Бастауыш сынып



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата19.11.2018
өлшемі3,68 Mb.
#20974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

15

2-тапсырма.

Сандарды өсу ретімен жазыңыз.  100, 70, 20,50, 10, 30, 60, 80, 40, 90.



3-тапсырма. 

Тиісті санды  және  таңбаны қойыңыз.

50         30

80 


<

    


Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты 

құрастырады

- он санын құрастырады;  

- ондық пен бірліктің  қатынасын анықтайды

100-ге дейін ондықтармен санайды 

және жазады

-  ондықтармен санайды және жазады;

Толық ондықтарды салыстырады

- ондықтарды салыстырады

- 80-нен артық  екітаңбалы  ондық  санды жазады. 

Қалыптастырушы  бағалауды  жоспарлау,  ұйымдастыру  бойынша 

дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім: 

• тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану

тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

• кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

• қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын

құруы;

• тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының



сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның

кері  байланысы;  ата-аналармен  әңгімелесу  және  т.б.)  сабаққа  талдау

жүргізу қажет.

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін

өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: 

«Екі  жұлдыз,  бір  тілек»,  «Қолмен  белгі  беру»,  «Бағдаршам»,  «Жинақтау 

парақшасының  индексі»,  «Бір  минуттық  эссе»,  «Сөйлеу  үлгілері»,  «Үш 

минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. 

Қалыптастырушы      бағалаудың      әдістерін      оқу      әрекеттерін    

ұйымдастырудың  әр  кезеңінде,  тақырыпты  түсіндіру,  тапсырма  орындау, 

білім  алушыларға  кері  байланыс  беру  кезінде  қолдануға  болады. 

Қалыптастырушы  бағалаудың  әдістерін  жеке,  жұптық  және  топтық 

жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. 

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Қалыптастырушы      бағалау  білім  алушылардың  оқу  әрекеттері 

нәтижелерін  ұғынуға  бірден-бір  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  олардың  өз 



16

оқуын  «құрушылар»  ретінде  жағдай    жасауына  мүмкіндік  береді,  алған  

нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. 

Жеке  жұмыс  кезінде  қалыптастырушы  бағалауды  жүзеге  асыру  үшін 

мұғалім  білім  алушылардың  әрекеттерін  жүйелі  қадағалап  және  аралық 

нәтижелерді  тіркеп  отыруы  қажет.  Нәтижелерді  тіркеу  кезінде  білім 

алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып 

отырған дұрыс. 

Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге 

жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына 

мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау 

кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. 



Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі 

болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және 

жұп  ішінде  бірін-бірі  бағалауына  болады.  Мұндай  өзара  қарым-қатынас 

кезінде  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  қарамастан  өзара  көмегі, 

рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. 

Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау 

кезінде  білім  алушылар  тапсырманы  орындау,  оның  нәтижесіне  бірдей 

жауапкершілікпен  қарау  қажет  екенін  түсінуі  керек.  Сондықтан  оларды 

өз  әрекетімен  келісуге,  өзара  әрекеттесуге,  пікір  алмасуға,  сындарлы 

(конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. 

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  мұғалім  белгілі  бір  дағдыны  

бағалаудың  тиімді  тәсілі  ретінде  қолданып,  топтық    жұмысты 

ұйымдастыруына  болады.  Білім  алушылар  алдын  ала  бағалау  

критерийлерімен  таныс  болуы  тиіс.  Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  әр 

топтағы  білім  алушылардың  талқылауын  тыңдайды,  қадағалайды:  кейбір 

білім  алушылар  оқу  мақсатына  жетуді  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  тез 

көрсете  алуы  мүмкін.  Мұғалім  ол  білім  алушылардың  атын  жазып  алуы 

қажет. 

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті 



сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: 

- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?  

- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда 

осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы: 



17

- Сіз қазір не істеп жатырсыз? 

- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады? 

- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  барлық  топтың  және  әр  жеке  білім 

алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма 

орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім 

алушыларға:

•  жаңа идеяны тұжырымдауды;

•  екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

•  идеяларды бағалауды;

•  топтық талқылау негізінде пікір білдіруді

•  сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда  аталған  бөлімдер  белгілі  оқу  мақсатына  жетудің  дәлелін 

көрсетеді. 



4.1.2 Кері байланыс беру 

Кері  байланыс  сабақтың  әр  кезеңінде  қолданылады,  мұғалімнің  білім 

алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу 

үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:  

•  білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; 

•  тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай 

емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

•  білім  алушылардың  жұмысын  жетілдіру  немесе  кемшілік  тұстарын 

жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; 

•  кері  әсер  ететін  сөздерді,  білім  алушыларды  кекету,  келемеждеуге 

қатысты,  мысалы,  «орынсыз  жауап»,  «осыны  ойлауға  қалай  ақылың 

жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері  байланыс  беру  кезінде  мұғалімге  де,  білім  алушыға  да  2-кестеде 

ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап 

беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді. 



2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары

Мұғалім 


Білім алушы 

•  Білім алушы оқытудың қай сатысында?

•  Олар білім алуда неге талпынады?

•  Бұған  жетуге  көмектесу  үшін  не  істеу 

керек?

•  Мен оқытудың қай сатысында тұрмын? 



•  Нәтижеге қалай қол жеткіземін? 

•  Кемшіліктерімді  жою  үшін  не  істеуім 

қажет?



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау