308
бұл күнде мүлде қолданылмайды, олар кездесетін әдебиет үлгілерін
де жеке зерттеушілер (тіл, әдебиет мамандары, тарихшылар т.б) бол-
маса, екінің бірі іздемейді де, оқымайды да. Қазақ әдебиетінің, оның
терминология саласының тарихын арнайы зерттеушілер мұндай
аралық, мезгілдік сөздерді тауып, теріп алып, олардың пайда болу
уәждерін, кездерін, пайдаланған функционалдық стиль үлгілерін, әрі
қарайғы «өмірін» талдау жұмыстары жүргізілуге тиіс, жүргізіліп те
жатыр.
Тілдік, әсіресе лексикалық ескіліктерді танып-талдауда ескеретін
тағы бір мәселе бар. Ол – «ескілік» дәрежесін (статусын) дұрыс
тану. Бүгінде сирек қолданатын немесе шағын бір өлкеде ауызекі
тілде жұмсалғанымен, ұлттық тілдің әдеби нормасына жатпайтын
тұлғалардың бәрі ескілік болып танылмайды. Сондықтан «Ана тілі»
газеті, «Парасат» журналы сияқты баспасөз беттерінде оқтын-оқтын
«ескі сөздер» деп түсіндіріліп жүрген бірліктердің көбі – бүгінгі
қолданыста да бар, бірақ ұмытыла бастаған, қолданыста аса си-
рек ұшырасатындар. Әрине, ең алдымен, бұл газет-журналдардың
осы құбылысқа (бейтаныстау сөздерге) назар аударып, олардың
мағыналарын түсіндіріп отырулары – өте дұрыс, қажет, игілікті іс. Де-
генмен жаңсақтықтар да болып жатады. Айталық, ұмыт болған неме-
се түсініксіз деп берілген сөздердің біразы – бүгінгі сөздіктерде бар,
түсіндірмесі берілген әдеби нормадағы сөздер, екіншіден, олардың
мағыналарын ашуда жаңсақ түсіндірмелер де кездеседі, кейде ол
сөздер жергілікті қолданыстар (диалектизмдер) болуы да мүмкін.
Ал қазіргі қазақ тіліндегі лексика-фразеологиялық ескіліктері көне
сөздер мен ескірген сөздер (историзмдер) деп қазақтың ауыз әдебиеті
үлгілерінде, тарих саласына қатысты ғылыми- публицистикалық
еңбектерде, тарих тақырыбына жазылған көркем әдебиетте ерте
замандарда қалыптасқан тұрақты тіркестер (фразеологизмдер)
құрамында кездесетін, бірақ бұл күнде ол сөздің әдебиет үлгілеріндегі
берген мағынасы өзгеше болып келетін бірліктерді тануымыз керек.
Ашып айтсақ, бүгінгі оқырманға мағынасы күңгірттенген, қолданыс
орны өзгеше болып келетін немесе сыртқы тұлғасы өзгеше болып
тұратын сөздер де ескілік көрінісі (объектісі) болады. Демек, бүгінде
екінің бірі, әсіресе, оның ішінде қала жастары бірден тап басып тани
алмайтын сөздерді түсіндіріп отыру, тіпті түр-түсін көрсетіп отыру –
өте дұрыс, қажет шаруа.
Дегенмен біз ескілік деп отырған жеке сөздерді тану, табу,
мағынасын түсіндіру – өзге шаруа және мұндай жұмыста ізденістің
арнайы әдістері: сөзді танудың әр алуан қырлары, зерттеудің ғылыми
амалдары бар екендігін ескертеміз. Осылардың бірінен кеткен
жаңсақтық сөзді теріс түсінуге, түсіндіруге соқтыруы мүмкін. Ал сөз
309
табиғатына, тарихына, семантикалық қозғалысына, прагматикалық
танымдарына қарай арнайы жасалатын зерттеулердің мақсаты да,
нәтижесі де, ғылыми-практикалық құндылығы да бөлекше болаты-
ны белгілі. Демек, ана тілін сүйіп, оның сөздік қазынасына көңіл
аударушы әрбір адамның жоғарыда аталған іс-қарекеттері мен
тіл мамандарының мақсатты зерттеулері біріп-бірі толықтырып
отыратындығын да баса айтамыз.
Бүгінгі қазақ тіліндегі ескіліктерді зерттеулердің амал-тәсілдері
мен қиындықтары жөнінде өзіміз байқаған кейбір сәттерді айту
қажет болып тұр.
Бұл қарекетіміз тілдік қазынамыздың кешегі-бүгінгі бары мен ба-
рысын (қозғалысын) әрі қарай да үздіксіз зерттей берудің қажеттігінен
туып отыр және осынау жұмысқа өзгелер, әсіресе кейінгі жастар
кірісер болса, біздің көпжылдық
9
жұмыс тәжірибемізбен бөліскеніміз
жөн шығар.
Лексикалық, тұлғалық (грамматикалық), графемалық (орфогра-
фиялық), фонетикалық ескіліктерді жинау (теріп алу) үшін өте көп
жазбаларды оқу қажет. Әрине, жай оқу емес, мәтіндегі бейтаныс не-
месе бүгінгі біз білетіннен басқаша мағынада келгендер деп таныған
сөздерді мысалымен жеке шағын қатты қағазға (карточкаға) жазып
алу керек. Бұл сөз өзге үлгілерде де кездесуі мүмкін. Жеке-жеке
карточкаларда жазылғандарды әліпби тәртібімен жайғастырғанда,
иллюстративтік материал өз-өзінен тәртіпке келеді. Жиналған
фактілер (мысалдар) неғұрлым көп және әр үлгілерден алынса,
соғұрлым құнды болары даусыз. Бұл құндылық сол сөздің мағынасын
ашуға, ескірген тұстарын, қолданылған кездерін, мақсаттарын
анықтауға көмектеседі. Ал материалдарды бұлайша жинап алу үшін
өте көп әдебиетті қарастыру керек екен. Мысалы, мен Махамбеттің
қу толағай бастанбай деген тіркесін іздестіре бастағанда, бұл сөз
осы тіркесте және тек Махамбетте ғана бар сөз екен деп ойлаған
едім. Өйткені сол кезде өзім оқыған «Алпамыс батыр», «Қобыланды
батыр», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»,
«Айман-Шолпан» жырларында толағай сөзін кездестірмедім. Кейін
келе, ауыз әдебиетінің өзге де жырларын оқып отырып, «Ер Қосай»
деген жырдан таптым. Қосай батыр: «Ер-тоқымын жастанып, Қу
толағай бастанып, Сол бұлақтың басында Үш күн, үш түн жатады».
Демек, бұл сөз тіркес құрамында (қу толағай бастану) поэтикалық
бейне (образ) ретінде өзге жырларда да қолданылған екен деп түйіп
жүрсем, толағай сөзі тағы кездесті. Оны XIX ғасырдағы орыс
ғалымы Н.Ф.Катанов жинап жариялаған қазақ мақал-мәтелдері ба-
9
«Сөздер сөйлейді» деген еңбегіміздің жазыла бастағанына 40-50 жылдай
болыпты, ол әрі қарай толықтырылып, жарық көріп отыр және келесі басылымына да
біраз материалдар жиналып келеді.