Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет114/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162

304

ескіліктердің  бірі.  Ноғай  тілінде  төгерек  –  1)  «дөңгелек»;  2)  «бір 

нәрсенің айналасы» деген мағыналарда қолданылады. 

Бүгінгі  қазақ  тілінде  төңірек  –  бір  нәрсенің  (ауылдың,  жайы- 

лымның,  егіндіктің  т.б.)  айналасы,  төңіректеу  –  бір  нәрсенің  ай-

наласында жүру. Демек, төгерек сөзін бір нәрсенің «айналасы» де-

ген екінші мағынасы ноғай мен қазақ тілдерінде бірдей болғанмен, 

«дөңгелек» мағынасы тек ноғай тіліне тән тұлға деп танылады.



Шому.  Қазақ  тіліндегі  шомылу  етістігінің  мағынасына  және 

мәнмәтінге қарап, бұл сөздің «суға бату, секіріп түсіп ксіу» деген көне 

мағынасы  бірқатар  түркі  тілдерінде  күні  бүгінге  дейін  сақталған. 

Жырда «перінің қызы Баба түкті шашты Әзіз жақын барғанда суға 



шомып  кетті»  дейді.  «Шашты  Әзіз  мен  де  соңыңдан  шомайын  деп 

қыз  артынан  шомып  кетті»  (51-бет).  Бұл  жерде  шому  сөзі  –  адам-

дар «суға түсті, шомылды» деген мағынада емес, «суға күмп берді, 

түсіп  кетті,  сүңгіп  кетті»  деген  мәнде.  Қазақ  тілінде  шом(у)  түбірі 



шомыл тұлғасында сақталған және мағынасы да өзгешелеу: шомы-

лу  –  «суға  түсу  және  жуыну»  деген  мағынада  жұмсалады.  «Едіге» 

жыры  ноғай  тілінің  қолданысын  сақтаған.  Қолданыс  ноғай,  татар 

тілдерінің  көрінісі  болар.  «Едіге»  жырын  Шоқанға  жинап  берген-

дер  де  қолжазбаны  пайдаланған.  Тіркес  жырдың  тек  қара  сөзбен 

айтылған тұсында кездеседі.

Ойлығу. Сылығу«Едіге» жырында:

Он жеті дос ұйлықты,



Ұйлыққанның белгісі – бір-біріне сылықты,

Еш амалын таппады, – 

деген  жолдардағы  ұйлықты,  сылықты  сөздері  қазақтар  үшін  бей-

таныс  болар  деп  проф.  Мелиоранский  түсініктеме  жасайды.  Бұл 

жердегі ұйлықты етістігін ғалым ойлықты деп оқыған болу керек, 

оның мағынасын Ж.Сейдалиннен сұрайды. Қазақ комментатор мұны 



ойлану сөзінің варианты болар деп түсіндіреді. Ал сөз ойлықты емес, 

ұйлықты  болса  керек.  Бұл  тұлға  қазақ  тілінде  жергілікті  қолданыс 

ретінде  сақталған.  Қазақ  жерінің  Ақмола,  Атбасар  өңірлерінде 



ұйлығу  «дағдару,  қысылу»  дегенді  білдіреді  (ҚТАС,  2005,  697-бет). 

Сылығу етістігі де диалектизм ретінде батыс өңірлерінде сақталған, 

ол  «сығылысу»  деген  мәндегі  қолданыс»  деп  көрсетілген  (сонда, 

625-бет).  Контекске  Едіге  17  досына,  яғни  17  кедайына  түсін  жо-

рытады.  Алғашқыда  олар  қысылады,  жори  алмай  дағдарады,  оның 

белгісі  –  бұлар  бір-біріне  сылығады,  сығылысып,  топтанады  деп 

түсінген дұрыс болар. Екі сөз де қазірде қолданыста жоқ. Бұлар ерте 

кезеңдердің  сөздері  болар  әлде  ноғай  тілінің  көрінісі  ме?  Әлде  де 

іздестіре түсу керек.



Ұшан теңіз. П.М.Мелиоранский мұндағы қазақ тілінде түсініксіз 

тұлға  деп  ұшан  сөзін  көрсетеді  де,  оны  Шоқанның  «неперелети-




305

мое,  огромное,  неперелетное»  деп  аударғанын  дұрыс  емес  деп, 

Сейдалиннің үшем (үш теңіз) деген жорамалын қостайды. Біздіңше, 

бұл  екі  түсінік  те  –  дәл  емес.  Сірә,  сөз  түбірі  –  ұш  (бір  нәрсенің 

ұшы,  бастамасы)  сөзі  болар.  Қазақ,  қарақалпақ  тілдерінде  ұшы-

қиыры  [жоқ]  кеңістік  (дала,  теңіз)  деген  тіркес  бар,  бұл  тілдердің 

сөздіктерінде ұшан теңіз тіркесі мен ұшы-қиыры жоқ тіркесі бірдей 

түсіндірілген:  «безграничный,  беспредельный,  безбрежный»,  ал 

қырғыз тілінде ұшан теңіз тіркесі «многочисленный» деп аударыла-

ды да бұл тіркес учан теңиз жұрт «многочисленный народ», учан 

теңиз уят «неслыханный позор» деп мысал келтіріледі (Киргизко-

русский. словарь. - М., 1965. - С. 812). Ал қазақ тілінде де ұшан сөзі 



теңіз сөзімен тіркесте келіп, «үлкен, ұшы-қиыры көрінбейтін теңіз» 

деп ұғылады. Жырда:

Көк ала жорға ат мініп,

Көк дабылпаз байланып,



Ұшан теңіз айланып,

Тұтам бауы сары алтын.

Ақ сұңқар құс береді,

Көк айнала шүй деді, – 

деп келетін жолдардағы ұшан теңіз айлану тіркесі «үлкен кеңістік» 

мағынасында қалыптасқан стереотип қолданыс болса керек, өйткені 

әңгіме бұл жерде теңіз (үш теңіз!) туралы емес, «құс ұшып-қонатын 

көлді айналып жүріп ақ сұңқар құс салып тамашала» деп тұр. Демек, 



ұшан теңіз тұрақты тіркесіндегі ұшан сөзінің үш (ен) теңіз дегенге 

де, «баркас, кеме» дегенге де қатысы жоқ деп білеміз.

Біздіңше,  ұшан  сөзі  «көп,  үлкен»  деген  мағына  беріп,  тек  қана 

теңіз сөзімен емес, өзге сөздермен келген тіркестерін де кездестіре- 

міз: «Қайғысы ұшан анама Сабыр ет деп айтарсың» (Керайдар мен 

Қызылгүл);  «Күркіреп  ұшан  сері  келіп  жетті»  (Қозы  Көрпеш-Баян 

сұлу). Бұл жолдарда 90 жігіт туралы айтылып тұр, демек ұшан сері 

– көп адам. 

Қазіргі қазақ тілі сөздіктерінде ұшан теңіз, ұшан дала тіркестері 

беріліп,  тұтас  тіркестердің  мағыналары  ғана  түсіндірілген.  Жеке 

ұшан  сөзі  сөзтізбеде  жоқ.  Ескі  үлгілерде  бұл  сөз  «көп,  мол,  кең» 

деген  ұғымды  білдіріп,  өзге  сөздермен  тіркесе  бергенге  ұқсайды. 

Дегенмен бұл ескілікті әлде де іздестіре түсу керек. Ол көне түркі 

сөздігінде  де,  монғол  тілі  сөздіктерінде  де  жоқ.  Бұл  сөзге  проф. 

П.М.Мелиоранскийдің де көңіл аударып, мағынасы мен түптөркінін, 

этимологиясын іздестіруі тегін емес. Қазіргі қазақ тілінде көбінесе 



ұшан  теңіз  тіркесінде  ғана  келетін,  сірә,  «үлкен,  шалқыған»  деген 

семантикасы бар сөз деп тани саламыз, бұл қайдан келген сөз әлде 

түркі тілдерінің өз сөзі ме, қалайша ескірген, жаңа эквиваленті қай 

сөз деген сауалдар алдымызда тұр. 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау