Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет108/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162

291

ноғайлылықтармен жақын жүріп-тұрған батыс өңірі тұрғындарының 

тілінде сақталған болса керек. Ал арақ сөзіндегі қ дыбысының п-мен 

алмасуы –табиғи фонетикалық құбылыс емес, қосарлана айтылатын 

екінші  сөз  шарап  дегеннің  ұйқасына  қарай  болған  ауызекі  тілінің 

құбылысы (әрекеті) болар.



Арасат  (оты).  Ертедегі  жырлардың  өзінде  көп  кездеспейтін 

арасат/ғарасат сөзі «Едігенің» Шоқан, Қаныш нұсқаларында орын 

алған: «Аязды күндер аршынданып Арасат оты жанғанда».

Бұл – араб сөзі, ислам дініне қатысты сөздердің бірі деуге болады. 

Оның бір мағынасы «майдан, алаң» болса, діни мағынасы – «өлген 

адамдар  қайта  тірілгеннен  кейін  жиналатын  орын»  (ғарасат  майда-

ны). Жырда, сірә, арасат ұрыс-соғыс сияқты аласапыран кезді айтып 

тұрса керек, өйткені контексте бұл сөйлемнің алды-артында:

Ормамбет би өлгенде,

Он сан ноғай бүлгенде,

Саназар батыр жаудан 

Жаралы барып келгенде,

Бура мұздан тайғанда...

Ханнан қайрат кеткенде – деген сияқты сөйлемдер бар. 

Демек,  арасат  оты  –  осы  ситуацияға  үндес  қолданыс.  Бұл  сөз 

Едігеге  арналған  өзге  жырлардың  тағы  біреуінде  –  «Мәулімнияз 

Едігеде»  бар,  бірақ  «арасан  майдан  құрғанда»  (Едіге  батыр,  1996, 

269-бет) деп қате жазылған. Мұнда да арасан емес (соңғы әріптің ха-

ракаты үш нүктенің орнына бір нүкте басып жазылған не оқылған) 



арасат майдан деген тұрақты тіркес болуы керек. Бұл күнде арасат 

оты, арасат майдан тіркестерінің нақты мағынасын екінің бірі біле 

бермейді.  Демек,  бұлар  –  бөгде  тілдік  ескіліктер,  өлең-жырларда 

көбінесе поэтикалық қолданыс ретінде танылады.

Бұл сөздің талдау арқылы да жырды жинап бастырушы екі ғалым 

– Шоқан мен Панттелеймон Михайловичтің «Шоқан нұсқасындағы 

«Едіге» жырының тілінде араб, парсы сөздері жоқ, барлары бұзылып 

жазылған»  деген  танымдарының  жаңсақтау  екенін  көреміз.  Қазақ 

әдеби тілінің түсіндірме сөздігіңде (2006 жылғы) арасат сөзін көне 

деп дұрыс көрсеткен.

Аршын төс. Төс аршынды/Төс арсынды. Аршындау. Қазақтың 

эпостарында,  ертеректегі  ақын-жырауларында  (өлең-жырларында) 



аршын  төс,  төсі  аршынды  түрінде  келетін  бейнелі  поэтикалық 

тіркес ең ертедегі «Едіге» жырының мәтінінде де бар:

Алтыннан соққан ақ ордаң,

Күмістен соққан ақ есік,

Түсі суық шың болат 

Ұшыменен ашар-ды құбаша ұғыл.




292

Төрге төсек салар-ды боғай құбаша ұғыл.



Төс аршынды сұлудың 

Сұлулығын аямай

Төс астына алар-ды (Қ.Сәтбаев нұсқасында). 

Шоқан  Уәлиханов  «Едіге»  жырын  орыс  тіліне  аударғанда,  бұл 

тіркесті «полногрудая» деп берген. П.М.Мелиоранскийге бұл эпитетті 

1904,1905 жылдары Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген 

қазақ  жасы,  төре  әулетінің  ұрпағы  –  Жиһанша  (Жанша)  Сейдалин 

«тұрмысқа шыққан әйелге қарата айтылады және байдың қызын төс 

арсынды» дейді деп түсіндірген (Сказание об Едигее и Тохтамыше. 

Киргизский  текст  по  рукописи,  принадлежащей  Ч.Ч.Валиханову. 

Издал  проф.  П.М.Мелиоранский.  СПб,  1905.  -  С.  6).  Бұл  тіркестің 

мағынасын  қазіргі  зерттеушілер  «төсі  аршынды  сұлу  (ару)»  деп 

қалыптасқан  бейнелі  эпитет  ретінде  түсіндіреді  де  әйелзаттың 

сұлулығына қатысты қолданылады деп таниды.

Бұл  күнде  аршын  сөзі  тіркестен  тыс  қолданылады,  ол  0,71  см-

лік  өлшем  атауы  және  ауыспалы  мағынада  жұмсалуы  да  бар:  «1) 

екпін, қарқын, 2) кең, ашық кеуделі адам» және «адым» мағынасында 

жергілікті сөз ретінде қолданылады.



Аршын/арсын тұлғасын Шоқан да, Мелиоранский де өз кездерін- 

дегі қазақ тілі үшін бейтаныс сөз деп тауып, түсіндірмесін іздейді. 

«Едігенің» ілгеріректе хатқа түскен нұсқаларында аршындану деген 

етістік түрі де бар: «Аязды күндер аршындап Арасат оты жанғанда» 

деген  жолдардағы  мәнмәтінге  қарағанда  аршындану  –  «лапылдау, 

жоғары көтерілу» деген мағынаға жақын. Төс аршынды немесе ар-



шын төс тіркестерінде де, аршындану етістігінде де аршын сөзінің 

семантикалық  «ұйытқысы»,  сірә,  «көтеріңкілік,  биіктік,  ілгерілеу» 

деген семалар (мағыналық реңктер) болар деп ойлаймыз: аршын төс 

–  көтеріңкі  төс,  аршынданып  жану  –  жоғары  көтеріліп,  лапылдап 

жану.

Алма мойын, аршын төс, төсі аршынды сұлу сияқты жыр жол-

дары  кейінгі  XVI-XX  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  тілінде  де  жиі 

кездеседі. Мысалы, Бұхар жырауда (XVIII ғ.): 

Төсі аршынды сұлуың 

Сілкіп төсек сала алмас малдан соң.

XX ғасырдың ақыны Бернияз Күлеевте:

Жалғанда жұмағым – ар-иманым,

Албыраған арудың аршын төсі

Бұл  –  жеке  тұрғандағы  нақты  мағынасы  күңгірттенген  аршын 

сияқты  ескіліктің  қазақтың  поэтикалық  мектептерінің  дәстүрлілік, 

жалғастылық үрдісін танытады.




293

Аршын  сөзіндегі  жоғарыда  біз  шамалаған  мағыналық  реңктері  

(семалары) бұл күнде қолданылатын аршындау, аршындату, аршын- 



ды  сөздерінің  ауыспалы  мағыналары  ретінде  көрсетілген  мағына- 

ларына негіз болғаны байқалады: Аршында – 2. ауыс. Адымдай басу, 

аяғын кең басу. 3. ауыс. Екпіндеу, шарықтау, қарыштау. 4. өрлеу, алға 

басу. Аршындат- екпіндету, күшейту. Аршынды. 2. ауыс. Қарқынды, 

пәрменді, екпінді (ҚӘТС, 2006, т. I., 674-675-беттер).

Осы сөзге қатысты тағы бір қызық түсіндірмені кездестірдік. Түркі 

тілдерінің  салыстырмалы  сөздігінде:  аршын  ноғай  тілінде  «күміс 

және күміс әшекей» дегенді білдіреді деп анықтайды да, «төсі аршын-

ды бай қызы», яғни «омырауы қымбат әшекейге толы байдың қызы» 

дегенді  мысалға  келтіреді.  Ж.Сейдалиннің  П.М.Мелиоранскийге 

берген түсіндірмесі осыған сәйкес келеді. Бірақ бұл – аршын сөзінің 

тек  бір  ғана  тіркестегі  қолданысына  берілген  түсіндірме  болып 

шығады, өйткені қазақ жырларында аршын басты бурыл (ат) неме-

се: Омырауын аршындап, мінген атын қамшылап деп келетін жыр 

жолдарындағы  аршын,  аршындау  сөздерінің  мағынасы  ешқандай 

әшекейге,  алтын-күміске  жанаспайды.  Керісінше,  бұларда  «Едіге» 

жырларындағыдай  оттың  аршынданып  жануы  сияқты  «жоғары 

көтерілуі, биіктеу, ілгері созылу» деген семантикалық реңктерге ие 

қолданыстарды көреміз.

Сөйтіп, нақты ұзындық өлшеміне қатысы жоқ аршын сөзі тұрақты 

тіркестерде  және  етістік  тұлғасында  ертеректегі  казақ-ноғай  өлең-

жырларында лексикалық ескіліктердің бірі болып кездеседі.

«Едіге» жырының Шоқан, Қаныш нұсқаларында бұл сөз арсын- 

деп те хатқа түскен. Бұл вариант араб жазуындағы (ш) әрпінің қаракет 

белгісі – үш нүктесі не түсіп қалып (с) болып қате жазылғанының  

салдары, я болмаса нақты денотаттық (негізгі) мағынасы түсініксіз 

сөздің тұлғасы тұрақсыз болып келуінің көрінісі шығар деп топшы- 

лауға да болар ма еді? Бірақ бұл да – күмәнді таным. Өйткені ш-с ды-

быс алмасуы «Едіге» жырының ертеректегі қолжазбаларында басқа 

сөздер де ұшырасады: шарап – сарап, шербет – сербет қатарларына 

қарағанда  ХІV-XV-XVІ  ғасырлардағы  ноғай-қазақ  тілдерінде  с-ш 

алмасулары орын алған құбылыс болуы мүмкін, өйткені арап-сарап 

деген  параллель  қазақ  тілінің  батыс  өңірінің  аймақтық  сөздігіндегі 

тіркеліпті,  демек,  сарап,  сербет,  арсын  тұлғалары  тілде  сақталып 

қалғанын  көрсетеді.  Сондықтан  «Едіге»  жырының  алғашқы  жазба-

ларында орын алған арсын, сербет, сарап тұлғалы сөздерді емлелік 

(графикалық) қателіктер деп емес, ескіліктің бір көрінісі деп таныған 

дұрыс сияқты.

Бартал тарту. Бұл – өте сирек кездесетін ескі қолданыс. «Едіге» 

жырында  (Шоқан  нұсқасында)  мүйтендерден  шыққан  екі  бірдей 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау