Батырова Мадина Туракбаевна Оқытушы Кафедра Ақтау қаласының 3б шағын ауданында, №9 ғимаратта, 3-қабатта орналасқан, телефоны Кездесу сағаттары: сабақ



жүктеу 211,28 Kb.
бет9/28
Дата11.01.2022
өлшемі211,28 Kb.
#32314
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
жерді бағалау умк

2.3 Жер учаскесі негізгі жер кадастрлық бірлік /жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі/
Жер учаскесі – бұл мақсатты міндет атқаратын, субъекттік кұқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншігіндегі болатын, жоспарда /картада/ және жергілікті жердешекаралары белгіленген жер аумағының учаскесі. Атап айтқанда, олмемлекетіміздегі жер қорының пайдаланылуына сипаттамалықэкономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілісубъекттің пайдалану және иеленушінің қүқықтық объектісіретінде есептеледі. Яғни жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішіндемемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін.
Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсініктіанықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық-өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынадажер пайдалану /жерді пайдалануы/ – бұл
әлеуметтік -экономикалық құбылыс.

Оның экономикалық мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жерпайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер учаскесін пайдалану оған құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде /шаруа қожалығы/ немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.

Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі – мемлекеттік жәнеменшік түрлерімен шартталған.

Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы – жер учаскесі сияқты болып келеді.

Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа /тұрақты/ пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану /қысқа мерзімді - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5-49 жылға дейін/ енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.

Жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жеке меншікке жататын жер учаскесі қозғалмайтын мүлік деп саналады. Меншік иесі өзінің жер учаскесін заң актілерінде тыйым салынбаған кез келгенмәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін заңдылықбабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке жарналық капитал ретінде енгізуге, кепілдікке беруге және мұра етіп қалдыруға, жер учаскесін жалға беру, жалдаунемесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.

Жер пайдаланудың экономикалық мәнін көрсетуші - жералқаптары. Жер алқаптарының өңдіріс құралдары сияқтыжерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың өзара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың бағыты мен мамандандырылғандығы туралы пікір айтуға болады.

Жер алқабы деп нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған территорияларды айтады. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептеледі.Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрденақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілібір жер алқабы түрінде болады, яғни нақты сол территория үшін пайдаланылады. Жерлерді ауылшаруашылығында пайдалану арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылықалқаптарында мәдени өсімдіктерді өсіреді және малшаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндайөнімді алқаптар кадастрде ерекше топқа жатады - ауылшаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішіндебірінші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытшапайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма.Бұл да бөлек алқаптардың бірі болып саналады.

Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер учаскелері/байлар, жүзімдіктер, т.б./ ауыл шаруашылық алқаптарыныңең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, оларжүйелі түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығыучаскелерде көпжылдық ағаштарды және бұталыжерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түргешабындықтар мен жайылымдардың маңызды шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығыазығы қорын жасайды. Ауыл шаруашылығында қолданбайтын жерлер - алқаптар да болады.

Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер /шұңқыр, жыра, сай,батпақ, т.б./ болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. Әрбір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшемімен сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.



жүктеу 211,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау