдарламалау тілінде объектіге бағдарланған бағдарламаларды құру тәсілдері; С++ тіліндегі бағдарламалаудың интегрирленген ортасының мүмкіндіктерін;

- істей алуы - С++ тіліндегі объектіге бағдарланған бағдарламаларды реттеу, жобалау және бағдарламалау;

- дағдылану - С++ тілінде бағдарламалауға.

Құзыреттер: объектілі-бағытталған бағдарламалау негізгі қағидаларын білу, С++ тілінде визуалды және консольдық қосымшалар құруды білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ОбъектКЕ Бағытталған бағдарламалау. С#

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Ақпарат қорғау және ақпараттық қауіпсіздік, Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.

Оқыту мақсаты: Net негізінде объектіге бағдарланған заманауи технологияларды оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Объектіге бағдарланған бағдаламалау ерекшеліктері; объектілер және класстар; мұралық; полиморфизм және инкапсуляция; ұқсас қасиеттері және әрекеттер жиынтығы бар объектілер жиынтығы түрінде көрсету.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - С# тілінің негізгі түсініктерін, синтаксисін және тіл құрылымының семантикасын; С# бағдарламалау тілінде объектіге бағдарланған бағдарламаларды құру тәсілдері; интегрирленген бағдарламалау ортасында С# тілінде бағдарламалау мүмкіндіктері;

- істей алуы - С# тілінде объектіге бағдарланған бағдарламаларды реттеу, жобалау және бағдарламалау;

- дағдылану - бағдарламалау кезінде кластардың стандартты кітапханасын пайдалану (standard Template library, stl).

Құзыреттер: объектілі-бағытталған бағдарламалау негізгі қағидаларын білу, С# тілінде визуальды және консольдық қосымшалар құруды білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Басқару теориясы модельдері мен әдістері

Пререквизиттер: Математика, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интелект жүйелері.

Оқыту мақсаты: студенттерде басқару есептерінің қойылу дағдылары мен арнайы білімдерін, әртүрлі есептерді математикалық модельдеу және оларды шешу әдістерін және оларды шешуге пайдаланылатын бағдарламалық қамтама жайлы білімдерді қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): операцияларды басқару және шешім қабылдау, процестері мен оларда пайда болатын есептерді модельдеудің негізгі әдістері туралы мәліметтер беруге бағытталған.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - модельдердің жіктелуін; математикалық және компьютерлік модельдеудің негізгі қағидаларын; модельдерді құру технологиясын; модельдердің типтік класстарын; күрделі жүйелерді модельдеу әдістерін; имитациялық модельдеу негіздерін; стохастикалық процесстерді модельдеу әдістерін; бұқаралық қызмет көрсету жүйесін модельдеу әдістерін;

- істей алуы - ғылыми инженерлік-техникалық есептердің, бұқаралық қызмет көрсету жүйесінің, үздіксіз және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің, өндірістік процесстердің математикалық және компьютерлік модельдерін құру; модельдеуші алгоритмдерді құру және оларды алгоритмдік тілдер мен қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдаланумен жүзеге асыру; модельдік эксперименттерді жоспарлау; сандық эксперименттер жүргізу;

- дағдылану - білімнің әртүрлі облысындағы есептердің математикалық және компьютерлік модельдерін құру және алынған есептерді компьютерде шешу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде инженерлік-техникалық мәселелерді шешуде математикалық және компьютерлік модельдер құру жолдарын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ОптимАЛДАУ әдістері

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Математика.

Постреквизиттер: Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: студенттердің, әртүрлі есептерді басқару математиклық модельдеу мен оларды шешу әдістері және оларды шешуге пайдаланылатын бағдарламалық қаматама жайлы арнайы білімдер мен дағдыларды қалыптастыруы.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Оптималдаудың заманауи және әр түрлі әдістерін оқып үйрену. Транспорттық есептер мен симплекс әдістерді түпкілікті қарастыру. Әр түрлі экономикалық есептерді математикалық модельдеу және оларды шешу әдістері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - оптималдау әдістері мен алгоритмдерінің негізгі білімдерін; функция экстремумын немесе мүмкін көпмүшелердің берілген функционалын іздеуін; математикалық және компьютерлік модельдеудің негізгі қағидаларын; күрделі жүйелерді модельдеу әдістерін; имитациялық модельдеу негіздерін; стохастикалық процесстерді модельдеу әдістерін;

- істей алуы - зерттелуші оптимизациялық есеп үшін ең тиімді шешу әдісін таңдау және оны алгоритм және бағдарлама түрінде жүзеге асыру; оптимизациялық есептерді шешу үшін дайын коммерциялық бағдарламалық өнімдермен (GAMS, CPLEX және т.б.) кәсіби жұмыс атқару; процесстер мен объектілердің математикалық модельдерін, оларды зерттеу әдістерін құру, оларға салыстырмалы талдау жасау;

- дағдылану - оптимизациялық есептерді тәжірбиелік шешуге; білімнің әртүрлі облысындағы есептердің математикалық және компьютерлік модельдерін құру және алынған есептерді компьютерде шешу.

Құзыреттер: Инженерлік және техникалық есептерді шешуде оптималдау әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Машиналық-бағытталған бағдарламалық тілдер

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Компьютерлік жүйелердің интерфейстері, Цифрлық схемотехника.

Оқыту мақсаты: студенттердің машинаға бағытталған бағдарламалаудың негізгі түсініктері жайлы, сонымен қатар ассемблерде бағдарламалаудың заманауи мүмкіндіктерін қолдану бойынша негізгі білімдерін алу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Бағдарламалауды ұйымдастыру. Ассемблер тілінде бағдарламалау. Микроконтроллерлерді бағдарламалау негіздері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - ассемблер тілінің негізгі түсініктерін, Intel процессорлары негізіндегі компьютерлердің архитектурасын, ассемблерде жүйелік және қосымша бағдарламалауды, сонымен қоса заманауи бағдарламалаудың негізгі аспектілерін;

- істей алуы - тілдің мүмкіндіктерін құрылғылармен тікелей жұмыс істеуге пайдалануды, әйгілі алгоритмдерді жүзеге асыру, жүйелік және қосымша есептерді шешу;

- дағдылану - әйгілі алгоритмдерді жүзеге асыру; жүйелік және қосымша бағдарламаларды шешу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттердегі есептерді шешу үшін бағдарламалық қамтама құруды білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Windows жүйесінде Ассемблер тілінде бағдарламалау

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Басқарушы есептеуіш жүйелерді ұйымдастыру, Сандық басқару жүйелерін ұйымдастыру.

Оқыту мақсаты: машинаға бағытталған бағдарламалаудың негізгі түсініктері жайлы, сонымен қатар ассемблерде бағдарламалаудың заманауи мүмкіндіктерін қолдану бойынша негізгі білімдерін алу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ассемблер тілінде бағдарламалаудың заманауи мүмкіндіктерін қолдану сонымен қатар машинаға бағытталған бағдарламалық тілдер жайлы негізгі білімдер беру.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - ассемблер тілінің негізгі түсініктерін, Intel процессорлары негізіндегі компьютерлердің архитектурасын, ассемблерде жүйелік және қосымша бағдарламалауды, сонымен қоса заманауи бағдарламалаудың негізгі аспектілерін;

- істей алуы - тілдің мүмкіндіктерін құрылғылармен тікелей жұмыс істеуге пайдалануды, әйгілі алгоритмдерді жүзеге асыру, жүйелік және қосымша есептерді шешу;

- дағдылану - жүйелік және қосымша бағдарламаларды шешу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттердегі есептерді Ассемблер тілі көмегімен шешу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.





Цикл

Пәннің

сандық


коды

Пән атауы




Семестр

Кредит саны

3 курс

1

БП

3219

Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. JAVA

5

3

3219

Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. NET

5

2

ПП

3305

Операциялық жүйелер. Linux

5

3

3305

Операциялық жүйелер. MAC

5

3

БП

3224

Маршруттау және коммутациялау

5

3

3224

Компьютерлік желілер мен жүйелердің қауіпсіздігі

5

4

БП

3226

Бизнес-қосымшаларды құру технологиялары

5

3

3226

Интернет - кәсіпкерлік

5

5

БП

3220

Windows-та қазіргі технологиялармен бағдарламалық қосымшаларды құру

6

3

3220

Linux-те қазіргі технологиялармен бағдарламалық қосымшаларды құру

6

6

БП

3225

Ақпарат қорғау және ақпараттық қауіпсіздік

6

2

БП

3225

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

6

7

БП

3306

Сымсыз желілер технологиялары

6

3

БП

3306

CISCO базасындағы IP-телефония

6

8

БП

3227

Басқарушы есептеуіш жүйелерді ұйымдастыру

6

3

БП

3227

Сандық басқару жүйелерін ұйымдастыру

6

9

ПП

3307

Деректер қорларын жобалау

6

3

ПП

3307

Серверлік деректер қорлары

6

10

БП

3209

Теориялық экономика және экономикалық тәжірибе

6

2

БП

3209

Әлеуметтік-экономикалық дамудың Казахстандық үлгісі

6

Блок 1.MЕT 12-1 – Есептеу техникасы

11

ПП

3310

Компьютерлік және коммуникациалық жүйелер техникасы

5

2

12

ПП

3311

Компьютерлік жүйелердің интерфейстері

6

3

Блок 2.MЕT 12-2 – Бағдарламалық қамтама

13

ПП

3310

Компьютерлік желілер

5

2

14

ПП

3311

Пайданланушылардың интерфейстерін жобалау және құру

6

3


Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. JAVA

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Жүйелік бағдарламалау.

Постреквизиттер: Web қосымшаларын бағдарламалау, Мобильді құрылғылар үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу, Android және IOS операциялық жүйелері үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу.

Оқыту мақсаты: студенттердің Java тілінде Windows ОЖ бағдарламалау әдістерін, құралдарын, сонымен қатар бағдарламалау негіздерін меңгеруі және таңдалып алынған мамандықтың мәселелерін шешуде белсенді қолдануға даярлау.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): математикалық, инженерлі - техникалық есептерді математикалық үлгілеу, алгоритмдеу, бағдарламалау, қолданбалы инженерлік есептер аймағында бағдарламалау негіздері концепциясын жүзеге асыруды басқа пәндерде дамыту.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - Java тілін қолданып объектіге бағытталған бағдарламалау концепциясын; Java тілін қолданып, оның негізгі ұғымдарын (класс, объект); Java тілін қолданып қасиеттерін (инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфтік), Java тілін қолданып объектіге бағытталған бағдарламаларды талдау және жобалау әдістемесін; Java бағдарламалау тілінің негізгі түсініктерін, синтаксисін және семантикасын; Java бағдарламалау тілінде объектіге бағытталған бағдарламаларды құру тәсілдерін; Java тілінде интегрленген бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері;

- істей алуы - Java тілінде объектіге бағытталған бағдарламаларды жобалау, бағдарламалау және реттеу; бағдарламалық жиынтықтарды құруға заманауи технологиялық тәсілдерді қолдану;

- дағдылану - Java технологиясы негізінде объектіге бағытталған заманауи бағдарламалау тілдерінің кеңейтпесін пайдалануға;Java-ны пайдаланумен объектіге бағытталған бағдарламалардың инструменталдық бағдарламалық тәсілдерін қолдануға.

Құзыреттер: Java тілінде бағдарламалық қамтама жобалау және құру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. NET

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интелект жүйелері.

Оқыту мақсаты: студенттердің Windows операциялық жүйесінде VisualStudio.NET ортасында бағдарламалау әдістерін, құралдарын, сонымен қатар бағдарламалау негіздерін меңгеруі және таңдалып алынған мамандықтың мәселелерін шешуде белсенді қолдануға даярлау.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Құру кезеңдері. Жоба құрылымы. Объектілі бағдарламалау ортасы. Кластардың құрылымы және пайдалану мүмкіндіктері. Айнымалылар типі. Айнымалылар мен әдістерді хабарлау. Визуалды интерфейсті құру. Элементтерден оқиғаларды өңдеуді бағдарламалау.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - Объектіге бағытталған бағдарламалау концепциясын; оның негізгі ұғымдарын (класс, объект); қасиеттерін (инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфтік), объектіге бағытталған бағдарламаларды талдау және жобалау әдістемесін; С++/C# бағдарламалау тілінің негізгі түсініктерін, синтаксисін және семантикасын; С++/C# бағдарламалау тілінде объектіге бағытталған бағдарламаларды құру тәсілдерін; С++/C# тілінде интегрленген бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері;

- істей алуы - С++/C# тілінде объектіге бағытталған бағдарламаларды жобалау, бағдарламалау және реттеу; бағдарламалық жиынтықтарды құруға заманауи технологиялық тәсілдерді қолдану.

- дағдылану - объектіге бағытталған бағдарламаларды құруға.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде Visual Studio.NET ортасын қолданып бағдарламалық қамтама құру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер..
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. LINUX

Пререквизиттер: Алгоритімдеу және бағдарламалау, Бағдарламалау технологиялары (Бағдарламалық қамтама құру технологиялары).

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интелект жүйелері, Серверлердің архитектурасы жене оларды басқару.

Оқыту мақсаты: студенттерді заманауи операциялық жүйелердің құрылу қағидаларымен таныстыру, сонымен қатар оларды білімдерін келешек кәсіби қызметтерінде тиімді пайдалануға даярлау.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Заманауи операциялық жүйелерді құру қағидалары. Операциялық жүйе құрылғыларының негізқалаушы қағидалары, нақты іске асыруда арнайы және қол жеткізілген техникалық талаптардың фундаменталдық концепцияларын қолдану мүмкіншіліктері, олардың осы саладағы әр түрлі новацияларымен байланысы.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - операциялық жүйелердің негізгі құрылымдарын; операциялық жүйелерге қойылатын талаптарын; әртүрлі деңгейлерде жадыны тарату және басқару алгоритмдерін (жүйелік, қолданбалы); жүйелердің әрекеттесуінің көпдеңгейлі моделін; операциялық жүйелердің стандарттары, сипаттамалары және түрлерін; жүйедегі процесстердің жұмыстарын жоспарлау процесін; жүйені ұйымдастыру және құру технологияларын операциялық жүйеніңнегізгі компоненттерінің жұмыс істеу принципі және компоненттердің әсерлесу тәсілдерін; Интернет желісіне енуді ұйымдастыру және ену әдістерін; операциялық жүйелердің компоненттерін басқару және талдау, администрирлеудің негізгі қағидаларын; операциялық жүйеде қауіпсіз жұмыс істеу ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін; ақпартты әртүрлі құрылғыларға енгізу-шығару қағидалары және pipe және threads ұйымдастыру; консольда жұмыс істеудің негізгі командалары;

- істей алуы Linux - жүйесін сауатты басқару; компоненттерді және толығымен операциялық жүйені администрлеу; операциялық жүйедегі аппараттық тәсілдерді реттеу;

- дағдылану - Linux операциялық жүйесінде және қосымша орталарда жұмыс істеу; операциялық жүйе жұмысын реттеу, ондағы желі жұмысын реттеу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде Linux операциялық жүйесін администрациялау аппаратын қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. MAC

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Серверлердің архитектурасы және оларды басқару, Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: студенттерді заманауи операциялық жүйелердің құрылу қағидаларымен таныстыру, сонымен қатар оларды білімдерін келешек кәсіби қызметтерінде тиімді пайдалануға даярлау.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): MacOS жүйесінде жұмыс істеу кезінде сізге сұранысы жоғары бағдарламалар қажет болады. Жүйе жылдам іздеуді және қажетті қосымшаларды ашуды қамтамасыз етеді.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - операциялық жүйелердің негізгі құрылымдарын; операциялық жүйелерге қойылатын талаптарын; әртүрлі деңгейлерде жадыны тарату және басқару алгоритмдерін (жүйелік, қолданбалы); жүйелердің әрекеттесуінің көпдеңгейлі моделін; операциялық жүйелердің стандарттары, сипаттамалары және түрлерін; жүйедегі процесстердің жұмыстарын Macintosh жүйесінде жоспарлау; Интернет желісіне енуді ұйымдастыру және ену әдістерін; операциялық жүйелердің компоненттерін басқару және талдау, администрирлеудің негізгі қағидаларын; операциялық жүйеде қауіпсіз жұмыс істеу ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін; ақпартты әртүрлі құрылғыларға енгізу-шығару қағидалары және pipe және threads ұйымдастыру); консольда жұмыс істеудің негізгі командалары;

- істей алуы - Macintosh-жүйесін сауатты басқару; компоненттерді және толығымен операциялық жүйені администрлеу; операциялық жүйедегі аппараттық тәсілдерді реттеу;

- дағдылану - Linux операциялық жүйесінде және қосымша орталарда жұмыс істеу; операциялық жүйе жұмысын реттеу, ондағы желі жұмысын реттеу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде МАС операциялық жүйесін администрациялау аппаратын қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
маршруттау және коммутациялау

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы.

Постреквизиттер: Сымсыз желілер технологиялары, Cisco базасындағы IP-телефония.

Оқыту мақсаты: болашақ мамандардың заманауи желілік технологияларды құру негіздері мен қағидаларын оқуы, оларды келешек кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға даярлау.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): маршруттау мен коммутациялау жалпы қағидалары, тіректік желілерді құрудың жоғары жылдамдықты технологиялары, ауқымды желілерде желілік жабдықтарды баптау. .

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - OSI (Open System Interconnection) ашық жүйенің көпдеңгейлі моделін; мәліметтерді тарату тәсілдерінің стандарттары, сипаттамалары және түрлерін; компьютерлік коммуникациялық жүйелерді құруға арналған негізгі компоненттердің жұмыс қағидаларын; жоғары жылдамдықты тіректік желілерді құрудың негізгі қағидаларын; сымсыз желілерді; интернет желісіне ену әдістерін және оны ұйымдастыруды;

- істей алуы - коммутатор, маршрутизатор, ену нүктесі сияқты жабдықтарды баптау;

- дағдылану - әртүрлі ену рұқсаттары бар желі бойынша байланысты реттеу үшін желілік құрылғыларды реттеуге.

Құзыреттер: компьютерлік желілерді жобалауды, желілік құралдарды бапатауды меңгеру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛІЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Серверлердің архитектурасы және оларды басқару.

Оқыту мақсаты: желідегі ақпарат алмасудың қауіпсіздік мәселелерін түсінуге және қабылдауға даярлау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолланылатын тәсілдермен, деректерді тарату протоколдармен таныстыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): компьютерлік желілер мен жүйелердегі қауіптер сипаттамалары, компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау әдістері мен тәсілдері, Internet желісінде жұмыс істеудегі қорғау әдістері мен тәсілдері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс – деректерді тарату протоколдарын, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын тәсілдерді;

- істей алуы – компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау әдістері мен тәсілдерін қолдану;

- дағдылану - компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау әдістері мен тәсілдерін пайдалануға.

Құзыреттер: компьютерлік желілер қауіпсіздік жүйесін жобалау және құруды меңгеру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Бизнес-қосымшаларды құру технологиялары

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интелект жүйелері.

Оқыту мақсаты: әр түрлі операциялық жү»йелерге арналған заманауи бизнес-қосымшаларды құру аймағында білімдер мен дағдылар қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): бизнес-қосымшаларды жобалау және құру, жасалған қосымшаларды тестілеу, жобаланған қосымшаларға модульдер құру, компьютерлік жүйелерде қосымшаларды қорғау жүйелерін құру, қосымшаларды іске асыру қағидалары, әдістері мен құралдары.

  • Оқыту нәтижелері:

- білуі тиісбизнес-қосымшаларды жобалау және құру әдістерін, қосымшаларды қорғау әдістерін;

- істей алуы бизнес-қосымша үлгісін құруды, бағдарламалық қамтама құнын анықтауды, қосымшаны құруға техникалық тапсырма дйцындауды;

- дағдылану бизнес-қосымшаларды құру әдістері мен бағдарламалық құралдарын, қосымшаларды қорғау әдістерін қолдануға.

Құзыреттер: Бизнес-қосымшаларды бағдарламалауды және құруды меңгеру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Интернет - кәсіпкерлік

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: интернет-сферада басқару аймағындағы білімдерді, бағдарламалық қамтама жасайтын компанияны дамытуға әсер ететін маызды моменттер жайлы түсініктер қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): технологиялық үрдіс және интернет-кәсіпкерлік, стартап идеяларыны көздері, концепциялар, стартап командасын құру, командада рольдерді тарату, бизнес-модель, құндылық ұсынысы, нарықты талдау, нарық потенциалын бағалау, бәсекелестерді талдау, сегменттеу және мақсаттық аудитория, идеядан өнімге, стартап финанстары, монеттеу үлгілері, стартап метрикалары және өнім экономикасы, маркетингтік коммуникациялар, алғашқы пайдаланушыларды табу, стартап жарнамасы, инвестициялар.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиісинтернет-сферадағы жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін, тұтынушы әрекетінің жіне интернет-кәсіпкерліктің маркетингтік ерекшеліктерін, нарықты зерттеу және талдау құралдарын, бағдарламалық қамтама жасайтын, интернет-сферада жұмыс істейтін компанияның бизнес-үлгісін интернет-кәсіпкерліктің стратегиялық құралдарын және жаңа технологияларын, компанияның интернет-сферада тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерін;

- істей алуыжоғары технологиялық секторлардағы компанияның кәсіпкерлік іс-әрекетін жүргізуді, бизнес-үлгілерді құруды және іске асыруды, интернет-компанияны құру құралдарын, әдістерін қолдануды, интернет-сферада кәсіпкерлік іс-әрекеттер нәтижелерін жоспарлауды және бағалауды;

- дағдыланужаңа бизнес-идеяларды генерациялауға, жобалар командаларын құруға және мотивациялауға.

Құзыреттер: әлемдік нарықта электрондық кәсіпорынды ауқымды нарықта орналастыруды, тұтынушылық аудитория қалыптастыру және клиенттермен өзара іс-әрекеттер жүргізуді, «Интернет» ақпараттық және телекоммуникациялық желіде сату жұмыстарын ұйымдастырады білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Windows-та қазіргі технологиялармен бағдарламалық қосымшаларды құру

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Жүйелік бағдарламалау.

Постреквизиттер: Мобильді құрылғылар үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу, Android және IOS операциялық жүйелері үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу.

Оқыту мақсаты: Windows-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құру аймағында білімдер мен дағдылар қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): таратылған қосымшалар құруға кіріспе, нақты компьютерлер жұмысын эмуляция жасайтын виртуалды машиналар, олардың желілік өзара әрекеттесуі, таратылған қосымшалар құрудың жалпы түсініктері, Java EE негізінде клиент-серверлік қосымшалар құру, Java EE негізінде веб-қосымшалар құру, .NET негізінде клиент-серверлік қосымшалар құру, .NET негізінде веб-қосымшалар құру, әр түрлі операциялық жүйелерге арналған қосымшалардың өзара әрекеттесуі, таратылған қосымшалардың күйін келтіру.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиісзаманауи бағдарламалық қосымшаларды құрудың негізгі қағидаларын;

- істей алуы - заманауи бағдарламалық қосымшаларды бағдарламалауды;

- дағдылану кроссплатформалық заманауи қосымшаларды жобалауға және іске асыруға.

Құзыреттер: Windows-ке арналған заманауи таратылған қосымшаларды құру қағидаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Linux-те қазіргі технологиялармен бағдарламалық қосымшаларды құру

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Жүйелік бағдарламалау.

Постреквизиттер: Мобильді құрылғылар үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу, Android және IOS операциялық жүйелері үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу.

Оқыту мақсаты: Linux-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құру аймағында білімдер мен дағдылар қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): таратылған қосымшалар құруға кіріспе, нақты компьютерлер жұмысын эмуляция жасайтын виртуалды машиналар, олардың желілік өзара әрекеттесуі, таратылған қосымшалар құрудың жалпы түсініктері, Java EE негізінде клиент-серверлік қосымшалар құру, Java EE негізінде веб-қосымшалар құру, әр түрлі операциялық жүйелерге арналған қосымшалардың өзара әрекеттесуі, таратылған қосымшалардың күйін келтіру.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиісзаманауи бағдарламалық қосымшаларды құрудың негізгі қағидаларын;

- істей алуы - заманауи бағдарламалық қосымшаларды бағдарламалауды;

- дағдылану кроссплатформалық заманауи қосымшаларды жобалауға және іске асыруға.

Құзыреттер: Linux-ке арналған заманауи таратылған қосымшаларды құру қағидаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
АҚПАРАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Пререквизиттер: Математика, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интелект жүйелері.

Оқыту мақсаты: студенттерді әр түрлі меншікті және әр түрлі бағыттағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы құпия ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, жіберу, түрлендіру, жабу және қайта жандандырудың заманауи қалпымен таныстыру, ақпаратты оны заңсыз қолданудан қорғау тәсілдері, заманауи деңгейде ақпаратты жинау және қорғау жүйелері мен құрал-жабдықтарын жасау сұрақтарын қарастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау жүйелерін машықты қолдану және құрудың теориялық негіздерін оқып үйрену, студенттерге ақпараттық жүйелерде және оларды құру және іске асыруға қажетті машықтық дағдылар алу, мәліметтерді қорғауды іске асырудың қағидалары, әдістері және жабдықтары туралы қалыптасқан ұғымдарды үйрету.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиісақпаратты қорғау объектілерінің ерекшеліктері, олардың классификациясы, ақпаратты енгізу, шығару, жіберу, өңдеу және сақтау ақпараттық процесстерді іске асыруда ақпаратты қорғау тәсілдері мен әдістерін; ПЭЕМ қорғау объектісі, ПЭЕМ-ді заңсыз қолданудан және вирустан қорғау жүйелерін қолдана білу, ақпарат қауіпсіздігіне қатерді талдау және оған қарсы әрекет;

- істей алуы - ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін оптимизациялау үшін ақпаратты қорғау жабдықтарын қолдану бойынша нақты есептерді қою және оны орындау, ақпараттық жүйедегі қауіпсіздік деңгейін;

- дағдылану ақпараттық қорғаныстың аппараттық және бағдарламалық жабдықтарын қолдану; ақпараттық ресурстарды қорғаудың қажетті деңгейін анықтау; локальді желілердігі жұмыс және жеке қорғаудың бағдарламалық жабдықтарын анықтау.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ақпаратты қорғау әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ақпараттық қауіпсіздік НЕГІЗДЕРІ

Пререквизиттер: Математика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Oracle деректер қорын басқару жүйелері, Oracle қорында деректерді сақтауды жобалау.

Оқыту мақсаты: әр түрлі меншікті және әр түрлі бағыттағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы құпия ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, жіберу, түрлендіру, жабу және қайта жандандырудың заманауи қалпымен таныстыру, ақпаратты оны заңсыз қолданудан қорғау тәсілдері, заманауи деңгейде ақпаратты жинау және қорғау жүйелері мен құрал-жабдықтарын жасау сұрақтарын қарастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): объектілер оның туындауы, қалыпты жұмыс істеуі, ерекшеліктері мен оның даму тенденциясын анықтайтын үрдісті оқыту, студенттерді шифрлеу және дешифрлеудің қазіргі әдістеріне үйрету, ақпараттық жүйелердің кез келген облысында есептерді шешу үшін қажет ақпаратты қорғау практикалық дағдыларын қалыптастыру.


Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - тіл жүйелерінің ақпараттық-статистикалық сипаттамаларын анықтау; мәтіндерді талдау әдістері және олардың артықтығын анықтау; мәтіндердің ақпараттық-статистикалық тарнсформациясы жүйесінің құрылу әдістерін; ақпартты қорғау жүйелерін құрудың тәжірбиелік тәсілдерін;

- істей алуы - ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық тәсілдерін қолдану; ақпараттық ресурсты қорғаудың қажетті қорғаныс шараларын анықтау; қорғаудың аппараттық тәсілдерін, бағдарламалық жүйелерді, қорғаудың ұйымдастырушылық шараларын жобалау жайлы білімі болу; жергілікті желіде жұмыс істеу және жеке қорғаныс бағдарламалық тәсілдерін қолдану; деректер қорының қауіпсіздігі және қорғау әдістерін қолдану; рұқсатсыз енуді анықтау үшін эксперттік жүйелерді қолдану және алынған дағдыларды компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде қолдану;

- дағдыланурұқсатсыз енуді анықтау үшін эксперттік жүйелерді қолдану және алынған дағдыларды компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде қолдануға.

Құзыреттер: компьютерлік жүйелер мен желіліердің ақпараттық қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Сымсыз желілер технологиЯЛАРЫ

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Мобильді құрылғылар үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу, Android және IOS операциялық жүйелері үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу.

Оқыту мақсаты: желілерді ұйымдастыру ерекшеліктерін оқу, құру стандарттары мен қағидалары; стандарттар және қолдау протоколдары, сымсыз желілер протоколдары және мұндай желілердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): IP-телефонияны жаюды қолдайтын модельдерді пайдаланып, Cisco CallManager серверін кластерге енгізу; қоңырауларды қолдау үшін Cisco CallManager және Catalyst коммутаторын ретке келтіру; кластер ішінде Bulk Administration Too көмегімен Cisco CallManager базасына тұтынушылар мен телефондарды енгізу; Cisco шлюздарын және кластераралық транктерді реттеу.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - жалпылама сымсыз желілерді ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын; сымсыз желілердің стандарттарын, Wi-Fi, Wi-Max желіліерінің жұмыс істеу қағидаларын, сымсыз желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін;

- істей алуы - сымсыз желілерді реттеу, сымсыз желіліердің стандарттарын ажырату, бар жүйелерге жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы жаңғырту қағидаларыне ие болу, сымсыз желілердегі ақауларды жоя білу;

- дағдылану- сымсыз желілерді реттеуге.

Құзыреттер: сымсыз желілерді ұйымдастыру, стандарттары және оларды құру қағидаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.

CISCO базасындаҒЫ IP-телефония

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Серверлердің архитектурасы және оларды басқару.

Оқыту мақсаты: стандарттар және қолдау протоколдары, IP-телефониядағы ақпараттық қауіпсіздік және қызмет көрсету сапасы оқылады.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): IP-телефонияны жаюды қолдайтын модельдерді пайдаланып, Cisco CallManager серверін кластерге енгізу; қоңырауларды қолдау үшін Cisco CallManager және Catalyst коммутаторын ретке келтіру; кластер ішінде Bulk Administration Too көмегімен Cisco CallManager базасына тұтынушылар мен телефондарды енгізу; Cisco шлюздарын және кластераралық транктерді реттеу, WAN өткізу жолағын толтырмай қашықтатылған кластерлерге қоңырау шалу үшін Cisco CallManager-дегі қоңырауларды маршруттау жоспарын құру, сонымен қатар тұтынушылардың бағыттар бойынша қоңырау шалуларын шектеу.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - студенттер IP телефонияның жұмыс принципін және оны ұйымдастыруын; SIP стандартының жұмыс принципі және ұсыныстарын; шлюздерді пайдаланылу аясы бойынша жіктеу, байланысты ұйымдастыру моделін, MGCP протоколының командаларын; IP-телефония тұтынушыларының биллинг және менеджмент жүйелерін;

- істей алуы - IP-телефония тәсілдерін пайдалану, IP-телефония ерекшеліктерін түсіну, бар жүйелерге заманауи технологияларды енгізу арқылы жаңғырту қағидаларыне ие болу. Cisco шлюздарын және кластераралық транктерді реттеу, Cisco CallManager-дегі қашықтатылған кластерлерге қоңырауларды WAN өткізу жолағын толтырмай шалудың маршрутталу жоспарын құру және WAN істен шыққанда қоңырауды ТфоП-ге қайта бағыттау, сонымен қатар тұтынушылардың бағыттар бойынша қоңырауларын шектеу;

- дағдылану - IP телефония тәсілдерін пайдалануға және сымсыз желілерді реттеуге.

Құзыреттер: IP-телефония технологиясының әдістерін мамандық іс-әрекеттерінде қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Басқарушы есептеуіш жүйелерді ұйымдастыру

Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы, Цифрлық сұлбатехника.

Постреквизиттер: Серверлердің архитектурасы және оларды басқару.

Оқыту мақсаты: студенттерде жеке микропроцессорлар негізіндегі де, өндірісте шығарылатын жеке кристалды микроконтроллерлер негізіндегі де микропроцессорлық жүйелердің құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылу тәртібі жөнінде, олардың құрама буындарының құрылымы мен жұмыс қағидалары туралы және ассемблер тілінде олардың жұмысын бағдарлау қағидалары мен оларды заманауи басқару жүйелерінде қолдану жолдары туралы білім қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): қалыпты микроконтроллерлердің және олардың негізгі буындарының құрылымымен танысу және олардың жұмысын ассемблер тілінде бағдарлау қағидаларын игеру.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - қалыпты микроконтроллерлердің құрылым ерекшеліктері мен командалар жүйесін;

- істей алуы - микроконтроллерлердің жұмысын бағдарламалы ұйымдастыру тәсілдерін;

- дағдылану - микропроцессорлардың жұмысын ассемблер тілінде бағдарлауға.

Құзыреттер: микропроцессорлық жүйелер жұмысының құрылымын және ұйымдастырылу ретін білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Сандық басқару жүйелерін ұйымдастыру

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Электроника.

Постреквизиттер: Серверлердің архитектурасы және оларды басқару.

Оқыту мақсаты: студенттерде жеке микропроцессорлар негізіндегі де, өндірісте шығарылатын жеке кристалды микроконтроллерлер негізіндегі де микропроцессорлық жүйелердің құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылу тәртібі жөнінде, олардың құрама буындарының құрылымы мен жұмыс қағидалары.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): бір кристалды микроконтроллерлердің құрылымын және жұмысының ұйымдастырылу реті, олардың компоненттерінің құрылуы мен жұмыс істеу сипаттамалары.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - комбинациялық және тізбектік құрылғыларды құру қағидалары; типтік микроконтроллерлердің құрылымдық ерекшеліктерін және командалар жүйесін;

- істей алуы - микроконтроллерлердің жұмысын және олардың әртүрлі режимдерін бағдарламалау;

- дағдылану - микроконтроллерлердің жұмысын ассемблер тілінде бағдарлауға.

Құзыреттер: Бір кристалды микроконтроллерлердің құрылымын және жұмысының ұйымдастырылу ретін, олардың компоненттерінің құрылуы мен жұмыс істеу сипаттамаларын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Деректер қорларын жобалау

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Бағдарламаларды өңдеу құрал-жабдықтары.

Постреквизиттер: Oracle деректер қорын басқару жүйелері, Oracle қорында деректерді сақтауды жобалау.

Оқыту мақсаты: cтуденттер деректер базасының жүйесімен, деректер базасы жүйесінің архитектурасымен танысады; стандартты реляциялық SQL тілінің негізгі элементерінің, реляциялық модельдерінің ұғымы жайлы түсініктер қалыптастырылады.



Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Деректер базасының жүйесімен, деректер базасы жүйесінің архитектурасымен танысу; стандартты реляциялық SQL тілінің негізгі элементерінің, реляциялық модельдерінің ұғымы қарастырылады; нақты деректер базасын құра білу, желілік немесе жергілікті деректер базасында жұмыс істей білуге үйренеді.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - деректер қорын жобалау қағидалары; қалыпты формалар; деректер қорын қорғау әдістері мен қауіпсіздігі; T-SQL тілінің негіздері; реляциялық деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы; клиент/сервер архитектурасы;

- істей алуы - реляциялық деректер қорын жасау; SQL реляциялық тілінде сұраныстар,процедуралар, функциялар, триггерлер жасау; деректер қорының желісінде жұмыс істеу; қорғау әдістері мен деректер қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; деректер қорын әкімшілдеу және алған білімдерін компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде іс жүзінде пайдалану;

- дағдылану - реляциялық деректер қорын деректер MS SQL SERVER қорының серверінде жасау; T-SQL реляциялық тілінде сұраныстар, процедуралар, функциялар, триггерлер жасау; MS SQL SERVER серверінің деректер қорында жұмыс істеу; MS SQL SERVER деректер қорының серверінде қорғау әдістері мен деректер қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; SQL SERVER деректер қорын әкімшілдеу және алған білімдерін компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде іс жүзінде пайдалану.

Құзыреттер: Әр түрлі ұйымдарға арналған деректер қорларын жобалау және құру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Серверлік деректер қорлары

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Жүйелік бағдарламалау.

Постреквизиттер: Oracle деректер қорын басқару жүйелері, Oracle қорында деректерді сақтауды жобалау.

Оқыту мақсаты: деректер қорлар жүйесінің негізгі түсініктерін, клиент/сервер архитектурасын, реляциялық модель түсінігін, SQL стандартты реляциялық тілінің элементтерін оқиды.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): серверлік дерекқорлар жүйесі, реляциялық деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы, клиент/сервер архитектурасы, серверлік модель түсінігі, стандартты реляциялық тіл функциялары, желілік деректер қорында жұмыс істеу.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - деректер қорын жобалау қағидалары; қалыпты формалар; деректер қорын қорғау әдістері мен қауіпсіздігі; T-SQL тілінің негіздері; реляциялық деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы; клиент/сервер архитектурасы;

- істей алуы - қалыпты формалар негізінде деректер қорын жобалау; деректер қорын администрлеу және қорғау; T-SQL тілінде сұраныстар мен процедуралар жазу; реляциялық деректерді басқару жүйелерінде жұмыс істеу;

- дағдылану - реляциялық деректер қорын деректер MS SQL SERVER қорының серверінде жасау; T-SQL реляциялық тілінде сұраныстар, процедуралар, функциялар, триггерлер жасау; MS SQL SERVER серверінің деректер қорында жұмыс істеу; MS SQL SERVER деректер қорының серверінде қорғау әдістері мен деректер қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; SQL SERVER деректер қорын әкімшілдеу және алған білімдерін компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде іс жүзінде пайдалану.

Құзыреттер: Серверлік деректер қорларын құру жолдарын білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ТЕОРИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер: Экономика және менеджмент, Экономика және кәсіпкерлік қызмет.

Оқыту мақсаты: қоғамның экономикалық даму заңдылықтары туралы білім жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс жасау мәселелері.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): шаруашылық жүйе теориясы; нарықтық жүйе және оның жұмыс жасау механизмдері; фирмалар теориясы және кәсіпкерлік; экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы; заманауи нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық саясаты.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс – экономикалық процестердің даму заңдылықтарын; экономикалық көзқарастардың негізгі концепцияларын; нарық механизмдерінің жұмыс жасау қағидаларын; мемлекеттің экономикаға ықпалы мен реттеуін;

- істей алуы – экономикалық құбылыстар және процестердің пайда болу формалары мен пәні туралы білімді жүйелеу; экономикалық құбылыстар мен заңдылықтарды ғылыми тану әдістерін практикада қолдану;

- дағдылану – ұлттық және әлемдік экономиканың әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларына және ахуалды бағалау мен сараптамаларға; экономикалық білімдерді практикалық мәселелерді шешу барысында пайдалануға.

Құзыреттер: экономикалық білімдер негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг және қаржы жайлы ғылыми қағидаларды білу.

Кафедра: Әлеуметтік пәндер.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялық, Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер: Экономика және менеджмент, Экономика және кәсіпкерлік қызмет.

Оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасы өзіндік даму ерекшеліктері мен тенденциялары бар ұлттық экономикалық жүйе ретінде тұтас елестетіп қарастыруды қалыптастыру.



Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ұлттық экономика елдің шаруашылық жүргізу жүйесі ретінде; Қазақстандық экономикалық үлгінің қалыптасуы мен ерекшеліктері; Қазақстанның экономикалық өсуінің заманауи үлгісі; Қазақстан экономикасындағы өндіріс құрылымдарының даму тенденциясындағы ерекшеліктер; Қазақстан саясатындағы экономикалық және әлеуметтік басылымдықтар.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс – ұлттық экономика жүйесінің жұмыс жасау факторлары мен потенциалдарын; ұлттық экономика даму жолдары мен мақсаттары туралы; ұлттық экономикалық жүйені мемлекеттік басқару негіздерін; ұлттық экономика даму бағдарламасы туралы;



- істей алуы – микроэкономикалық типтегі жүргізілетін саясатты анықтау; Қазақстандағы институционалдық реформалар бағытын түсіну; ұлттық шаруашылық дамудағы потенциалды мүмкіндіктерді нақты жағдайлармен кешенді салыстыру;

- дағдылану – ұлттық экономика дамуының негізгі элементтерін тұтас түсіну туралы заманауи экономикалық ойлау; Қазақстандық ұлттық экономика үлгісінің даму тенденцияларын сараптамалау мен болжау.

Құзыреттер: қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жағдайларын білу.

Кафедра: Әлеуметтік пәндер.
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТЕХНИКАСЫ

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы.

Постреквизиттер: Oracle деректер қорын басқару жүйелері, Oracle қорында деректерді сақтауды жобалау.

Оқыту мақсаты: болашақ мамандардың заманауи желілік технологияларды құру негіздері мен қағидаларын оқуы, оларды келешек кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға даярлау.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: желілік және телекоммуникциялық жабдықтармен жұмыс істеуге үйрету; желілік адрестеуді, жергілікті, сымсыз, корпоративтік және глобалды желілерді, телекоммуникация протоколдарын оқыту.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - заманауи коммуникациялық жүйелер мен компьютерлік желілерге қойылатын талаптар және құрудың негізгі мәселелері; ашық жүйелердің көпдеңгейлі моделі OSI (Open System Interconnection); мәліметтерді тарату тәсілдерінің стандарттары, сипаттамалары және түрлері; еthernet, FDDI, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet жергілікті желінің базалық технологияларын; компьютерлік коммуникациялық жүйелерді құруға арналған негізгі компоненттердің жұмыс қағидалары: желілік адаптерлер (Network Interface Card, NIC), қайталағыштар (Repeator),концентраторлар (Hub), көпірлер (Bridge), коммутаторлар (Switch), модемдер және маршрутизаторлар (Router), желіаралық экрандар; SDN, ATM, DPT, Gigabit Ethernet технологиялары негізінде жоғары жылдамдықты тіректік желілерді құрудың негізгі қағидалары;

- істей алуы - коммуникациялық жүйелер мен компьютерлік желілердің техникалық күйін бақылау және бұзылуларды диагностикалау әдістерін қолдану; қандай да бір компания үшін компьютерлік желіні құру техникасы мен технологиясын таңдау және тиімділігін бағалау; коммутатор, маршрутизатор, ену нүктесі сияқты жабдықтарды реттеу;

- дағдылану - компаниялардың талаптары бойынша жергілікті және глобалды желілерді құруға; компьютерлік және коммуникациялық жүйелердің кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін анықтауға. бірнеше маршрутизаторы бар желілерді реттеуге, корпорация желісі үшін маршруттау протоколдарын көтеру.

Құзыреттер: компьютерлік және коммуникациялық жүйелерді жобалау аппаратын қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Компьютерлік жүйелердің интерфейстері

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Жүйелік бағдарламалау.

Постреквизиттер: Серверлердің архитектурасыі және оларды басқару.

Оқыту мақсаты: Интерфейстерді бағдарламалау әдістерін оқыту, заманауи компьютерлік және мобильдік жүйелерде бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Компьютерлік жүйелер интерфейстерін қолданбалар деңгейіндегі бағдарламалық-аппараттық интерфейстермен байланыс тұрғысынан қарастыру. заманауи компьютерлік және мобильдік жүйелерде бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын меңгеру.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - адамдық - машиналық жүйелерді инженерлік-психологиялық және эргономикалық жобалау әдістері; адам-есептеуші орта интерфейстерінің өзара әрекеттесуін жалпы жүйелік белсендендіру әдістері;

- істей алуы - компьютерледің және мобильдік құрылғылардың әртүрлі интерфейстерін бағдарламалау;

- дағдылану - мобильдік құрылғылар үшін бағдарламалық қосымшаларды құруға және компьютердің интерфейстерін баптауға.

Құзыреттер: компьютерлік жүйелер интерфейстерін бағдарламалау, баптау құрал-жабдықтарын қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Компьютерлік желілер

Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы.

Постреквизиттер: Web қосымшаларын бағдарламалау.

Оқыту мақсаты: болашақ мамандардың заманауи желілік технологияларды құру негіздері мен қағидаларын оқуы, оларды келешек кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға даярлау.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): желіні құруда қойылатын негізгі принциптер мен талаптарды, тіректік желілерді құрудың жоғары жылдамдықты технологияларын оқыту.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - заманауи коммуникациялық жүйелер мен компьютерлік желілерге қойылатын талаптар және құрудың негізгі мәселелері; ашық жүйелердің көпдеңгейлі моделі OSI (Open System Interconnection); мәліметтерді тарату тәсілдерінің стандарттары, сипаттамалары және түрлері; дискреттік мәліметтерді тарату әдістері және коммутация әдістері; жергілікті желілердің негізгі технологияларын; компьютерлік коммуникациялық жүйелерді құруға арналған негізгі компоненттердің жұмыс қағидалары; жоғары жылдамдықты тіректік желілерді құрудың негізгі қағидалары; сымсыз желілер; интернет желісіне ену әдістері және оны ұйымдастыру, xDSL технологиясы, желіні администрлеудің, талдаудың және басқарудың негізгі қағидалары;

- істей алуы - компьютерлік желінің логикалық және физикалық топологиясын анықтау; компания үшін компьютерлік желі құрудың технологиясы мен топологиясын таңдау және тиімділігін бағалау; коммутатор, маршрутизатор, ену нүктесі сияқты жабдықтарды реттеу;

- дағдылану - ірі компанияның IP - адрестерін жобалауға; бүгінгі күннің әртүрлі аппараттық және бағдарламалық тәсілдерін пайдалана отырып желінің кемшіліктерін анықтау; әртүрлі ену рұқсаттары бар желі бойынша байланысты реттеу үшін желілік құрылғыларды реттеуге.

Құзыреттер: компьютерлік желілерді жобалауды, желілік құралдарды бапатауды меңгеру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Пайдаланушылардың интерфейстерін ЖОБАЛАУ және ҚҰРУ

Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Бағдарламалар өңдеудің құрал-жабдықтары.

Постреквизиттер: Oracle деректер қорын басқару жүйелері, Oracle қорында деректерді сақтауды жобалау, Web қосымшаларын бағдарламалау.

Оқыту мақсаты: Әртүрлі пайдаланушы интерфейстерін жобалау әдістерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Пайдаланушы интерфейстерінің компонентттері. Пайдаланушы интерфейстерін құру әртүрлі бағдарламалау тілдері мен орталарын қолданумен байланыста қарастырылады.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - Әртүрлі пайдаланушы интерфейстерін құру әдістері мен құралдарын, деректер қорлары мен жұмыс жасайтын қосымшалар, WEB-қосымшалар, мобильдік және қалталық құрылғыларға қосымшалар құру;

- істей алуы - қосымшаны құрудың тиімділігін бағалау және пайдаланушы интерфейстерін құрудың техникасын, технологияларын, құру ортасын таңдау;

- дағдылану - бағдарламалық қосымшаның сұлбасын алгоритмдеу және жобалау, деректер қорларымен байланыстыру.

Құзыреттер: әр түрлі платформаларда қолданушы интерфейстерін бағдарламалау, жобалау және құру құрал-жабдықтарын пайдалана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.





Цикл

Пәннің

сандық


коды

Пән атауы

Семестр

Кредит саны

4 курс

1

ПП

4303

Экономика және менеджмент

7

2

ПП

4303

Экономика және кәсіпкерлік қызмет

7

2

ПП

4304

Еңбекті қорғау

7

2

ПП

4304

Өңдірістік қауіпсіздік

7

3

ПП

4308

Oracle деректер қорларын басқару жүйелері

7

3

ПП

4308

Oracle қорында деректерді сақтауды жобалау

7

4

ПП

4309

Сараптау жүйелері

7

3

ПП

4309

Жасанды интеллект жүйелері

7

5

БП

4222

Бұлтты есептеулер алаңы

7

2

БП

4222

Бұлтты бизнес-қосымшалар құру

7

6

ПП

4306

Мобильді құрылғылар үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу

7

3

ПП

4306

Android және IOS операциялық жүйелері үшін бағдарламалық қосымшалар әзірлеу

7

Блок 1.MЕT 12-1 – Есептеу техникасы

7

ПП

4312

Серверлердің архитектурасы және оларды басқару

7

3

Блок 2.MЕT 12-2 – Бағдарламалық қамтама

8

ПП

4312

Web қосымшаларын бағдарламалау

7

3

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ

Пререквизиттер: Математика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Дипломдық жобалау.

Оқыту мақсаты - кәсіптік қызметке қажет, экономика саласындағы жағдайды және өндірісті басқару және осының негізіндегі қажет білімнің жалпы қағидаларын меңгеру. Кәсіпорында тиімді экономикалық - басқару шешімдерді қабылдауды және қалыптастыруды үйрену.

Қысқаша мазмұны - негізгі түсінік, нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің өзіне тән ерекшеліктері. Басқарудың және реттеудің ерекшеліктері, ұйым қызметінің жоспарларының және бағыттарының негізі, басқару жүйесі; өндірістік ресурстарды қолдануды бағалау, кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелерін бағалау, жаңа техникалардың және капиталдың салымдардың тиімділігі, менеджменттің ерекшеліктері стратегиялық басқару сұрақтары, персоналдарды басқару, инвестициялық қызмет, шешім қабылдау және басқару әдістері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - экономикалық категориялардың негізгі мазмұны және түсінігі; басқару әдістері және шешім қабылдау, экономикалық көрсеткіштер жүйесі, олардың өзара қатынасы және оларды есептеудің әдістері; бағалау әдістерін қарқындату және өндірістің тиімділігі, жаңа техникалардың және капитал салымдарының тиімділігінің экономикалық әдістерін есептеу. Кәсіпорынның еңбек, ақшалай және материалдық ресурстарды қолдануды жақсарту жолдары; нарық жағдайында кәсіпорынның экономикалық және басқару қызметінің негізгі тиімділігінің теориялық негіздері;

- істеу алуы - үздіксіз өзгеру ортада нақты экономикалық жағдайға дұрыс баға беру, кәсіпорынның жұмыс нәтижесін көтеру жолдарын және резервтерін анықтау; басқаруды жетілдірудің мақсаттық бағыты бойынша іс - шараларды және әлеуметтік миссия және өндіріс үшін тиімді орындау кәсіпорын қызметінің экономикалық аспектілерін дамыту;

- дағдылану - нақты экономикалық тапсырмаларды шешу үшін тиімді сандық әдістерді таңдау, оның нақтылығын бағалау; басқару шешімін қабылдауды дәлелдеу; салада әртүрлі инвестициялық жобаларға экономикалық баға жүргізу.

Құзыреттер: экономиканы басқару шешімдерін қабылдаумен байланысты кәсіптік қызмет сұрақтарында және тәуекелділік, белгісіздік жағдайында мінездеме ұйымдастыру.

Кафедра: Экономика, ұйымдастыру және өндірісті басқару.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Пререквизиттер: Математика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Дипломдық жобалау.

Оқыту мақсаты - басқару саласында біліммен, кәсіпорында кәсіпкерлік қызмет және басқару, шаруашылық механизмнің қазіргі жағдайы, баға белгілеу, ғылыми - техникалық үрдісті жеделдетудің экономикалық мәселелері, нарықтық қатынастардың даму жағдайында біздің Республикамызда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша білім негізін қамтамасыз ету.

Қысқаша мазмұны - кәсіпкерлік қызметті реттеу және басқарудың әдістерін жетілдірудің сұрақтары, жоспарлаудың механизмдерін нарықтық енгізу, баға белгілеу, кәсіпкерлік қызметтің негізгі және инвестициялық есептеулері, өндірістік ресурстарды қолдануды бағалаудың әдістемелік мәселелері және ұсынылған қызмет сапасын қолдануды жетілдірудің бағыттары, кәсіпкерлік түсінігі және қоғамдағы оның орны, кәсіпкерлерге мінездеме беру, олардың құқықтары және міндеттері, кәсіпкерлік ортаның ішкі және сыртқы факторлары, кәсіпкерлік мәдениет, іскерлік операциялардың этикасы, кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық формасы, жеке кәсіпкерлік, кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формалары, кәсіпкерлік субьектілерін біріктіру формасы, кәсіпорынның жаңа мекемесінің үрдісі және кәсіпкерліктегі басқа формалар, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - кәсіпкерлік мәдениетті, іскерлік операциялардың этикасын, шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің субьектілерін ұйымдастыру және аппаратты жоспарлау, бизнесті дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді әдістерін дамыту; экономикалық категориялардың мазмұны және түсінігі, экономикалық көрсеткіштердің жүйесі және олардың ара қатынасы және оларды есептеудің әдістері; өндірістің тиімділігін және қарқындатудың бағалау әдістері; капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері, кәсіпорынның еңбек, материал және ақшалай ресурстарын қолдануды дамытудың әдістемелері;

- істеу алуы - үздіксіз өзгеру ортада нақты экономикалық жағдайға дұрыс баға беру, кәсіпорынның жұмыс нәтижесін көтеру жолдарын және резервтерін анықтау; басқаруды жетілдірудің мақсаттық бағыты бойынша іс - шараларды және әлеуметтік миссия және өндіріс үшін тиімді орындау кәсіпорын қызметінің экономикалық аспектілерін дамыту, күрделі экономикалық жағдайда мониторинг жүргізудің әдістемелерінің нәтижелері және бизнес - жоспарды жүргізе білу;



- дағдылану - техникалық - экономикалық мәселелерді талдаудың жүйесі, шығындарды төмендетуді дамытудың экономикалық нәтижелерін табу; бәсекелік күрес әдістерін қолдану; кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша техникалық - экономикалық есептеулер, инвестициялық жобаларды дамытудың тиімділігін бағалау бойынша бизнес- жоспарды дамыту.

Құзыреттер: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру механизмдерге нарықтық енгізу негізінде шаруашылық субьектілердің үрдісін экономикалық қолданумен байланысты кәсіптік қызмет сұрағында.

Кафедра: Экономика, ұйымдастыру және өндірісті басқару.
еңбекті қорғау

Пререквизиттер: Математика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Дипломдық жобалау.

Оқыту мақсаты: қазиргі заманғы басқару жүйелерін білу, сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік және қатерлі емес шарттарды білу болып табылады. Студенттерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті актілерімен, апат болу кездейсоқтығын төмендететін шаралармен, төтенше жағдайлар, кездейсоқ апат және кәсіби дерттермен таныстыру; штаттағы емес жағдайлар мен төтенше жағдайларда апатты басқару кезінде орынды шешім қабылдауды үйрету.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): сәйкесінше заңнамалық және де басқа да әлеуметтік – экономикалық жүйенің нормативті актілері негізінде әсер ететін ұйым проблемалары, мен өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару, сонымен қатар ұйымдастырушылық техникалық, гигиеналық, емдеу-практикалық шаралар мен денсаулықты сақтауда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және өмірлік процесстерді адамның жұмыс жасаудағы қажет құралдар.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс – еңбек ету шарттарын жақсартудағы шаралар мен әдістер, денсаулыққа және жұмыс процесі кезінде жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін барлық факторларды; құқықтық және нормативті негіздер еңбек қорғаудың, өнеркәсіп ұйымдардағы құрылғыларға санитарлық-гигиеналық талаптар, құрылғылар мен технологиялық процесстер кезіндегі қауіпсіздік жұмыстар; өрт басталу қауіпсіздік кезінде негізгі шаралар және зиян өндірістік факторлары; тіршілік ету аймағындағы қауіптер; төтенше апат кезінде қорғау құралдары мен әдістері;

- істей алуы – еңбектің ауырлық көрсеткіші бойынша еңбек жағдайының шарттарында дұрыс талдау жасау; еңбек ету процесі кезінде адамның денсаулығын сақтау және еңбек ету мүмкіндігі; қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еңбек қорғауды басқару; жеке қорғау құралдарын, дозиметрді қолдана білу; алғашқы медициналық көмек көрсету;

- дағдылану – еңбек қорғау және шарттарды жақсарту бойынша тиімді экономикалық шараларды бағалау; техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардағы апат кезіндегі сұрақтарды шешу.

Құзыреттер: өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру, басқару, адам денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен құралдарды меңгеру.

Кафедра: Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология.
ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК

Пререквизиттер: Математика, Физика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Постреквизиттер: Дипломдық жобалау.

Оқыту мақсаты: Студенттерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті актілерімен, апат болу кездейсоқтығын төмендететін шаралармен, төтенше жағдайлар, кездейсоқ апат және кәсіби дерттермен таныстыру; қазиргі заманғы басқару жүйелерін білу, сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік және қатерлі емес шарттарды білу болып табылады. штаттағы емес жағдайлар мен төтенше жағдайларда апатты басқару кезінде орынды шешім қабылдауды үйрету.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ұйымдастырушылық техникалық, гигиеналық, емдеу-практикалық шаралар мен денсаулықты сақтауда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және өмірлік процесстерді адамның жұмыс жасаудағы қажет құралдар сонымен қатар сәйкесінше заңнамалық және де басқа да әлеуметтік – экономикалық жүйенің нормативті актілері негізінде әсер ететін ұйым проблемалары, мен өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару,

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс – құқықтық және нормативті негіздер еңбек қорғаудың, өнеркәсіп ұйымдардағы құрылғыларға санитарлық-гигиеналық талаптар, құрылғылар мен технологиялық процесстер кезіндегі қауіпсіздік жұмыстар; өрт басталу қауіпсіздік кезінде негізгі шаралар және зиян өндірістік факторлары; еңбек ету шарттарын жақсартудағы шаралар мен әдістер, денсаулыққа және жұмыс процесі кезінде жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін барлық факторларды; тіршіліе ету аймағындағы қауіптер; төтенше апат кезінде қорғау құралдары мен әдістері;

- істей алуы – жеке қорғау құралдарын, дозиметрді қолдана білу; алғашқы медициналық көмек көрсету; еңбектің ауырлық көрсеткіші бойынша еңбек жағдайының шарттарында дұрыс талдау жасау; еңбек ету процесі кезінде адамның денсаулығын сақтау және еңбек ету мүмкіндігі; қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еңбек қорғауды басқару;

- дағдылану – техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардағы апат кезіндегі сұрақтарды шешу; еңбек қорғау және шарттарды жақсарту бойынша тиімді экономикалық шараларды бағалау.



Құзыреттер: өндірісте қауіпсіз жағдайлар ұйымдастыру, авариялар, төтенше жағдайлар, жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды төмендету шараларын білу.

Кафедра: Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология.


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау