Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары



жүктеу 58,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі58,5 Kb.
#20865


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

201_ жылғы «__» ____________

№___ бұйрығына

2-қосымша


Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы «___» сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін, мөлшерін және шарттарын белгілейді.

  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;

2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) –жұмыс орындар санының пайыздық көрсетілімінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар ды жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;

4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар ды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.


2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі, квота белгілеудің мөлшері мен шарттары
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

  1. қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуға жататын адамдардың күтілетін саны бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ай сайын ұсынатын мәліметтердің;

  2. өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;

  3. жұмыскерлердің штаттық саны және қолда бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;

  4. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;

  5. квотадан тыс жұмыс берушілер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;

6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тізімінің;

7) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тізімінің негізінде әзірлейді.

4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

5. Республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 8) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота бекітеді және жұмыс берушілердің назарына алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жеткізеді.

6. Жергілікті атқарушы органдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы нормативтік құқықтық актіні өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ресми интернет сайттарда орналастырады.

7. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.

8. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 3 ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

9. Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда, квота белгіленбейді.

10. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып, ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді

Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

11. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда, күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

12. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына Осы қағидалардың 3-тармағында көзделген нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.

13. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

14. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлерді жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерді өз еркімен жұмыстан босату жұмыстан босатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына мiндетті түрде хабарлай отырып жүзеге асырылады.



15. Халықты жұмыспен қамту орталығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы оргындарына ұсынады.
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау