«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет10/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

 

32 


 

 

1.  Қашықтықты табу: 



«Жаяу  адам  5  км/сағ  жылдамдықпен  жүреді.  3  сағатта  ол  неше 

километр жол жүреді?» 

1 сағ - 5 км       Ж.       I   У.   I  Қ.           Қ = Ж • У 

3 сағ - ? км     5 км/сағ  3 сағ ? км        5 • 3= 15 (км) 

Жауабы: 15километр. 

2.  Жылдамдықты табу: 

«Жаяу  адам  3  сағатта  15  км  жүреді.  Ол  қандай  жылдамдықпен 

жүрген?» 

3 сағ. - 15 км       Ж.      I   У.   I   Қ.        Ж = Қ : У 

1 сағ. -  ? км      ? км/сағ 3 сағ   15 км     15:3= 5 (км/сағ) 

Жауабы: 5 км/сағ. 

3.  Уақытты табу: 

«Жаяу  адам  5  км/сағ  жылдамдықпен  15  км  жол  жүрді.  Ол  қанша 

уақыт жүрген?» 

1 сағ - 5 км       Ж.           У.     Қ.           У =   Қ: Ж 

? сағ — 15 км  5 км/сағ  ? сағ   15 км     15: 5= 3 (сағ.) 

Жауабы: 3 сағат. 

Схема: белгісіз компонентті саусақпен немесе кағазбен жауып тұруға 

болады. 

 

2. Бастауыш мектепте математиканы оқытуда жай есептерді 



шығаруға үйрету технологиясының мазмұны 

 

I  ТОП.  Арифметикалық  амалдардың  мән-мағынасын  ашуға  арналған 



жай есептер. 

1.  Қосындыны  және  қалдықты  табуға  арналған  жай  есеп-тер  бір 

уақытта қатар оқытылады («М— 1» , 54—55-беттер).  

а)  Есепті  шығаруға  дайындық  жиындарға  амалдар  қолдануға 

негізделеді: 

жиындарға амалдар қолданумен байланысты практикалық жұмыс

ортақ элементтері жоқ екі жиынды біріктіру. 



 

33 


 

 

«Бала  3  ақ  және  1  қара  дөңгелек  қиып  алды.  Бала  барлығы  неше 



дөңгелек қиып алды?» 

Берілген  жиыннан  оның ішкі  жиындарын  бөлу  және  толықтауышты 

табу: 

«Балада 5 марка бар. Ол 2 марканы досына берді. Онда неше марка 



қалды?» 

Практикалық жұмыс: 

Оқушылар  партаға  алдымен  3  ақ  дөңгелек  қояды,  содан  соң  1  қара 

дөңгелек қояды. 

 жакындатады және санау арқылы санын табады. 

Бұрынғыдан  көбейгенін,  артқанын  анықтайды,  ендеше  есеп  қосу 

амалымен шешіледі. 

Оқушылар  партаға  5  шаршы  қояды  да.  одан  2  шаршыны 

алып тастайды. 

Алыстатады және санау аркылы неше шаршы қалғанын табады. 

Болғанынан  азайғанын  анықтайды,  ендеше  есеп  азайту  амалымен 

шешіледі. 

Дайындық жаттығуларына өмірлік жағдайлардан мысалдар келтіруге 

болады, мысалы: 

«Алманың  4  қарындашы  бар  еді.  Ағасы  оған  тағы  2  қарындаш 

сыйлады. Алманың барлық қарындаштары нешеу?» 

«Бір  аквариумда  3,  ал  екіншісінде  4  балық  бар.  Екі  аквариумда 

барлығы неше балық бар?» 

«Автотұрақта 6 машина бар еді. 4 машина шығып кетті. Автотұрақта 

неше машина қалды?» 

«Әуежайда 9 ұшақ бар еді. 5 ұшақ ұшып кетті. Әуежайда неше ұшақ 

қалды?» 


Сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  оқушылар  көрнекі  құралдардың 

көмегімен  заттармен  амалдар  орындайды:  көрнекі  көрсету  (калталы 

полотнода тақтада) және тарату материалдары (сыныпта партада). 

Амалдардың мәнін оқушылар санау арқылы табады. 

о) Есептің шешуімен таныстыру: («М—1», 54-бет). 

«Дана  қорапка  3  шар,  ал  Сара  2  шар  салды.  Қорапта  барлығы  неше 

шар болды?» 

 

3+2=5 (ш.)                        Жауабы: барлығы 5 шар. 




 

34 


 

 

Есеп  қосу  амалымен  шығарылады,  өйткені  екі  қыздың  шарларын 



біріктірдік,  яғни  шарлар  бастапқыдан  көбейді.  Мұндай  түрдегі 

есептер  қосындыны  табуға  арналған  есептер  деп  аталады  («М—1», 

55-бет). 

«Дананың қолындағы қорапта 5 шар бар еді. Ол Сараға 2 шар берді. 

Данада неше шар қалды?» 

 

5-2=3 (ш.)                        Жауабы: 3 шар қалды. 



Есеп  азайту  амалымен  шешіледі,  өйткені  топтан  бірнеше  шарды 

бөліп алды, яғни бұрын болганнан шар азайды. 

Мұндай түрдегі есептер қалдықты табуға арналған есеп деп аталады. 

в) Есепті шеше алу білігін бекіту: 

Мұндай есептерді оқушылардың өз беттерімен шығаруына жеткілікті 

жаттығулар беру қажет

Дайын  есептер  шешуге  ұсыну  және  осындай  есептерді  балалармен 

бірге құрастыру және оларды шешу; 

Есептің  жаңа  түрлерін  енгізу  барысында  оларды  оқушыларға  таныс 

есеп түрлерімен салыстырған пайдалы, мысалы («М-1», 60-бет): 

«Төбешіктен  шанамен  7  бала  сырғанап  жүрген  еді.  Оларға  тағы  2 

бала келді. Барлығы неше бала болды?» 

7+2=9 (б) 

«Төбешіктен  шанамсн  9  бала  сырғанап  жүрген  еді.  2  бала  үйлеріне 

қайтты. Неше бала қалды?» 

9-2=7 (б) 

Бұл  оқушылар  есептің  жаңа  түрін  шешу  тәсілін  терең  игеру  және 

есептің түрлерін бір-бірімен шатастырып алмас үшін қажет. 

Осы мақсатта қиынырақ есептерді шешуге беруге болады, мысалы: 

«Әуе  жайдан  таңертең  7  ұшақ,  ал  кешке  тағы  3  ұшақ  ұшып  кетті. 

Әуежайдан барлығы неше ұшақ ұшып кетті?» 

Қиындық  неде?  «Ұшып  кетті»  сөз  тіркесі  бірінші  сыньш 

оқушыларының  түсінігі  бойынша  азайту  амалын  білдіреді.  Бірақ 

есепте  біріктіруге  бағыттайтын  «барлығы»  деген  сөз  бар,  ол  есепті 

қосу  амалымсн  шығару  керектігін  ескертеді.

 

Демек,  есепті  шешуде 



амал таңдап алу қиын. 

Міндетті түрде есептерді түрлендіруге тапсырмалар беру қажет. 

2.  Бірдей  қосылғыштардың  қосындысын  табуға,  теңдей  және 

тиісінше  бөлуге  берілгсн  есептер  бір  уақытта  3-сыныпта  енгізілсді. 

(«М- 3», 8-9-беттер). 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау