Барлығы – 90 сағат



жүктеу 1,36 Mb.
бет3/5
Дата25.11.2017
өлшемі1,36 Mb.
#1731
1   2   3   4   5

3.Қазіргі капитализмде аралас экономика тән, жеке меншік сектордан баска мемлекеттік сектор бар. Батыс елінің қазіргі экономикасын мемлекет реттейтін нарыкты экономика деп атауға болады. Тұракты негізде және кең масштабта мемлекеттік реттеу қоғамдық қайта өндіру процесінің тұрақгы, белсенді және тікелей қатысушысы екенін дәлелдейді. Үлттық экономикада мемлекеттік секторының болуы мемлекет экономикалық салада кәсіпкер катарында көріңетінін білдіреді. Осы тұрғыдан ол жұмыс кұшіне (Еңбекке) үлкен сұраныс байкатады.

Еңбекке мемлекеттік сүранысты екі топка белуге болады:

- материалдық өндірістегі сұраныс.

- материалдық өндіріске жатпайтын салаларындағы сұраныс. Мұнда, әдетте, әлеуметік салалар жатады: білім беру, денсаулық қорғау, медениет және тағы баскалары.

Нарықгы салалардан тыс қатарына мемлекеттік кызмет атқару салалары, басқаша айтқанда, республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік басқару органдары жатады. Бұл секторда жұмыс істеушілер саны едәуір болырп келеді: 2001 жылы 280,5 мың адам қызмет атқарды. Мемлекеттік сектордағы еңбекке (жүмыс кұшіне) сұранысты қарастырудың бірнеше себебі бар:

- мемлекеттік сектордағы ұйымдардың алдына барынша көп пайда түсіру деген мақсат қойылмайды;

- аймактық (штаттық) және жергілікті әкімшілік деңгейінде жүмыс істеушілер саны, экономиканың басқа секторларына қарағанда, жоғарырақ қарқынымен өседі екен (мысалға АҚШ)

- АҚШ-та мемлекет секторында, жеке меншік секторымен салыстырғанда, кәсіподақ мүшелері көбірек болып келеді;

- мемлекет секторына мемлекет саясатын жүзеге асыру үшін елеулі қаржы бағытталған; мысалы, қоғамдық жұмыстарын белсенді түрде іске асыру үшін.

Барынша көп пайда түсіру мақсат болмағандықган, демократиялык елдерде салық төлеушілер сайлаған қызметкер (не мемлекеттік орган) осы сектордағы жүмыс күшіне сұранысты қалыптастырады. Ол, бір жағынан, мемлекеттік қызмет көрсету көлемін, ал, екінші жағынан, салық төлеушілердің арқасында жиналған қаржы көлемін бағалайды. Бюджеттік шектеу бүкіл қоғамның қолы жететін тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің бағасымен білінеді.

Демек, мемлекет қызметкерлерінің жалақысы өссе, ол өзіне деген сұранысты кемітеді, яғни мемлекет кызметкерлерне сұраныс жалақы мөлшеріне кері пропорционадды болады.

Жүмыс күші үсынысының мемлекет секторында калыптасуы жеке меншікті сектордағыдай болып келеді, яғни мемлекет қызметкерлерінің жалақысын өсірген сайын, осы секторда жүмыс істейміз деген адамдардың саны өсе түседі


Қазақстанның үш секторында - білім беру, денсаулықгы сақгандыру және мемлекеттік басқару —істеушілер саны бүкіл экономикаға қарағанда аз қыскарылды, жалақы деңгейінің өсу қарқыны жоғарырақ болды. Осы себетен мемлекет қызметкерлеріне сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты болды.

Айта кету керек, қазір Қазақстаңда кейбір әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы шешім кабылдауды және орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін аймақгық пен жергілікті басқару органдарына тапсырса, мемлекет қызметкерлеріне сұраныс өсе түседі.



IV тарау. Еңбек ақы төлеу және еңбек мотивациясының қазіргі практикасы.
1.Жалақы мәні түрлері мен жүйесі

2. Еңбек ақыны төлеу маңызы, түрлері, оларды ұйымдастыру.

3. Еңбекақының жүйелері және нышандары.
1. Жалақы — еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезінде минимальды денгейдегі енбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы денгейдегі енбек акыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материадды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдык өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.

Жалақыны дифференциялау және оның принциптері. Еңбеқ ақы деңгейі халық шаруашылығы саласына карай өзіндік ерекшілігімен айкындалып, ол бес принципке негізделген.

Бірінші принцип — еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды кұрайды және оған еңбек акы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип, еңбек жағдайына карай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр: қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан калыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалакыны көп алуы кажет.

Үшінші принцип, еліміздің дамуын байкататын экономиканың ең кажетті салаларында баскаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.

Тортінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи -климаттык жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалык аймақтарда аудандык коэффициент белгіленіп, жалакыға қосымша түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффициент 1,15-ті құрайды. Демек, елімізде барлык садаларда жұмысістейтіндер жалакысына 15% қосымша косып алады.

Казакстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы кантардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласыңдағы жұмысшыларға еңбек акы төлеу туралы» каулысына сай, жалакыны есептегенде қолданып жүрген салалык. аудандык коэффициенттер размері сакталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймакта тұрагындарға коэффициенттер сакталады.

Бесінші принцип, жүмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.

Жалакыны үйымдастырудың негізп принциптері тарифтік жүйеде бейнелеңген. Еңбек сыипатынын сандык және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалакыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді.

Тарифтік-квалификациялык аныктамаға шаруашылық саласынын көптеген жүмыс түрлерінің синаттамасы мен тізімі кіреді. Жұмыстың барлык түрі күрделілігіне қарай разрядка бөлінеді және жұмыс аткарушының білімі мен орындау іскерлігіне талаптар көрсетіледі.

Тарифтік сетка кез келген саладағы маман еңбегінің біліктілігі мен біліксіздігінің арасын айкындауға кызмет етеді. Сетка белгілі сандык разрядтардан тұрады және оған сай келетін коэффициенттер болуы керек.

Тарифтік ставка жұмыскердің разрядка байланысты уақыт өлшемінде (сағат, күн) еңбек акы размерін айқындауға кызмет жасайды.

Тарифтік коэффициент әртүрлі разрядтың ставкасы қанша ретке өскендігін 1-ші разряд ставкасымен салыстыра көрсетеді.
2. Еңбекақы (жұмысақы) төлеудіңтмаңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.

Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теогриясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің тиімділігіне тәуелді.

Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегіадамдардың әл-ауқат деңгейінжоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуыкезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайында кең қолданамыз.

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді.Кәсіпорын қызметкерге еңбекақыны мемлекеттің бекітілген ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

-мерзімдік, үдемелі және ккесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланған уақыт үшін төлемдер;

-еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

-қызметкерлердің кесірінсіз тоқтап қалу үшін төлемдер;

-сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

-демалыс уақыттарына төлеу;

-мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

-кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

-жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.


3. Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.

Мерзімдік ақы төлеу кезінде өлшемі пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылғануақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкерлердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.

Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:

Е А = T C + П У, мұндағы:

ЕА – еңбекақы

TC – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлерлемесі

ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.
Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:
Е А = K B * Ө M, мұндағы:

ЕА – еңбекақы

KB- өнім бірлігінің кесімді бағаламасы

ӨM- дайындалған өнімнің мөлшері

Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:

-қолданылатын жабдықтың сипатына;

-технологиялық процестің ерекшелігіне;

-еңбекті және еңбек ресурстарын пайдалануға;

-өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Еңбекақының мерзімдік және кесімді нышаналары тәжрибеде әртүрлі жүйелер қолданылады.

Қазіргі кезле еңбекақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбекақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады. Мысалы: 7 сағат белгіленген жұмысты 6 сағат орындаса, 7 сағат үшін ақы алынады.

Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:

-тікелей-кесімді (өндірген өнімнің бірлігіне қарай төлейді);

-кесімді сыйақы (жақсы жұмыс үшін сыйлық беру);

-үдемелі кесімді (норманы орындағаны үшін);

-жанама кесімді (қосалқы және қызмет көрсеткендерге төленеді);

-аккордтық кесімді (жұмыстың барлық көлеміне төленетін ақыларды қамтамасыз етіледі).

Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметкерлерінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді.
V тарау. Тұрғындардың жұмысбастылығы мен жұмыссыздық .


  1. Жұмысбастылық теориялары

  2. Тұрғындардың жұмысбастылығы туралы түсінік (халықтың жұмыспен қамтылуы туралы түсінік

  3. Жұмыссыз және жұмыссыздық түсініктер

  4. Жұмыссыздықтың себептері мен түрлері


1.Тұрғындар жұмысбастылығының мәселесіне экономикалық ғылымның көптеген белгілі өкілдері көңіл бөлді, бірақ жұмысбастылық заңдылықтарын зерттеудің негізін классиктер қалады.

Экономикалық теорияның классикалық мектебінің негізін қалаушы ағылшын ғалым-экономисі Адам Смит (1723 – 1790) өзінің «Халықтар байлығының жаратылысы мен себептері туралы зерттеулер» (1776) деген негізгі еңбегінде мынадай тұжырымдама жасады: ел байлығы өндірістің материалдық өнімімен анықталады. Өндірілген материалдық өнімнің көлемі, өз ретінде, осы өдіріске қатысатын халық санына және еңбек өнімділігіне байланысты. Еңбек өнімділігін арттыруды еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын тереңдету арқылы жүзеге асыруға болады.

Адам Смит нарықтық өзін-өз реттеу туралы қағида тұжырымдады. Осы қағида бойынша бәсекелестіктің «көрінбейтін қолы», сұраныс пен ұсыныс экономиканың басым реттеу механизмі болып табылады. Осы процестерге мемлекет араласуының қажет жоқ. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс халық жұмысбастылығын теңестіреді, соның нәтижесінде толық жұмысбастылық қамтамасыз етіледі.

Классикалық мектебінің басқа белгілі өкілі ағылшын финансисі және ғалым-экономисі Давид Рикардо (1772 – 1823) болып табылады – «Салық салу және саяси экономикасының бастамасы».

Сэйдің пікірі бойынша сұраныс пен ұсыныс әр уақытта сәйкес болып тұрады, сондықтан елде тауарларды артығымен өндіру немесе олардың жетіспеуі мүмкін емес, ал еңбек нарығында еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысы әрдайым қанағаттандырылады, яғни нарық халықтың толық жұмысбастылығын және жұмыссыздықтың жоқ болуын қамтамасыз етеді.

К. Маркс (1818 – 1883) ірі философ, политэконом, коммунизм теоретигі. Оның экономикалық теориясында еңбек туралы ілім негізгі орын алады, ал оның негізгі қорытындысы – қосынды құн туралы ілім. Соның негізінде К. Маркс жұмысшы классты қанап пайдалану теориясын әрі қарай дамытты. К Маркс өзінің «Капитал» деген негізгі еңбегіндегі капитализм барысында халық орналастыру заңдылығының тұжырымдамасында осылай деген: жұмыс істейтін халық капиталды көбейткен сайын өндірілген заттардың саны көбейе береді, соның салдарынан басы артық тұрғын халық пайда болады, яғни жұмыссыздар. Жұмыссыздық капиталистік нарықтық шаруашылықтың айрылмас (болмай қалмайтын) серігі болып табылады.

Ағылшын ғалымы Джон Мейнард Кейнс нарықтық экономиканы реттеуге мемлекетің қатысуы қажеттілігін дәлелдеп берді. «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы» еңбегінде Кейнс былай деген, нарық жетілген өзін-өзі реттейтін механизм бола алмайды, ол нәтижелі сұранысты қамтамасыз ете алмайды, Сондықтан тиісті несие-ақша және бюджеттік саясатының көмегімен сатып алу қабілеті бар сұранысты ынталандыруға мемлекетің араласуы қажет. Нәтижелі сұраныс бір жағынан жеке бас тұтынудың деңгейімен, екінші жағынан өндірістік тұтынудың шамасымен анықталады. Сұранысты арттыру үшін біріншіден несие процентін төмендету керек, соның нәтижесінде инвестиция салу көбейе түседі (кредиттік механизм), екіншіден инвестицияға мемлекеттік шығындарын көбейту және мемлекеттік сатып алуды көбейту (бюджеттік механизм), ал соның нәтижесінде тұрғындардың жұмысбастылығы ұлғаяды және жұмыссыздық төмендейді.

2. Халықтың жұмысбастылығы маңызды әлеуметтік-экономикалық категория болып табылады.

Экономистердің көзқарасынан халықтың жұмысбастылық деген әлеуметтік-экономикалық категорияны адамдарда жұмыс орны немесе заңды негізіндегі табысты (пайдалылық) қызметі барымен сипатталатын экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің жағдайы ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда, жұмысбастылық – бұл табыс, еңбектік кіріс келтіретін, адамдардың қоғамдық қажетті жұмыспен қамтылуы.

Жұмысбастылық мынадай түрлеріне бөлінеді: нәтижелі (өнімді), әлеуметтік-қажетті, толық, ұтымды, тиімді, жасырын жұмысбастылық және т.б. Жұмысбастылықтың мынадай нысандары бар: жарым-жартылай, уақытша, икемді жұмысбастылық және т.б.

Нәтижелі (өнімді) жұмысбастылық – бұл қоғамдық өндірістегі тұрғындар жұмысбастылығы. Халықаралық еңбек ұйымның жұмысбастылықты есепке алу методологиясына сәйкес анықталған экономикалық белсенді халықтың белгілі бір бөлігінің жұмыс істейтіндер санымен сипатталады.

Толық жұмысбастылық – бұл барлық жұмыс істегісі келетіндердің еңбек ақы төленетін жұмысы бар деген қоғамның белгілі бір жағдайы.

Ұтымды жұмысбастылық –нәтижелі (өнімді) жұмысбастылық шамасы мен әлеуметтік-қажетті жұмысбастылық шамасының қатынасы.

Тиімді жұмысбастылық (теоретикалық түсінік) – бұл жұмыс уақытын тиімді пайдалану және ең жоғары экономикалық нәтижеге жету.

Жасырын жұмысбастылық – бұл салық төлемейтін, ресми органдарымен есепке алынбаған және тіркелінбеген шаруашылықтарда жұмыс істейтін адамдар.

Жарым-жартылай жұмысбастылық – апталық еңбек жүктеме көлемінің қысқаруымен сипатталатын жұмысбастылық нысаны.

Уақытша жұмысбастылық – бұл еңбек шартымен шектелген уақыт бойы өндірісте немесе қызмет көрсету аясында жұмыс істейтін адамдардың жұмысбастылығы.

Икемді жұмысбастылық – бұл жалдап алу мен еңбектің стандартты емес жағдайлары бар жұмысқа орналастыру. Оның мынадай жағдайлары бар:

Жұмыс уақытының стандартты емес тәртібі (толық емес жұмыс уақыты, қысқартылған жұмыс аптасы, маусымды жұмыс);

Жұмыскерлерді жалдап алудың стандартты емес ұйымдастырушылық нысаны;

Стандартты емес жұмыс істеу тәсілдері және жұмыс орындары;




3. Жұмыссыз қалу қаупі – әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Аадамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.

Кез келген жұмыссыздыктың болуы — коғам үшін ең ауыр экономикалык және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегеңде, ол тек жұмыстан айырылып қана коймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық закым ретінде бағалап, тек ең жакын туысқаны кайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде каралады.



Жұмыссыз – жұмыс іздеп және жұмыс істей алатын, бірақ қазіргі кездегі еңбек жағдайы мен жалақы деңгейінде жұмысы жоқ адам.

Жұмыссыздық — еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.

Жұмыссыздық — бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен камтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалык прогрестің салдары болуы мүмкін.

Жұмыссыздық - экономикада экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын кездегі болатын құбылыс.

Күдер үзген қызметкер эффекті - жұмыссыздар жұмыс табу үмітін үзіп, оны іздеуді тоқтатып жұмыс қатарынан шығу нәтижесінен жұмыс күшінде пайда болатын өзгерістер.

Қосымша қызметкер эффекті — жанұяда басты асыраушы жұмыстан айырылғанда жанұяның басқа мүшелері жұмыс күші қатарына кіру нәтижесінде жұмыс күшіндегі өзгерістер.

Еңбек рыногы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2006 жылғы тамыздың соңына жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 96,3 мың адамды құрады. Ал олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі – 1,2%. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 9 облыста асып түскен. Жұмыссыздардың қомақты үлесі Павлодар (2,4%), Ақмола (1,7%) облыстарына, ең аз үлесі Астана қаласына (0,7%) келеді. Алматы қаласында бұл көрсеткіш 0,8% құрады.

2006 жылдың тамыздағы жұмыссыздар ретінде тіркелген және жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны*




Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтардыњ саны, есепті айдыњ соңында, адам

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындаѓы тіркелген жұмыссыздардың үлесі, %-бен

Жұмысқа орналастырылғандар

барлығы, адам

тілек білдіргендердің жалпы санына %--бен

Қазақстан Республикасы

96299

1,2

16289

84,2

Ақмола

7149

1,7

850

83,0

Ақтөбе

3925

1,0

776

82,2

Алматы

6455

0,8

1512

104,6

Атырау

3569

1,5

1066

100,9

Шығыс Қазақстан

11192

1,5

1298

80,5

Жамбыл

5267

1,0

738

94,1

Батыс Қазақстан

4465

1,4

1042

74,4

Қарағанды

6425

0,9

3212

95,0

Қостанай

7413

1,3

986

89,5

Қызылорда

4580

1,5

616

77,3

Маңғыстау

2650

1,4

258

50,1

Павлодар

9743

2,4

943

65,0

Солтүстік Қазақстан

5264

1,3

800

92,4

Оңтүстік Қазақстан

11216

1,1

1195

94,8

Астана қ.

2126

0,7

333

35,5

Алматы қ.

4860

0,8

664

86,8

*) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша.

4. Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді.

Қазіргі мальтузиандықтардың пікірі бойынша жұмыссыздықтың себебі – тұрғындардың тым артып кетуі, яғни халықтың өсуі. Сондықтан жұмыстағы тұрақтылықты тууды шектеу саясатымен ұстауды ұсынады.

Еркін кәсіпкерлік мектебінің (Классикалық) теориясы бойынша жұмыссыздық өте жоғары жалақы әсерінен туындап отыр. Сұраныстан ұсыныстың көбеюі - жұмыссыздықтың себебі. Сондықтан жалақының азаюы жұмыссыздықтың азаюына әкеледі.

Кейнстік теория бойынша жұмыссыздық еңбекке сұраныстың жеткіліксіздігінен (жетіспегендігінен) туындайды. Жұмыссыздықтан құтылу жолдары: мемлекеттік шығындарды көбейту, салықтарды азайту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру. Егер мемлекет Д. Кейнс бағдарламасын қабылдаса, онда жұмыссыздық жоғарыда көрсетілген өндістер арқылы азаяды, қоғамда тұтынушылық сұраныс көбейеді, демек, баға өседі. Баға деңгейінің көтерілуі инфляцияны өсіреді. Одан кейін, төлем қабілеті сұранысын шектеуге әкеліп соғатын инфляциямен күрес жүргізіледі, ал бұл өндіріс көлемін төмендетіп, ең соңында жұмыссыздыққа әкеліп соғады.

Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарык жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдык саясаты болуы мүмкін.

Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:



1. Жасырын жұмыссыздык — өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі уақытта олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

Жасырын жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық қазіргі мезетте (дәл осы кезде) экономикалық белсенді халық санына кірмейтін, бірақ оған ұсынылған жұмыс қолайлы болса жұмыс күші қатарына қосылуды тілейтін адамдардан тұрады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

Фрикциондық жұмыссыздық - бұл жұмыссыздык қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқан кезде пайда болады, жұмыссыздық қыска уақытқа созылумен сипатталынады.

3. Маусымды жұмыссыздық — жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.

Маусымды жұмыссыздық - кейбір салаларда жыл ішінде экономикалық белсенділік деңгейінің өзгеруіне байланысты болатын жұмыссыздық.

4. Құрылымды жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болу жағдайында пайда болады; бұл жағдайда қызметкердің біліктілігі мен мамандығы жұмыс орын талап ететін біліктілік пен мамандылыққа сәйкес келмейді.

5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті езгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

6. Циклді жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалык циклдын осы фазасымен байланысты.

Циклді жұмыссыздық – тұтас (жиынтық) сұраныстың тапшы кезінде пайда болатын жүмыссыздық.

Амалсыз жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық берілген жалақы деңгейінде қызметкердің жұмыс істей алатын және істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмайтын жағдайында пайда болады.

Ерікті (өз бетімен) жұмыссыздық - қызметкер жұмыс табар еді, бірақ ол жалақысы жоғары және ойындағы жұмысты іздеуді қалап, оның жұмыс істемеуінен туындаған жұмыссыздық. Классикалық жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық еңбек рыногында жалакы тепе-теңдік деңгейінен жоғары болғанда пайда болады.

Өнеркәсібі дамыған еддердегі жұмыссыздыктың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі зкономикалык статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздыктың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысынын өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер барлык жұмыссыздыктың негізінен екі топқа жіктеп карайды. Жұмыссыздықтың бірінші — «жиынтық сүранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жаткызады, алдыменен циклдык жұмыссыздыкты айтамыз. Жұмыссыздыктың екінші тобына - «жиынтык сүраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, күрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.



Бұрышты шешім - ұсынылған жалақы резервтік жалакыдан төмен болуынан пайда болған адамның "жұмыс істемеймін" деген шешімі.
VІ тарау. Әлеуметтік қорғаудың мәселелері.


  1. Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдік

  2. Күн көру деңгейі

  3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру


1. Әлеуметтік корғау және әлеуметтік кепілдік. Нарыктык экономика кезінде адамдар өмір сүру деңгейі бойынша жіктеледі: белгілі бір топтың баюы мен кейбір топтардың кедейленуі, аз қамтылған (зейнеткер, мүгедектер және балалар) топтар. Сондықтан әлеуметтік қорғау механизм (Германияда ондай механизм алғашкы рет 1883 жылы күрылған) қажет.

Нарықтык экономикаға көшу кезінде әлеуметтік корғау жүйесіндегі басты мәні – әлеуметтік кепілдікті бекіту. Осы кепілдіктер өмір тұрақсыздығы факторына қарсы эсер етуі қажет. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналарды жатқызамыз: минимальды жалакы, зейнет акы, стипендия, жәрдем ақы оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және акысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланысты жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздыктан әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алуға кұкылығы, жеке меншікке құқы және одан табыс табу.



Трансферттік толемдер зейнет ақы, стипендия, білім мен денсаулык сактау саласындағы тегін қызмет көрсетулер жатады.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу:



  1. Жұмысқа орналастыру және кәсіби даярлық пен қайта даярлықтан өтуге көмектесу (еңбек биржасы)

  2. Үйлесімді еңбек нарығын жасауға ынталандыру ("еңбек флексибилизациясы"), еңбек қатынастарын қүқықтық қамтамасыз ету

  3. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау принциптері:

  1. Тиімді жұмыс істеу, кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін қамтамасыз ету

  2. Кіріс жасаудың тиімді жүйесін үйымдастыру

  3. Кірістегі және жеке тұтынудағы дифференциация процесін макроэкономикалық реттеу

  4. Ең төменгі өмір сүру деңгейінің нақты көрсеткішін анықтау және оны жүйелі түрде индексациялау

  5. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету



2. Әлеуметтік қорғаудың басты бағыты кедейленген топтарға көмек көрсету. Кедейлік әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы аркылы өлшенеді.

Күн көру деңгейі дегеніміз не және ол калай өлшенеді? Өмір сүру минимумы дегеніміз адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіру үшін көмек көрсетудегі қажетті акшалай қаржы деңгейі. Қоғам дамуы жағдайындағы күн көру деңгейі өмір деңгейінің қоғамға кажетті төменгі шекерасын анықтайды. Ғалым -экономистер күн көру деңгейін екі тәсілмен аныктауға талпынды. Бірінші тәсіл минималды тұтыну бюджетіне негізделген. Ол отбасы табысынын балансы мен шығындарынан (отбасы бюджеті) тұрады. Мұнда адамның негізгі физиологиялық және әлеуметтік мәдени қажеттіліктері канағаттандырлады. Бұл бір адамға немесе бір жұмыскерге есептегенде ақшалай бағалау әрекеті. Жұмыс күшін үдайы өндіруді камтамасыз ететін тауар мен қызмет көрсетудын саңдык құрамына кеткен шығындарды минималды тутыну бюджеті дейміз. Минималды тұтыну бюджеті мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып, кем дегенде жылына немесе кварталына бір рет каралып отырады. Минималды тұтыну бюджеті мөлшерінің құны мен құрылымы арнайы басылымдарда үнемі шығып тұрады.

Кун көру деңгейін анықтаудың екінші тәсілінде кедей отбасы өз табысынын 1/3 бөлігін тамак өнімдеріне жүмсайтыны ескеріледі.
2006 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8736 теңгені құрады

теңге


 

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы

соның ішінде

Орта есеппен жан басына шаққанда-ғы шамамен ара салмағы, пайызбен

Өзгеруі пайызбен

азық-түлік тауарлары

азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер

 

өткен айға



2005 жылғы желтоқсанға

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

8736

5242

3494

100,0

98,0

114,9

Әлеуметтік-демографиялық

топтар:


 

 

 

 

 

 

балалар, 13 жасқа дейінгі

7532

4519

3013

86,2

97,3

123,7

жасөспірімдер, 14-17 жастағы

 

 

 

 

 

 

жігіттер

10881

6529

4352

124,6

98,2

113,2

қыздар

8337

5002

3335

95,4

98,2

113,4

еңбекке қабілетті халық,

18 жастан жоғары:



 

 

 

 

 

 

ерлер

10314

6188

4126

118,1

98,1

113,9

әйелдер

8183

4910

3273

93,7

98,1

113,8

зейнеткерлер мен қарт адамдар

8075

4845

3230

92,4

98,2

113,7

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау