Бастауыш сынып пен орта буын арасындаѓы



жүктеу 377,65 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі377,65 Kb.
#4171
түріСабақ


Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданының білім бөлімінің әдіскері

Құмашева Гүлнұр Жұмашқызы
Педагогикалық ғылым мен тәжірибедегі сабақтастық байланыс мәселесі
АННОТАЦИЯ

Ғылыми мақалада жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі, бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық мәселелері педагогикалық-психологиялық тұрғыда қарастырылған. Ғылыми мақала бастауыш сынып мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен психологтарға арналған әдістемелік көмекші құрал болып табылады.


АННОТАЦИЯ
В данной научной статье рассмотрены проблемы преемственности при переходе учащихся из начальной школы в среднее звено. Проанализированы характерные особенности школьников при адаптационном периоде, использование принципа преемственности в процессе такого периода различных методов сопоставительного анализа. Выявлена и обоснована необходимость совместного использования методов сравнительного анализа в процессе принципа преемственности. На основе проведенного ислледования автором предлагается выделить теоретический и экспериментальный способ принципа преемственности, дается его определение, формилируются основные характеристики школьников в данный период.

Сабақтастық байланыс мәселесі педагогикалық ғылым мен тәжірибеде өз шешімін толық таба алмай, зерттеу мен ізденуді талап етіп отырған көкейтесті мәселе. Өйткені, қоғамның даму деңгейінен туындаған талаптарға сәйкес білім беруді жаңғыртудың кез-келген мезетінде оқытудағы сабақтастық өзіндік мазмұнға ие болып, әр түрлі деңгейде шешіліп келе жатыр. Дегенмен, бүгінгі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда сабақтастықтың көптеген қорлары қажетті деңгейде ескерілуде деген ағаттық болар.

Бастауыш және жоғарғы буынның алғашқы сыныптары арасында пәнді оқыту ғана емес, тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудағы сабақтастық мәселесін жүзеге асыруда елеулі кемшіліктер орын алуда. Жалпы алғанда, оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелілік үрдісінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, сабақтастық оқу-тәрбие үрдісіндегі өзіндік көріністі сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуын, ілісе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесінің құрамаларының бәріне тән, атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұны мен әдістерінің , құралдары мен ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байланыстарды білдіреді. Сонымен бірге сабақтастық түрлері де ажыратылады. Олардың қатарында: бастауыш және орта буындағы пәндерді оқытудағы сабақтастық байланыстары, пәнішілік және пәнаралық сабақтастық байланыстары, тақырып немесе тарату материалдарының арасындағы байланыстары және т.б.

Сабақтастық байланыс екі жақты құбылыс, яғни, бұл мәселені төменнен жоғары бағытта қарастырса, ілгері жылжуды, дамуды және алдағы мақсат пен міндеттерге бағдарлануды, ал жоғарыдан төменгі бағыттан қарастырса, оқушылардың игерген тәжірибесін әр алуан іс-әрекеттерде тиімді және орынды қолдануды сипаттайды.

Келесі бір ескертетін жай пәнді оқытудағы сабақтастық байланыстар мемлекеттік білім стандарттарында, оқу бағдарламаларында, оқу және әдістемелік құралдарда шешімін табуы тиіс. Бұл оқу әдістемелік кешенді әзірлейтін авторлар тобының құзырында.

Өкінішке орай, бастауыш және орта буын сыныптарына нақты пән бойынша дүниеге келген оқу-әдістемелік кешендерде анықталған сабақтастық байланыстардың оңтайлы жүзеге асырылуы, мұғалімдердің теориялық және әдістемелік дайындық деңгейіне, сондай-ақ, шығармашылық ізденісіне және кәсіби шеберлігіне тәуелді.

Бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты әр пәнді оқытуға байланысты саралай, тиімді пікір айту-мамандардың міндеті. Оқытудағы сабақтастықты іске асыруда екі бағыттағы тұжырымға тоқталайық: біріншісінде, оқу-әдістемелік кешенмен жан-жақты танысуға, ал, екіншісінде, пәнді оқыту тәжірибесін байқау және бақылау барысында жинақталған нәтижелерге сүйенеміз.

Оқудағы сабақтастықты жүзеге асырудың бастауы нормативті-құқықтық және ресми құжаттарда ( білім стандарты және оқу бағдарламалары), оқыту құралдарында (оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар) жоспарланған байланыстар жобасынан алады. Сонда тәжірибеде іске асырылатын қажетті және тиісті сабақтастық байланыстардың объективті алғы шарттары түзіледі. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектепте оқытудың жалпы және нақты мақсаттары мен міндеттері анықталып, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық пен практикалық (қолданбалы) бағыттар бойынша тиянақты тұжырымдалған, ал орта буынға қатысты осылар жайында ештеңе айтылмаған. Осының өзі бастауыш және орта буын мұғалімдерінің ара-қатынасының түсінісуіне ұласуға кедергі келтіруде.

Оқытудағы сабақтастықты жүзеге асыруда орын алып отырған кемшіліктер субъективті көзқарастан немесе түсініспеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, осы мәселе бойынша мектеп басшыларының, бастауыш және орта буын мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестіктер жұмысын жандандырып және жаңғыртып, қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру нәтижесінде осы мәселенің тәжірибесін қойып жандандыруға болады.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелер бойынша сабақтастық


Мектепке дейінгі білім

М/д білім

Бастауыш

білім беру



Бастауыш білім беру

Ересектер тобы:

  1. жастағы бала:

1. Мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерді білуі;

2. Жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алуы;

3. Эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлауы, мейірімділік таныта алуы;

4. Достарына, туыстары мен жақындарына шамасына қарай көмек көрсетуі және қамқор бола алуы;

5. Салауатты өмір салты туралы қарапайым білімдерді игеруі және алғашқы дағдыларды білуі;

6. Қарама-қарсы жыныстағы адамдарға құрмет көрсете алуы;

7. Қоршаған табиғатқа ұқыпты қатынас жасау қажеттігін білуі және түсінуі;

8. Сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алуы;

9. Сөз бен мінездегі жаман-жақсыны ажырата алуы, үйдегі, балалар бақшасындағы, қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді сақтай білуі к е р е к.

Мектепалды тобы:

6 жастағы бала:

10. Отан, өмір, денсаулық, махаббат, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсініктерді білуі;

11. Мейірімділік, сыйластық, қамқорлық, адалдық, мақтаныш, патриоттық адамгершілік құндылықтары, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер туралы түсініктерді білуі;

12. Қоршаған табиғат сұлулығын қуанышты қабылдай алуы, оған қамқор бола білуі;

13. Өзін тануға қызығушылық көрсете білуі;

14. Адамдарды сыйлап, тілектестік, жанашырлық таныта алуы;

15. Мінез-құлық нормаларының қарапайым түрлерін ұстана білуі, өзіне-өзі қызмет етудің бастапқы дағдыларын игере алуы;

16. Салауатты өмір салты ережелерін түсінуі және қолдана білуі;

17. Балалар ұжымында қарым-қатынас жасай алуы, өзара әрекеттесе білуі;

18. Ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре алуы;

19. Отбасында және құрбыластарының арасында өзара көмекке, ынтымақтастыққа даярлығын таныта алуы;

20. Бейнелі түрде ойлай, қиялдай білуі, шығармашылық іс-әрекеттер кезінде (музыка, ойын, би, қойылымдық көріністер) өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсете алуы к е р е к.











1-2 сыныптар

1. Бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, шындық сияқты жаңа ұғымдар, оған қарама-қарсы құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі;

2. Адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктерді білуі;

3. Адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасай алуы;

4. Денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінуі, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі және қолдана алуы;

5. Өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;

6. Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді білуі;

7. Шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін түсінуі, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай білуі;

8. Қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алуы;

9. Өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алуы, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алуы;

10. Оқушы құқығы мен міндеттерін білуі және оларды қолдана алуы к е р е к.

(3-4 сыныптар)

11. Бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және еңбек ету, қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, сұлулық, руханилық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдарды білуі;

12. Адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата білуі, өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алуы, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алуы;

13. Этика ережелерін білуі және іс жүзінде қолдана алуы, мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алуы;

14. Адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алуы;

15. Денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;

16. Өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;

17. Топта, сыныпта, үйде өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлауы, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алуы;

18. Өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алуы;

19. Табиғаттың маңыздылығын өмір сүрудің негізі ретінде түсінуі;

20. Қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғат көздерінің тазалығын сақтай білуі;

21. Оқу кітаптарын саналы түрде таңдай білуі, өз мінез- құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алуы;

22. Өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін білуі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі керек.



Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық




Жүргізілетін жұмыс түрі

Мақсаты

Міндеті

1

Оқушылардың білім сапасының орта буынға өтудегі көрсеткіші

-оқу қызметінің негізгі құрауыштарының қалыптастырылуын;

- төменгі мектеп жасындағы балаларда еркіндік, рефлексия, түсінік, пікірлер сияқты жаңа құрылулардың қалыптасуын;

- мұғалімдермен және сыныптастырмен анағұрлым «ересек», жаңа қарым-қатынасын;

- эмоциялық дайындығын;

- мектепте оқуға оқушының тұлғалық, зияткерлік, және эмоциялық дайындығын анықтау.


- оқу материалын өз бетінше бағдарлай білудің алғы шарттарын қалыптастыру;

- 1 сатыдағы оқытуды оқушылардың білімін аралық бақылаумен және оқу жетістіктерін ішінара моиторингтік бағалаумен аяқтау.



2

Оқушылардың орта буында бастауыш сыныпта алған білімін бекітуі







3

Бастауыш сынып пен орта буындағы пән мұғалімдері арасындағы сабақтастық







4

Осы бағыттағы ғылыми-зерттеу, ізденушілік, инновациялық жұмыстар

-білім алуға, оқу мазмұнына тұрақты қызығушылық тудыру;

- болашақта ғылыми білім жүйесін саналы игерудегі қамтамасыз ететін ойлау түрлерін дамыту;






5

Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтудегі психологиялық бейімделуіне жағдай жасау

-Оқытудың жаңа жағдайларына дайындықтарын анықтау;

-Дайындығы төмен деңгейдегі балаларға көмек көрсету.



-мұғалімнің бақылауы және психодиагностикалық зерттеулерінің нәтижесінде сыныптың сипаттамасы дайындалады.

- психологиялық-педагогикалық картасы ашылады.

- оқушының тұлғалық, зияткерлік және эмоциялық саласының маңызы сипатталады.


6

Ата-аналармен жұмыс

- ата-аналарды болашақ бесінші сыныптықтардың бейімделу кезеңіндегі қиыншылықтармен таныстыру.

- ата-аналарға баланың отбасындағы мәртебесінің өзгеруіне дайындалуына және баланың оқу қызметіндегі жаңа жағдайға көшуінің мәнін түсінулеріне көмектесу;

- ата-аналарды сынып жетекшісінің сыныптағы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру;

өтпелі кезеңде оқытудың оң уәждемесін жасауға көмектесу.



Бастауыш сыныптар мен орта буын арасындағы сабақтастық жұмыстарын жүргізудің іс-шаралар жоспары




Жүргізілетін жұмыс түрі

Мерзімі

Жауапты

1

Ұйымдастыру шаралары :

1. Семинар

«Оқушыларды 5- сыныпқа дайындау бағытында оқытудың әдіс-тәсілдерін жақындастыру, бірыңғай орфографиялық, орфоэпиялық талаптар құрастыру

2. Пед консилиум

«5-сынып оқушыларының бейімделуі»

-байқау, бақылау;

- диагностика;

- ақпарат (қорытындылары бойынша сынып құрамына, сынып жетекшілерді алмастыру бағытында өзгерістер, түзетулер жасауға болады)



І тоқсан

қыркүйек

қараша


4-сынып жетекшілері

4-5 сынып жетекшілері



2

1.Ата-аналар жиналысы «Болашақтағы 5-сынып»

2. 5- сынып оқитын блоктарға саяхат жасау



ІІ тоқсан

желтоқсан



4- сынып жетекшісі

3

4- сыныптардың математика, қазақ тілі пәндерінен бақылау, жазба жұмыстарын алу

І жарты жылдық

қыркүйек-желтоқсан



Орта буын пән мұғалімдері

4

Оқушылардың үлгерімі мен сапалық көрсеткіштерін анықтау

Тоқсан сайын

4 сынып жетекшісі

5

Болашақ пән мұғалімдерінің оқушылармен танысып сабағына қатысуы, 4-сынып оқушысының білім деңгейін байқау:

оқуын;


жазуын (каллиграфиясын, сауаттылығын);

есептеуін.



ІІІ тоқсан

Қаңтар-наурыз



Орта буын пән мұғалімдері

6

Болашақ 5- сынып жетекшісін сынып оқушыларымен, ата-аналарымен таныстыру, байланыс орнатау.

ІV тоқсан

Сәуір



4 сынып жетекшісі

7

Бастауыш сыныпты бітіру кешін орта буынның мұғалімдерімен бірігіп өткізу

мамыр

4 сынып жетекшісі

8

Дүнитенау пәнінен тест тапсырмаларын алу

Сәуір

Орта буын пән мұғалімдері

6

4- сыныпқа сабақтастықта болған пән мұғалімдеріне сол сыныптарға сабақ беруге жағдай жасау:

- математика пәні

- әдебиеттік оқу пәні

- дүниетану пәні

- қызықты математика пәні


Сәуір

мамыр
Дүйсенбі, сейсенбі

Сәрсенбі, бейсенбі
Жұма, сенбі

Сейсенбі, бейсенбі



Орта буын пән мұғалімдері

10

Сабақ жүргізген орта буынның пән мұғалімдері туралы оқушылардың ойы мен пікірін анықтауға сауалнама жүргізу, сабақтастық мәселесіне байланысты көзқарасын анықтау.

мамыр

Психолог



Бастауыш сынып пен орта буын арасында жүргізілген салыстырмалы анализ


Бастауыш сынып

5 - сынып

5- сыныпқа көшкенде , яғни, жаңа жағдайға қалыптасуы үшін төмендегі жағдайларды ерекше ескеру қажет:

- бір ғана мұғалімге, бір кабинетке үйренген;
- оқушының ойлауына, өздігінен түсінуіне аз көңіл бөлінеді;
- оқушы өздігінен көп жұмыс жүргізуі керек
- кейде оқушыдан жауап алу үшін жетекші сұрақты көбірек қойып, оның ойын толық аяқтауына ерік берілмейді. Осының салдарынан оқушының өздігінене ойлау қабілеті дамымай, жалыққыш болып әдеттенеді/
- оқушы негізінен үй тапсырмасын қысқаша ғана, жеке-жеке ұғымдар мен түсініктерді үздік-үздік етіп баяндауға, ойын жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы жеткізіп беруге дағдыланады.
- жиі сұрауға үйренген

- жаңа оқыту жүйесіне:

Сынып жетекшісі мен әр түрлі кабинеттерде жаңа пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдеріне ауысады.

-сабақ тереңірек өткізіледі

- әрбір пәнді жеке мұғалімдер береді

- оқушылардың жауабына, оқулықпен өздігінен жұмыс істей білуіне талап күшейеді

- үйге берілген тапсырманың мазмұны күрделеніп, көлемі артады

- мұғалімнің әңгімесін талдап, ұғып алудың орнына әрі-беріден соң басқа іспен айналысып кететін жағдайға ұшырайды.

- оқушыдан өз ойын бір-бірлеп баяндап шығу талап етіледі.

- сабақты құрғақ өту оқушының білім қорын молайтуына кедергі келтіреді.

- сабақ сұрау сирейді.

- көбірек еркіндік алады да, сабаққа үнемі даярланып келмейтіндігі байқалады, нәтижесінде алған білімдері жүйелі болмайды, үлгерімнің нашарлауына әсерін тигізеді.


- кейбір оқушының бастауыш сыныпта жаңа талапқа, әр пән мұғаліміне көндігіп жадырап жұмыс істей алмай жүгені оқушының үлгеріміне көп әсер етеді.

- 10-12 жастағы баланың психологиялық ерекшелігімен санасу;

- Орта буындағы пән мұғаліміне жоғарғы сынып оқушысымен салыстырғанда бұл оқушыда білім деңгейі төмен болып көрінеді;

-мұғалім өз оқыту тәсілін өзгертіп, жоғарғы сынып оқушысының ықпалын кіші оқушыға бағыттау формасын таңдау керек;


- буын сабақтастығы бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың жобасын дайындау

- пән мұғалімдері бастауыш сыныптың сабағына кіре қалғанның өзінде де мұғалімнің жұмыс әдісіне көңіл бөлгені жөн.



Буын сабақтасытығы бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың жобасын құру үшін төмендегі жағдайларды ескеру қажет:

  • Орта буындағы көптеген өзгерістер оқушыға күйзелістер /стресс/ әкеледі.

  • Пәндердің көбеюі, жаңа мәліметтер мен оқу материалдарының қиындауы миға көбірек салмақ түсіреді;

  • Пән мұғалімдерінің өзгеруі, олардың әр түрлі мінез-құлқы, қарым –қатынасы, әдіс-тәсілдері, талап-тілектері оқушының жаңа ортаға бейімделуіне кері әсерін туғызады;

  • Алғашқы тосырқаулар, оқушының жағдай-мүмкіндіктерін әлі толық біліп үлгермеу түсініспеушілікке, әр түрлі қақтығыстарға, оқушының білімінің әділ бағаланбауына немесе оқушының сабақты толық игере алмауына әсер етеді;

  • Жаңа ортаға түскен оқушы тез шаршайды, күйзеледі немесе немқұрайлыққа, енжарлыққа ұшырайды;

  • Талаптардың бірыңғай болмауы оқушының жауакерсіздігіне , оқуға деген қызығушылығының жойылуына, белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады.


Бұл келеңсіз жағдайларды тез арада түзетпесе, оқу сапасының түсуіне және жеке тұлғалардың дамуына кері әсерін тигізері сөзсіз.

Буын сабақтасытығы бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың жобасын жасаудағы м а қ с а т:



бастауыш пен орта буын сабақтастығындағы оқушының жаңа ортаға тез және оңтайлы бейімделуіне жағдай жасау
Жұмыстарды ұйымдастыру жобасын пән мұғалімдер мен сынып жетекшілер назарына ұсынамын:

4- сынып оқушысының жаңа ортаға бейімделуі

І тоқсан

Оқушыларды 5- сыныпқа дайындау бағытында оқытудың әдіс-тәсілдерін жақындастыру, бірыңғай орфографиялық, орфоэпиялық талаптар құрастырып арнайы семинар ұйымдастыру.



ІІ тоқсан

«Болашақтағы 5-сынып» атты ата-аналар жиналысын өткізу

( туындаған проблемаларды шешу, дайындық шараларын талқылау)

5- сыныптар оқитын блоктарға саяхат жасау.



ІІІ – IV тоқсан

Болашақ пән мұғалімдерінің оқушылармен танысып сабағына қатысуы, 4-сынып оқушысының білім деңгейін байқау:



  • оқуын;

  • жазуын (каллиграфиясын, сауаттылығын);

  • есептеуін.

Мектеп әкімшілігі тарпынана 5- сыныптың жетекшілігі белгіленеді.

Болашақ 5- сынып жетекшісі сынып оқушылары мен ата-аналарымен танысып, байланыс орнатады.

Бастауыш сыныпты бітіру кешін екі буынның мұғалімдері бірігіп өткізу тиімді. Осы кеште «Білім кілті» болашақ 5- сынып жетекшіміне тапсырылады.

5-сыныптағы бейімделу жұмыстары

І тоқсан

1. 5- сыныпқа қабылдау. 5- сынып оқушыларының төлқұжатын тексеріп, жеке бас қағаздарын реттеп алу.

2. Оқушыға диагностикалық-психологиялық қызмет көрсету.

3. Ата-аналармен жұмыс жүйесін құру ( алдын ала балаларының

мінездеріне осы кезеңде болып жатқан өзгерістеру туралы сауалнама

алу)


4. «Балалардың бейімделуі. Орта буын талаптары мен тілектері

тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізу.

5. Апта қорытындысын өткізіп отыруды әдетке айналдыру.

ІІ тоқсан


  1. Қамқорлыққа алу мақсатында 5- сынып оқушыларына жоғарғы сынып оқушыларынан тәлімгерлер тағайындау.

  2. 5- сынып оқушыларын қосымша білімге тарту ( таңдау, арнайы курстарына, үйірмелерге қатыстыру)

  3. Педагогикалық консилиум өткізу.

ІІІ тоқсан

  1. Пән бойынша «Білімпаздар» сайысын ұйымдастыру

  2. Оқушылармен бірлескен ата-аналар жиналысы «Біздің жетістігіміз»

  • сыныпты таныстыру;

  • дәптер, қолөнер, шығармашылық көрмесін қою.

  • Жоғарғы сыныптың тәлімгер оқушыларымен бірігіп ұйымдастырған іс-шара көрсету.

4- сынып оқушыларының сабақтастық мәселесіне байланысты көзқарасын, оқушының орта буын пән мұғалімдері туралы ой-пікірлерін анықтауға арналған

С А У А Л Н А М А

1. Басқа пән мұғалімдері келгенде өзіңді қалай сезіндің?

2. Әр пәннен әр түрлі мұғалімнің бергені ұнай ма?

3. Өзге мұғалім алдында сабаққа деген белсенділігің қалай болады?

4. Сабақтар қызық өтті ме?

5. Өз мұғаліміңнен басқа мұғалімнің ерекшелігін байқадың ба?

6. Сабақты бірыңғай өз мұғаліміңнің бергенін қалайсың ба?

7. Өзіңе қай пәндер қатты ұнайды?

8. Тәртібі нашар оқушылар өзге мұғалім алдында өзін қалай ұстайды?

9. Өзге мұғалісмдер сабақ бергенде сыныптан қандай өзгерістер байқадың?

10. Сабақтастық мәселесіне өз пікіріңді жаз.

Сауалнама нәтижесі
Сынып-4 ә Қатысқан оқушы: 21


  1. «Сасып қалдым, қатал деп қорықтым», «жаман сезіндім», «нашарлау сезіндім» - 10, 20;

  2. «Ұнайды» - 17,

«Ұнамайды» - 4;

  1. «Белсенділігім жақсы» дегендер саны – 19,

«Шамалы нашар» - 2,

«Белсенділері» - 7,

«Болған жоқ» -15


  1. «Сабақ қызықты» - барлығы осылай жауап берген,

«қызықты» - 21,

«онша емес» - 1;



  1. «Байқадым» - 19,

«Жоқ немесе барлық мұғалімдер бірдей» деушілер – 2,

«Байқалды» - 20,

«Жоқ» - 2;


  1. Өз мұғалімінің бергенін – 20,

Пән мұғалімін қалаған- 1;

  1. «Өзін жақсы ұстады» - 12,

«қорқынышты, нашар» -9,

«нашар ұстады» - барлығы



  1. «Жауап беруге тырыстық» - 17,

ешқандай немесе қарсылық білдіргені – 3,

өзгерісті түгел байқаған.



  1. Әр түрлі мұағілімдер бергенін қалағандары – 18,

«екі ойлы пікір» - 4,

өз мұғалімін қалағаны – 1,



  1. Сабақтастыққа «қарсы болғаны» – 19,

«құптағандары» - 3

Пән мұғалімдеріне ұсыныс:

    1. Буын сабақтасытығына байланысты барлық пән мұғалімдеріне қойылатын талаптар келісілген түрде бірыңғай болуы керек.

    2. Оқу үрдісін ұйымдастыруда мына мәселелерге баса назар аудару керек:

    • оқушылардан сабаққа дайындықтарын талап ету ( оқу құралдарының түгелдігі, парта үстіндегі жинақылық, сынып ішінің тазалығы, дайындығы, т.б)

    • күнделік жүргізуге, дәптерлерге бірыңғай талап қою.

    • оқушылар тәртібіне, пән мұғалімдеріне бірыңғай талаптар қою:

    • сабақты қоңырау соғысымен бастап кету;

    • сәлемдесу рәсімін сақтау;

    • оқушылардың уақытын алмай, сабақты дер кезінде аяқтауға ыңғайлану;

    • үй тапсырмасын тиісті нұсқауларымен түсіндіре білуді әдетке айналдыру, үй тапсырмасын деңгейлеп беру: бұл әдіс оқушыға өзінің шамасы келетін тапсырманы орындауға мүмкіндік береді;

    • оқушылардың әрбір сабаққа үзіліс кезінде дайындалуын дағдыға айналдыру;

    • оқушыдан қарым-қатынас мәдениетін сақтауды талап ету, мұғалімнің, оқушының сөзін бөлмеуге үйрету;

    • көтерілген қол-сұрау немесе жауап беру белгісі екеніні түсіндіру, оқушыға орнында отырып жауап беруге тыйым салу;

    • ауызша жауапты тұрып беру, мәтін оқыған кезде орнында отырып айтуға дағдыландыру;

    • оқушы сабаққа кешігіп келмеуін, сабақ үстінде себепсіз сұранбауын тәртіпке енгізу.

  1. Пән мұғалімдері 5- сыныптарда сергіту сәттерін ұйымдастырып, жиі-жиі жұмыс түрлерні алмастырған жөн;

  2. Сабақтың негізгі мақсаты оқыта отырып дамыту, тәрбиелеу екенін есте сақтай отырып жазу нормасын көбейтіп жібермеу .

  3. Жаңа іс-әрекет нақты нұсқаулармен жүргізілуі керек ( оқушы түсінбей қалса нәтиже болмайтынын есте сақтау)

  4. Оқушының бейімделуіне негізгі кері әсердің бірі- бағалау барысындағы кемшіліктер екенін ескере отырып, пән мұғалімдері оқушыны қалай бағалау керек екенін білу үшін әр тұлғаны жеке дара ретінде жақсы тану керек.

  5. Сынып оқушылары, соның ішінде кезекшілер сабақтағы өз міндеттерін, техника, өмір қауіпсіздігінің, оқу бөлмелеріндегі тәртіп ережелерін сақтауы қажет. Сынып жетекшісі бұл туралы үнемі оқушыларға ескертіп орындалуын қадағалау керек.

  6. Оқушы күнделігін әр түрлі ескертулер парағына айналдырмау керек ( оларды отбасына жеткізудің басқа жолдарын қарастыру қажет.) Күн сайын сабақтар соңынан келесі күндерге алынған үй тапсырмаларын күнделікте қалай жазылғанын қадағалау керек. Бұл жұмысты жүргізуде сынып белсенділерінің көмегін пайдаланған тиімді.

  7. Сыныпта сабақтан ауырып қалған оқушыларға көмек беруді әдетке айналдырған жөн (ауру баламен телефон арқылы байланысу, үйіне немесе ауруханаға барып халін білу, қалып қойған тақырыптарын меңгертуге көмектесу т.б)

  8. Балаға тұлға ретінде қарап, әр баланың көңіл-күйіне, жеке физиологшиялық-психологиялық дамуына, реніші мен қуанышына ортақтаса білу мұғалім парызы екенін есте сақтау.

  9. Мұғалім мен оқушы- одақтас, ынтымақтас бір ұжым екенін ұмытпаңыз. Оқу балаға шиеленіс емес, қуаныш әкелуі керек.

  10. Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек екенініи үнемі есте сақтаңыз.

  11. Әкімшіліктен сұранысқа шығу:

  • әр жаңа оқу жылында сабақтастық бойынша іс-шаралар жоспарын ІV тоқсанда бастау, келесі оқу жылының ІІІ тоқсанында аяқтауды мектеп жоспарына кіргізу;

  • ІV тоқсанда 4- сыныптарға ( болашақ 5-сыныптарға) сынып жетекшілерін бекіту, олардың сыныппен байланыс орнатуын қадағалау;

  • Жаңа оқу жылының І тоқсан аяғында оқушылардың бейімделуі туралы педагогикалық консилиум өткізіп отыруды мектеп дәстүріне енгізу. Байқау, бақылау, диагностика, ақпарат қорытындылары бойынша сынып құрамына, сынып жетекшілерді алмастыру бағытында өзгерістер, түзетулер жасауға болады;

  • Жаңа оқу жылында мұғалімдер жүктемесін бөлу кезінде жыл бойы 4- сыныпқа сабақтастықта болғани пән мұғалімдеріне сол сыныптарға сабақ баруге жағдай жасау.

Сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, бағдарлама көлемінде берілген білім, дағдының орындалуы , дайындық дәрежесі, жеке кемшіліктердің орын алу себептері , оны өткізу бағыттары белгіленіп , тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте тыңдалып , кеңес қаулысы шығарылып, сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің, шеберлігінің, дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап отырса, оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі. Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны , қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.
«Болашақтағы 5- сынып» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Жиналыс мақсаты: ата-аналарды болашақ 5-сыныптықтардың бейімделу кезеңіндегі қиыншылықтармен таныстыру.

Жиналыс міндеті:

  1. Ата-аналарға баланың отбасындағы мәртебесінің өзгеруіне дайындалуына және баланың оқу қызметіндегі жаңа жағдайға көшуінің мәнін түсінулеріне көмектесу.

  2. Ата-аналарды сынып жетекшісінің сыныптағы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру.

  3. Өтпелі кезеңде оқытудың оң уәждемесін жасауға көмектесу.

Жиналысқа дайындық жұмыстары:

  1. Жиналысқа дайындық жұмысы оның басталуынана біраз күн бұрын жүргізуді қажет етеді. Болашақ бесінші сыныптықтардың болашақ сынып жетекшісімен танысуынана басталады.

Мектеп әкімшілігі болашақ 5-сынып жетекшісін алдан-ала белгілеп қоюы қажет. Ол 4- сынып оқушыларымен және мұғалімімен бірге әртүрлі шаралар, сынып сағаттарын өткізеді. Өз пәні бойынша 4- сыныпта бірнеше рет сабақ өткізуі керек. Біртіндеп ата-аналармыне таныса бастайды.

  1. Жиналыс басталғанаға дейін болашақ бесінші сыныптықтар барлық пән мұғалімдерімен танысып үлгерген, мұғалімдер де әрбір балаға тиісінше мінездеме бере алатын жағдайда болу қажет. Сондықтан мұғалімдерге алдын-ала сауалнама таратылып, оның жауаптары тақырып бойынша жиналысқа дайындықты жоспарлауға көмектеседі.

    • 5- сынып оқушыларының қайсысы сіз оқытатаны пәннен қиналады?

    • Сіз оқытатын пән бойынша оқушының қиналыс танытуының себебеі нелкітен деп ойлайсыз?

    • Сіз оқытатын пәнді игерудегі қиындықтарды жеңу үшін оқушылардың ата-аналарына қандай ұсыныс айтар едіңіз?

    • Оқушыларға жедел көмек көрсетудің қандай түрігт ұсынар едіңіз?

Сауалнама болашақ 5- сыныптықтардың оқу әрекетінің уәждемесін жоғалтуына байланысты жағымсыз тенденцияларды дер кезінде жеңе білуге көмектеседі.

  1. Оқу барысындағы қиын сәттер сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерніе бірден байқала қоймайтындықтан, жиналыс болардан 2-3 күн бұрын ата-аналарға сауалнама жүргізіледі. Сұрақтарға қайтарлыған жауаптар балалардың оқуға тезірек бейімделуіне көмектеседі:

  • Қандай оқу пәндері сіздің балңызға оңай түседі?

  • Сіздің балаңыз қандай оқу пәндерінене үй тапсырмасын орындаған кезде қиналады?

  • Сіздің балаңызға пән мұғалімі, сынып жетекшісі тарапынан қандай көмек қажет?

  • Сіздің балаңызбен қарым-қатынасында сынып жетекшісіне қандай тілек айтар едіңіз?

Сынып бөлмесін жиналысқа даярлау

  1. «Бесінші сыныптағы алғашқы күндерім» атты балалар суреттерінен көрме ұйымдастыру.

  2. Осы тақырыпқа жазылған ең үздік шығармалар.

  3. «Алақай, біз 5- сцныпта оқитын боламыз!» фотокөрме

  4. Тақтаға немесе плакатқа мына сөздерді эпиграф ретінде жазып қою:

«Адамдар бірікке кезде жеке адамның қолынана келмейтін нәрселерді жүзеге асырады: ақыл-ой мен қол күшін біріктіреді, жұмылдыра білген күштің қолынана келмейтіні жоқ» Д.Уэбестер.

Ата-аналар жиналысының барысы

Жиналыс балаларадың ІV тоқсанда әр пән мұғалімдерінің берген сабақтарынана алған әсерлерін талқылаудан басталады. Ата-аналар мектепте өткізген алғашқы күндерінің балалар жадында қалдырған алғашқы әсерлерні әңгімелейді.Содан кейін сынып жетекшісі өзі жайлы, өзінің педагогтік қызметі, өзінің балалармен, тұтас сыныппен жұмысы, пән мұғалімдері мен олардың талаптары туралы айтып береді.



Мұғалім сөзі: - Енді санаулы айдан соң бастауыш мектепті артта қалдырамыз. Балаларыңыз есейіп, ересектік өмірге қадам басады. Оның қалай өтететіні мектепке ғана емес, сіздерге де байланысты болмақ. Сондықтан, мен - сынып жетекшісі әрі балаңыздың екінші анасы ретінде , балалардың бұл жаңа даму сатысы сіздердің араларыңызды алшақтатпай, керісінше, жақындастырып достастыра түсуін қалаймын. Қиындықтар, уайымдар, реніштер де, сондай-ақ, қуаныштар, табыс тар мен жеңістер де мол болады. Қандай жағдайда да сіздеродің бірге болғандарыңыз ренішті де, қуанышты да бірге бөлісіп, балалардың қиын сәттерінде қолдау көрсетулерініңз өте қажет. Балаларымыздың қиыншылықтарын бірге бөлісіп, табыстарына бірге қуанайық. Сондықтан да осы жиналыстың эпиграфына мына сөзді лайық деп таптық.

(эпиграф оқылады)

Оқушының бастауыш буыннан орта буынға көшуі бір жағынана балалықтың аяқталуы болып саалады. 5- сыныпта оқу оқыту жүйесі өзгереді: сынып жетекшісі, пән мұғалімдер, кабинеттерге көшіп жүру.

5-сыныптықтарды бақылай келе біреулерінің жаңа жағдайға тез үйреніп кететенін, енді біреулері үшін бейімделу кезеңі ұзаққа созылатынын байқаймыз. Нақ оыс кезінде балалардың мінез-құлқы өзгереді: біреулері жасқаншақө тартса, біреулері керісінше, жүгенсіздікке бой ұрады. Балалардың еңбекке қабілеттіліктері төмендейді, олар жаңағлақ бола бастайды. Баланың бейімделуіндегі қиыншылықтардың себебін қарастырып көрелік:

1. Пән мұғалімдері тарапынан әртүрлі талаптардың болуы. Балалар бастауыш мектепте бір ғанан мұғалімнің талабына дағдыланған, ал мұнда барлық талаптарды ескеріп, олпарды орындау қажет.

2. Ақпарат ағыны артады: бұрын естімеген сөздер, сөйлемдер, бейтаныс терминдер.

3.Алғашқы мұғалімнің жоқтығы, сынып жетекшісінің барлығына бірдей көңіл бөле беруге уақыты бола бермейді.



Балаға қалай көмектесуге болады?

  • Балаңыздың мектепте өткізген әр күні жайлы сұрап отырыңыз.Мұндай қатынас балаңызбен жақындасуыңызға көмектеседі, кейін балаңыздың сізден жасыратын сыры болмайды.

  • Балаға ешқашан ұрсуға, қорқытуға, қол жұмсауға болмайды. Оның досы бола біліңіз. Бала сізді жазалаушы емес, жақтасы деп тануы тиіс.

  • Бейімделу кезеңінде баланың темпераментін ескеру керек. Қимылы баяу, тұйық мінезді бала құрдастары мен үлкендер тарапынан күштеу мен қатыгездік сезінсе, оқуға деген қызығушылығын жоғалтуы мүмкін.

  • Оқу жұмысында балаға еркіндік беріңіз. Баланың оқу барысына бақылау жасағанда, бұл бақылауыңыз сенімділік сипатында болуына күш салғаныңыз жөн.

  • Балаңыздың өзін-өзі бақылауын дамытып, көтермелеп отырыңыз.

-Біз сіздермен бірге баланы ересектік өмірге даярлаймыз. Бұл ата-аналар мен педагогтердің басты міндеттерінің бірі. Белгілі педагог әрі психолог Симон Словейчик кітаптарының бірінде бізге бейімделу кезеңіндегі баланы мектептегі сыныптастарының арасында өз бетімен өмір сүруіне даярлауға көмектесетін ережелерді жариялаған.

( қағазға басылған ережелер ата-аналарға таратылады)

  • Біреудің бірдеңесін тартып алма, және өзіңдікінен де айырылма.

  • Затыңды сұраса-бер, тартып алмақ болса-қорғанып бақ.

  • Себепсіз төбелеске араласпа.

  • Ойынға шақырса-бар, шақырмаса-бірге ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес.

  • Жолдастарыңды ұятқа қалдырмай, барыңды салып адал ойна.

  • Жаңғалақ болмай, керек кезде мұқият бол.

  • Нашар баға үшін жылама, намысты бол.

  • Баға үшін мұғалімдермен айтыспа, және баға үшін ренжіме. Барлығын дер кезінде жасап, жақсы нәтижеден үміттенсең, міндетті түрде оған қол жеткізесің.

  • Ешкімді жамандама, ешкімнің сыртынана сөз тасыма.

  • Таза жүруге тырыс.

  • Есіңде болсын! Сени ешкімнен кем емессің, артық емессің!

  • Сен өзің үшін, ата-аналарың мұғалімдеріің достарың үшін қайталанбас, дара адамсың.

Ата-аналарға тілек

Егер сіздер бұл ережелерді балаңыздың көзіне түсетін жерге

орналастырып, баланың аназарын бұл екрежелерге жиі аударып отырсаңыз, міндетті түрде нәтижесін көресіздер.

Бұдан кейін сынып жетекшісі пән мұғалімдернінен алынғана деректер бойынша оқу нәтижесін хабарлайды.

Жиналыс соңында ата-аналар отбасының сынып өміріне қатынасы туралы парақты толтырады, бұл ата-аналарды қандай проблема толғандырады, олардың сынып өміріне қатынасы туралы ойларын білуге көмектеседі:


Сізді

мазасыздандыратын

проблемалар

Сынып сағатын ұйымдастыруымыз мүмкін

үйірме

секция

ескертпе















Парақтарға келесі сынып сағатында жауабын алғысы келетін



сұрақтарын жазады.

Ата-аналарға арналған сауалнама

  • Қандай оқу пәндері сіздің балаңызға оңай түседі?

  • Сіздің балаңыз қандай оқу пәндерінен үй тапсырмасын орындаған кезде қиналады?

  • Сіздің балаңызға пән мұғалімі, сынып жетекшісі тарапынан қандай көмек қажет?

  • Сіздің балаңызбен қарым-қатынасында сынып жетекшісіне қандай тілек айтар едіңіз?

Сұрақтарға қайтарылған жауаптар балалардың оқуға тезірек бейімделуіне көмектеседі.

Пән мұғалімдеріне арналаған сауалнама

    • 5- сынып оқушыларының қайсысы сіз оқытатын пәннен қиналады?

    • Сіз оқытатын пән бойынша оқушының қиналыс танытуының себебеі нелкітен деп ойлайсыз?

    • Сіз оқытатын пәнді игерудегі қиындықтарды жеңу үшін оқушылардың ата-аналарына қандай ұсыныс айтар едіңіз?

    • Оқушыларға жедел көмек көрсетудің қандай түрін ұсынар едіңіз?

Сауалнама болашақ 5- сыныптықтардың оқу әрекетінің уәждемесін жоғалтуына байланысты жағымсыз тенденцияларды дер кезінде жеңе білуге көмектеседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Давыдов В.В., Кудрявцев В.Т. Развивающее образование: теоретические основания преемственности дошкольной и начальной школьной ступеней // Вопросы психологии. - 1997. - № 1.

  2. Власова Н.В., Мектептегі психологиялық диагностика: Әдістемелік құрал. Астана: 12 жылдық білім беру республикалық ғылыми-практикалық орталығы, 2005.

  3. Петровский, Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы Алматы: Мектеп,1987.

  4. Начальная школа.-2008.-№1

  5. Бастауыш мектеп. -2003- №5

  6. Бастауыш мектеп. №10,11,12

  7. Қазақстан мұғалімі

  8. Жұмабаев М., Педагогика 1992 .

  9. Тұрғынбаева Б.Ә., Дамыта оқыту —Алматы: 1999.

жүктеу 377,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау