Лн 111 – 2017 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 272,04 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі272,04 Kb.
#9164

ЛН 111 – 2017


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РМК «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»





Бекітемін

Ректор

______________ Х.Валиев



_____ мамыр 2017 ж.



ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ


________________________________________________
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ бас маманы
ЛН 111-2017

Қостанай



Алғы сөз

1 Халықаралық байланыстар бөлімімен ӘЗІРЛЕНДІ
2 Халықаралық байланыстар бөлімімен ЕНГІЗІЛДІ

3 Ректордың от 05.05.2017 г. № 94 ҚБ бұйрығымен Бекітілді және қолданысқа енгізілді
4 Әзірлеушілер:

Е.Кандалина – халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы, педагогикалық ғылымдардың кандидаты;


А.Омарова – халықаралық байланыстар бөлімінің бас маманы
5 сарапшы:

Ж.Жарлыгасов – ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент


6 Тексеріс кезеңділігі 3 жыл
7 алғаш енгізілді

Осы лауазымдық нұсқаулық РМК «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ректорының рұқсатынсыз толық немесе ішінара қайта шығарылуы, көбейтілуі және таратылуы мүмкін емес.


© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2017
Мазмұны

1

Қолдану аясы……….............………………………………...................................

4

2

Нормативтік сілтемелер…………….....…............…………………………........

4

3

Түсініктемелер……………….....………………………………………………..

4

4

Белгілер мен қысқартулар………...……………………………………………..

5

5

Жауапкершілік пен өкілеттік....………………………………………………....

5

6

Жалпы ережелер………………...……………………………………………….

5

7

Сипаты…………………………………………………………………...………

6

8

Келісу, сақтау, тарату …….........…………………………………………...........

8



1
стр.2 из 10
Қолдану аясы

1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық РМК «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі» (әрі қарай – университет) халықаралық байланыстар бөлімі басшысының қызметінің талаптар ын белгілейді.

1.2 Лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді, ҚР 133.025 – 2015 Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару стандартына сәйкес әзірленді, РМК «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің» құжаттама жиынтығына кіреді.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы лауазымдық нұсқаулық келесі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді:

– Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №319-III «Білім туралы» Заңы

-23.11.2015 ж. ҚР Еңбек кодексі

- Қазақстан Республикасының 18.02.2011 жылғы №407-IV ҚРЗ «Ғылым туралы» Заңы;

- ХЫ ХСҰ 9000:2015 Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік;

- ХЫ ХСҰ 9001:2015 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар;

- 27.12.2007 жылғы № 661 Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережелері;

- ҰС132.035 –2015. Ұйым стандарты. Бөлімшелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың ережелерін құрастыру, келісу, бекіту тәртібі;

- ҚР 133.025–2015. Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару;

- ҰС 133.026–2015. Ұйым стандарты. Іс қағаздарын жүргізу.

3 Түсініктемелер
Осы ережеде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27.07.2007 жылғы № № 319-III, «Ғылым туралы» 18.02.2011 жылғы № 407-ІV ҚРЗ Заңдарына, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы № 1080 қаулысына сәйкес терминдер мен түсініктемелер қолданылады.

4 Белгілер мен қысқартулар

Осы ережеде келесі белгілер мен қыстартулар қолданылады:

- ҚР БҒМ –Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

- МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ – Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;

- ХББ– халықаралық байланыстар бөлімі;



  • ҒЖСБ жөніндегі проректор – ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор;

  • ПОҚ – профессорлік-оқытушылық құрам.


5 Жауапкершілік пен өкілеттік
5.1 Осы лауазымдық нұсқаулықты А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың ректоры бекітеді;

5.2 Енгізуге, өзекті етуге және нұсқаулықтардың МС ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкес болуына халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы жауапты.



5.3 Бөлімшеде орналасқан құжаттың сақталуына, рұқсатсыз көшірілуіне және қызметтік ақпараттың жылыстауына жауапкершілікті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы артады.

6 Жалпы ережелер

6.1 Халықаралық байланыстар бөлімінің бас маманы (бұдан әрі –ХББ бас маманы) әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер құрамына кіреді.



6.2 ХББ бас маманы халықаралық байланыстар бөлімінің басшысының ұсынуы бойынша университет ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

6.3 ХББ бас маманы білуге тиіс:



  • ҚР Конституциясын;

  • ғылым және білім беру мәселелері бойынша ҚР заңдарын, және басқару органдарының қаулыларын;

  • ғылым және білім беру мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің заңдарын, қаулыларын және Ғылым және білім министрлігінің нормативтік актілерін;

- ішкі құжаттар: ұйымдастырушылық-құқықтық, өкімшілік, жоспарлық-есептік, анықтамалық-ақпараттық;

6.4 Бас маман өз қызметінде келесілерді басшылыққа алады:

- ҚР «Білім туралы» Заңдарын, ҚР «Ғылым туралы» Заңдарын;

- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

- университеттің ішкі құжаттарын;

-
стр. 2 из 11



стр. 2 из 11
университет Жарғысын;

- университеттің Ішкі тәртіп ережелерін;

- Халықаралық байланыстар бөлімі ережелерін;

- ректор бұйрықтарын және өкімдерін;

- ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректордың(әрі қарай - ҒЖСБ жөніндегі проректор), ХХБ басшысының өкімдерін, нұсқауларын;

- университет басшылығының өзге нормативтік және өкімгершілік актілерімен;

- осы лауазымдық нұсқаулықпен.

6.5 Бас маманның басты міндеті – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың сыртқы байланыстарын дамыту болып табыладын.


7 Сипаты
7.1 Біліктілік талаптары:

ХББ бас маманы лауазымына жоғары білімі, жоғары оқу орнында 3 жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік, орыс және шет тілдерді меңгерген тұлға тағайындалады.



7.2 Лауазымдық міндеттері:

Бас маман міндетті:

7.2.1 А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың сыртқы байланыстарын дамытуға қатысты ХББ қызметінің бағдарламасын құрастыруға қатысуға;

7.2.2 А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың сыртқы байланыстарының келешегін анықтауға қатысуға, факультеттермен және кафедралармен бірлесіп сыртқы байланыстардың даму жоспарын әзірлеуге;

7.2.3 ҒЖСБ жөніндегі проректорға, ХББ басшысына сыртқы байланыстарға қатысты қажетті құжаттарды, материалдарды, мәліметтерді ұсынуға;

7.2.4 Шетелден түсетін шет тілдеріндегі хат-хабармен танысу жүргізуге және оларды аударуға;

7.2.5 Шетелден түсетін шет тілдеріндегі хат-хабардың мазмұнын ҒЖСБ жөніндегі проректорға, ХББ басшысына, директорларға, кафедра меңгерушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жеткізуге;

7.2.6 Шетел мемлекеттерімен хат-хабар алысу байланысын қазақ/ орыс/ шет тілдерінде (қажет болған жағдайда) жүзеге асыруға;

7.2.7 Келіп түсетін және жіберілетін хат-хабарларды уақытылы өңдеуді, оның тиісінше жеткізілуін қамтамасыз етуге;

7.2.8 Халықаралық мәселелер бойынша ХББ есептерін құрастыруға;

7.2.9 Университеттің ПОҚ, қызметкерлер және білім алушылар назарына конкурстар, олимпиадалар, халықаралық білім гранттарын алу үшін жобалар туралы ақпаратты жеткізуге;

7.2.10 Университеттің ПОҚ, қызметкерлер және білім алушыларға грант алу үшін халықаралық конкурстарға жіберілетін құжаттарды дайындауға кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуге;

7.2.11 грант алу үшін халықаралық конкурстарға жіберілетін ғылыми жобаларды(бағдарламаларды) іріктеудегі және ұсынудағы кафедралардың жұмысын үйлестіруге;

7.2.12 ПОҚ және білім алушылардың ғылыми жұмыс жетістіктерін халықаралық деңгейде хабарлауға және насихаттауға;



7.2.13 ПОҚ-тың, студенттердің халықаралық жұмыс жетістіктері және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың сыртқы байланыстар нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға материал дайындауға;

7.2.14 А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың халықаралық қызметінің дамуына бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар әзірлеуге қатысуға;

7.2.15 Шетел ғалымдарымен кездесулерді, жетектеуді ұйымдастыру;

7.2.16 Факультеттермен бірлесе отырып шетел ғалымдардың жұмыстары нәтижелері туралы есептер дайындауға;

7.2.17 Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысатын және шетелге шығатын ПОҚ және студенттермен жеке үйлестірушілік-ақпараттық жұмыс жүргізуге;

7.2.18 ХББ-ның іскерлік және әдістемелік құжаттамасын рәсімдеуге, тіркеу, өңдеу жүргізуге және оның сақталуын қамтамасыз етуге;

7.3 Құқықтары

Бас маман құқылы:

7.3.1 Оның лауазымдық міндеттерін орындауға қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;

7.3.2 Университет әкімшілігінің қарауына осы нұсқаулықта қарастырылған міндеттермен байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

7.3.3 Университет басшылығынан ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыздықты, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға жәрдемдесуді, құқықтарын қорғауды талап етуге;

7.3.4 Университеттің ғылыми кеңесінің қарауын берілетін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың сыртқы байланыстарын дамыту жөніндегі мәселелерді даярлауға қатысуға;

7.3.5 Ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі мәселелер бойынша барлық факультеттер мен кафедралардың басшыларымен өзара әрекет етуге;

7.3.6 Өз бетінше немесе ҒЖСБ жөніндегі проректордың, ХББ басшысының тапсырмасы бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері мен мамандарынан өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрауға;


7.4 Жауапкершілік

Бас маман жауапты:



7.4.1 Осы лауазымдық нұсқаулықта ,сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары шегінде айқындалған университет басшылығының бұйрығымен немесе актісімен көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны не мүлдем орындамағаны үшін;

7.4.2 Университеттің ғылыми кеңесінің шешімдерін, ҒЖСБ жөніндегі проректоры кезіндегі өндірістік мәжілістердің ХББ қызметіне қатысты шешімдерін орындамағаны үшін;

7.4.3 Университет ректорына, ҒЖСБ жөніндегі проректорға және ХББ басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттардың сапасына;

7.4.4 Университет Жарғысын және университеттің ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін;

7.4.5 Төмен атқарушылық тәртіпке;

7.4.6 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасындағы тәртіпке сәйкес университетке нұқсан келтіргені үшін;



7.4.7 Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленген қолданыстағы тәртіпте өз қызметі процесінде жасалған құқық бұзушылыққа жауапты болады.

7.5 Өзара қарым-қатынасы

Лауазымдық міндеттерін орындау барысында ағымдағы мәселелерді шешу кезінде бас маман:

  • ҒЖСБ жөніндегі проректордан, ХББ басшысынан тапсырма алады, оның орындау мерзімін келіседі;

- ҒЖСБ жөніндегі проректорға, ХББ басшысына көрсетілген мерзім өткеннен кейін орындалған тапсырма туралы ақпаратты ұсынады.
8 Келісу,сақтау және тарату
8.1 ЛН-ны келісу, сақтау және тарату ҚР 133.025 – 2015 Құжаттаманы басқаруға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

8.2 Лауазымдық нұсқаулықтың жобасы:

- ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар проректорымен;



- заң қызметінің басшысымен;

- қызметкерлерді басқару қызметінің басшысы;

- құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің басшысымен келісіледі және «Келісу парағында» рәсімделеді. Келісу парағы құжаттың түпнұсқасымен бірге сақталады.

8.3 Осы ЛН жобасының таратылуын алғысөзде көрсетілген сарапшыларға құрастырушылар жүзеге асырады.

8.4 Осы ЛН (түпнұсқасын) қызметкерлерді басқару қызметіне сақтауға жіберуге жауапкершілікті құрастырушылар артады.

8.5 Осы ЛН-ның жұмыс даналары қызметкерлерді басқару қызметімен ХББ-ға таратылады.






жүктеу 272,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау