ІІ. Баға белгілеу реформасы.
2.1. Баға белгілеудің формалары мен әдістері
Сатып алу бағаларын жоспарлай отырып, мемлекет қалыпты жұмыс істейтін әрбір шаруашылықтың өндіріс шығынының орнын толтыру және ұлғаймалы ұдайы өндіріс мақсаттары үшін қор жинауға, салықтар төлеуге, бюджетке қаржы аударып төлемдер төлеуге, әр түрлі қорларды жасауға мүмкіндік беретін мөлшернде таза кіріс алуды қамтамасыз ету қажеттігін негізге алады.
Баға шаруашылық процестерін реттеудің мейлінше маңызды тұтқасы болып есептелінеді. Осыған байланысты бір жағынан, орталықтан белгіленетін бағалар мен, екінші жағынан, шарттың, кәсіпорындар белгілейтін, сондай –ақ еркін бағалардың ара – қатынасы баға белгілеудің өзекті проблемаларының біріне айналып отыр.
Бағаның деңгейі мен арақатынасын өздері де өзгерістерге ұшырап отыратын көптеген экономикалық және әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Бағаның өз міндеттерін атқаруы – қоғамдық еңбек шығындардын салыстыруы айырбастың эквиваленттігін, халық шаруашылығы мүдделерінің, басымдылығын қамтамасыз етуі, өндірісті ынталандыруы, сұраным мен ұсынымның арақатынасын реттеуі, рыноктағы тепе – теңдікке жету үшін – олар белгілі бір дәрежеде икемді болуға және өздерін айқындайтын жағдайлармен бірге өзгеріп отыруы тиіс.
Шарттық және нркін бағалар өндірістің нақты жағдайын белгілейтін неғұрлым икемді баға болып табылады.
Баға белгілеудегі өндірістердің екі түрі болады: олар тауарлардың жекелеген топтарының бағасын және жетілдіру және баға деңгейін, баға белгілеудің арақатынасы мен тәртібінің өзін сапасы жағынан қайта өзгертуге байланысты баға реформасы. Басқарудың экономикалық әдістерінің меңгерілуі және шаруашылық өмірдің демократияландыру дәрежесіне қарай орталықтандырылған бағалардың (үлгісі) қысқарып, ал шарттың және еркін бағалардың үлесі арта түседі. Тауар рыногында тепе – теңдікті жақсаурту мен баға белгілеуге басшылық ету, жағдайдың өзгеруіне қарай икемді болу, рынокқа жоспарлы ықпал жасау әр түрлі арналар бойынша сатылатын бір тектес тауарлар бағасы деңгейінің жақындауына жеткізеді. Атап айтқанда, әңгіме мемлекеттік саудада, тұтыну кооперациясында және колхоз рыногында сатылатын жекеден өзгеру – жүйрік жүйелерінің бағасы жайында болып отыр. Тұтыну бағасының рыногы немесе индексі 1996 жылдың қарашасында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 127,7 процент болды.
Басқа тауарларға қарағанда халыққа ақылы қызмет көрсетудің бағасы мен тарифтерінің өсуі қарқыны бір айға шыққанда орта есеппен 7,8 процентке жоғары болады. Әр тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтық дотоциясыз жұмыс істеуге келуіне байланысты.
Азық – түлік тауарларының қарамағындағы бағасы 1995 жылдың желтоқсаны мен салыстырғанда 15,1 процентке, ет өнімдері мен жарма - 31,43 процентке, жай кондитерлік бұйымдлармен көкөніс – 1,4 процентке, макарон және сүт тағамдары 11 – 16 процентке ұн мен нан 24 27 прцентке, өсті. Сонымен қатар өсімдік майы және қанты15 – 16 процентке, жеміс 6 процентке өсті.
Журнал мен газеттердің бағасы 15 – 25 процентке өсті. Халыққа қызмет көрсетілетін ақылы қызмет түрлері, тұрғын үйлері – 3,3 есеге өсті.
Бағаларды басқаруды үйрену, олардың орынсыз өсуіне жол бермеу, тұтыну рыногы мен өндіріс – құрал жабдықтар рыногында тепе – теңдікті сақтау социалистік мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды міндеті.
Біздің елімсізде жекелеген тауарларға қолданылып жүрген бағалар көбінесе бір – біріне тәуелсіз белгіленіп, өзгертіліп келеді. Соның салдарынан қазіргі уақытта біщдің елде шын мәнінде, бағалардың өзара байланыстьырылған жүйесі жоқ. Көптеген товарларға баға белгілегенде «шығынды» көз қарас басым болады, бұл орайда бағаның деңгейін өнімнің сапасы мен тиімділігне байланысты қарамастан және қоғамдық ұдайы өндіріс жағдайында емес, қайта белгілі бір кәсіпорындағы ұдайы өндірістің жеке дара жағдайына сәйкес, шикізат, отын буып – түюмен бұйымдар шығынына қарай болса солай жинақтау арқылы белгіленіп отырады.
Баға белгілеу рефоргмасы ең алдымен баға белгілеу тәртібін өзгертуді, счондай –ақ оның бүкіл комплексін –көтерме сауда, сатып алу, бөлшек сауда бағаларын қайта құруды көздейді.
Отын мен шикізаттың көтерме бағасы ресурс үнемдеуді ескере отырып, белгіленеді, ол тұрақты болып, отын – шикізат салаларының өзін -өзі қардыландыруын қамтамасыз етуге тиіс. Ішкі бағалар дүние жүщі рыноктағы бағаларға сай келуі үшін дайын өнімнің көптеген түрлері бойынша шамадан тыс рентабельдік қалыпты деңгейге дейін немесе төмендейді.
Бағалардың құрылымында өзгерістер болады. Ппайдаланылатын ресурстардың барлық түрлері үшін ақы төлеу енгізіледі, жалақы қорына сақтандыру жөнінде қаржы бөлу едеәуір көбейтіледі. Баға белгілегенде еңбек фокторларын төмен бағалауды тек осылайша ғана жоюға болады. Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры қаржы ның көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім ақшадан бөлінеді. Шаруашылық практикада табыс категгориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелермен тығыз байланысты үйлесімді қалыптасады.
Сырттай қарағнда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ тек табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрындыдан бетер арта түседі. Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |