Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет30/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162

87

зады: «Қазақтар құлдарды екіге бөлген: соғыста қолға түскен құлды 



олжаласқан құл немесе жесір деп, ал сатып алған немесе өзге жол-

мен (соғыста емес) келген құлды жетім деп атаған» (Валиханов, I, 

127). Шоқанның осы сөзін қазақ жырлары мен көне әдеби нұсқалары 

дәлелдейді. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Екі пәнде әкелдім, 

Берсем сені күйеуге 

Бас жетімің еткендей, – 

дейді  әкесі  қызына.  Мұндағы  екі  пәнде  деп  тұрғандары  –  қапыда 

қолға  түскен  екі  тұтқын  батыр  Қобыланды  мен  Қараман.  Көбікті 

қызына: «Сені күйеуге бере қалсам, осы екеуін құл етіп (бас жетім 



етіп) беремін», – дейді. Ал бұрынғы қазақ салтында ұзатылған қызға 

жасаудан өзге малшы-жалшы, құл-құтан қоса беретін дәстүр болғаны 

мәлім. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырынан:

Қырық құл мен қырық күң 

Қосып берді қызына, – 

дегенді еске түсірелік. Батырлар жырының және біреуінде:

Пұшығы жоқ, кемі жоқ, 

Бір мың жетім оған бер, – 

дейді. Мұндағы жетім деп отырғаны – құлдар.

«Қыз Жібек» жырында «жесірі» – Жібекті іздеп келіп, қалмақ ха-

нынан жеңіп алған Сансызбайға қайын жұрты:

Сексен нарды толтырып жасау артып, 

Бес жетім, алтын отау берді дейді, – 

деп  келеді.  Мұндағы  бес  (сірә,  бас  болар)  жетім  де  –  ұзатылған 

қыздың жасауына қосып беретін құл немесе (бесеу болса) құлдар.

Махамбет  ақын  көтеріліс  жеңілгеннен  кейін  Баймағамбет  сұл- 

танның  алдына  келуге  мәжбүр  болады,  яғни  Баймағамбеттің  қолға 

түсірген  тұтқыны  және  ұрыста  қолға  түскен  емес,  өз  аяғымен,  өзі 

келіп түскен тұтқыны. Баймағамбетке айтқан атақты сөзінде ақын:

Ұрмай-соқпай келтірген

Арманың бар ма Құдайға

Мынау Махамбет сынды жетімді-ай, – 

дейді.  Мұндағы  жетім  сөзін  ақын  мұрасының  басылымдарын-

да тырнақшаға алып жазып жүр, бұл – ақын өзін қорғансыз екенін 

білдіру үшін осы күнгідей «әке-шешесіз» деген мағынадағы жетім 

сөзін қолданып тұр дегенге меңзейді. Ал, дұрысында, ақын бұл сөзді 

сол кездегі (ертеректегі) өз мағынасында, яғни «соғыста емес, өзге 

жолмен  қолға  түскен  тұтқын»  деген  ұғымда  қолданған,  сондықтан 

ешқандай тырнақшаның қажеті жоқ. Махамбеттің:



88

Жетімдерге жем бердім, 

Жесірлерге жер бердім, – 

дегенінде де жетім мен жесір деп отырғаны – қатын-қалаш, бала-

шаға емес, мал-мүліксіз кедейлер (тұтқын-құл тәрізді бейшаралар).

Жесір  –  «тұтқын  және  тұтқынға  түскен»  деген  мағынадағы 

арабтың есир деген сөзінің қазақшаланған тұлғасы. Бұрынырақ қазақ 

тілінде бұл сөз соғыста қолға түскен тұтқын – құл дегеннен гөрі, жал-

пы «тұтқын» мағынасында жиірек қолданылған. Мысалы, «Айман-

Шолпан» жырында:

Екеуін сүйреп шықты екі жігіт, 

Қылады екі пақыр неден үміт, 

Жесірді қолға түскен аясын ба, 

Қорқады кетеміз деп нарға мініп, – 

деген  жолдардары  жесір  сөзі  «қолға  түскен  тұтқын»  мағынасында 

айтылған,  олар  –  Айман  мен  Шолпан.  Сол  сияқты  Теңге  тоқал 

«жесірін  жұрт  мақтаған  көрейін»  деп,  Айман  қыздың  алдынан 

шығады. Бұл жерде де Айман – қолға түскен тұтқын ғана.

Сонымен қатар жесір сөзі әйелге қатысты айтылса, қазіргідей тек 

ері өлген әйелді ғана емес, қалыңмалы төленген қызды немесе әйелді 

де дау-шар тұсында жесір деп атаған. Бұл – «қалыңы төленген әйел 

де тұтқын, құл, күң есепті, мал берушінің меншігіне жататын басы-

байлы болады» дегенді білдіреді. «Алпамыс» жырында баласын ой-

нап жүріп Алпамыс өлтіріп алған кемпір оған:

Күшің болса барсаңшы, 

Жесіріңді алсаңшы, – 

дейді. Мұндағы Алпамыстың жесірі – оған айттырылған Гүлбаршын.

Қазан  революциясына  дейін  қазақ  даласында  дау-шар,  сот 

ісінде  жиі  колданылған  «жер  дауы,  жесір  дауы»  дегенде,  үнемі  ері 

өлген  әйел  туралы  дау  емес,  бұл  термин  айттырылған,  қалыңмалы 

төленген  қыздың  дауы  туралы  да  айтылған.  Әрине,  ертедегі  қазақ 

әдеби  нұсқаларында  жесір,  жетім  сөздерінің  қазіргідей  мағынада 

жұмсалған тұстары да жоқ емес. Мысалы, батырлар жырында:

Бәрі де жесір тұл қалды, – 

дегенде, әңгіме – ерлері соғыста қаза тауып, жесір калған әйелдер 

жайында.

Жетім  сөзінің  «басына  азаттық  берген  құл»  деген  мағынасы 

болғанын  өткен  ғасыр  сөздіктері  көрсетеді  (1878  жылы  Санкт-

Петербургте шыққан А.Старчевский құрастырған «Спутник русского 

человека в Средней Азии» деген кітаптың қазақша-орысша сөздігін 

қараңыз).



89

ЖОСЫН.  Бұл  сөз  де  сирек  кездеседі.  «Алпамыс»  жырында 

Тайшық хан дуана болып келген қызына:

Берейін саған осыны, 

Айуан тілін аңғарар 

Сөзіңнің жота жосыны, – 

дейді. Мұндағы жота жосын деген сөздер «сөзіңнің жөні» дегенді 

аңғартады.  Жосын/йосун  сөзі  көне  түркі  тілдерінде  «тәртіп,  әдет» 

дегенді  білдірген.  (ДС,  275).  Қазақ  тілінде  жосын  сөзінің  жосық 

түрі активтеу, ол «жөн, бағыт, жоба» деген мағыналарда жұмсалады. 

Жөн-жосық болып қосарланып та келеді. Мұның жосын варианты 

көне жырларда, өткен ғасырларда жасаған кейбір ақын-жыраулардың 

тілінде оқта-текте ғана ұшырасады. Ал қырғыз тілінде көбінесе жо-

сун түрі қолданылады, мағынасы – «рет, тәртіп, жөн, жосық». Осыдан 

туған  жосуундуу  («халық  дәстүрін  ұстаушы,  оны  жақсы  білетін 

адам»), жосуунсуз («тәртіпсіз, көргенсіз») дегендер де – қырғыздың 

қазіргі тілінде қолданыстағы сөздер. 



Жосын сөзін акад. Ә. Марғұлан жора-жосын түрінде өзінің қазақ 

тілінде  жазған  еңбектерінде  «халық  дәстүрі,  салты»  мағынасында 

пайдаланады (Ә.Марғұлан. Шоқан және Манас. Алматы, 1971).

Сөйтіп, жосын сөзі – жосық сөзінің варианты болып, «жөн, рет, 

тәртіп» және «әдет-ғұрып, салт» мағыналарында қолданылатын си-

рек сөздердің бірі.



ЖЫЛЫ:  ЖЫЛЫ-ЖҰМСАҚ.  Сойылған  мал  етінің  жылы-

жұмсағы деп айту бар. Мұндағы жылы сөзі бұл күнде түсінікті, ол 

–  суық,  салқын  деген  сөздерге  қарама-қарсы  мағынада  келетін  сөз. 

Ал бірақ жоғарыдағы жылы-жұмсақ дегендегі жылы бұл мағынада 

емес.  Бұл  сөздің  о  бастағы  тұлғасы  жаулы<жаулығ/жағлығ  бо-

лып  табылады.  Жағ  ~  жау  түбірі  «май»  деген  ұғымды  білдірген. 

Демек,  еттің  жылы-жұмсағы  оның  «майлы-жұмсақ»,  яғни  ең 

дәмді жерлері дегенді білдірген. Жау сөзінің көне замандарда «май» 

мағынасындағы  сөз  болғанын,  оның  жаужұмыр,  жаубүйрек  деген 

атаулар құрамында келіп, «май, майлы» деген ұғымды білдіргендігін 

білеміз. Көне түркі тілдерінде де йағлығ-йумшақ деген қос сөз болған, 

оның  бір  мағынасы  қазақ  тіліндегідей,  «жұмсақ»  болса,  екіншісі 

«бітік егін» деген ұғымды берген.

Сөйтіп,  майлы  әрі  жұмсақ  деген  сөздерден  жасалған  жылы-

жұмсақ дегеннің бірінші сыңары жаулы сөзінің «майлы» мағынасы 

қазақ тілінде күңгірттенгендіктен, ол түсінікті жылы тұлғасына ауы-

сып қалыптасып кеткен. Мағынасы күңгірт сөздердің тұлғасын ауы-

стырып жіберу – жиі кездесетін құбылыс.




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау