Барлығы – 90 сағат



жүктеу 0,53 Mb.
бет3/10
Дата27.12.2019
өлшемі0,53 Mb.
#25077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



  1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі) – 1 дәріс Тақырыбы:

3 дәріс. Тақырыбы: Қазақстанда аймақтық басқару
1 сұрақ.. Әлеуметтік экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлі

Мемлекеттің дамуы барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынындай көптеген жағдайлар әсер етеді:

-Өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рөл атқаруы;

-Аймақтардың өзара байланыстары едәуір ұлғаюы;

-Еңбек ресурстары жылжымалылығының күшейе түсуі;

-Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;

-Территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.

Егеменді мемлекеттің аймақтың саясатынын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылқ іскерлігі есептеледі.

Аймақьық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі аймақтық басқару объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі (ұлттық-мемелекеттік деңгей, т.б.), екіншісі – оның субъектісі,яғни аймақтық басқару жұйесі.оған өзін-өзін басқару ұйымдары кіреді.

2 сұрақ. Аймақтық басқарудың ерекшеліктері.

Републикалық өзін -өзін басқару тұжырымдамасына төмендегідей жағдайларды енгізілу қажет:



  • территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және басымдықтар;

  • өзін -өзі басқарудың субъектілер жиынтығы,олардың функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;

  • өзін -өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндіріс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;

  • экономикалық кешеннің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер

  • мемлекеттік басқару мен территориялық өзін -өзі басқару мәселелері үйлесімді болуы қажет.

Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының,облыстарының даму деңгейімен сипатталады.

Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі,аумақты,өз ерекшелігі мол әкімдік- шаруашылық кешен.

Қазақстанда оңтайлы құбылыстың бірі – аймақтық басқаруға бет бұрыс жасалуы.Мыс:үкіметтің 1996-1998 жылдары қабылданған бағдарламасында аймақтық басқарудағы негізгі бағыттары белгіленген. Нақтылы айтқанда онда қабылданған қағидалар төмендегідей:


  • негізінде экономиканы басқаруды аймақтық деңгейге ауыстыру;

  • аймақтық деңгейде орталықтандырылған және орталықсыздандырылған сәйкестікті ұқыпты іске асыру, орталық үкіметтің көптеген өкілеттігін жергілікті оргындарға өткізу;

  • аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімдікке кеңейтілген өкілеттік беру.


3 тақырып Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы
1 сұрақ Бағдарламаның мақсаты
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.

Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру(персонификация)негізінде жүргізілуі тиіс.

Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:


  • көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокті жолмен тездетіп қалыптасуы,мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;

  • тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;

  • бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;

  • шағын және орта бизнестің дамуы;

  • ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару(реализация);

  • шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;

  • бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.

2 сұрақ Жекешелендірудің негізгі бағыттары

Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешелінген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр топтарының айрықшаландыруымен байланысты іске асырылады.

Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:


  • объектінің халық шаруашылық мағынасы;

  • салаға қатыстылығы;

  • қызметкерлер саны;

  • негізгі қорлардың құны.

Ол бағыттар келесідей:

  • жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүліктік кешендерді жекешелендіру;

  • орта кәсіпорындардың бірақ жекешелендірілуі;

  • кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда,коммуналдық шаруашылық,тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.

Жеке жобалардың өтуі(реализация)келесі әдістермен орындалады:

  • қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;

  • аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;

  • басқаруда келісім-шарт жасау;

  • акциялардың ашық сатылуы.

Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде,объектілерді таңдау және олардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;

Екінші кезеңде,объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;

Үшінші кезеңде объектінің сатылуы.

Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:

- сатушы,мемлекеттік орган,жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.

V. Экономиканы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру.

Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару мен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болады. Олардың қатары төмендегідей:



  • қоғамның дағдарыс жағдайынын шығуын, қолда бар өндірістік, экономикалық және интеллектуалдық әлеуеттің тиімді пайдалануы қамтамасыз етпейді;

  • нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғарғы өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені жетілдіруді мүмкін етпеді;

  • басқару органдарының әдістері мен нысандары (формалары) ескіше болды. Мекмлекеттік басқару мен тікелей шаруашылықты жүргізу қағидалары ұштасып жатты;

  • салалық басқару органдарына (министрліктер мен мекемелер) қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу орын алды;

  • елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық шешімдерге жауапкершіліктік орын алмауы табылды;

  • келісімсіз әрекет жасау, қызметті қайталау атқарушы органдарда кең етек алды.

Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың объективтілігі қажеттілігін тудырады.

Республикада «Қазақ КСР-інде мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру және Конституцияға толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданып (20.11.1990) аталған заңға сәйкес басқару құрылымын қайта ұйымдастырудың төмендегідей қағидалары анықталды:



  • заң шығаушы, атқарушы және сот билік тармақтарын жіктеу;

  • мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарын қалыптастырудағы республиканың дербестігі;

  • жергілікті және республикалық органдар қызметі мен өкілеттілігін нақты шектеу, жергілікті биліктің экономикалық негізін күшейту мақсатында оларға өкілеттілікті барынша беру;

  • экономиканы мемлекеттік басқару мен тікелей шаруашылықты жүргізу қызметтерін жіктеу;

  • кәсіпкерлік тәуелсіздігі, шаруашылық әрекетті орталықсыздандыру, экономикалық дербестікті жетілдіру.

1990 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік басқару органдарын қайта құру», 1992 жылдың 7 ақпанында «Қазақстан Республикасының экономикалық реформалары жағдайында мемлекеттік басқару органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жайында» Президент Жарлықтары жарық көрді.

Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығына сәйкес жүргізіледі.




.4 тақырып Инфрақұрылымының қалыптасуы және дамуы.
1- сұрақ. Инфрақұрылымның элементтері және оның басты функциялары.
Инфрақұрылым- бұл кез келген біртұтас экономикалық жүйенің қажетті құрамдас бөлісі.

Қазіргі рыноктық экономикада осындай формалар (бизнес инфрақұрылымның элементтері) мыналар.

-несиелік жүйе және коммерциялық банктер;

-эмиссиялық жүйе және эмиссиялық банктер;

-тауарлық, шикізаттық,, фондық және валюта биржаларында ұйымдық жасалған делдалддықҒ

- халықты жұмыспен қамту реттеу жүйесі;

- Ақпараттық технологиялар мен іскерлік коммуникацмя құралдары;

- Салық жүйесі мен салық инспекциясы;

- кедендік жүйе;

- Орта және жоғары экономикалық білім жүйесі;

- Аудиторлық компаниялар;

- Комерциялық көтерме кешендері;

Инфрақұрлым бірқатар маңызды функциялар атқарады:


  • іскерлік қатнастардың ұйымдық құжаттары;

  • іскерлік қатнастардың қатысушыларына өз мақсаттарының іске асырылуына жеңілдік жасау;

  • әртүрлі экономикалық субъектілердің мамандануы, олардың жұмысының жылдамдығын және тиімділігін жоғарлату;

  • бақылаудың заңдық және экономикалық түрлерін жеңілдету.


2 сұрақ. Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша толық құқықты нарықтың құрылуы – соған сәйкес инфрақұрлым қалыптасуын жүзеге асырады.

Тауарлық биржа нарықтық инфрақұрлымның ең маңызды буындарының бірі ол бір тұтыну нарығының тауарлармен қанықтыру процесінің өзгеше бейнесі болып табылады.

Биржалық келісім – биржамен тіркелген биржалық сауда барысындағы келісім шарт , биржалық сауда қатысушыларымен бекітіледі.

Тауарлық биржалардың мемлекеттік реттеу қызметін республикалық комиссия орындайды. Осы комиссия туралы ҚР Министрлер Кабинетінде бекітілген Республикалық комиссияның негізгі функциялары келесідей.



  • биржалық лицензияларды беру;

  • тауарлық биржалардың тізімін жүргізу;

  • биржалар туралы заңдардың жүргізілуін бақылау;

  • биржалық сауданың типтік ережелерін бекіту және т.б.

Инфрақұрлым жергілікті органдармен мелекеттік келісім жүйелерінің қатысуымен нарықтың әртүрлі субъектілерден құралады.
Тақырыбы: Экономиканы басқару әдістері

1 сұрақ


Өндірісті басқару процесінде ерекше рөл атқаратын ол әдістер жүйесі.Олар арқылы нарық экономикасының мүдделерімен республиканың әлеуметтік экономикалық дамуы іске асады.Нарықтық экономикаға өту дегеніміз - өндрісті басқару әдістерінің мазмұнымен сипаттамасының түбегейлі өзгеруі.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық құрылысының өзіне тән экономикалық тетігі нақты нысанды шаруашылық қатынастары бар.олардың негізінде еліміздің саясаттық және экономикалық егемендігі жатыр.

Басқарудың экономикалық әдістерінің негізігі мақсаты – кәсіп орынның ұжымымен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.Экономикалық әдістердің бірнеше тобын көрсетуге болады .Олар :


  • шаруашылық тетік және оның құрылымы ;

  • републиканың әлеуметтік- экономикалық дамуындағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;

  • мемлекеттік реттеудің әдістері

  • фирмаішілік жоспарлау жүйесі, т.б

2 сұрақ

Индикативтік жоспарлау

Қазақстан Републикасының жаңа Конституциясында (1995 ж.тамыз ) үкімет мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады деп жазылған .Сол ұйымдастырудың негізгі тетіктерінің бірі жоспарлау болып табылады.Жоспарлаудың үш деңгейі бар.Мемлекеттік жоспарлау(макродеңгей ),салалық жоспарлау және кәсіпорындар деңгейіндегі жоспарлау(микродеңгей).Осы деңгейлердің ішінде ең қажеттісі, шешуші рөл атқаратын –ол өндірістік жоспарлар.

Жалпы алғанда индикативтік жоспарлаудың мәні және оның атқаратын қызметі- келісімдік процедураларын үйлестіру, бірін –бірімен сәйкестендіру.

Ол мынадай процестерді қамтиды:



  • макро жоспарлау

  • аймақтық жоспарлау

  • микро жоспарлау,яғни кәсіпорындардың жоспарлары

  • мезожоспарлау,яғни халық шаруашылығының салаларын ,өндірістік аймақтық кешендерді жоспарлау

Индикативтік жоспарлау дегеніміз ол экономиканы мемлекеттік бағдарлаудың өте қажетті элементі.Мемлекет –экономикалық өмірдің бас дирижері деп түсіну орынды.

Тақырыбы: Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.

  1. Қазақстандағы инвестицияларды басқару ерекшеліктері.

  2. Инвестицияларды мемлекетік басқару жүйесі.

  3. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау

  4. Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары

  5. Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары

1-сұрақ. Жаңа экономмикалық қатнастар негізінде нарықтық экономикаға көшіу скапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасызх етілуі керек.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тирихи тәжірбиесін , сондай ақ әлеуметтік – экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды.

Соңғы кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшеліктері аралық өнімге бағдарлануы керек. Инвестицияның негізгі бөлішгі өндірістік салаға бағытталады. Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады, яғни өндіріс құралын өндіруге бағытталады.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді. , ал инвестициялық экономмкалық механизм жоғары нәтежиелерге жетуге жұмсалмады.

2 сұрақ Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі

Республиканың әлеуметтік- экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себебші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай- ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қалыптастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:



  1. Жоспарлау;

  2. Бағдарламалау;

  3. Бюджетті дайындау;

  4. Орындау.

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институтционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдароамалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пн тиімді орындалуын қамтамассыз ету қажет.
3 сұрақ Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау

Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдану туралы» Заң (28 ақпан 1997 ж.) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:


  • инвестициялық қызметті қамтамассыз етудің заң щығарушы кепілдері;

  • жеңілдіктер мен артықшүылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

  • Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, біріңғай мемлекеттік органның болуы.

Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет.

  • жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;

  • жоғарғы сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуг ішкі нарықтың қанығуы;

  • отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

  • экспортқа бейімдеоген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

  • ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

  • Менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;

  • Жаңа жұмыс орындарын құру;

  • Жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

  • өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

  • қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

4 сұрақ. Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шетелдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу. Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес жаңа әлемдік ғылыми техникалық жетістіктер технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет. Аталған қағидалар инвестицияға тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тару ел экономикасын жалпы алғанда өтпелі кезең реформалауды басты сәт болып табылады, әсіресе ол халықшаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.

Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің қуатты әлеуметінің болуымен оларды ең алдымен дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына экспорттау мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясының басымдықтарынң бірі – көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Сонымен қатар адам ресурыстарына капитал салу, Қазақстан тұрғын халқының білім алу деңгейінің жетіктігі арқашан оның интелектуалдық айрықша белгісі болып табылады.


5 сұрақ. Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары
Шетелдік инвестицияларды тартудың тарту арналары нысандары бар шетел капиталы 3 арна бойынша түседі: экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық; дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық; инвестициялар: тікелей және портфелдік.

Дамытуға ресми көмек мемлекетке үкімет аралық деңгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әртүрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барсында қолданатын жабдық кіреді.

Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа нысандары бар.Ең алдымен жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңа орын салу. Шетел инвестицияларын тарту басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялық қарыздар мен несиелер бола алады.

9 Тақырыбы. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйіткені, нарықтық экономиканың өзі кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. ҚР конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бірімізге мәлім өндірістің негізгі табиғи, еңбек өндірістік ресурстар болыр табылады.

Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісне оңай бейімделеді. Кәсіпкерлік мәселері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық халықаралық конференциясының леитмотиві – «кәсіпкерлеур жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды.




10 Тақырыбы : Шағын кәсіпорындардың дамуын басқару
1 сұрақ. Шағын бизнестің мазмұнымен және ерекшеліктері

Экономиканы тұрақты болуы жане оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштердің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады.Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

-Кәіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет.Ол – шаруашылық қызыметінің бағытын таңдау,өндірістік сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау ,өнімдерді тасымалдау ,өнімге баға белгілеу,табысты өз мұқтажына жұмсау;

-кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге,одан тундайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді.Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса,ол кәсіпкерліктіңде болмағаны;

-кәсіпкерлік қызыметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұсауы,экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты.Яғникәсіпкерлік даму үшін оның құқықтық базасаы,әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек .

Кәсіпкерлік –қызыметтің ерекше бір түрі ғана емес.Бұл тағыда бір белгілі стиль және тәртіптің типі,жинақтап айтсақ:үлкен бастама,дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру,тәуекелге бару,іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.

Кәсіпкерлік ұйымдардың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік.Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс қимыл жасайды.Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма.

Қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім қажет.Кей кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірбиесі жоқ болады және керсінше жағдайда болуы мүмкін.



2 сұрақ.Қазақстандағы шағын бизнестің қалыптасуымен дамуы

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі- шағын кәсіпкерлікті дамыту.Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді,тұтынушыдардын сұранысына жедел әрекет етеді.

Републикамыздағы шағын бизнестің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСРіндегі шаруашылық қызымет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы » туралы заңның қабылдануы жол ашты.Бұл заң азаматтармен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызыметініңеркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық,экономикалық ,әлеуметтік шаралармен кепілдіктерді анықтап берді.

Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар ,күрделі іс болып саналады.Бұл арада халықпен тығыз байланыс жасамай ,оның қолдануына сүйенбей ілгері басу мүмкін емес.Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық база жасау және оған мемлееттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен серпін береді.


11 тақырыбы: Адам ресурстарын басқару

1. Адам ресурстарын басқарудың атқаратын қызметтері


Адам ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан,оның шешуші қызметі болып табылады.Әрине,бұл Қазақстанға да қатысты мәселе.Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн.

Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді.Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» 200-ге жуық жоғары оқу орнында оқылады.Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар.Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес,адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.

Қолданылатын ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі:


  • натуралды немесе табиғи(жел,т.б.);

  • материалды(капитал);

  • адам ресурстары(еңбек).

Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады.Адам

ресурстарын басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен қатар,жалпы басқарудың бір құраушысы болып табылады.Алайда өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленеді де,басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді.Басқару процесінде адам ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн.

Адам ресурстарын тиімді жоспарлау бірқатар мақсаттарға қол жеткізуге орай ұйымның нәтижесіне келесідей ықпал етеді.

Біріншіден,мамандарды пайдалануды оңтайландыру,жан-жақты,терең жоспарлау,қызметкерлердің жасырын,қолданылмай қалған әлеуметін айқындап пайдалануға мүмкіндік береді.Бұған міндеттемелерді ұлғайту,қызметкерлерді басқа жұмыс орындарына ауыстыру және өндірістік процестерді қайта ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады.

Екіншіден,жұмысқа қабылдау процесін жетілдіру.Бұл кандидаттарды жоспарлы негізде іздестіріп,таңдауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден,кәсіптік оқуды ұйымдастыру.Адам ресурстары бойынша жасалатын жоспар компаниядағы кәсіптік оқытуды жоспарлау мен өткізуге негіз болып келеді.

Төртіншіден,мамандарды басқарудың басқа бағдарламалардың дамыту үшін негіз жасау.

Бесіншіден,еңбек нарығындағы алдын ала жан-жақты ойластырылған,белсенді саясат есебінен жұмысшы күшіне жұмсалатын жалпы шығындарды азайту.

2. Мансап дегеніміз-адамның еңбек өміріндегі қызметі мен еңбек тәжірибесімен байланысты іс-әрекеті және жеке саналы позиция.Мансаптың 2 түрі бар:кәсіптік және ұйымішілік.

Өндіріс нәтижелерін анықтауда 2 басты мәселе туындайды:



  • басқару объектісі ретіндегі өндіріс жұмысының тиімділігін қандай көрсеткіштер бойынша бағалау қажеттігі;

  • басқару бойынша өндіріс нәтижелерін еңбеккерлер арасында бөлу.

12.Тақырыбы: Сыртқы экономикалық қатнастардың қалыптасуын бақылау

1. Қазақстанда сыртқы экономикалық қағидалары мен бағыттары

Өтпелі кезеңде реттеулі нарықтық экономикаға айтарлықтай әсер ететін факторлардың бірі-республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту.Ол байланыстарды кеңіту үшін серіктестердің өзара ынталарын кепілдендіретін, шетел фирмаларының меншігін сақтайтын, валюталық операцияларды реттейтін, бірлескен кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ететін заңдар қабылдануы талап етіледі.

Осы талапқа байланысты біздің Республикамызда Президенттің “Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қайта құру мезгілінде Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы”Жарлығы шықты(25 қаңтар 1992ж.)

Сыртқы экономикалық қатынастарды басқарудағы күрделі әдістердің бірі- Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту бағдарламасы. Бұл бағдарлама келесі жағдайларды қамтиды:

-біздің елімізге шетел бизнесмендерінің келуіне байланысты барлық әкімшілік процедураларды оңайлату;

- cалықтық жеңілдіктерді енгізу(салық демалыстары, жеңілдетілген мөлшерлемелер, жеңілдетілген кедендік баждар,т.б.);

- тапсырыс, демеу қаржы, субсидия сияқты нысандарды пайдалану;

- шетке шығаратын капиталға үкіметтік кепілдікті күшейту;

- тікелей инвестициялармен шұғылданатын арнайы мемлекеттік мекеме құру.

Басқару барысында Қазақстан экономикасын әлемдік шаруашылық байланыстарына тарту мынандай қағидаларға негізделеді:

- сыртқы экономикалық қызметті іске асыру республиканың дербестігіне байланысты және ақша-қаражат, валюта жүйелері бірлігін сақтауы;

- мемлекеттік реттеу-экономикалық тұтқалар негізінде (кедендік баждар, субсидиялар, салықтар, пайыздық мөлшерлемелер, лицензиялау және т.б.).



Сыртқы экономикалық саясатты басқару

Қазақстан экспортының шикізаттық бағытын азайту (жеңу), экспорттың тұрақты өсуін тек әлемдік тауар рыноктары конъюктурасының ыңғайлығы ғана қамтамасыз етеді.



6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.



Тақырыптар

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Қазақстан экономикасын басқарудың методологиялық негіздері


Конспектіні талдау

1

6,7,8,9,10(бет.43 – 65), 15(бет.280 – 283-талдау методикасы),16/а.(бет.104-108-ситуации), 18,19: (бет. 10 – 11,14),21,22, 22а (бет.252 -323).- негізгі әдебиеттер

2

Қазақстан экономикасын басқарудың методологиялық негіздері

Эссе қорғау:





2

6, 7, 8(бет.87 -110), 9(бет.140 -145), 10 (б.43 – 65), 11, 12, 15 (бет.134 -154), 16(бет.132 -225), 17, 18,19: (бет. 10 – 18) 19(бет.161 -188); 22, 22а (бет.209 -351),23/а. (б. 87 -88), б.– негізгі әдебиеттер

3.

Қазақстанда аймақтық басқару


бақылау жұмысы


3

1, 2, 9, 13, 15,16, 19:(бет. 7 – 39); 22, 23, 24, 25 – негізгі әдебиет

4.

Нарықтық экономикада мемлекеттік басқару жүйесінің бағыттарын таңдаудың әлемдік тәжірбиесі


презентация





4

8,9,10,13, 15, 16, 18,19: (бет. 61- 68) 22, 22а. (бет.404-414)- негізгі әдебиет

5.

Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасының басқару шараларының жүйесі

кейсті талдау





5

15(бет.309 -313) – негізгі әдебиет

6

1-4 тақырыптар

бақылау жұмысы

6

8 (бет.69 -81), 19(бет.52-68), 15(бет.44- 57, 237 – 246), 16(бет.22-36), 19(бет.52-68), 18,22, 22а (бет.51 -96,110 -118) 22а (бет.399-414) 6,7, 8, 9,10


7

Тақырыптар 1 – 7


коллоквиум


7

8 (б. 90 – 102), 15 (бет.44- 57, 74 -78, 139- 147),15(бет.237 – 246), 16(бет.22-36); 19:(бет. 7 – 39,52-68, 81 – 90), 18, 22; 1, 2, 9, 13, 15,16, 22, 23, 24, 25 – негізгі әдебиет

8.

Инфрақұрлымның қалыптасуы және дамуы


Конспектіні талдау


8

Әдебиеттер:15(бет.302 -309, 330-333) 2,3,4,5,6,7,10,11,12,13,14,16,17,20,21,23,

23а. (с.41 -52)24,25 ––негізгі әдебиеттер



9

Жекешелендірудің шетелдік тәжірбиесі

эссе қорғау


9

,7, 8(бет.87 -110), 9 (бет.140 -145),10(б.43 -110,312 -407), 11,12,13,14,15 (бет.134 -154), 16(бет.132 -225), 17,18,19(бет.161 -188),20,22, 22а (б.209 -351), 23,24,25 –– негізгі әдебиеттер


10

Тақырыптар 8- 10:.


Бақылау жұмысы

10

8(б.102-109,113-122,126-130, 221-227), 8а (135-152), 9(б.437-451), 15 (б.149-153, 183-187)


11

Республикаға шетел инвестицияларын тарту

презинтация

11

8 (б.260- 264,279- 281)-1,15 (б. 189-192)-2, 2,3,4,5,6,7,10,11,12,13, 14,16,17, 18,20, 21, 22, 22а, 23,24,25 –– негізгі әдебиеттер

12

Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру


Консептіні талдау


12

15: (бет.313 -325).


13

Тақырып 11-13:


бақылау

13

8 (б.177-180,191-202, 233-235, 241-264,279-281),10 (б.96-99),15 (б.189-192, 255-263),16 (б.64-74), 18 (б.149-150,161,175-176,179 – 185), 19 (б.90 -116), 22а (б.97-107), 23а (б.88-89),– негізгә әдебиеттер

14

сыртқы экономикалық қатнастарды басқарудағы шетел тәжірбиесі.


Консептіні талдау


14

15.(бет. 325 – 329)


15

11-13 тақырып


коллоквиум


15

8 (б.33-37,177-180,183-202, 233-235, 241-264,279-281),10 (б.96-99),15 (б.157-168,189-192, 255-263),16 (б.64-74), 18 (б.141,149-150,161,175-176,179 – 185,208), 19 (б.90 -116), 22а (б.97-107), 23а (б.88-89), –негізгі әдебиеттер


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау