Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру



жүктеу 220,5 Kb.
бет1/2
Дата23.01.2020
өлшемі220,5 Kb.
#27195
түріСабақ
  1   2

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

№ 18 А. Қосанұлы атындағы тірек мектебі (Р.О)

Шығармашылық жұмыс



Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру

дайындаған: Джарылкасынова С.Т бастауыш сынып мұғалімі


Мазмұны
Кіріспе


І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері

    1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

    2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларның шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.

2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.

2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.



    1. Сабақ жоспары.

Қорытынды


    1. Пайдаланылған әдебиеттер


Қосымша

  1. Кіріспе


Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне , оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріпойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.

Оқушыны дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылыми-танымдық, экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мүмкіндіктерді қарастырылды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.

Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.

Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.

Бастауыш саты оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.

Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: ңБалалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндеттің .

Бастауыш сатыда сыныптан тысжүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің сирек жарияланатыны аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп отырғаны байқалды. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты:

Бастауыш мектепте жүргізілетін музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:



  1. Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.

  2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.

  3. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.

Зерттеудің пәні:

Музыка пәніндегі сыныптан тыс жұмыстар.

Зерттеудің объектісі:

Сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың шығармашылық қабілеті.

Зерттеудің әдістері:

Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, талдау жасау, педагогикалық-психологиялық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру анализдеу, синтездеу.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.


І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері


    1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. ңБұлақ көрсең, көзін ашң деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.

Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.

Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:


  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынңан жөн;

  • Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;

  • Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектьердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;

  • Тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

  • шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойла÷уы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату;

  • мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сþжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше естиді. Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды;

  • шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;

  • Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – ңсәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейдің деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу;

  • Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;

  • Мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармышылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

  • шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;

  • шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

  • көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;

  • шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ. Қабілет дегеніміз не?

Қабілеттер (способности) – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға кез-келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады. Дарыныдылықтың жоғарғы дәрежесі – талант.

Қабілеттерді оқушыларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дпмуына ықпал жасайды.

Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының нақты іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық қабілеттері – азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр оқушыда әр түрлі болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.

Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант нышаны жатыр.

Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің өзгеруіне де байланысты.

Шығармашылық деген не?

ңШығармашылықң сөзінің төркіні, этимологиясы ңшығаруң, ңойлап табуң дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жетікізу деп түсіну керек. Филисофиялық сөздікте: ң… шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекетң, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выгоский ңшығармашылықң деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны ңдамуң ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары ңшығармашылықң сөзімен ңжаңалықпенң қатар ңбастамалылық, белсенділікң ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық - өте күрделі психикалық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Шығармашылық (твор÷ество) - қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін, адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Әр түрлі іс-әрекетте (ғылымда, техникада, өнерде қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана түрлерінде, өндірісте, тұрмыста) адамдардың бардық жасағандары – шығамашылық күш –жігерінің нәтижесі.

Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан адамдардың кез-келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекеті және оларды өмірге ендірудеге дене еңбегі іс-әрекетін біріктіреді. Әртүрлі іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай, шығармашылық барасы да сан-қилы болады.

Мұғалімнің оқушылардың дүниеге көзқарасы, өмірге және еңбекке ұлықтық-талғамдық қатынасы сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде шығармашылықтың ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығы теорияны терең білу, осы заманғы келелі мәселелерді мағыалы ұғыну болып табыдалды. Ол оқу –тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуден, ойлаудың томаға- тұйық еместігін, өз ойын сауатты баяндау беруінен, зор сенімнен көрінеді, осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап теіп отыр.

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санысында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой –санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығанмашылықтың мәнін аша отырып, оның ңәрекетң ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекетшығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырсы, ол шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық ақбілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығын, икемдігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.

Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол оқушыда шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.

Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатынбастауыш мектептің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш мектеп:


  1. Оқушылардың интеллетуалдық рухани, табиғи нышандарын дамытуға - өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;

  2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;

  3. ұжымдық және іс-әрекеттер тәсіліне үйретуге;

  4. Балының еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне дегенсенімінің болуына жағдай жасауы керек.

Шығармашылық - жаңа нәрені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Қабілеттер проблемесы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психологияғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқындығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады. ңҚабілетң деген термин адамдарың белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық қабілет – іс-әрекеттің белгілі бтүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т.Тәжібаев. ңҚабілеттерң – адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері.

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Монтев, А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқысыз ад дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесізерттеушілердің назарын көптеп аударып келуде. Енді сол еңбекьердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең алғаш қабңлеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтлады. Осыдан бастапқабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа ғалымдардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағыәлеуметтік жағдайлардың шешуші роль болатындығына назар аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузмина оның құрамының үш түрлі қасиеттертобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.




    1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

Мектептің міндетті оқу бағдарламысынан тыс әр түрлі тәрбиелік – білімділік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар деп атайды.

Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін тиімді шешуге көмектеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті – мектеп оқушыларының қызығуын, бейімділігін, қабілеттілігін жан-жақты дамытып, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

Егер де сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқу жқмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыс оқу жоспарын толықтыра түседі.

Бұл бағытта жүргізілетін арнаулы зерттеу жұмыстары әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар мектеп оқушыларының кәсіптік қызығуы мен түсініктерінің тууының негізгі көзі болып табылатындығын дәлелдеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың алатын ролін бағалай келіп, мектептен тыс жұмыс жөнінде Бүкілроссиялық кеңесте сөйлеген сөзінде Н.К.Крупская былай деген еді: ңАл қазір бұрмалаудың басқа түрін – мектептен тыс жұмысты жете бағаламауды жиі кездестеруге болады. Мұны ашық айтпайды, бірақ: ңтек мектеп қажет, қалғандары түкте емесң деп жүргендерді жиі кездестіресің. Бұл дұрыс көзқарас емес. Мектептен тыс жұмыс мектептің өз жұмысын тиісті дәрежеге көтеруге көмектесе алады және көмектесуге тиіс тең.

Оқушыларды жан-жақты дамытудың міндеттерінен туындайтын тәрбие жұмысы мазмұнының көптігі сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі формаларын қажет етеді.

Пеадагогика ғылымынды сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерінің теориясы әлі де жеткіліксіз зерттелген. Қазіргі кезде сыныптан тыс жұмыстың мынадай формалыры қалыптасқан: көпшілік, үйірмелік және топтық, жеке формалыры кездеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың формалырын қарастырайық:

Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстың формасы – сыныптан тысжұмысқа байланысты мұғалімнің немесе ұжымның әр түрлі міндеттері мен тапсырмаларын жеке оқуышлардың өз бетімен орындауы болып табылады. Оған мынылар жатады. Мәселен, ұсынылған кітаптарды оқу, көркем өнер номерлерін әзірлеу, басқа да таспсырмалар жатады. Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мәнін бағаламауға болмайды.

Жеке жұмыстарға икемді оқушыны да, сабаққа нашар оқушыны да қатыстаруымыз керек.

Жеке сыныптан тыс жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарту мақсатында әрбір оқушының қызғуын білуге ұмтылу керек. Оқушыларға мынадай сұрақтар қоþға болады: ңСаған бәрінен де не ұнайды? ң Кей жағдайда балалардың жауабы олардың қызығуын толық ашып бере алмайды, бірақ та мұғалім үшін ол мәселе бойынша кейбір бағыт беруге көмектеседі.

үйірмелік және топтық жұмыстарға үйірмелер және басқа бірлестіктер жатады.

үйірме – бұл оқушылардың жалпы қызығуымен сыныптан тыс қызметінің негізінде құрылған бірлестік. үйірме жұмысы оқушылардың белгілі бір ғылымның, техниканың, өнер мен спорттың саласында қызығуы мен қабілеттілігін дамытуға және анықтауға көмектеседі. үйірме жұмыстары оқушының сабақта алған білімін тереңдете түседі, бағдарламадан тыс жаңа білім мен ептілігін, дағдысын қалыптастырады.

Бастауыш сыныптарда үйірме жұмыстарын жүргізуде бірнеше міндеттер қойылады:



  • оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарата дамытуға мүмкіндік жасау;

  • оқушының қоғамдық белсінділігін дамыту;

  • оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру.

үйірме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талабы:

  • үйірме жұмыстарына қатысатын оқушының қабілетін ескеру;

  • білім беру, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы;

  • оқушылардың еркіндігі.

Үйірмеге қатысатын оқушылардың практикалық білім, білік, дағдылары бірдей болуы мүмкін емес. Себебі, оның білім, қызығушылығу мен белсенділіктері, қабылдауы және жұмысқа қабілеттері әр түрлі болғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бірақ, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қызығушылығу мен белсенділіктерін дер кезінде дамыту мен жоспарлау - әрбір ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.

Бастауыш сынып оқушыларының ерекше қасиеттерінің бірі - үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы. Осы кезеңдердегі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланып қалу үшін сабақтан тыс, мектептен тыс жүргізілетін үйірмелер мен тәрбие жұмыстарының ерекше маңызы бар. Әсіресе, сабақтың жалғасы болып табылатын пәндік, көркемөнер үйірмелері баланың өз бетінше ізденуі мен өз бетінше дамуына, қосымша практикалық іскерлік дағдылардың меңгерулеріне жол ашады. үйірме жұмыстарында балалардың мынадай қабілеттері дамиды:



  • техникалық, ән-күйлік жұмыс жасауға, оларды тетіктерінің аталуы мен жұмысқа қосу ерекшелігімен танысады, өзі пайдалана алады;

  • мұғалімнің түсіндірген нұсқауын тыңдап, басшылыққа алып, зейін тоқтатаып, оның дұрыс орындалуына өзідігінен шешім қабылдайды;

  • өзі жасаған жұмыс нәтижесін айтып, қорытынды жасап үйренеді, тіл байлығы мен ойлау қабілеттері дамиды;

Бастауыш сынып оқушылары үйірмелерге жүйелі түрде қатыса отырып, білімімен танымдық қасиеттерін толықтырумен қатар, төмендегідей қосымша дағдыларды меңгереді;

  • өз жұмыс орынын ұйымдасыта білу;

  • күнделікті ағымдағы жұмыстарын өз бетінше жоспарлау;

Жалпы сыныптан тыс жүргізілетін іс-шаралар оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне байланысты бірігіп шағын топтарды құрады. Кейбір үйірмелер әр түрлі жастағы оқушыларды біріктіретіндіктен, мұғалімнің әр түрлі тәсілдері қарастыруына тура келеді.

Көркемөнер үйірмелерге қатысатын балалардың жұмысқа бейімділігімен іскерлік дағдылары, шығармашылық ізденсі әр түрлібағыттарда дамып отырады. Көркемөнер үйірмесіне қатысатын балалардың эстетеикалық, этикалық талғамдары мен сезімдері жоғары дәрежеде іске асырылады. Балалардың көркемөнер үйірмелерінде сезіммен жұмыс жасауы, олардың ойын кезіндегі іс-әрекеттеріне ұқсас, таза шынайы қатынастардан тұрады. Көркемөнер арқылы бала өзін қоршаған орта табиғатын, әсемдігін, сұлулығын түсіне алады, олардың маусымдық өзгерістерін бақылап, өзіндік тұжырымдар жасайды.

Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формаларына кештер, мейрамдар, фестивальдер, сенбіліктер, диспуттар, конкурстар, олимпиадалар, театр мен киноны ұжымдық түрде көру жатады.

Кеңес мектебі сыныптан жұмыстың әр түрлі формаларын пайдаланудың көптеген тәжірибесін жинақтады. Қазіргі кезде тәжірибелі мұғалімдеріміз оның тиімділігін арттыру жолдарын іздестеруде. Мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысының барлық формалары бір-бірімен байланыста қарастырылады. Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік және білімдік мүмкіншілігі күшті болғанымен, істің мәнін шеше алмайды. Ең негізгісі – осы жұмасты іске асыратын тәрбиеші жұмысының мәні мен мазмұнына, педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Сабақ үстінде, оқыту кезінде қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас сипаты сыныптан тыс қызметке беки түседі немес түрлі өзгерістерге ұшырайды. Сыныптан тыс жұмыс мейлінше әр түрлі формаларға, оқушылардың мазмұнды қызметіне бай болып келеді. Балалар сабақтан тыс уақытта қоғамдық пайдалы еңбекке қатысады.

Сан қырлы сыныптан тыс қызметі процесі кезінде балалардың арасында олардың әрқайсысының жеке бастық ерекшеліктеріне орай қарым-қатынастар қалыптасытын болады. Сол қарым-қатынастар олардың жеке басының одан әрі даму бағытын анықтайды.

Қазіргі кезде жастарымыздың эстетеикалық білім алуға деген ынтасы өте злр болып отыр. Оқушылар эстетикалық тәрбие саласында ара-тұра, бытыаңқы түрде өткізілетін шаралармен қанағаттанатын мектептер барған сайын азайып барады.

Осы уақытта мектептегі бұл жұмыс барған сайын айқын ұйымдық форамлар алуда.

Мәселен, ең алдымен мектептерде эстетикалық тәрбие бойынша көптеген жұмастар көптеп ұйымдастырылуды.

Қазіргі таңда мектептерге ақы төлеп арнаулы жетекшілер шақырылатын хореография және музыка үйірмелерін, сондай-ақ бейнелеу өнері жөніндегі үйірмелер құруға ата-аналар қаржысы есебінен рұхсат етілген.

Көптеген осындай үйірмелер мен көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап жатыр.

Көркемөнерпаздар кештері мен байқаулары, ән мен би мерекелері өтікізіледі. Кейбір мектептер спектакльдер қойып жүр; бұларды дайындап, көркемдеуге ңсуретшіоерң де, ңдекораторларң да, ңтехниктерң де, ңмузыканттарң да шақырылады, яғни твор÷естволық қызметтің алуан түрелрімен әуестенуші көптеген оқушылар шақырылады.

Барлық сыныптарда театр спектакльдерін көру және талқылау ұйымдастырылады, оқушылар концерттерге, музейлерге, киноға барады.

Эстетикалық тәрбие жөніндегі сыныптан тыс өтікізілетін жұмыста диофильмдер мен кинофильмдерді пайдалану зор роль атқарады. Өнердің ең бұхаралық түрін – кино өнерін насихаттау мақсатымен көптеген кинолар көрсетуге болады.

Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс өтікізілетін бүкіл жұмыстарды ұйымдасыту, әрине, мамандарды – музыканттарды, көркемсөз оқушыларды, әншілерді керек етеді. Алайда сұғалімдердің өздеріне де арнаулы білімдер мен кең мәдени ой-өріс керек болады.

Оқушыларға мектептен тыс эстетикалық тәрбие беру оқушының қайда тұратынына - үлкен немесе шағын қалада, ірі совхозда немесе шағын ауылда тұратынына, музейлерге, киноға, театрларға бара алу бара алмауына, телевизия хабардарын көре алу, көре алмауына көбіне-көп байланысты болмақ. Қазіргі уақытта кино, радио және телевизия барша жұрттың қолы жететін игілікке айналып отыр, сондықтан мектеп олардың ықпалын ескере отыра алады және ескеріп отыруға тиіс те.

Атап айтқанда мектеп радио тыңдауға және телевизия хабарын көруге біразықпал жасап отыруға тиіс. Мәселен, мектепте қызғылықты әрі пайдалы хабарларды ұжым болып тыңдауды немесе көруді ұйымдастыруға әбден болады.

Сыныптан тыс жұмыс оқу мен тәрбие жұмысын жүргізумен бірге, мектептен тыс тәрбие жұмыстары да жүргізіледі.

Арнаулы мектептен тыс мәдени-ағарту мекемелері мен қоғамдық ұйымдар тарапынан жүргізілетін тәрбиелік-білімдікмәні бар жұмыстарды мектептен тыс жұмыстар деп атайды. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әр нәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.

Мектептен тыс жұмыстар негізнен мектептен тыс мекемелерде жүргізіледі. Мектептен тыс мекемелер екіге бөлінеді: жалпы және арнаулы мектептен тыс мекемелер. Жалпы мектептен тыс мекемелер баллармен жұмысты ғылым мен мәдениеттің әр түрлі саласы бойынша жүргізеді. Оларға мәдениет сарайлары, балалар саябақтары жатады. Арнаулы мектептен тыс мекемелер, мәселен, техникалық өнердің бір-ақ саласында жұмыс жүргізеді. Оларға балалар кітапханалары мен оқу залдары, балалар театрлары мен кинотеатрлар жатады.

Мектпетен тыс мекемелердің барлығы мектептермен тығыз байланысты. Олар әдетте оқушыларды мектептердің жолдама қағаздары бойынша қабылдайды, олардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады. Оқушылар сабақ үлгерімі төмендеп кеткен жағдайда бұл мекемелердегі сабақтарға қатысу құқығынан айырады.

Бұл мектептен тыс мекемелер жүйесінің үлкендігіне қарамастан, олар әлі де болса тілек бүлдіршіндердің барлығын қамти алмайды және әзірге көбіне мектептің өзінде-ақ әлдеқандай арнаулы саладағы сабақтарға ынтасы мен қабілетін танытқан оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектеп үшін де олар өз ережесіне сәйкес мектептен тысжұмыстар саласындағы әдістемелік ортылықтар болып табылады.

Балалар кітаптарының үйлері және сондай-ақ барлық дерлік музейлер, филормониялар, балалар кітапханалары оқушылармен үлкен жұмыс жүргізеді.

Балалар театрының міндеті – балаларға жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, көркемдік талғамын қалыптастыруға көмектесу, ой-өрісін кеңейту.

Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің роліне Н.К.Крупская ерекше мән беріп, барлық мәдениет үйлерін, барлық мектептен тыс жұмыстарға орасан зор тәрбиелік мәні барміндеттер жүктелетінін айтты. Мектептен тыс жұмыс жаңа ынталарды тудыруға тиіс, ол балаларды ұйымдық жағынан тәрбиелеуге тиіс екеніне ерекше мән берді.

Мектептен тыс мекемелердің бірлесе жүргізген жұмыс негізінен мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы бағыт беру мақсаты көзделеді.

Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен белсенділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаралатын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс уақыт түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар мен оқушылар ұжымының міндеті – сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысынқалдырмай түгел тарту. Мұны, әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз атқару керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан соң өз бетімен кетуге жол беруге болмайды.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізіненалғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының талап-тілектеріне сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Оның үінші ерекшелігі – жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының, мектеп оркестрінің, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып сыныптан тыс жұмыстар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әртүрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызады.

Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. үйірмелерде, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап тоырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі – оны негізнен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады. Сынтан тыс және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақиы көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб тектес бірлестіктерге қатысушылар ролінде де көзге түседі.

Қазіргі жағдайлардағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көрету, формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие облып келеді. Соынң нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.

Оның алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі бола түсті.

Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмыстыұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Кейбір мектептер үшінбұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде еңбекке тәрбиелеуге, ғылыми техникалық твор÷ествоны дамытуға ғана баса назар аударылады. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады.

Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал, алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі – оның бұқаралығы. Ол табиғатты, өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыра білудің де маңызы ерекше.

1966 жылғы 10 қарашадағы ңЖалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралың қаулысына сәйкес 1967-1968 оқужылынан бастап, еліміздің мектептерінде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының қызмет орны енгізілді (мектеп директоры орынбасары). Ол пайдалы еңбекті ұйымдастырып, әрі жүргізеді, мектеп оқушыларының сыныптан тыс сабақтарын басқаруға тартылған сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге және басқа да адамдарға нұсқау беріп, оларға педагогикалық көмек көрсетіп отырады.

Сыныптан және мектептен тыс жұмыстың ұйымдастырушысы директордың тікелей басшылығымен, жалпы мектеп ұжымы қызметінің әр түрлі бағыты бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыратын сынып жетекшілерінің, педагогтардың көмегімен барлық оқушыларды сабақтан тыс уақытта алуан түрлі қоғамдық пайдалы істерге тартуға, олардың өздерінің бос уақытын мазмұнды өткізуіне күш салады.

ұйымдастырушының қызметіндегі негізгі бағыт – сынып жетекшісі мен мұғалімдердің тәрбие жұмысын бір орталыққа біріктіру, оны ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек беру. ұйымдастырушы сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарын бекітіп, оныңорындалуын қадағалып отырады. Олардың семинарлары өткізіліп, қажетті педагогикалық әдебиеттерді сынып жетекшілері өздері ұсынып отырады.

ұйымдастырушы әр уақытта да мұғлімдердің өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарына қатысып отырады, оған басшылық жасайды. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдамтырушылардың қызметінің негізгі бағыттарының қатарына, балалардың тұрған орындарына байланысты тәрбиелеу ісі де жатады. Ол үшін мектептің микроауданындағы мәдени-ағарту мектептен тыс мекемелерімен өндіріс орындарының қоғамдық ұйымдармен, ата-аналар активімен тығыз байланыс жасайды.

Педагогикалық білімді насихаттаудаата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары көптеген жұмыстар істейді. Бұл бағытта педагогикалық білімді насихаттаудың әр түрлі тиімді формаларын қолданады.

2.1. Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.

Қазақ мектептеріндегі балалар тәрбиесі оның жеке басының жан-жақты гармониялық даму принципіне негізделе құрылған.

Осыдан келіп мынадай міндет туады: балының қабілет дамуына әсер етіп, біліммен қаруландырып, еліміздің білімді, жан-жақты, ғылым мен техникада, өнерде шығармашылық жұмыс жасай алатын азаматты тәрбиелеу.

Жалпы музыкалық тәрбие көлемінде мекьтептегі музыка сабақтары арнаулы орындаушылық дағдыларды тар көлемде қарастарды. Ал қазіргі музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында алдынакөптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.

Жан-жақты музыкалық даму балының ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең және толық қабылдатып қан қоймайды, айналадығы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Ән айту, музыка тыңдау, музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.

Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі – музыкалық шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрыстырған вокальдық және аспаптық шығармалар. Осы жерден келіп екі түрлі көзқарас қалыптасады:



  1. Композиторлық дарыны бар балалар ған музыкалық шығармашылықпен айналыса алады, олардың әрі қарай шығармашылық ақбілетін дамыту керек.

  2. Әрбір баланы музыкалық шығармашылыққа баулу - әрбір баланың дамуында зор роль атқарған.

Өзі құрастырға шығармалырдағы музыкалық шығармашылық белсенділік қандай дәрежеде болмасын музыкалық ойлауына, орындаушылық шеберлігіне елеулі әсер етеді.

Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Сонымен қатар, жоғары сапалы маманданған педагог баланың жас, психологиялық ерекшеліктерін ескеруге міндетті.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, төменгі сыныптарда музыкалық-эстетикалық тәрбие сабақтан тыс уақытта да беріледі. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар балалардың музыкалық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруда зор роль атқарады.

Бала бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда, талантын ұштауда жалпыға бірдей білім беретін мектептердегікөркемөнерпаздар үйірмесі мен музыкалық көпшілік жұмыстардың тәлім-тәрбиелік маңыза ерекше. үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Бірақ, музыкалық тәрбиенің сыныптан тыс түрі жалпыға бірдей міндетті емес. Бұл жұмыстарға оқушылар өз тілегі бойынша қатыстырылады және олардың бейімділігі ескеріледі.

Мектептегі бір сағаттық музыка сабаға оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Музыка сабағында уақыттың тығыздығынан қол жете бермейтін, орындау дағдыларын терең меңгертуге, яғни музыканың көркемдік құралдарының шығарма мазмұнын жасаудағы ролін өз орындаулары арқылы түсінуге мүмкіндік жасалады.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірнеше түрі бар. Олар ортақ белгілеріне қарай екі топқа: көпшілік және үйірмелік болып бөлінеді.

Енді осының ішінде сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстардың түріне тоқталамыз.

Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақмат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім баланың жас ерекшелігінескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі.

Көпшілік музыкалық жұмыстың да бірнеше түрі бар. Олар: лекция-концерттер өткізу, концерттерге бару, көпшілік-музыкалық мерекелерге қатыстыру, байқаулар менконкурстар ұйымдастыру. Бұл жұмыстар оқушылардың музыкалық танымын кеңейиіп, олардың қабілетін дамытуға жол ашады, талғамын қалыптастырады.


  1. Лекция-концерт. Музыкалық жұмыстың бұл түрі белгілі бір тақырыпты жан-жақты тереңдетіп түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Мәселен, И.Нүсіпбаевтың көптеген әндері музыка сабағында өтіледі. Ал оның өмірі мен басқа шығармалары жөнінде мәліметтер де оқушыларды қызықтыруы мүмкін. Осыған байлансты ңұстаздықпен ұласқан талантң тақарыбы бойынша лекция-концерт ұйымдастырып, ұстаз-композитордың өмірі мен шағармалары жайлы, ол негізін қалаған ңБалдырғанң ансамблі жайлы айтып өтуге болады. Жеке дауысқа, хорға арналған әндерін хор үйірмесінің мүшелеріне айтқызу балалардың орындаушылық ынтасының оянуына ықпалық тигізері сөзсіз.

Музыка сабағында тақпақ, сазда ән, терең тақырыбын өту кезінде ңМахамбеттің термесің тыңдатылса, сол сабақтан кейін ңМахамбет батыр, ақын және күйшің деген тақырыппен халық батырын әр қырынан танытатын лекция-концрет ұйымдастыруға болады.

ңДомбыра-дастанң атты лекция-концерт өткізу үшін домбыраның шығу, даму тарихы жайлы мағлұматтар мен аңыз күйлер лайық.

ңЖұмбақ-концертң өткізу кезінде мұғалім шығарманың тақырыбын құпиялап, композитордың аты-жөнін табу жолын айтады. Сол композитордың балаларға арналған шығармалары таныстырылады, талданып, тыңдатылады. Мұндай концертті ребус шешкізумен де бастауға болады. Мысалы;

1. Ханның сурет салынған ңХң әрпі сызылады.



  1. ңМиң нотасы нота сызығына орналастырылып, аты таптырылады.

  2. S, P, mf – белгілерінің жалпылама атауларының (динамика) алғашқы буыны (ди) алынады. Сөйтіп композитордың аты-жөні (Хамиди) таптырылады. Оқушыларға оның бұрынна таныс шығармалары - ңҚазақ вальсің, А.Жұбановпен бірігіп жазғанңАбай операсынан Абайдың ариясы қайта тыңдатылып, бұл шығармалардың жазылу тарихы жан-жақты таныстырылады.

  1. Радиохабарлар. Музыка төңірегіндегі белгілі бір тақырыптардың мазмұнын кең түрде таныстыру мақсатында мектеп ішінде радио торабынан хабарлар ұйымдастыралды. Оны ұйымдастыру төмендегі талаптарға сай болғаны жөн:

  1. Тыңдаушылар зейінін аударып қызықтыру үшін және музыканы ден қоя тыңдату үшін қысқаша кіріспе әңгіме айтылады. Мазмұнына композитор шығармашылығының ерекшелігі арқау болғаны жөн. Себебі, музыка тыңдау барысында бұл барынша айқындала түседі.

  2. Композитор өмірінің белгілі бір кезеңінде жазылған танымал шығармалары таңдалып алынады.

  3. Жанрлық ерекшеліктері қарама-қарсы мазмұндағы шығармалардың қатар қойылғаны жөн. Бұлай ету шығарманың әсерін арттырады.

  4. Әңгімені танымдық, адамегршілік, тәрбиелік мазмұнда құрған жөн.

  5. Музыкалық шығармаларды бөлімдерге бөле отырып, оның көркемдік сипаты жөнінде кеңінен әңгімеленеді. Шығарманың барынша түсінікті болуы мақсат етіледі. Радио хабар үзіліс аралығында, бөлшектене отырып беріледі.

  1. Музыка апталығы. Мектепте өткізілетін музыка апталығына сол мектептің оқушылары түгелге жуық қамтылады. Апталықта істелінетін жұмыс көлемінің ауқымы кең болғандықтан, оны ұйымдастыруға мектептің, сыныптардың ұжымдық ұйымдары, тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекшілері қатысады. Ал аптылақтың мазмұны мен ұйымдастырылуының сапасы музыка пәнінің мұғаліміне байланысты. Сондықтан мұғалім апта ішінде жүргізілетін жұмыс жоспарын алдын ала дайындап, оның барынша қызғылықты етіп ұйымдастырылуын көздеуі тиіс. Жергілікті композиторлармен кездесу ұйымдастырылып, олардың әндерін оқушыларға орындатуға, көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттерін өткізіп, музыка мектептерінің ұстазданымен кездесу-концерттер ұйымдастыруға, киномеханиктермен келісіп, музыкалы көркемфильмдер көрсетуге, музыкалық лекторийлер, белгілі бір тақырып бойынша сыныпаралық жарыстар ұйымдастырып, ата-аналар алдында қорытынды концерт беруге болады. Музыка апталығының бағдарламалық жоспары алдын ала ілініп, хабарланады. Зал мен дәліздер түрлі ребустермен, викториналық сұрақтармен, сөзжұмбақтармен, ұлы адамдардың музыка жөніндегі сөздері жазылып безендіріледі. Бұлардың қортындысын аптаның соңғы күнінде шығаруға болады. Ребус, сөзжұмбақтардың шешуі арнайы жәшікке саланып, дұрыс шешкендер жүлдге ие болады. Музыка жөнінідеге жұмбақтарды шешу де оқушыны қызықтырады.

Музыка апталағының әр түрлі мазмұнда өткізілуі эстетикалық тәрбие процесінде, тәжірибе жинақтауда, оқушылардың танымын кеңейтуды мол көмегін тигізіері сөзсіз.

Көпшілік музыкалық жұмыстың бір түрі - ұжымды түрде опера театрына, концерттерге бару. Жұмыстың бұл түрінөткізуге үлкен қалаларда болмаса, басқа жерлерде мүмкіндік бола бермейді. ұжымды түрде концертке, спектакльдерге апару алдында мұғалім оқушылармен біршама дайындық әңгіме өткізеді. Концертте өнер көрсестетін орындаушы жөнінде немесе оның репертуары жөнінде әңгімелеу оқушының сол концертті көруге, тыңдауға деген құштарлық сезімін оятады.



  1. Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл - қазіргі кезде музыкалық тәрбие берудің маңызды құралдырының бірі реьінде жетекші орынға ие болды. Мұғалім апталық теледидар, радио бағдарламасын ала отырып, оқушыларға арнап берілетін музыкалық хабарларды көруін ұйымдастыра алады. Радио мен телевизиядан берілітін мектеп оқушыларының концертін тыңдатып, классик композиторлардың шығармаларынмен, әр түрлі халықтардың музыкалық шығармаларымен үнемі таныстырып отырады.

Мектеп жанына құрылған ансамбльдердің, көркемөнерпаздар мен музыка мектептері оқушыларының концерттері кіші жастағы оқушыларды қызықтырумен бірге, орындаушылар тобының шеберлігі, шығарма характерін жасаудағы көркемдік құралдарының ролі жөніндегі түсінігін байытады. Сыныпта музыка тыңдап, оны талдау барысында жинақталған тәжірибесі үйде тыңдалған музыка арқылы молая түседі. Сондай концерттерді әрбір оқушы, сонымен бірге мұғалім де үйде тыңдап, оны сыныпқа келіп талқылап, әсерін ортаға салса, оқушы сабақта алған білімін кеңейтіп, толықтырып, оның талғамдық деңгейі жоғарылай түседі.

  1. Әдеби-сазды кештер. Сабақтан тыс жұмыстардың бір қызықты түрі - әдеби монтаж әзірлеу мен оны кештерде пайдалану.

Әдеби монтаж – оқушымен сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін әр түрлі тақырыптарға арнап жинақталған әдеби материалдар. Әдеби-монтаж әрбір даңқты күндерге арналып немесе оқушыларға қажетті деген, тақырыптарға раналып жасалады да, жастар арасында өткізілетін тақырыптық кештерде, ашық тәрбие сағаттарында пайдаланылады.

Мысалы, мына сияқты тақырыптарға әдеби-монтаж жасауға болады:

1. Даңқты күндер (Қазақстан Республикасы күні, 8 наурыз, Жеңіс күні, мұғалімдер күні т.б.);

2. Жыл мезгілдері (“Алтын күз”, “Жңа жыл”, “Қуаныш айдары”), көктем айлары туралы (“Жайдары жаз”) т.б.



  1. Отан, бейбітшілік тақырыптары

  2. Классик ақын-жазушылар мен сазгерлердің туған күндерін атап өту.

  3. Адамгершілік – мораль, мәдениеттілік т.б. тақырыптар.

Қысқасы, тақырып дегн өте көп, соны таңдап алып, талғап құрастыра білу керек.

Әдеби-монтаж құрастыру үшін сол таңдап алған тақырыпқа байланысты ғазет, журналдардан, әдеби шығармалардан материалды көбірек жинап, олардың ішінен ең ұтымды деген жерлерін таңдап алады да, мазмұнына, ретіне қарай орналастырады.

Әдеби-монтаждың материалдарын оқушылардың өздеріне де жинаттандыру тиімді.

Материал әбден жиналып дайын болған соң сынып жетекшісі өзі таңдап, реттеп орналастырады. Әдеби-монтаждың материалдарын оқушылардың өздеріне таңдатып жинақтаудың пайдасы өте зор. Себебі, оқушылар өздігімен бағдарламадан тыс көпкітап оқып, авторлардың есімдерімен танысады, ой-өрісін кеңейтеді.

Сабақтан тыс уақыттарда оқушылар арасында түрлі тақырыптарға ранап әдеби-монтаж дайындау мәнді. Ө йткені, мұндай жұмыстар оқушылардың ұжымын тәрбиелеуге, сабақ үлгерімін арттыруға, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, оқыған кітаптан алған теориялық білім, дағдыларын қалыптастыруға, тілін дамытуға елеулі септігін тигізеді, оқушылардың қара сөзді, өлеңді мәнерлеп оқып үйренуіне, сөздік құрамдарының молаþына, тілінің бай, орамды болуына жағдай жасайды. Осылайша оқушылардың бос уақыттарын дұрыс пайдалану олардың тәртіп бұзуына жол бермейді. Сондықтан да сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін осындай жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие ісінің негізгі бір саласы болып табылады.

Енді осы әдеби-монтаждарды әзірлеу мен өткізудің жолына тоқталайық.

Сынып жетекшісі тақпақты жақсы мәнерлеп оқи алатын, даусы ашық оқушыларды іріктеп алып әр балаға әдеби-монтаж үзіндісінің сөздерін бөліп береді. Әуелі оқушылардың берілген тексті жаттап алуын қамтамасыз етіп, әр оқушымен жеке жұмыс жасау (мәнерлеп оқуға үйрету) қажет. Әдеби-монтажға қатынасатын оқушылардың бәрін бір-бірден тексеріп шығып, мәнерлеп жатқа оқи алатын дәрежеге жеткенде ғана сынып бойынша жүргізілетін жаттығуды бастаған жөн.

Ол үшін, әрине, асықпай, күні бұрын дайындалған дұрыс. Мысалы, Жаңа жылға өткізілеьін кештің материалын 15 қарашадан, 8 наурыз мерекесіне арналған кешті 1 ақпанан т.с.с. мезгілдерде бастау керек. Осындай жағдайда ғана оқушылар жақсы дайындалады да кеш қызықты әрі көңілді өтеді.

Әдеби-монтажды паралель сыныптар және жеке сынып бойынша да дайындап өткізуге болады.

Ал, сынып бойынша, әзірленгенде әдеби-монтаждың сөзін сыныптағы барлық оқушыға бөліп береді. Бұл монтажды сынып жетекшісі дайындайды. Бұл да жоғарыдағыдай әр саламен жеке жұмысты қажет етеді.

Әдеби-монтаж әбден дайын болған соң былай өткізу керек:

Әдеби-монтажға қатысатын оқушылар сахнаның төрінде тұрады. Сахна ашылғанда бастаушы ортаға шығып, тақырыпты хабарлағанан кейін ғана әдеби-монтаж басталады.

Әдеби-монтажды сазды етіп өткізсе, жұрт жалықпай, қызыға тыңдайды. Ол үшін тақырыпқа байланысты әндер мен билерді оқушылар еркін орындауы тиіс.

Әдеби-монтаж мазмұнына байланысты келтірілген әндер, билер хабарланбай орындала береді. Ол үшін қандай әннің, қандай бидің қай жерде орындалатыны күні бұрын белгіленіп қойылады. Сондықтан кеш өтіп жатқан кезде әндер мен билердің авторлары аталмай, тоқтаусыз жүргізіле береді.

Егер әдеби-монтаждың мазмұнына сәйкес оған ән-күйдің, бидің қажеті болмаса, монтаж біткен соң екінші бөлім етіп концерт ұйымдастыруға болады. Концернт соңынан жұмбақтар, викториналар шештіруге, түрлі ойындар ойнауға да болады. Жұмбақтар мен викториналарды бәрінен де көп шешіп, ойынға белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі. Сыйлықтарды кеш өткізетін сынып өз күшімен дайындайды.

VІ. Би. Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі би билеумен шұғылдану болып табылады.Төменгі сынып оқушыларыбилеуге аса құштар. Би билеуде олар өздерінің қозғалыстағы, әсерлері мен іс-қимылындағы өзгерістерінің табиғи қажеттерін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың көркемдік қабылдауын дамыту үшін, оларды би билеудің әдемі қозғалыстарымен таныстаруға, оларды музыканы тыңдауға үйрету үшін пайдалану қажет.

Би билеумен шұғылдану балалардың дене бітісін дамытып, жетілдіруге ықпал жасайды, оларды дұрыс та жарасымды жүре-білуге үйретеді.

Би билеуге үйрету үстінде балалардан жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу, бір-бірімен достықпен, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын ынта-ықыласпен тыңдай білу балап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке, мінез-құлық эстетикасына тәрбиелеуге әсер етеді.

Басатауыш мектеп балаларының хореографиялық оқуына, халықтық, көпшілік және бал билерін, ең оңай ырғақты жаттығуларды, ойындарды үйрену енеді. Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар қозғалыс пен образға бай, оларда ұлттық сипатты белгілер орын алған. Би билеуойындарын көрсету үлкен даму ықпалын тек орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге сахнада өтіп жатқан оқиғалардың барлығына терең толғаныспен сезініп отырған көрермендерге қалдырады.

Осылармен бірге үйірмен жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыканың сүйемелдеуімен, костþмдердің түр-сипаттарымен, оқуды өткізу барысында жасалған барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

Мынадай а жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған балалар барынша көбірек қуаныш, рахатқа бөленіп, қызыққа бату үшін келеді. Оқушыларға мынаны да түсіндіру қажет. Би – нағыз өнер шығармасы, сондықтан оны жасау үшін еңбек епн ұйымшылдық керек.

Оқудың маңызды бөлігі оқушылар үшін қол жетерлік көпшілік және бал билерін үйрену болып табылады. Олардың мектептің барлық оқушылары орындайды, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәні бар.



  1. Хормен ән салу. Хормен ән салу музыка сабақтарының негізі болып табылады. ән салу – есту, жадында сақтау, ырғақты сезіну, көркемдік талғам сияқты музыкалық қабілеттерін дамытудың ең пәрменді түрі ән салу жөніндегі берілетін нұсқаудан бастап әннің ұнамды шығуына дейінгі барлық объект назарда болуға тиісті. Хормен ән салу музыкалық тәрбиенің ең оңай қол жетерлік түрі болып табылады. Бірінші сынып оқушылары өздерін қуанышқа бөлеп, машықтандаратын қарапайым әнді салуына болады.

Музыкалық тәрбие тек бір жүйемен үзбей үйрету негізінде ған ойдағыдай және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Ән салу үшін, балалар оны мұғалімнің орындауында ынта-ықыласпен тыңдап алуға тиіс, музыка сазын дәл меңгеріп, ойда сақтауға, әннің мазмұны мен көңіл-күйін жақсы ұғынып алып, оны өзінің орындауында басқаға жеткізе білуге тиіс. Дұрыс қойылған хор әні мектеп оқушыларынан музыкаға белсенді қатынасуды, еріктілікті, есте сақтай білуді, аңғарымдылықты талап етеді.

Музыка мен ән сабақтарының мазмұнына өзінің қарапайымдылығымен , жинақылығымен, сүйкімді, тартымдылығымен және үлкен мәнерлілігімен ерекшеленетін халық әндрі енгізіледі. Бұл әндер мектеп оқушыларына өз халқының музыкалық тілін түсініп, көркемдік талғамын дұрыс қалаптастыру үшін тамаша материал болуы мүмкін.

Балалардың басқа халық музыкасымен және әндерімен танысуының, сондай-ақ үлкен тәрбиелік мүмкіндігі бар. Орыстың халақ әндерін басқа халықтардың ән салу твор÷ествосымен салыстыра отырып, балалар орыстың халық музыкасының ерекшелігін, терең түсінуі және сезінуімүмкін. Сонымен қатар, мұғалімдер тарапынан дұрыс басшылық болса балалар басқа халықтар музыкасының көркемдік ерекшіліктерін түсінеді де бағалайды. Басқа халықтардың көркемдік даналығын түсіну – балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеудің тамаша мектебі.

Ән салуды дұрыс жолға қойған кезде, ол оқушы ұжымын ұйымдастырудың маңызды құралы болып алуы мүмкін.

Әнді тамаша орындау – орындаушы ұжымның үлкен еңбегінің нәтижесі. Ән салып үйрену жалпы үйлесімділік пен келісімділікті, жалпы эмоциалық көтеріңкілік, көңіл күйді талап етеді. Міне, осының барлығы балаларды дәл түсіп топтастырады.


жүктеу 220,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау