312
түспейтіндігі және жалпы орфографиялық қателердің көп екендігі.
Сол себептен бірқатар таныс сөздер өзгеріп, бейтаныс (көне сөз
не өзге тілдік тұлға) болып көрінуі мүмкін. Ал ескі сөздер мүлде
қате жазылып, одан сайын тұлғасы да, мағынасы да түсініксізденіп
зерттеушінің бірақ қиналуы тағы мүмкін. Мысалы, «Едіге» жырында:
«Он жеті ды ойлықты, Ойлыққанның белгісі – бір-біріне сылықты»
(Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 69-бет). Бұл – жырдың Шоқан
Уәлиханов жинаған нұсқадағы жазылуы. Ал осы жолдар «Едіге»
жырының Қ.Сәтбаев жинаған нұсқасында сылықты сөзінің орнына
жыйлықты тұлғасы жазылыпты (сонда, 102-бет). Бұл жолдардағы
ойлықты мен
сылықты сөздерінің қазіргі оқырмандарға түсініксіздігі
былай тұрсын, бір сөздің екі түрлі оқылғандығы (ойлықты –
ұйлықты, сылықты – жилықты) бұларды одан сайын күңгірттеп тұр.
Екінші бір мысал: Мектепке арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының
бірінде Махамбет ақынның бір өлең жолдары: Мен алмаған Алғай-ай
деп жазылыпты да, оған «Алғай – Таловка ауданындағы кішілеу бір
поселкенің аты» – деп түсініктеме беріліпті. Бұл жерде өлең жолының
қате оқылып, қате жазылғаны былай тұрсын, мүлдем қисынсыз
түсініктеме берілген: Алғай деген поселкені «жаулап алу» дегенді
Исатай-Махамбет бастаған көтерілісшілердің үш ұйықтаса ойларына
кірмеген болар, өйткені белгілі мекенді басып алу деген болмаған, ол
– үлкен бір бекініс емес, не хан әскерінің шоғырланған мекені емес.
Ал ең негізгі қателік – өлең жолының мүлде қате оқылуы. Бұл
жерде өлең жолы Міне алмаған алаға-ай! болу керек. Ала – қазақтың
ертеден келе жатқан поэтикалық тілінде «жақсы, мықты, жорық
аты, азбан» деген мағынада жиі кездеседі. «Жылқы ішінде аламын,
қылшық жүнді қарамын» деген жыр жолдарында ала сөзі түсті емес,
«мықты ат, азбан» дегенді білдіріп тұр. «Қобыланды» жырындағы:
«Ерлер мінер алаға, Көңілім толды санаға» немесе «Мінген аты ала
еді, Қылшық жүнді қара еді» деп жырланғанда да ала – «жақсы ат,
көрнекті ат» деген мағынаға саяды. Ала сөзінің мағынасы жалпы «ат,
жылқы» дегеннен гөрі «азбан, мықты ат, жорық аты» дегенге көбірек
келеді. Оның алаша (ат) варианты да бар. «Ер Тарғын» жырында
«Алаша аттың басы деп, Қалмақы ердің қасы» деп келген жолдарда
Тарғын батырмен жекпе-жекке шығатын қалмақ батырының «алты
құлаш ала аты» алаша ат деп суреттелген. Демек, ала – қазақ поэзи-
ясында мықты, күшті жылқы символы. Аланың синонимі – азбан, ал
азбан – үйірге түсіп жүрген, әбден есейіп күш жиған еркек малдың
ақтатылған кездегісі. Сондықтан батырлардың мінген аты ала болып
келеді.
Ала аттың тағы бір синонимі – ақта ат, бұл қазақ жырла-
рында көп кездеспейді. Ол XVI ғасырдың ескі қазақ жазба тілінің
313
ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами ат-тауарих» атты жазбасында
жиі қолданылған: «Ечкілі оғлы Хасан Едіге бинің ахта атын алып
тұрар ерді» (Қадырғали бидің жылнамасы. - Алматы, 1991. 295-бет).
Бұл ескерткіште ахтачы сөзі де бар, ол – қазақша атбегі дегеннің
баламасы (сонда).
Сөйтіп, алаға міну (Ерлер мінер алаға) – батырлықтың, ерліктің
символы. Махамбет ақын міне алмаған алаға деп Жәңгір ханды
атап отыр, яғни өзінің ерлігін көрсете алмайтын хан орыс әскерінің
күшімен «Қара қазақ баласын Орынбор деген қалаға (қамауға,
айдауға) көзінен тізіп жіберді-ау» деп тұр. Ұлы ақын суреткерлік
үрдісінде қазақтың ертеден келе жатқан поэтикалық үлгілерін еркін
және кеңінен пайдаланған, сондықтан ақыннан алаға міну («ұрыс-
соғысқа қатысу үшін атқа қону, жорыққа шығу» дегенді білдіретін)
сөз-образды таба аламыз.
Мұндай әртүрлілікті «Едіге» жырынан да көреміз. «Едіге» жыры-
ның бір басылымында (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996) орын
алған екі нұсқасының (Ш.Уәлиханов жазып алған және Қ.Сәтбаев
жинап алып жариялаған) мәтіндерін мұқият салыстырғанда, мынадай
әртүрлілікті таптық: Шоқан нұсқасында: Торылы жылқы тобышақ
(61-бет) – Қ.Сәтбаев нұсқасында: Торылы жылқы тобыншақ (91-бет).
Әрі қарай бірінші келтірілген мысал Шоқан нұсқасында, екіншісі
– Қ.Сәтбаев нұсқасында деп оқимыз. Ертістің басы қара дөң Екі
арасын қуыр-ды бұғай құбаша ұғыл (61-бет) – ...екі арасын қосар-
ды (93-бет). Қосалықтап отау тіктірген (57-бет) – Қосалқы отау
тіктірген (83-бет). Мойтандардан шыққан (83-бет) – Мүйтендерден
шыққан (89-бет). Сұп аяқты, сұп бөрікті – сұм аяқты, сұп бөрікті
(91-бет). Омар ханның қызы еді, Оймақтын (?) үзілді (63-бет)
...Оймақтайтын (?) үзілді (95-бет).
Едігенің асу ісі сол еді (74-бет)
–... ашу ісі... (107-бет).
Аязды күндер аршынданып (74-бет) – Аязды
күндер аршындап (108-бет).
Алдам йер (йар) ес берсе (77-бет) –
Ал-
дам ие ес берсе (110-бет).
Деді де жолалап кетті (77-бет) –
..жүріп
кетті (110-бет) т.т. Мұндай ала-құлалықты әрі қарай да жалғастыра
беруге болады. Бұл әр алуандықтардың (разночтения) бірқатары бей-
таныстау тұлғаны қазақшалап беруге (қосалықтап отау тіктірген –
қосалқы отау тіктірген; оймақтын – оймақтайын; жолалап кетті
– жүріп кетті т.б.), ал енді бірсыпырасы бейтаныс көне тұлғалардың
екі түрлі оқылып жазылуы орын алған: тобышақ – тобыншақ, ал
иіндік – ал ендік т.б. Үшінші тобына араб жазуын қате оқып, қате
транскрипцияланған сөздер жатады: сұп/сұб – сұм, асу – ашу т.б.
Әрине, мұндай ала-құлалықтардың себебі қандай болса да, олар-
ды дұрыс түсініп оқу қиынға соғады, кейбірі түсініксіз тұлға болып
көрінеді де көне, ескі мағыналары мен сыртқы морфологиялық-
орфограммалық бітімін дұрыс тануға кедергі келтіреді.