Бастауыш әскери дайындық



жүктеу 2,59 Mb.
бет8/10
Дата14.05.2018
өлшемі2,59 Mb.
#13192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мақсаты: Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі және адам өмірін бейнелей отырып барлық әрекетіне ықпал жасайтындығын түсіндіру.

1. Мінездің табиғи мәні қандай

2. Мінездің әлеуметтік ерекшелігі.

3. Мінез маңызы.

4. Мінездің мәнерлі белгілері.

5. Мінез түрлері

6. Мінез құрылымындағы ерік

7. Мінез және қарым-қатынас

8. Мінез және іс-әрекет

Әдістемелік нұсқау: Мінез қасиеттерін талдау, дәлелдеу және анықтау.(тестер орындау) Дебат сабақ. Алынған нәтижелерді талдау барысында мінез іс-әрекетке, заттық әлемге,өз өзіне және басқа адамдарға қатынасынан көрініс беретіндігін білу керек.

Әдебиеттер:

1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005

2. Реан А.А.Психология личности.-СПб.,2004

3. Романов К.М. Практикум по общей психологии.-М.,2002, 121-133 б.

4. Немов Р.С. Общая психология.-М.,1996 332-341 б.

5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003


13 семинар.

Тақырыбы: Қабілет.

Сабақ мазмұны: 1. Қабілеттің физиологиялық негізі.

2. Қабілет түрлері.

3. Қабілеттің даму деңгейіне қарай түрлері.

4. Интеллект туралы түсінік.



Мақсаты: Қабілеттің түрлері,физиологиялық негізі, даму деңгейіне қарай түрлерімен және жоғары жүйке жүйесі қызметіне байланысты түрлерімен таныстыру.Интеллектілік даму деңгейінің ерекшелігін түсіндіру.

1. Қабілеттің физиологиясы.

2. Қабілеттің жалпы түрі.

3. Қабілеттің арнаулы түрлері.

4. Талант,дарындылық,данышпан ұғымдары анықтамалары.

5. Қабілет концепциялары.

6. Интеллект анықтамасы.

7. Интеллект даму деңгейі.



Әдістемелік нұсқау: Пиктограмма әдісі арқылы жоғары жүйке іс-әрекетінің типтерін анықтау.(көркем,ойшыл,орташа типтер)

Қабілетіне қарай белгілі бір мамандыққа және іс-әрекетке бейімділігін және интелектуалдық даму деңгейін анықтау.



Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Намазбаева Ж.И.Психология.-Алматы.,2005

3. Рубинштейн С.Основы общей психологии.-М.,1989 Т.2. 211-235 б.

4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003

5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996 332-341 б.


14 семинар.

Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы.

Сабақ мазмұны:

1. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы.

2. Қарым-қатынас түрлері.

3. Іскерлік қарым-қатынас.



Мақсаты: Қарым-қатынастың психологиясымен, ерекшеліктерімен, ережелерімен танысу.Іскерлік қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беру.

1. Қарым-қатынас құрылымы.

2. Қарым-қатынас түрлері.

3. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.

4. Интерактивті жағы қандай

5. Перцептивті жағы.

6. Вербалды,вербалды емес қарым-қатынас.

7. Іскерлік қарым-қатынас құрылымы.



Әдістемелік нұсқау: Қарым-қатынастың түрлеріне қарай топтарға бөлініп психологиялық консилиум өткізу. Қарым-қатынас түрлерін талдай және сипаттай отырып қарым-қатынас ережелерімен ерекшеліктерін үйрену.

Әдебиеттер:

1. Леонтьев А.Н. Лекции по общей психологии.-М.,2001

2. Морозов А.В. Социальна я психология.-М.,2003 49-86 б.

3. Сәбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003 84-97 б.

4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003

5. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004

6. Романов К.М. Практикум по общей психодлогии.-М.,2002 84-106 б.
15 семинар.

Тақырыбы: Топтағы қарым-қатынас.

1. Ұжымдағы тұлға аралық қатынастар.

2. Топтық даму деңгейлерінің принциптері.

3. Топтағы психологиялық ахуалды зерттеу.

4. Басқару стилдері.



Мақсаты: Топтағы психологиялы ахуалды зерттеуді, топтың даму деңгейін анықтауды үйрену.

1. Топ.Топ түрлері.

2. Ұжым анықтамасы.

3. Топтың даму деңгейі.

4. Топтың психологиялық климатын анықтау.

5. Басқару стилдері.

6. Лидерлік және басқарушылық

7. Менеджер қызметі.



Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент қалауымен ролдерді бөліп алып сабақты іскерлік ойындар әдісімен өткізу.Ролдерді орындаумен қатар топтың психологиясын және басқару ерекшеліктерін түсінеді, үйренеді.

Әдебиеттер:

1. Морозов А.В. Социальная психология.-М., 2003 49-104, 40-45, 50-53 б.

2. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004

3. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы,2005

4. Немов Р.С. Психология. 3 кн.-М.,2003

5. Андреева Г.М. Социальная психология.-М.,2002




Семинар, практикалық сабақтарға және ОЖСӨЖ сабақтарына

әдістемелік нұсқау.
- Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.

Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

Аквариум әдісі: “Аквариум” – мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.



Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – студенттің өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен студенттің іс-әрекетін ұйымдастыру - санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігіәдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл.

Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр.

Дебат. Студенттердің сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.

Еркін микрофон. Бұл әдісті сабақтан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл студенттерге даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - әкімшіліктен студенттердің, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.



Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және студенттердің іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға студенттердің зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және студенттерді өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:



  1. Миға шабуыл уақытында студенттердің барлығы қатысады.

  2. Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

  3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

  4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

  5. Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

  6. Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Студенттер берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Студенттердің жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.

Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін балаларды мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым студенттердің өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.

Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.

Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:


  1. Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..

  2. Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)

  3. Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.

  4. Жобаның мазмұндық бөлімін құру.

  5. Зерттеу әдістерін қолдану.

Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)

Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация

Жобалауды құру:


  1. Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.

  2. Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.

  3. Студенттердің өз бетімен жұмысы.

  4. Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.

  5. Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.

  6. Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.

Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:

  • проблеманың мәнділігі және өзектілігі;

  • қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;

  • жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;

  • қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;

  • жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;

  • проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;

  • шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;

  • орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;

  • оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.

Жоба:

Пән:


Топ:

Жобаның сипаты:

Ғылымдар тараулары:

Жобаның типі:

Жобаның мақсаты:

Жобаның міндеттері:

Жоспарланған нәтиже:

Оқу мақсаты:

Материалдар:

Жұмыс уақыты:

Топ типі:

Рольдер:


Жобамен жұмыс:

Оқу-тәрбиелік міндеттер:

Өзара көмек:

Жеке жауапкершілік:

Жетістік көрсеткіші:

Күтілетін іс-әрекет:



Эвристикалық әңгіме Сократ заманынан келе жаткан әдіс.

Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық әңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық әңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш әдіс мәселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл әдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық әңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту әдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл әрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық әңгіме әдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.



Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту әдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді

Дискуссия - әңгіме барысында туындаған әр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік әрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дәлелдермен, көрсеткіштермен дәлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мәселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тәсіл.



Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел әр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.

Дөңгелек үстел әдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- әлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде әркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде әркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру.



Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.

Жалпы алғанда іскерлік ойындардың мәні әр түрлі жағдайларда қатысушылардың өздері алдын-ала берілген ережесі бойынша басқару шешімдерін ойын жолымен таңдауға келіп саяды,- дейді іскерлік ойын әдісін тәжрибеден өткізіп, насихаттаушы Е.А.Хруцкий.

Іскерлік ойын бұл жағдайда студенттердің өздеріне өзге маман (мұғалім, оқу ісінің орынбасары, білім беру департаментінің инспекторы) орнына қойып, соларша ойлап, соларша әрекет етіп, солардың атынан талдау жасаумен тиімді. Сондай-ақ, студенттер басқа әдістердегідей емес, өздері көзбен көріп, қолмен қойған әрекеттерге талдау жасады. Бұл олардың мақсаты ойлау дағдысын, ынтасын, байқау, бақылау қабілеттерін ұштайды. Салыстырмалы түрде алғанда ішкі белсенділікті арттыру әдістерінің ішіндегі екінші бір жаңа әдіс-тренинг. Бұл әдіс Батыста психокоррекциялык жұмыстарды ұйымдастыруда кеңінен танымал. Аталмыш әдіс мазмұны жағынан іскерлік ойындарды еске түсіреді. теория шығаруға негізделеді.

Тренинг өткізу де оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді:

1) тренингтің сценарий-жоспарын дайындау.

2) тренинг өтетін тақырып бойынша студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

3) оқушының өзін-өзі дайындау (мәселені қою, жауаптар мен пікірлерді қабылдау, таласты мәселені драмалық тұрғыдан жандандыру, оқушы жауапбының мәнін ашуға жетекші сауалдар қою, дұрыс емес жауапты бағалау, тренинг барысындағы студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын-ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

4) қатысушылыр арасында рольдердің бөліп беру. Қатысушының бәріне бірдей роль ұсыну міндет емес. Үштен бір бөлігі бақылаушы, сыншы сияқты қатысуға болады.



Әлеуметтікпсихологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Мұнда әдеттегі студенттің оку тобы әр алуан әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың көрнекі моделіне айналады. Яғни айтқанда, олардың оқып үйренетін және тәжірибе жасайтын зерттеу полигоны оқытушының ауызша қойған шешуі сан қилы көкейтесті сауал емес, өздерінің өзара әрекеттерінен туындаған психологиялық жағдайлар. Міне, сондықтанда әлеуметтік психологиялық тренингтерді әлеуметтік психологияны ақиқат дүниеде, шынайы әрекет негізінде меңгертуге бағытталған теорияның өмірінен үндескен әдістер деп бағалаймыз. Іскерлік ойындардың ғылыми теорияда практакалық әрекетті пайдалануға, ол, тренингтің психология теориясын практикалық ситуацияларда өміріміздегі жағдайлар баламасы ретінде қолдануға үйренетіндігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз.


ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.

Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

Аквариум әдісі: “Аквариум” – мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студент көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды. Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

Вен диограммасы: сыни түрғыдан оқу технологиясы бойынша студенттер вен диограммасына сол әрекеттің жағымды жағымсыз жақтарын және екеуінің ұқсас жақтарын жазады.

Әдебитетпен жұмыс :Сутденттер белгілі бір проблеема бойынша әдебиеттерге шолу жасап топта талдау жасайды.

Екі жақты күнделік: Берілген тақырып бойынша студенттер кесте толтырады. Ол кестеде проблема және түсініктеме жолдарына деген жолдары бар соған тақырып бойынша талдау жасайды.
Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі материалдарды қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын бекіту, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

Тақырыптар бойынша білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін оқу әдебиеттерімен жұмыстана отырып конспект жасау және интелектуалдық проблемаларды және міндеттерді шеше білуі, талдай біледі. Бұл жағдайда топта дискуссиялық жұмыс жасауды қалыптастырады.

Психологиялық зерттеу әдістері бойынша диагостикалық жұмыстар жүргізіліп, зерттеу нәтижелері арқылы қорытындыланады. Кейбір тақырыптар бойынша интернеттен психологиялық ресурстар каталогын жасау. Психологиялық сөздікпен жұмыстанады


Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі материалдарды қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын бекіту, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

Тақырыптар бойынша білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін оқу әдебиеттерімен жұмыстана лтырып конспект жасау және интелектуалдық проблемаларды және міндеттерді шеше білуі, талдай біледі. Бұл жағдайда топта дискуссиялық жұмыс жасауды қалыптастырады.

Психологиялық зерттеу әдістері бойынша диагостикалық жұмыстар жүргізіліп, зерттеу нәтижелері арқылы қорытындыланады. Кейбір тақырыптар бойынша интернеттен психологиялық ресурстар каталогын жасау. Психологиялық сөздікпен жұмыстанады.


Тақырыптарға арналған қосымша кестелер

Адамның ерікті кезеңдері мен сапалары


Ерік сапалары. Ерікті амал кезендері

Мақсат және оған жетуге ұмтылу

Мүмкіншіліктер мен ниеттер

Ниеттер күресі және қалау

Тоқтамға (шешімге) келу


Тоқтамды орындау

Қайраттылық (күшті ерік)

Мақсатының айқындығы. Қарқынды ұмтылу

Жеткілікті

Дәлелді және тез

Дәлелді, қарқынды ұмтылу

Табанды

Табандылық

Алыстағы мақсат. Қарқынды ұмтылу

Әдеттегіше (бір қалыпты жағдай)


Тегеруінді (өте табанды)


Қасарушылық (қиқарлық)


Шындығы дәлелсіз сылтау

Барлық мүмкінділіктерді ескермей сылтаурату (алдын ала пішілген шәлкес пікір)

Қорытынды ұмтылуы дәлелсіз

Табанды

Көнгіш


Тез өзгергіш

Өзіндік мақстаы жоқ, өзгелердің сөзіне ергіш

Тез құбылмалы

Әрқилы

Иланғыш

Көрінбейді (болмайды)


Өзгелердің жетегінде болады

Әрқилы

Батылдық

Мақсаты айқын. Қарқынды ұмтылады


Жеткілікті. Кейде артылып жатады.

Жылдам, бірақ үнем әртарапты емес

Айқын және тұрақты

Табанды

Тартыншақ

Бұл да сондай

Бұл да сондай

Ұзаққа созылады және аяқталмайды

Болмайды не жиі өзгертеді

Болмайды

Ынжық

Ұмтылуы мардымсыз

Жеткілікті не шамалы

Аяқталмайды

Ұмтылмайды, жігерсіз

Тұрақсыз



жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау