2. ҚР дің ЖЕРҚОРЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
2.1 Жер кадастрының объектісі және оның классификациясы
Казақстан мемлекеттік жер кадастрының мәні көбінесеоның объектісіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрыныңобъектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Егер, қоғамдық өндірісте жердің міндет атқаруында өзгешеліктер шығатын болса, онда жер қоры жердің 1 айырмашылық топтары негізінде бөлінуі мүмкін:
1/ негізінен, өндірістің басты құралы ретінде пайдаланылатынжерлер;
2/ негізінен, кеңістік базис түрінде пайдаланылатын жерлер;
Бірінші топқа ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлері жатады, ал екінші топқа қалған барлық жер түрлері кіреді. Бұндай бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым біржақты, ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көпқырлы.
Практикалық мәселелерді шешу үшін және жер қорын, құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер жеткіліксіз. Сондықтан жер қорының сипаттамасы кадастр объектісі ретінде көбірек толық болуы және оның халық шаруашылығының бөлек салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын ескере отырып, бәрінен бұрын жер сипаттарға /категорияға/ бөлінеді.
Республиканың мемлекеттік органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалану тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық /қалалық/, мемлекеттік органдар, кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдаланылуы мен олардың жерге орналасуына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының аймақтары және облыстар бойынша жер қорының жағдайы, бөлінуі кестелерде келтірілген.
4-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданындаҚарағанды - 42798,2 мың га, Ақтөбе - 30062,9 мың және Шығыс Қазақстан - 28322,6 мың га облыстары ие.
2-кесте. Қазақстан Республикасының территориясы, аудандар мен елді мекендер саны /01.01.2007 ж./
|
Облыстар атауы
|
Аумағы мың га
|
Аудандар саны
|
Қалалар мен пос. саны
|
Ауылдық елді мекендер саны
|
1
|
Ақмола
|
14621,9
|
17
|
25
|
672
|
2
|
Ақтөбе
|
30062,9
|
12
|
9
|
413
|
3
|
Алматы
|
22396,3
|
16
|
28
|
773
|
4
|
Атырау
|
11863,1
|
7
|
12
|
154
|
5
|
Шығыс Қазақстан
|
28322,6
|
15
|
41
|
833
|
6
|
Жамбыл
|
14426,4
|
10
|
16
|
338
|
7
|
Батыс Қазақстан
|
15133,9
|
12
|
5
|
480
|
8
|
Қарағанды
|
42798,2
|
9
|
53
|
525
|
9
|
Қызылорда
|
22601,9
|
7
|
16
|
213
|
10
|
Қостанай
|
19601,1
|
16
|
13
|
694
|
11
|
Маңғыстау
|
16564,2
|
5
|
5
|
39
|
12
|
Павлодар
|
12475,5
|
10
|
9
|
411
|
13
|
Солтүстік Қазақстан
|
9799,3
|
13
|
5
|
733
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан
|
11724,9
|
12
|
48
|
938
|
15
|
Алматы қ.
|
28,0
|
-
|
1
|
1
|
16
|
Астана қ.
|
71,0
|
-
|
3
|
9
|
17
|
Барлығы
|
272490
|
161
|
289
|
7276
|
3-кесте. Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры /мың га/ 01.01.2007 ж.
|
Аймақтар
|
Барлық жерлер
|
А/ш алқаптар
|
Соның ішінде егістік
|
1
|
Орманды дала
|
758,2
|
506,2
|
262,5
|
2
|
Далалық
|
26448,0
|
23514,7
|
12051,8
|
3
|
Құрғақ далалық
|
62386,8
|
55617,1
|
10768,0
|
4
|
Шөлейт
|
37258,8
|
33858,7
|
205,7
|
5
|
Шөл
|
112152,3
|
83473,9
|
184,5
|
6
|
Тауалды-шөлді
|
12268,8
|
10241,8
|
1745,0
|
7
|
Субтропикалық шөл
|
4376,7
|
3800,7
|
51,8
|
8
|
Субтропикалық тауалды-шөлейт
|
3509,9
|
3053,5
|
666,0
|
9
|
Орта азия таулы облысы
|
10138,6
|
7064,4
|
435,2
|
10
|
Оңтүстік сібір таулы облысы
|
3174,3
|
1433,1
|
240,0
|
11
|
Республика бойынша барлығы
|
272490,2
|
222568,7
|
26610,7
|
Қазақстан Республикасының территориясы табиғи - климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген /5-кесте/. Республика жерінің ең үлкен ауданы кұрғақ далалы - 62386,8 мың га, шөлейт - 37 мың га, далалық - 26448,0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448,0 мың га және далалық - 10768,0 мың га аймақтары орталығы орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада - 26610,7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568,7 мың га құрайды.
2.2 Жер қорының санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатынасәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. Елді мекендердің /қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің/ жерлері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылықемес мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
5. Мемлекеттік орман қорының жерлері;
6. Мемлекеттік су қорының жерлері;
7. Мемлекеттік запастағы жер.
Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқаарналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердеп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың,кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушыларпайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарғабөлінуі маңызды шаруашылық мәнге ие. Бұл қарастырылғансанаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұлжерлерді ауыл шаруашылықкәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, олардың а/ш даму жоспарына сәйкес, базарларды а/ш өнімдерімен жәнеөндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.Елді мекенді жерлерге қалалар, қалатиптес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категориядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен кұрылыстар және т.б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.
Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі – бұл оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын қала жерінің сыртқы шекарасы. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Кала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т.б. жерлер кіреді.
Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлерге қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс /темір жол, әуежай, автомобиль, су, құбыртасымалы кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлер – ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер және т.б. жатады.
Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.
Бесінші – мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай-ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, үйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтыншы – мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары /өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар/ мұздықтар, батпақтар гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай-ақ, су қорғау өңіріне,су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер
Жетінші – мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесежер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңакәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.
4-кесте. Қазақстан Республикасы жер қорының санаттар бойынша құрылысы және бөлінуі /01.01.2007ж./
|
Жер санаттары
|
Ауданы, көлемі, мың га
|
Жиынына % есебінде
|
1
|
А/ш мақсатындағы жерлері
|
86824,1
|
33,2
|
2
|
Елді мекендер жерлері
|
21938,7
|
8,4
|
3
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа мақсаттағы жерлер
|
2519,4
|
0,9
|
4
|
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері
|
4540,8
|
1,7
|
5
|
Орман қоры жерлері
|
23245,5
|
8,9
|
6
|
Су қоры жерлері
|
4020,9
|
1,5
|
7
|
Босалқы жерлер
|
118068,0
|
45,2
|
8
|
Жер жиыны
|
261157,4
|
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |