289
айығла- сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианты болу ке-
рек дегенбіз, яғни айығла- сөзіндегі әлсіз, сусымалы ғ дыбысы түсіп
қалып айыла->айла- болуы мүмкін. Оған ырықсыз етіс жұрнағы
жалғанып, айлан- тұлғасы жасалғанда «жәбірлену, қорлану, кемсіну»
мағынасына ие болады. Сонда мәтінді «абдырады», «қорланды»
деп түсінуге болады. Екінші бір жорамалымыз – бұл жердегі айлану
«басы айналу» (амалы құру, абыржу) дегеннің ықшамдалған вариан-
ты болу да мүмкін. Ал жырдың екінші бір тұсында айлану – айналу
етістігінің метатезалық сыңары. Мүмкін «бастары айналды» деген
тіркестің қысқарған түрі болар деп топшылауға келер. Бірақ айланып,
кеңес таппады деген келесі жолдарда
айлану тұлғасы –
ойлану неме-
се «абыржу, қиналу» (алдыңғы абдырады дегенмен қатар келгеніне
қарасақ) деген мағыналық реңкі қамтылған сөз сияқты. Айлану
тұлғасы жырдың екіншісі бір тұсында дыбыс орындары ауысқан ай-
налу сөзі болуы да мүмкін. Мысалы,
үзеңгіні айландырып қиып қойды
немесе көшті айланды дегендерде.
«Едігенің бала досы Аңдысын Тоқтамыстың Едігені андытқан
адамдарының аттарының үзеңгі бауын айландырып қияды» («Едіге
батыр»). Бұл сөздің түптөркіні ай(ығ)ла->айла- болған сияқты. Ал
оғыз тілдерінің бірі – түркімен тілінде айлану- «айнала қоршау» де-
ген мағынаны береді. Мүмкін, айлан- етістігінің бұл мағынасы да
«Едіге» жырының тіліне келіп қалар.
Түркі тілдерінде метатеза – дыбыстардың орын алмастыруы жиі
кездесетін құбылыс екендігін ескерсек, «Едіге» жырының екінші бір
тұсында айлану тұлғасы қазіргі айналу тұлғасының варианты болып
танылады да бүгінгі мағынасында келеді. Мысалы, Көшкенде көшіп
айланған, Өткір семсер байланған деген жолдарды «көшін айналған»
деп түсіну керек.
Сөздің түптөркінін іздесек, Э.В.Севортянның көрсетуі бойынша,
айла- етістігінің өздік етіс тұлғасы айлан- дегеннің бір мағынасы
«долго говорить с кем-либо о деле, подробно излагать просьбу» де-
ген екен (Э.В.Севортян. Этимологический словарь тюркских языков.
- М.: Наука, 1974. - Т. І. - С.110). Едігені қайтарудың амалын іздеген
ноғайлының ауыр жұртының ханы «абыржиды, айланды» дегенді
айналасындағылармен «ұзақ ақылдасты» деп түсінуге болады.
Қайткенде де айлану/айналу етістігінің бір мағынасы осы күнгідей
анық. Көшкенде көшін айланған немесе Едігенің бала досы Аңдысын
Тоқтамыстың Едігені аңдытқан адамдарының аттарының үзеңгі
бауын айандырып қиды деген сөйлем
бар (Едіге батыр. - Алматы:
Ғылым, 1996. - 56- бет). Мұнда айандырып сөзі – қате, л әрпін түсіріп
жазылған, өйткені осы сөйлем Қ.Сәтбаев нұсқасында және өзге
нұсқаларда айналдырып деп жазылған (сонда, 88-бет).
290
Алдырту. Бұл сөз «дұшпанынан жеңіліп, билеп отырған ел-
жұртынан айрылып қалу, елін жауға алдыру» дегенді білдіреді.
«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында:
Әй, байтағым, байтағым,
Бастатып сені алдырттым.
Байтағымның ішінде
Он сан менің ноғайым,
Сені тағы алдырттым.
Он сан ноғай ішінде
Үш жүз алпыс отау қазағым,
Сені тағы алдырттым, – деген жыр жолдары бар.
Бұл – Тоқтамыс ханның жеңіліп, ел-жұртынан айрылғанда қош-
тасып айтқан сөзі. Мұнда бірнеше көненің көзі бар. Олар: байтақ
(«қол астындағы ел-жұрт, хандық»), сан (бұл жерде он сан ноғай
– «өте көп, қалың ел»), тағы – қазіргі да/ де, та/те шылауының
қызметін атқарып тұр) және талданып отырған – алдырту етістігі.
Соңғы сөз бүгінгі қазақ тілінде де қолданылады, бірақ ол негізінен бір
нәрсені ұрлатып, жоғалтып алғанда айтылады. Бұл тұлғаны біз әзірге
«Едіге» жырынан және тек Тоқтамыстың монологінен (толғауынан)
кездестірдік. Сөз түбірі (алдыр-), мағынасы түсінікті болғанмен,
«билеп отырған елімді жауға беріп қойдым» деген нақты мағынада
қолданылуы – эпостар тіліндегі ескіліктің бірі болып танылады.
Арап пен сарап. Шоқан нұсқасындағы «Едіге» жырының мәті-
нінде бірнеше рет кездесетін арап пенен сарап сөздерінің мағынасын
мәнмәтінге (контекске) қарап оңай айыруға болады:
Арап пенен сарапқа
Сонда жаман тойған жұрт;
Жалғызыма алғыс тисін деп,
Арап пенен сарапқа
Сонда бір жұртты тойдыртты.
Бұл – арақ-шарап дегеннің фонетикалық варианты сияқты. Хатқа
түскен жыр мәтінінде ш-с дыбыс алмасуы жиі кездеседі. Мысалы,
төс(і) аршынды [ару] тіркесі осы жырдың екінші бір жерінде
төс
арсынды деп жазылған. Сол сияқты
шербет сөзі
сербет вариантын-
да да кездеседі. Бұл алмасулар ш-с таңбаларының араб жазуындағы
әріптердің асты-үстілеріндегі нүктелердің түсіп қалуында не
сақталуында болмас (өйткені с дыбысы көбінесе екі түрлі әріп
таңбасымен келеді). Ерте кездерде түркі тілдерінде с-ш алмасуы
жиірек орын алып келгені байқалады (мысалы, қазақша бойшаң де-
ген сөз қазіргі ноғай тілінде бойсаң деп айтылады).
Арап-сарап тұлғасы Атырау өңірінде күні бүгінге дейін сақта-
лыпты (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, 2005, 67-б.), сірә, ертеректе