«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

 

62 


 

 

Екі  есспті  бір  есепке  біріктіреміз:  арадағы  сұрақ  «Азатта 



барлығы  неше  дәптер  бар?»  (бірінші  есептен)  және  екінші  есептегі 

артық дерек 15 дәптерді алып тастаймыз. 

Нәтижесіндс екі жай есептен жаңа құрама есеп құраст-рамыз: 

«Азаттың 10 жолды және 5 тор көз дәптері бар. Ол 3-еуін інісіне 

берді. Азатта неше дәптер қалды?»    . 

Бұл  -  есеп  (мәтіні  бар,  жағдаят  суреттелген,  сұрағы  бар, 

арифметикалық амал қолданылады), бірақ оны шығару үшін бір амал 

орындау  аз,  яғни  бірден  негізгі  «Азатта  неше  дәптер  қалды?» 

сұрағына жауап беруге болмайды. 

Есептің  негізгі  сұрағына  жауап  беру  үшін  алдымен  аралық 

«Азатта  барлығы  неше  дәптер  бар?»  сұрағына  жауап  беру  керек, 

өйткені ол есепте белгісіз. 

Болғаны - ?, 10 д. және 5 д. Сыйлады - 3 д. Қалғаны - ? д. 

 

Демек, есепті шығару үшін алдымен косу амалын орындау керек 



және  барлығы  неше  дәптер  болғанын  табу  керек,  содан  соң    азайту 

амалын  орындау  керек  және  неше  дәптер  қалғанын  табу  керек. 

Ендеше, шешу жоспары: 1) + (қосу), 2) — (азайту), яғни осы есептің 

сұрағына  жауап  бсру  үшін  екі  амал  орындауға  тура  келеді  —  бұл  

құрама есеп. 

ғ)  Өрнектер  құру  арқылы  құрама  есепті  шығарумен  таныстыру 

(«М— 2», 54-бет). 

«Мал  қыстауына  12  машина  сүрлем  әкелінді.  Қарашада  2 

машина  сүрлем  жұмсалды  және  тағы  5  машина  шөп  әкелінді.  Мал 

қыстауында енді неше машина сүрлем және жем болды?» 

 

Бұл  есепті  шығару  үшін бір амал  орындау  жеткіліксіз,  екі  амал 



орындау керектігін көрсету қажет, өйткені, бұл-құрама есеп.                                        

Ол үшін есепті екі жай есепке бөлу керек: 

«Мал  қыстауына  12  машина  сүрлем  әкелінді.  Қарашада  2 

машина сүрлем жұмсалды. Неше машина сүрлем қалды?» 

Болғаны — 12 м. 

Жұмсалды — 2 м. 

Қалғаны - ? м.              12-2=10 (м.) 



 

63 


 

 

«Мал қыстауында 10 машина сүрлем қалған еді. Тағы 5 машина 



шөп  әкелінді. Мал  қыстауында  енді  неше  машина  сүрлем және  жем 

болды? » 

Қалғаны — 10 м. 

Әкелді  - 5 м. 

Болғаны  - ? м.                10+5=15 (м.) 

Оқушылар  алдымен  аралық  (азайту  амалымен),  содан  соң  - 

негізгі  сұраққа  (қосу  амалымен)  жауап  беру  керектігін  көреді. 

Ендеше,  шешу  жоспары:  1)  -  (азайту),  2)  +  (қосу),  ятни  есептің 

сұрағына жауап беру үшін екі амал орындау қажет. 

Схемалық суреттер бойынша оқушылар құрама есептің шешуін 

екі амалдан тұратын-өрнектер көмегімен жазуға үйренеді. 

 

Шешуі: (12-2)+5=15(м). Жауабы: 15 машина болды. 



Есепті  өрнек  құру  арқылы  шығарғанда  оқушылар  ауызша  әр 

амалда не табатынын түсіндіруі және толық  жауап жазулары тиіс. 



3. Құрама есептерді шеше алу білігін қалыптастыру 

а) Құрама есепті шығару («М— 2», 54-бет). 

«Астауда  6  шелек  су  бар  еді,  оған  тағы  4  шелек  су  құйылды. 

Оның 7 шелек суын қойлар ішті. Астауда неше шелек су қалды?» 

Болғаны — ? , 6 ш. және 4 ш. 

Ішілді  - 7 ш. 

Қалғаны — ? ш. 

 

Бір амал орындау арқылы сұраққа жауап беруге бола ма? (Жоқ). 



Неліктсн?  (Есептің  негізгі  сұрағына  жауап  беру  үшін  алдымен 

аралық сұраққа жауап беру керек және тағы 4 шелек су құйылғанда, 

астауда неше шелек су болғанын табу керек). 

Оқушылар құрама есептіңт құрамына енетін жай есептерді бөліп 

көрсете алулары және оларды шығара алулары тиіс. 

Болғаны - 6 ш.                Болғаны - 10 ш. 

Құйылды  - 4 ш.             Ішілді    — 7 ш. 

Болғаны - ? ш.                Қалғаны  - ? ш. 

6+4=10 (ш.)                       10-7=3 (ш.) 



 

64 


 

 

Нәтижесінде құрама есепті шығару үшін екі амал орындалатыны 



жөнінде 

 

түсінік қалыптасады: 



(6+4)-7=3 (ш) 

Жауабы: 3 шелек су. 

ә)  салыстыру  негізінде  құрама  есспті  жай  есептен  және  басқа 

тапсырмалардан ажырата алу («М— 2», 56, 57, 60, 63, 66, 69-беттер): 

1) «Асханаға 33 л сүт                2) «Асханада 33 л сүт болған 

әкелінді. Оқушыларға            еді. Таңертең оқушыларға 

түске дейін 20 л,                     20 л берілді. Асханада 

түстен кейін 10 л сүт              неше литр сүт 

берілді. Асханада                    калды?» 

неше литр сүт қалды?»           Болғаны — 33 л 

Болғаны   - 33 л                       Берілді - 20 л Берілді - ?, 20 л және 

10 л     Қалғаны - ? Қалғаны — ? л 

 

Есептер  ұқсас:  мазмұны  (асхана,  оқушыларға  берілген  сүт 



туралы); сандары (33 және 20). 

Айырмашылығы: бірінші есепте үш дерек — 33 л, 20 л және 10 л 

ал екіншіде — екі дерек 33 л және 20 л; демек, олардың  шешулері де 

әр  түрлі:  біріншісі  —  екі  амалмен  (кұрама  есеп),  ал  екіншісі  бір 

амалмен (жай есеп) шығарылады: 

1) 33-(20+10)=3 (л)                     2) 33-20=13 (л) 

Ендеше, есептердің  жауаптары да әр түрлі: 3 л және 13 л. 

Мұнда  екінші  есептің    шешуі  бірінші  құрама  есепті  шығаруға 

(басқа тәсілмен) көмектеседі. 

б) Есептерді айналдыра алу: 

жай есепті құрама есепке («М- 2», 142, 149-бет): 

«Мектепті жөндеу жұмыстары үшін 27 қыз бала және одан 16-сы 

артық ұл бала келді. Жөндеу жұмыстары үшін неше ұл бала келген?» 

Бұл  жай есеп: 27+16=43 (ү.), мұны  сұрақты «Жөндеу жұмысына 

барлығы неше бала келді?» деп өзгертіп, құрама есепке айналдыруға 

болады: 27+(27+]6)=70 (б.). 

Құрама есепті жай есепке («М— 2», 144, 148-беттер): 

«Бір литр сүт 35 тг тұрады, ал кілегей одан 27 тг кымбат. 1 литр 

сүт пен 1 литр кілегей сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?» 

Бұл - кұрама есеп: 33+(33+27)=93 (тг), мұны сұрақты өзгертіп 




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау