41
Сонымен қатар ескі әдеби нұсқаларда амандасу сөзі «көрісіп
сәлемдесу» мағынасында да жиі жұмсалған. Қалмақ келіп, қызыңды
бер деп қысқанда, қыз әкесі Әзімбай («Қамбар батыр» жырында);
Жіберді тарту қылып тоғыз адам,
Қамбарға қайтыңдар деп амандасып, –
дегенді оқимыз. Сонымен, бұрын амандасу сөзі қарама-қарсы екі
мағынада жұмсалған және ауызекі сөйлеу тілінде қазірде де осылай
қолданылады деп түсіну керек.
АНТ. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында үш-төрт жерде адамға
қатысты, яғни белгілі бір сипаты бар адамды атайтын ант сөзі
кездеседі:
Елдеп шыққан білімсіз ант екен деп,
Елі-жұрты Қарабайға өкпеледі.
Бұл сөз әрдайым не Қарабайға, не Қодарға қатысты айтылады.
Екеуі де – жырда жағымсыз кейіпкерлер:
Қодар тоқсан дейтұғын бір анты бар...
Қарабай анттың қойы осы болса,
Тура сілте антыңның ауылы қайда.
Демек, ант – жағымсыз адамды сипаттайтын сөз. Түркі тілдерінің
белгілі зерттеушісі – Г.Дерфер мұны парсы тілінің «екі ұдай,
күмәнды» мағынасындағы анд сөзімен салыстырады да мүмкін,
түркі тілдеріндегі ант сөзінің түптөркіні парсы тілі болу керек деген
жорамал айтады және бұл сөз түркі тілдеріне ауысқанда, жағымсыз
мағыналы сөзге айналған болар дейді. Қазақ тілінің материалы осы
пікірді қостайтын сияқты.
Бұл сөздің монғолдың анда «туысқан, бауырласқан адам» де-
ген сөзінен қысқарып алынған болар деген өзге бір ғалымның
(Рамстедтің) пікірі бұл жерде қиыспайды. Сондықтан қазақ
тілінде «қылығы жағымсыз адам» мағынасындағы ант сөзі өте си-
рек қолданылатын тұлғалардың бірі деп санаймыз. Бұл сөз тіпті
антұрған (ол да жағымсыз сипат) деген тіркестен жасалған сынның
қысқартылып жұмсалған түрі болуы да мүмкін. Бұл – екінші жора-
малымыз. Қайткенде де бұл қолданыстың мағынасы мен төркінін
іздестіре түскен абзал.
АРАЙ. «Алпамыс» жырында баласы жоқта Ұлтан құлға пенде бо-
лып, түйе бағып жүрген Алпамыстың әкесі – Байбөрі түйелерге:
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Қарағымның артында
42
Иесіз қалған үлегі,
Арай, жаным, арай! –
дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бұл жердегі арай сөзін «са-
быр, ұстам, тоқтам» деп түсіндіреді (ҚТТС, 1974, I, 306). «Алпамыс»
жырының ғылыми басылымында бұл сөзді парсының көңіл күйді
білдіретін сөзі деп анықтайды (Алпамыс батыр, Алматы, 1961, 82).
Ал, дұрысында, арай түркі сөзі болуы керек. Ол алтай түркілерінің
тілінде «ақырын-ақырын, бірте-бірте, әрең-әрең» деген мағыналарды
білдіреді. Байбөрінің аузынан шыққан арай да «ақырын, жаным,
ақырын» деген мәнде жұмсалған деуге болады.
Түсіндірме сөздік арай сөзінің бірінші мағынасы «таң атар кездегі
күн шапағы, шұғыласы» дегенді көрсетеді (ҚТТС, 1974, 1, 305). Бұл
мағынаның түптөркіні түркі-монғол тілдеріне немесе монғол тілдеріне
тән арай сөзіне қатысты болу керек. Арай – монғол тілінде «әрең,
ақырын, сәл-пәл, аз ғана» деген үстеулік қызметте қолданылатын сөз.
О баста арайлап таң атты деген тіркес ақырындап, сәл-пәл нұр ша-
шып атып келе жатқан таңды атаған болуы керек. Кейін келе арай
сөзі «таң атар кездегі күн шапағы, нұр, сәуле» деген заттық мағына
беріп кеткенге ұқсайды.
Ал жырдағы арай сөзінің мағынасы түпнұсқа тілдегідей
«ақырын» дегенді беріп тұрған тәрізді, яғни наршалар мен үлектерге
ере алмаған қарт адам оларды «ақырын, ақырын!» деп қайырған деп
түсінуге болады. Арай сөзін «ақырын, ептеп, біртіндеп» мағынасында
Мүхтар Әуезов те қолданған. «Абай» операсының либреттосындағы
Ажардың ариясының:
Өлмек ем сол әнге ұйып арай-арай,
Ол бірге өшпек болды арай-арай,
Көрдім де бекінгенін бірге өлмекке,
Тірлікке мен шақырдым арай-арай, –
деген тексіне зер салсақ, мұнда жазушы арай сөзін қосарлап «ақырын-
ақырын, бірте-бірте» деген ұғымда жұмсап тұр.
АРА-ТҰРА. Бұл қос сөздің мағынасы айқын: ол «кей-кейде, ан-
да-санда» деген мағынаны береді. Ал жеке-жеке қолданыста ара сөзі
көрсетілген мағынаға біршама қатысты болғанымен, екінші тұра
сыңарының оған жақындығы жоқ екені көрінеді. Көне замандардағы
ата-бабаларымыздың қолданысында арата-арата сөзі «анда-сан-
да, мезгіл-мезгіл» деген ұғымда жұмсалған екен (ДТ, 50). Бұл тұлға
айтыла келе ара-тұра болып кетпеді ме екен деген ойға қаламыз.
Әрине, бұл да – жорамал және «ішек-қарны көрініп тұрған» тым
жеңіл жорамал, әрі қарай іздестіру – алдағы міндет.
43
АРУ. Қазірде тілімізде бар ару сөзін ертедегі қазақ әдебиеті
нұсқаларынан жиірек кездестіреміз. Мұнда бұл сөз екі түрлі ұғымда
келеді: бірі – әйел, қыз деген сөздерден бұрын тұрып, «сұлу, сүйкімді»,
«абзал, ардақты» дегенді білдіреді немесе жеке тұрып «сұлу қыз,
сүйікті әйел» деген мәнде жұмсалады. Доспамбет жырау өзі туралы
толғауының бір жерінде:
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашы үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген, –
дейді. Сонымен қатар XV-XVII ғасырлардағы нұсқалардан ару ат,
ару ұл, ару батыр деген тіркестерді ұшыратамыз. Шобанда:
Ақтабан ару торы ат жайлаған...
Шалкиізде:
Айсұлдың ару Әметі тұрғанда...
Айсаның ару ұлы Қолай бар.
Бұл күнде ару ат, ару жігіт деген тіркестер құлаққа жат естіледі.
Қазірде ару сөзі әйелге, көбінесе сұлу жас қызға қатысты қолданылса,
ертеректе ару сөзінің «пәк, таза, кіршіксіз» және діни ұғымдағы
«әулие, ие», осылардан барып «игі, мінсіз, игілікті, асыл, күнәсіз,
пәк» деген ауыспалы мағыналары пайда болған. Сондықтан көне
түркі ескерткіштерінде арығ тон (таза киім), аруғ азуқ (адал тамақ),
қылқы аруғ (мінез-құлқы игі), ару күмүш (таза, қоспасыз күміс) де-
ген тіркестерді көреміз. Көне түркі тілдеріндегі аруғ қызлар тіркесі
осы күнгі қазақ тіліндегідей жалпы «сұлу қыздар» емес, «күнәсыз,
пәк қыздар» деген ұғымда келеді. Орта ғасырлардағы түркі жазба-
ларында да ару (ары, арығ, аруғ, арық) сөзінің «таза, кіршіксіз»,
«әулие, игі» мағыналары сақталған. Мұнда да ары тон (таза киім),
ары гәуһар (шынайы гауһар), арық гүл (таза гүл), арығ сув (таза, ағын
су), арығ сифат (игі сипат) деген тіркестерді көреміз. Бұл сөз, тегі,
тек түркі емес, түркі-монғол тілдеріне ортақ ежелгі сөз болу керек.
Өйткені монғол тілінде де ариг сөзі «таза» мәнін береді. Монғолша
ариг ус – ауыз ту (таза, ішуге келетін су), арила(х) қазақша арула(у)
«тазарту, тыйылу (жауынның ашылуы), жойылу, жоғалу» мағынасын
береді, ариун – 1) «киелі, әулие, таза, адал, 2) үсті-басы таза жүретін»
деген мәндегі сөздер.
Жоғарыда қазақ өлеңдерінде кездескен ару сөзінің жылқыға және
ер адамға қатысты айтылған сәттері бұл сөздің көне мағыналарының
қазақ тілінде де қолданылғандығын танытады. Дегенмен ару сөзінің
көне мағыналарының баршасы қазақ тілінде біз сөз етіп отырған
дәуірлерде-ақ сақталмаған. Мысалы, бұл сөздің су, киім, тамақ
Достарыңызбен бөлісу: |