Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет122/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162

320

таза, бағайат – өте, асқан, суқуған – өрнектеген, туснақ – тұтқын, 



бөләк – сыйлық, сандуқ – табыт, мәй – шарап, йүз ұрмақ – бет алу

үкүш – көп, сындурды – бағындырды, отчигин – қара шаңырақтың 

иесі, хуб – аса, өте.

Қазақ  жазба  әдеби  тілінің  ең  алғашқы  үлгілерінің  бірі  болып 

табылатын  бұл  ескерткіштің  тілі,  стилі,  сөздік  казынасы,  графика-

орфографиялық  бітімі  туралы  кеңірек  танысқысы  келген  оқырман 

1989 жылы орыс тілінде жарық көрген мына еңбекті оқуларына бо-

лады: Сыздыкова Р. Язык «Жами’ ат-тауарих» Жалаири. - Алма-Ата: 

Наука, 1989.



Қадырғали Жалайыридің «Жами’ат-тауарих» атты 

жылнамасындағы (XVI ғ.) қазақ тіліне қатысы бар с

өздердің қолданысы

АҒА – 1. Титул-дәреже атауы (жалқы есімдермен келеді): бек, 

әмір, басшы, билеуші. Тоқай – Олжай хатундын туғмыш ерді, Келміш 

ағаның қызы ерді; Мың ағасы, чора ағасы, Булад аға, Бүйүнчік аға, 

Арғун аға т.б.

АҒА/АҚА – 2. Жасы үлкен ағасы. Өз ағасының оғлы Мөңгу хан, 

аның ағасы Гүйүк хан...

АЙ – көне айт – Аның сауалыға мутабиқ білә жауаб айғай. Аны 

йахшы теб аймас.

АЙЫР  –  Әскер  санының  бірлігі,  әскер,  адам.  Қал’а  уа  хисар 

ічінде толуқ атлан дегенде иүз мың айыр ануқ...

АЙ(Т)ТУРУБ ЕРДІ – айттырыб еді. Ұлуғ қызы [Чингиз ханның] 

Фужин беги атлығ ерді. Аууал оны... Тусан Буқаға айт(т)уруб ерді.

АҚА  –  титул:  хатун,  жоғары  дәрежелі  билеушілердің 



әйелдерінің титулы (монғолдың еке/ака деген сөзінен, мағынасы – 

«ана»).


АХТА АТ – жорық аты, мініс ат. Үйірге түсіп келген айғырды 7-8 

жаста ақтайды, ол ат өте күшті, мықты болады, монғолдар көбінесе 



ахта  аттарға  мініп  жүрген.  Уа  анларны  йахшы  ахта  атларға 

міндіріб, йолда йүргүздім. Ечкілі оғлы Хасан Едіге бинің ахта атын 

алып турур ерді.

АҚТАЧЫ/АХТАЧЫ  –  көне.  атбегі.  Шыңғыс  хан  тағайындаған 



мәртебелі  10  қызметтің  біреуінің  иесі,  сондықтан  жалқы  есіммен 

тіркесте келеді. Бүқатай ахтачы, һурун ақтачы.

АҚТАЧЫ/АХТАЧЫ БЕКЛІГІ – атбегі тобы (Орда жылқысының 

атбегін білдіретін титул). ...Шул қаум татар ақтачы беклігі төрт казик 

ерді.



321

АҚ ТУҚ/АҚ ТУҒ – ақ ту [Найманның падшаһы] Тайан ханның 

тоқуз пайалы ақ туқы бар ерді.

АЛА БАРГАһ АҚ ОРДА – ала тулы ақ орда. ...атланыб чықсаң 

йер хучагі дек ала баргаһ ақ ордаң ... бар.

АЛА ЙУНТЛЫ – алалы жылқыАла йунтлы, йағни туар қарасы 

йахшы болғай.

АЛАЧ  МЫҢЫ  –  қазақ  халқы.  Қазақ  тайпа  одағының  жалпы, 

алғашқы атауы. Майсара ақуам қаум алач мыңы ерүр... Әммә алач 

мыңы арасында ұлұғы тарақ тамғалы Жалайыр болғай.

АЛТЫН ХАНЫМ – титул: ханның үлкен әйелі, бәйбіше, ханым

Ондан сұлтан ... алтын ханым Байм бегімді туған ерді. Татлы ханым

Чуйум ханым – Ондан сұлтаннын қатындары.

АРИҒ – ару, сұлу. Аның бір пакиза арығ хатуны бар ерді.

АТА – 1) әке, 2) ата. Соң атасы орныға ол ‘ал аһду падшаһлық ол 

биледі. Қара хан атасы тұрған йуртында ерді.

АТА – Бай Соңқур Чингиз ханның бешінші атасы ерді.

АТАБЕК/АТАЛЫҚ  –  хан  балаларының  (ұлдарының) 

тәрбиешісі,  регент.  Уа  қарачулары,  аталық,  емелдешлері  хан 

хазратларының үстіне нисарлар қылдылар.

АТЫ  ЙАХШЫ  –  атақты,  белгілі.  Йыл  йашасун,  йүз  йашасун 

аты йахшы Барис хан.

АТҚЫЧЫЛ  –  мерген.  Оғланларының  ұлұғы  ерді  Кучар  атлығ, 

бағайат атқычыл мерген ерді.

АТ  УЛАҒ  –  ат-көлік  (улағ  –  жүк  артатын  көлік  малы).  Қаһан 

ләшкәр ач уа сусақлығ етсәләр, туар қара, ат улағы һарығай...

АТЫ  ЧАУЫ  –  атағы.  ...Хытай  ләшкәрі  білән  мундағ  харб 

қылышыб, атраб жаһанда аты чауы чықты.

АШҚАРА ҚЫЛ – әйгілеу, жария ету. [Хатун] қоруқты әгәр аш-



кара қылсам Худайға табунмақны, аны оғлы білә біргә өлтүргей теп 

сақынды.


БАЗИРГЕНЛӘР  –  сауда  жасаушылар.  Базиргенләр  бізге  алтун 

білә суқуған тонлар уа таңсуқлар, йахшы нәрселер алыб келүрлер.

БАҚТҰРДЫ – бағындырды. Бату булар білән... көб уилайатлар-

ны бақтурды.

БАҚШИШ ҚЫЛУ – табыс ету, сыйлау, тарту ету. Аны һәм кім 

ерсә гә бақшиш қылды. Хасса өз ләшкәрін аңа бақшиш қылды.

БАУРЧЫ/БОҚАУЛ – хан сарайында ас-суды басқарушы. Қара: 

боқаул. Анларның қымыз ічетурған алтын айағы бірлә бір баурчысын 

алды.


БАҺАДУР – 1) ер жүректі, батыр адам. 2) батырға берілетін 

атақ,  титул.  Көбінесе  бұл  титулды  Шыңғыс  ханның  аталары  мен 


322

ұрпақтары  иеленген:  Бартан  баһадур,  Субутай  баһадур,  Тоқучар 



баһадур, Иесуге баһадур (Шыңғыс ханның әкесі).

БЕГИ/БЕГІМ/БЕГИМ  –  титул:  бикеш  (әйел  есімімен  тіркесте 

келеді)  Сойур  Қоқты  беги,  Алақай  беги,  Йахшым  беги.  [Чингиз 

ханның] улуғ қызы – Фужин беги атлығ ерді.

БЕГІМ  –  титул:  монғол,  қазақ  хандары  әйелдерінің  атағы, 

ханым.  Байм  бегім  (Шыңғыс  ханның  әйелі),  Йахшы  бегім  (ол  да), 

Дәдем бегім.

БЕК  –  1)  әмірші,  нойан,  ханнан  кейінгі  екінші  билеушінің 

атағы; 2) ақсүйек, бекзада. Бірі хан, бірі бек болуб йүрүр ерді... Чин-

гиз ханда бу төрт бек мағлум турур.

БЕК – титул: әмірші. Андын [соң] Хоразми бек болды. Андын Ха-

сан бек болды. Андын Шейх Мамай мырза улусны биледі, әмма өзі 



бек болмады. Мұса бекнің оғлы Шейдақ бек болды.

БЕК  –  жалқы  есіммен  келеді.  Қадырберді  хан  білән  Едіге  бек 

тоқуш қылдылар.

БӘНДӘ – басыбайлы адам. Ораз Мухаммед бәндәләрні туснақдын 

алыб азад қылды.

БИ – ру, тайпа басшысы, билеуші, бек. Тасуқа би, Сейдой би

Қадырғали би, Қосум би. Синонимі: бек.

БОҚАУЛ/БАУРЧИ  –  хан  сарайында  ас-суды  басқарушы. 

Шыңғыс хан енгізген 10 түрлі қызмет иесінің бірінің атауы. Толағай 

бек баурчы ерді, Онгур нойан уа боқаул баурчы ерді.

БӨЛӘК  –  сыйлық.  Ол  елчілер  өзләрі  білән  ақ  саңқурлар, 

бөләклер келтүрді.

БӨРТЕ – жылға, өзен тарамы. Жайыкдан чықған Елек суы ту-

рур. Андын [йоқары] үч бөрте чықар.

БҰЛҒАҚ  –  аласапыран  (қарсылық  әрекет  кезіндегі).  Арикан 

Йеке... Ариц Букенің бұлғақында өлді.

БҰЛҒАҚЛЫҚ – аласапыран кезең. Ол уақтыда кім Ариқ Букенің 



бұлғақлығында йығылып ерді.

БІТІЛУ – жазылу, баяндалу. Ол хикайатны бітіділәр. Бу мың асл 

насхада бітілген йоқ ерді.

БІТІЛДІ  –  жазылды,  баяндалды.  Нух  ғалайассаламдын  беру 

Оғузға дегәч... Чингиз хандын бұ заманға дегәч – тамамысы бітілді.

ЕКЕ/АҚА – қара: ақа.

ЕКЕЧІ – көне. Титул – дәреже атауы. Хатун титулы қызметтес, 

көбінесе қумаларға берілген. [һулагу ханның оғлы Йушмут] қумадын 

туғуб ерді, [қуманың] аты Нуқачин екечі атлығ ерді.

БІТУ – жазу, баяндау. Жочи ханның он төрт оғлының атларыны 



бітүдүк.


жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау