Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,29 Mb.
бет3/6
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#21503
1   2   3   4   5   6

4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ







Әдебиет атауы


Барлығы

Ескерту


Кітапханада


Кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Элек-тронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Практикум по анализу финансово-хозяйственной деятельности. Р-на Дону, «Феникс»,2001.

15




93.3







2

Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами. – А.; «Экономика»,2000.

8




57.1







3

Ефимова О.В. Финансовый анализ. – М.; «Бухгалтерский учет», 2002.

1




7.1







4

Под редакц. П.П. Табурчака., Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Р-на Дону, «Феникс»,2002.

3




21.4







5

Селезнева Н.Н., Ионова А.Ф., Финансовый анализ .- М.; «Юнити»,2003.

3




21.4







6

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.; «Инфра-М», 2003.

5




35.7







7

Под редакц. В.В. Осмоловского., Теория анализа хозяйственной деятельности. Минск. ООО «Новое знание», 2001

5




35.7







8

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.; «Инфра-М», 2002

4




28.5







9

Пястолов С.М. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия, - М.; «Академа», 2004

5




35.7







10

Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. –А.; «Экономика», 2001

1




7.1







11

Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности. –М, Экономистъ, 2004

4




28,5







12

Любушин Н.П., Лещева В.Б., Анализ финансово-экономической деятельности предприятия

10




71,4










www.audit-it.ru

www.faprof.ru/

www.fin-analiz.com/



www.finanalis.ru/

www.pwc.ru/ru/training/strategy-management.../financial-analysis.jhtml

www.cfin.ru/.../fin_analysis.shtml











+



5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ




  1. Экономикалық талдаудың негіздері

Экономикалық талдау және теориялық таным. Экономикалық талдау

және диалектиканың маңызды категориясы. Экономикалық талдау және экономикалық теория. Экономикалық талдаудың жүйелілігі және кешенділігі.

Экономикалық талдау шаруашылық қызметті басқаруда маңызды орын алады. Ол шаруашылық қызметті білу үшін қажет және басқарудың басты құралы болы табылады. Экономикалық талдау жоспарлау мен тығыз байланысты. Талдаудың материалдары жоспар құру кезінде, жоспардың орындалуын бағалау кезінде, қателерді анықтау кезінде пайдаланылады. Экономикалық талдаудың көмегімен шаруашылық қызметті тану кезінде әр түрлі экономикалық шаралардың кәсіпорын қызметіне тигізетін әсері анықталады. Талдау материалдарына қарап, кәсіпорынның жұмысын жақсарту бойынша шаралар дайындалады.

Экономикалық талдау бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беру формаларымен өте тығыз байланысты. Осы есеп берулердің арқасында талдау жүргізуге қажетті ақпараттар, материалдар жиналады.

Экономикалық талдау дегеніміз – шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін басқарудың бір қызметі.


  1. Экономикалық талдаудың пәні, мақсаты және түрлері

Экономикалық талдаудың пәні мен объектілері. Экономикалық

талдаудың мазмұны мен мақсаты. Экономикалық талдау және басқа ғылымдармен байланысты. Экономикалық талдау түрлері.

Шаруашылық қызметті талдау кезінде талдаудың әр түрлі жолдары қолданылады. Талдау төмендегідей белгілерге қарап жіктеледі.

I. Шаруашылық қызметті қамту деңгейіне қарай талдау былай бөлінеді.

А) кешендік талдау

Б) тақырыптық талдау

Кешендік талдау дегеніміз- шаруашылық қызметтің барлық жақтарын толық қарастыратын талдау.

Тақырыптық талдау дегеніміз – кәсіпорын қызметінің белгілі бір элементін қарастыратын талдау.

II. Зерттеу обьектілеріне қарай талдау былай бөлінеді:

А)ішкі талдау

Б)сыртқы талдау

Ішкі талдау дап кәсіпорынның ішкі құрылымын, мысалы: цехтарды, бөлімшелерді, олардың қызметін талдауды айтады. Сыртқы талдау деп зерттеліп жатқан кәсіпорынның сыртқы қызметін, яғни оның басқа субьектілерінің қарым-қатынасын талдауды айтады.

III.Шаруашылық қызметтің кезеңдеріне қарай талдау төмендегідей болып бөлінеді.

А) жедел талдау

Б) кезекті талдау

Жедел талдау дегеніміз –кәсіпорын қызметінің нәтижелерін білу үшін пайдаланылатын талдау. Ол көбінесе қысқа мерзімді қамтиды.

Кезекті талдау дегеніміз – белгілі бір уақыт мерзімінде қайталанып отыратын талдау.
3. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Салыстыру тәсілі. Көрсеткіштерді салыстырмалы түрде келтіру әдістері. Қатысты және орта шамалар тәсілі.Топтастыру тәсілі.

Экономикалық талдаудың әдістері. Талдаудың әдістері және оларды жіктеу.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау келесідей мақсаттармен жүргізіледі:

1.Шаруашылық қызметтің жүруі кезеңдегі теріс құбылыстарды анықтап, кәсіпорын экономикасының дамуына әсер ету.

2.Кәсіпорынды басқару деңгейі мен тиімділігін көтеру, жұмыстың сапасын жоғарлату.

Бұған қоса экономикалық талдау төмендегі қызметтерді жүзеге асырады.

1.Орындалатын жоспарлар мен өндіріс көлемінің өсуін тексеру.

2.Шаруашылық қызметке әсер ететін факторларды анықтау.

3.Кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін анықтап экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру.

4.Шаруашылық қызметтегі кемшіліктерді жою.

5.Жоспардың орындалу барысын күнделікті бақылап отыру.

6.Жоспардың және жұмыстың тиімді жүруін қадағалау.
Экономикалық талдау бұл экономикалық процестер мен құбылыстарды құрамдас бөліктерге бөле отырып олардың өзара байланысын, өзгеруін зерттейтін ғылым.

Экономикалық талдаудың макроэкономикалық талдау және микроэкономикалық талдау деген 2 түрі бар.

Макроэкономикалық талдау д.ж. және ұлттық экономиканың, олардың жекелеген салаларының экономикалық құбылыстар мен процестерін зерттейді.

Ал микроэкономикалық талдау жеке шаруашылық жүргізуші субьектінің, яғни кәсіпорынның қызметін қарастырады.

Экономикалық талдау жеке ғылым ретінде XX-ғасырдың I-ші жартысында пайда болды. Ол көптеген басқа ғылымдар сияқты өндіргіш күштердің дамуына байланысты, өндіріс қатынастардың жетілуіне байланысты пайда болды. Экономикалық талдау болмаса, күрделі экономикалық процестерді басқарып, тиімді шешімдер қабылдау мүмкін емес.

Экономикалық талдау кәсіпорынның басқару жүйесінде басты орындардың біріне ие. Басқару жүйесі келесідей өзара байланысты қызметтерден тұрады:



  1. Болжау

  2. Жоспарлау

  3. Есеп және бақылау

  4. Талдау

  5. Шешімдер қабылдау

Басқару жүйесінің қызметі ретінде талдау жоспарлу мен болжаумен тығыз байланысты. Себебі оларсыз талдауды жүзеге асыру немесе талдаусыз болжау мен жоспарлауды жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономикалық талдау арқылы жоспарлауға қажетті материалдар дайындалады, жоспардағы көрсеткіштер бағаланады, олардың дұрыстығына тексеру жүргізіледі.

Экономикалық талдау өндірістің тиімділігін арттырады, ол ресурстарды үнемді пайдалануға, жұмыстағы кемшіліктерді анықтауға, еңбекті тиімді ұйымдастыруға жаңа техника мен технологияны өндіріске еңгізуге өз септігін тигізеді.


  1. Факторлық талдаудың әдістемесі

Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері.

Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу. Фокторлық жүйелердің қайта құрастырылуы және детерминациялық моделдеу.

Кәсіпорынның экономикалық талдауын жүзеге асыру үшін белгілі бір ақпараттар мен мәліметтер керек. Талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету ғылыми жүйеге сәйкес болуы тиіс. Ақпараттарды жинау келесі принцептерге сүйенеді:

1. Ақпаратқа деген қажеттілікті анықтау

2. Осы ақпаратты алу жолдарын анықтау

3. Осы ақпаратты алудың материалдық қаржылық және еңбек ресурстарына тигізетін әсерін анықтау

4. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтердің бір-біріне сәйкес болуы

5. Түскен ақпараттардың шынайы болуы

6. Ақпаратты түсіру жолдарын таңдау

Экономикалық ақпараттарға қарап талдау кезінде экономикалық көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Экономикалық талдауға керекті ақпараттар мыналардан келіп түседі:



  1. Жоспарлы мәліметтер

  2. Бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есептің мәліметтері

  3. Кәсіпорын тұрған аймақтағы әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер

  4. Арнайы жүргізілген зерттеудің мәліметтері.

2.Қандайда бір пәннің әдісі деп сол пәнді зерттеу жолдарын түсінуге болады. Экономикалық талдаудың ең көп тараған әдісі – салыстыру. Көрсеткіштерді өзара салыстыру арқылы көптеген маңызды ақпарат алуға болады. Мысалы: қандай да бір кәсіпорынның фактілі мәліметтері өткен жылғы мәліметтері мен, жоспарлы мәліметтер мен, басқа кәсіпорындардың көрсеткіштері мен салыстырылады.


  1. Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілі

Тізбектелген қойылымдар әдісі. Индекстік әдіс. Абсолюттік және салыстырмалы айырмалар әдістері. Пропорционалды бөлутәсілі және үлес қосу. Интегралды әдіс және экономикалық талдаудың логарифмдеу әдісі.


  1. Талдаудың экономика – математикалық тәсілдері

Талдаудың математикалық тәсіліне жалпы сипаттама. Экономика – математикалық үлгілеу. Нәтижелік көрсеткіштердің өзгеруіне факторлардың сандық әскрін талдау әдістері.

Экономикалық талдау кезінде қолданылатын 2 негізгі зерттеу тәсілдері бар:



  1. Индукция

  2. Дедукция

Индукция дегеніміз – жеке бөлшектерден бір қорытынды шығару үшін жасалатын зерттеу түрі, яғни жеке фактілерден қорытынды шығарылады.

Ал дедукция бұл үлкен құбылысты жекелеген бөлшектерге бөліп қарастыру тәсілі.

Экономикалық талдауда индуктивтік тәсіл дедуктивтік тәсілмен біріктіріліп қолданылады.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен процестері өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Бұл тәуелділік тікелей түрде немесе жанама түрде болуы мүмкін. Мысалы: негізгі қызметтен түскен табыстың көлеміне өнімді өнімді сату көлемі, өнімнің бағасы, шығындарға тікелей әсер етеді. Ал, басқа факторлардың әсері жанама түрде болуы мүмкін.

Яғни экономикадағы әр көрсеткіш көптеген факторларға байланысты өзгереді. Қандай да бір көрсеткішке факторлардың қаншалықты әсер ететінін зерттеу тәсілі факторлық талдау деп аталады.

Факторлық талдаудың келесідей түрлері бар:



  • Детерминирленген және стохастикалы

  • Дедуктивтік және лендуктивтік

  • Бір сатылы және көп сатылы

  • Статикалық және динамикалық

  • Ретроспективтік және перспективтік

Әр ғылымның өз зерттеу пәні болады сонымен қатар бір обьект бірнеше ғылымдар мен зерттелуі мүмкін. Мысалы: кәсіпорынды оның шаруашылық қызметін көптеген экономикалық ғылымдар, соның ішінде экономикалық теория немесе макроэкономика, микроэкономика, статистика, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және т.б. зерттеледі.

Экономикалық талдау экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын зерттейді. Экономикалық талдаудың зерттеу обьектілеріне шаруашылық қызметтің нәтижелері жатады. Мысалы: кәсіпорындағы өнім өндіру көлемі, өнімді өткізу көрсеткіштері, өнімнің өзіндік құны, материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржылық ресурстар, кәсіпорынның қаржы жағдайы және т.б. қарастырылады.





  1. Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі

Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуі. Резервтерді есептеу және ізденістерді ұйымдастыру принциптері.
8. Қаржылық талдау түсінігі, мәні, міндетері және ақпараттық қамтамасыз етілуі

Қаржылық талдау, басқару шешімдерін қабылдау базасы ретінде. Қаржылық талдау әдістері және толардың жіктелуі. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, түсініктерді жазуға болады.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.

“Қаржылық есептің мақсаты- бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс-есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Олар арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.

Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.

Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді.

Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі.

Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен элементтері келесідей анықталады:

актив дегеніміз- бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс. Пассив-бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына( сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал–бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.

«Активтер»- бұл құндылық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

«Міндеттеме»- бұл тұлғаның(қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның(несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті- мүлікті беру, жұмыс атқару,ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

«Капитал»- бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтер.

9. Баланстың өтімділігін және төлемқабілеттілігін талдау

Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау. Қаржылық тұрақтылықты талдау. Төлем қабілеттілігін және өтімділікті талдау. Меншікті капиталдың қажетті өсімін талдау.

«Өтімді» сөзі «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды білдіреді.

Кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттмелерін төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі және қолд абар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігі. Өтімділік кәсіпорынның төлем қабілеттелігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі баланстың өтімділігін көрсетеді.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге қарай. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш, басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерімен төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, ал сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлем уақыты ұзап кеткен борыштардың өтімділігі өте төмен болады.

Нарықтық экономика жағдайында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды. Себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген кредитор штраф төлеу қаупінен, тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытынды төлеуге тапсырады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражаттарына тез айнала алмайды. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің ІІ бөлімінің «ТМҚ» бабы және баланс активінің І бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» «жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған бабы. Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл баптың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ сапыт алушы тауып алу қажет, ол уақытты керек етеді. әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске қатысты.

А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің І бөлімінің алдыңғы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. І бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаржаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырлған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін», яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. өтімділігі бұдан төмен элементтер ТМҚ мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты толтырылады.

П1 Неғұрлым тезірек төмендеуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер жұмысшылармен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерде асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтіледі активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар

П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар

П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің І бөлімінің «Меншікті капитал» баптар.

Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек.

Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастар болғанда санауға болады.

А1 > П1

А2 > П2

А3 > П3

А4 > П4

Басқаша айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуы қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды .

Жалпы алғанда баланс активі мен пассив баптарының І-ші және ІІ-ші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ағымдағы өтімділік қарастырылып отырған мерзімге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және ол болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді.

Баланс активі мен пассиві баптарының 4-ші тбоының жиындарын салыстырукәсіпорынның оның меншік иелері (иеленушілер) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ, бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады ал, үздіксіз жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс. А4 ≤ П4 ; яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек.

Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Бірақ ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айыру көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.

Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:



ж а1А1 + а2А2 + а3А3

Кө =

а1П1 + а2П2 + а3П3
ж

Кө - жалпы өтімділік коэфф-ті

а1, а2, а3 - салмақтық коэфф-ті

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтың жиынтығы



ж

Кө - 0,9-дан төмен болмауы тиіс.

Салмақтық коэфф-т мәндері

а1 - 1, а2 - 0,5; а3 – 0,3 деп қабылданған.


ж А1 + 0,5А2 + 0,3А3

Кө =

П1 + 0,5П2 + 0,3П3

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар есеп берулер негізінде өте көп әріпсетстердің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.


10. Қаржылық коэффициентті талдау

Қаржылық коэффициенттер. Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері. Рентабельдік және табыстылық коэффициенттері. Қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері. Нарықтық белсенділік көрсеткіштері. Интеграциялық көрсеткіштері.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның менш ікті капиталының деңгейімен сипатталатын, төлемқабілеттілік, несиеқабілеттілік және ликвидтілік көрсеткіштерінің жиынтығынан құралатын көрсеткіш. Меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарықтық қатыныстар кезінде кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбінесе өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Ал меншікті капитал жетпегенде, шеттен капитал тартылады.

Бұл кезде қиын болса да, сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз, әрине, шаруашылық қызметті жүргізу мүмкін емес.

Баланс активтерінің құрамын талдау кезінде меншікті капитал және қарызға алынған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есепті кезеңдегі олардың өзгеру себебі анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға баса назар аударылады, себебі өз қаражаттарының болуы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер бар:

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = МКК

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті; Мк - меншікті капитал; Ак - авансталған капитал (баланс валюта-сы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақ-тауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғары-латады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіп-керлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғы-лық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есеп-тейді. А.Д. Шеремет, А.М. Ковалев; В.П. Привалов, О.В. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады деп санайды.

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуе-келдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себеп-термен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпаратт ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметі-нің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүм-кіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, аванс-талған каішталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің екінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі -теріс бағыты ретінде қарастырылады.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаггамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаггарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:

Кж=Ма.к : Мк

Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициенті;

Мак - меншікті айналым капиталы; Мк — меншікті капитал.

Бүл коэффициентті А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфуллин, Е.В. Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құрадцарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Палий бұны "дұрыс" десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекі-тілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.

Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті > 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы- жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіш-терінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:

Кк/қ = Мак / ҚТМ

Мұндағы: Кк/қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті; Мак - меншікті айналым капиталы; ҚТМ - тауарлы-материалдық қорлар. В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қара-жаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығыдарының құнына қатынасымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

"Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтерінің негізіне алынған оның қалыпть мәні, - деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин, -келесі түрде болады."

Кк/қ ≥ 0,6-0,8.

Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициен-ті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасау-ға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қор-лардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражат-тардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

11. Қаржылық нәтижелерді талдау

Табыстың динамикасы мен құрылымын талдау. Өнімді сатудан түскен нәтижелерді қаржылық талдау. Бағаның орташа сату деңгейін және кәсіпорынның баға саясатын талдау. Кәсіпорынның рентабельдігін талдау. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау тәуекелділігін диагностикалау.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізудеи алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнім-дер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушы-ның жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауар-лардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспар-ланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіщтеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерің ынталандыру жәңе оларды тиімді паддалану сиякты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметіңің тиімділігін сипаттайтың көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

• кәсіпорынның инвестицияшау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

• табысты болжау әдісі;

• шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде

пайдаланады.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъекті-сінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіс-пеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерішң жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталы-ның шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясаты-ның тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудың объективті себептері:

экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

- инфляцияның аса жоғары деңгейі;

- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құны-ның төмендеуі;

- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, енім бағасының төмен-деуі.

2. Шаруашылық жүргізуге тікелея қатысты субъективті себептер:

- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

- өндіріс көлемінің төмендеуі;

- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

- ақталмаған жоғары шығындар;

- өнімнің төменгі рентабельділігі;

- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;

- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.

Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

- банкроттықты құқықтық реттеу;

- кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақ-сатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мем-лекеттік қаржылық көмек шаралары;

- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жұргізу.

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.

Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау аркылы жургізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан "арылу" жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.


12. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі

Маржиналдық талдаудың мәні мен міндеттері. Өнімдерді өндіру көлемі мен шығындар арасындағы функциялық (атқарымдық) байланыстарды талдау.

Шығындарды есепке алу үшін нарықтың экономикасы дамыған елдерде «директ-костинг» жүйесі қолданылады.

Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу – директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі.

Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат, отын, энергия, жұмысшының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарға: әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындар жатады, арендалық төлем, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, амортизация, басшылардың жалақысы т.б.



«Директ-костинг» жүйесі - бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындарымен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі.

Бұл жүйенің екінші ерекшелігі өндірістік және қаржылық есептің бірлесе ұйымдастырылуы.

Үшінші ерекшелігі өнеркәсіптік фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесі, оның негізгі моделі мынадай:

1. Өнімді өткізуден түскен табыс

2. айнымалы шығындар

3. маржиналды табыс

4. тұрақты шығындар

5. негізгі қызметтен алынатын табыс

Маржиналды табыс – бұл өнімді өткзуден түскен табыс пен айнымалы шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы.

Бұл жүйенің төртінші ерекшелігі, осы жүйеде алынатын ақпараттар, баға мен көлемнің ең тиімді әдістерін табуға негізгі қызметтен түсетін табыс көлемін болжауға мүмкіндік беруі.

13. Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау

Өнімдерді сату, өндіру бойынша жоспардың орындалуын және динамикасын талдау. Өнімдердің ассортименті мен құрылымын талдау. Өнімдердің сапасын талдау. Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін талдау. Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау.

Өнеркәсіп кәсіпорынның негізгі мақсаты тұтынушылардың сұранысын сапалы өнімдер мен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта кәсіпорында шығарылған өнім көлеміне қарағанда өткізілген өнім көлемі үлкен рол ойнайды. Себебі бұл көрсеткішке кәсіпорынның табысы тәуелді.

Өнім өндіру көлемі мен өткізу көлемінің өсуі, өнім сапасының жақсаруы кәсіпорынның пайдасы мен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорын қызметі минималды шығындар кезінде максималды өнім көлемін өндіріп стуға негізделуі тиіс. Сондықтан өнім өндіру мен өткізуді талдау үлкен маңызға ие. Бұл талдаудың басты мақсаты – өнім шығару көлемін ұлғайту мен сапасын арттырудың анағұрлым тиімді жолдарын анықтау.

Өнім өндіру мен өткізуді талдудың басты обьектілері мыналар:


  1. Өнім өндіру мен өткізу көлемі

  2. Өнім ассортименті мен оның құрылымы

  3. Өнім сапасы

  4. Өнім өндірісінің ырғақтылығы

Өнім өндіру мен өткізуді талдау барысында өнім өндірісіне кедергі келтіретін себептер ашылуы тиіс.

Бұл себептерге мыналар жатуы мүмкін:

1.Өндіріс пен еңбектң ұйымдылығы кемшіліктер

2.Материалдық, ақшалай және еңбек ресурстары үнемсіз, тиімсіз жұмсау.

3.Өнімнің бұзылуы.

Кәсіпорында өндіріс көлемін сипаттайтын 2 көрсеткіш бар:



  1. Жалпы өнім

  2. Тауарлы өнім

Жалпы өнім дегеніміз – барлық өндірілген өнім көлемінің жасалған жұмыстардың сонымен қатар аяқталмаған өндірістің құны.

Тауарлы өнім дегеніміз – барлық өндірілген өнім мен жасалған жұмыстардың құны, бұған аяқталмаған өндіріс құны кірмейді.

Жалпы өнім, тауарлы өнім және өткізілген өнім көлемі есепті кезеңдегі көтерме сауда бағаларымен есептеледі.

Кәсіпорын өнім өндірмес бұрын тұтынушының сұранысын зерттейді, сұранысқа қарап өндірістік бағдарламаны құрады.

Өндірістек бағдарлама - бұл кәсіпорынның барлық ассортимент бойынша шығаратын өнімнің көлемі. Өндірістік бағдарлама натуралды (тонна, кг, дан, және т.б.) және құнды өлшем бірліктермен есептеледі.

Талдау кезінде көбінесе құнды көрсеткіштер пайдаланылады, ал натуралды көрсеткіштер жекелеген өнім түрлерінің көлемін сипаттау үшін қажет.

2.Тұрғындардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін көлемнің жоспары ғана емес, сонымен бірге әр ассортимент бойынша жоспар орындалуы тиіс. Өнім ассортименттін дер кезінде жаңартып отыру кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен бәсеке қабілетінің басты құралы болып табылады. Өнім шығару ассортиментті мен құрылымын қалыптастыру кезенде кәсіпорын 1-ден өнімге деген сұранысты, 2-ден еңбек ресурстарын, материалдық шикізат ресурстарын, техникалық, технологиялық, қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануды ескеруі тиіс.

Номенклатура дегеніміз – тауарлардың атаулары мен кодтарының тізімі. Бұл кодтар ТМД елдерінің аумағындағы тауарларға қолданылады.

Ассортимент дегеніміз – өзара ұқсас тауарлардың тізімі.

Кәсіпорын өнім ассортименттін өзгертіп отырады. Бұл өнімге деген сұраныстың өзгеруі мен қажетті шикізат материалдардың тапшылығы мен т.б. себептер мен түсіндіріледі. Өнім ассортиментті бойынша жоспардың орындалуын талдау ассортимент бойынша жоспардың орындалу коэффицентті арқылы жүзеге асырылады. Бұл коэффицент ассортимент құрамына енетін тауарлы өнімнің жоспарлы тауарлы өнімге қатынасы мен анықталады.

Өнім ассортиментті жоспарының орындалмауының 2 түрлі себептері бар:

1.сыртқы себептер бұған нарықтағы жағдай, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныстың өзгеруі жатады.

2.ішкі себептер бұларға өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктер, құрылғының нашарлығы, басқару жүйесіндегі кемшіліктер және т.б. жатуы мүмкін.

3.Тауарлы өнім көлемі мен өткізілген өнім көлемінің өсу – кемуін талдаудың 2 варианты бар:

1.Базистік вариант кезінде әр кезекті жыл 1 базистік жылмен салыстырылады.

2.Тізбектік вариант кезінде әр тізбекті жыл өз алдындағы жылмен салыстырылады.

Өнім өндіру мен өткізу көлеміне динамикасын, жоспармен орындалуы, зерттеген соң оның көлемінің өзгеруіне әсер еткен факторлар анықталады.

Бұл факторларды 3 топқа жіктеуге болады:



  1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыздау және оларды тиімді пайдалану. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалана отырып, соның ішінде: а)қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы ә)жұмыс уақытын үнемді пайдаланау арқылы б)еңбек өнімділігін өсіру арқылы өнім шығару көлемін өсіруге болады.

  2. Негізгі өндірістік қорлар мен қамтамасыздық және оларды тиімді пайдалану. Өнім өндіру көлемін өсіру үшін: а)қосымша (материалдар) машиналар мен құрылғылар қажет ә)машиналар мен құрылғыларды жұмыс уақытында толық пайдалану қажет б)машина мен құрылғылардың сапасы, өнімділігі жоғары болуы керек.

  3. Шикізат материалдар мен қамтамасыздық және оларды тиімді пайдалану. Материалдарды тиімді пайдалану арқылы, яғни: а)шикізат материалдарды нормативтен тыс шығындарды жою арқылы ә)өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат материалдар шығынын азайту арқылы өнім шығару көлемін көбейтуге болады.

14. Капиталды қалыптастыру мен орналастыруды талдау

Кәсіпорынның капиталды қалыптастыру көздерінің динамикасы мен құрамын және нақты барын талдау. Кәсіпорын капиталын орналастыруды талдау. Дебиторлық қарыздардың жағдайын талдау. Қолда бар ақшаның қозғалысы мен жағдайын талдау.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кәсіпорынның мүлкі және қаражатына тоқталатын болсақ:

1. Кәсіпорынның мүлкі меншік құқығының объектісі болып табылады.

2. Кәсіпорынның мүлкі және кәсіпорынның балансында құны көрсетілген басқа мүліктер негізгі құралдар болып табылады.

3. Мүлік кәсіпорынның қызметіне тікелей байланысты болғандықтан кәсіпорын онымен пайдалану, оларды қажетіне қарай білуге құқылы.

4. Кәсіпорынның мүлкі мынандай жолдармен құралады: жеке меншік иелігінен өткен мүлік; жеке меншіктік қызмет нәтижесінде алынған мүлік (қаржылық түсімді қоса есептегенде); Заңмен тиым салынбаған көздерден түскен мүлік.

5. Кәсіпорынның мүлкінің құрамына оның қызметіне қажет барлық мүлік кіреді, яғни ғимараты, құралдары, жабдықтар, инвентарь, көлік, жерге иелік ету құқығы.

6. Кәсіпорын құрылтайшының келісімінсіз мүліктерді иесіздендіруге, келісімшарт негізінде сатуға немесе сатып алуға, ауыстыруға, сыйлауға немесе басқада келісімдерге келуге және банктің несиемен пайдалануға құқығы жоқ.

7. Кәсіпорынның қаражат көздері болып мыналар табылады: мемлекеттік және басқа да тапсырыстардан түскен қаражат көздері, жеке тұлға және заңды тұлғалардан түскен қайырымдылық көздері және ерікті жарна төлемдері, Заңмен тиым салынбаған басқа қаражат көздері.

Жалпы шаруашылық субъектілердің есебін жүргізу барысында істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетіледі. Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.

Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, биологиялық активтерден т.б. құралады. Ал қысқа мерзімді активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңцерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктер-дің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.


15. Кәсіпорын капиталын интенсивті және тиімді пайдалануын талдау

Капиталды пайдаланудың интенсивті және тиімділік көрсеткіштері. Оларды есептеу мен талдау әдістемесі Капитал айналымдылығын талдау. Заемды капиталды тиімді пайдалануды бағалау. Қаржылық рычаг әсері.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

16. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау

Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы соммасын талдау. Өндірілген өнімдердің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау. Еңбек және тікелей материалдық шығындарды талдау. Жанама шығындарды талдау.

Өнімнің өзіндік құнын талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.Тауарлы өнімнің өзіндік құнын талдау.

2. ТӨ бір тг. жұмсалатын шығындарды талдау.

3. Өзіндік құнды ассортимент бойынша талдау.

4. Өзіндік құнның сметасы мен калькуляциясын талдау.

5. Өнім пайдасы мен рентабельділігін талдау.

Өзіндік құн дегеніміз өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалатын барлық шығындар. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылдаы. Өнімнің өзіндік құнына кәсіпорындардың қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағлайына тәуелді. Өнімнің өзіндік құнын азайту пайданың көбеюіне әкеледі.

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын талдау «өнімді өндіру және өткізу шығындары туралы № 5 форма бойынша, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялары бойынша т.б. құжаттар арқылы жүргізіледі. Өзіндік құн кәсіпорында шығындардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша жоспарланып есептеледі.

Өнімнің өзіндік құнын талдағанда, тұрақты және өзгермелі шығындарға көп көңіл бөлінеді. Өндіріс көлемімен өзіндік құнның арасында өзара байланыс болады. Бұл байланыс жалпы өзіндік құнды және өнімнің бір данасының өзіндік құнын талдағанда ескерілуі тиіс. Төмендегі кестеде өнімді өндіруге кеткен шығындар келтірілген.

2. Тауарлы өнімнің 1 тг жұмсалатын шығындар өзіндік құнды талдаудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол өндірістің кез келген сомасында есептеледі және өзіндік құн мен пайданың арасындағы өзара байланысты анық көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формуламен есептеледі:

Ш1 тг = Шж / ТӨ

Шж жалпы шығын.

Тауарлы өнімінң 1 теңгесіне кететін шығындарға өнім өндіру шығындардың сметасы

Шығын элементтері



Суммасы млн тг.

Құрылымы %

жоспарлы

фактілі

+ --

Жоспарлы

Фактілі

+ --

Материалдық шығындар

28168

31746

3578

38,3

40,12

1,82


Еңбекақы шығындары

20500

21465

965

27,87

27,13

- 0,74

әлеуметтік салық

6150

6440

290

8,36

8,13

- 0,23

Амортизациялық аударымдар

3150

3500

350

4,28

4,42

0,14


Б. өндірістік шығындар

15564

15967

403

21,16

20,18

-0,98

өнідірістік шығындар

73532

79118

5586

94,3

94

-0,3

Коммерциялық шығындар

4420

5050

630

5,67

5,99

0,32


Толық өзіндік құн.

77952

84168

6216

100%

100%

-

Құрылымы %:

Жоспарлы (73532 : 77952) *100% = 94,3.

Фактілі (79118 : 84168) * 100% = 94.


Төмендегі факторлар әсер етеді:

  • өнім шығару көлемінің өзгеруі

  • өнім шығару құрылымының өзгеруі

  • өнім бағасының өзгеруі

  • тұрақты шығындар суммасының өзгеруі

  • өзіндік шығындар суммасының өзгеруі және т.б. факторлар.

17. Негізгі құралдарды пайдалануды талдау

Кәсіпорынның өндірісті негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау. Негізгі өндірістік құралдардың интенсивті және тиімді пайдалануын талдау. Кәсіпорынның өндірістік қуатты пайдалануды талдау. Технологиялық жабдықты пайдалануды талдау.

Дамыған өндірістік кәсіпорындарда негізгі құралдармен қамтамасыз етудің ең қажетті факторларының бірі өндірістік өнімнің көлемін ұлғайту және олардың саны мен ассортименті бойынша қолдану.

Талдаудың міндеттері:



  • Кәсіпорынды қамтамасыз ету және оның құрылымдық бөлімдерін негізгі құралдармен, олардың қолдану деңгейін және жеке көрсеткішін анықтау.

  • Олардың өзгеру деңгейін анықтау.

  • Өндірістік өнімнің, негізгі құралдарды қолданудың көрсеткішіне әсерін тигізетін көрсеткіштерді есептеу.

  • Кәсіпорынның Өндірістік қуаттылығын қолданудағы кезеңдерді оқыту.

  • Негізгі құралдарды қолданудағы резервтердің тиімділігін бекіту.

Ақпарат көзі: Кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму жоспары, 1 форма «Кәсіпорын балансы», 5 форма «Кәсіпорынның қосымша балансы»(мүліктік амортизация), 11 форма «Негізгі құралдардың қозғалысы және қолма-қол есеп айырысу», форма БМ»өндіріс қуаттылығының балансы» негізгі құралдарды қайта бағалау, негізгі құралдар есебінің инвентарлы карточкасы, жобалау-сметалық, техникалық құжаттау т.б берілген.

Талдау негізінде негізгі құралдардың көлемін және олардың динамикалары мен құрылымдарын оқудан басталады.

Бухгалтерлік есепте (5 форма) негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен қозғалысын талдауға баса көңіл аударады. Осыған байланысты келесідей көрсеткіштер қарастырылады:

Жаңару коэфициенті (Кжаң)- негізгі құралдардың жылдың соңына үлес салмағын есептейді.



Кжаң = келіп түскен негізгі құралдардың құны / жылдың соңындағы негізгі құралдардың құны;

Негізгі құралдардың түрі

Алдыңғы жыл

Есепті жыл

өзгеріс (+,-)

сомасы

Үлес салмағы%

сомасы

Үлес салмағы%

сомасы

Үлес салмағы%

Ғимараттар

4900

28

6500

26

+1600

-2,0

Күш машиналары

210

1,2

250

1,0

+40

-0,2

Жұмыс машиналары

10850

62

16000

64,0

+5150

+2,0

өлшеу құралдары

280

1,6

400

1,6

+120




Алып тасталғаан техника

420

2,4

750

3,0

+330

+0,6

Транспорттық құралдар

490

2,8

650

2,6

+160

-0,2

Құрал-жабдықтар

350

2,0

450

1,8

+100

-0,2

Барлық өндірілген қорлар

17500

100

25000

100

+7500




өндірілмеген негізгі құралдар



















барлығы

17500

100

25000

100

+7500

100

Негізгі құралдапрдың жаңару ұзақтығы,мерзімі (Тжаң)

Тжаң = Жылдың басына НҚ құны / келіп түскен НҚ құны;

Шығу коэфициенті (Кш)

Кш = НҚ шығу құны / кезең басындағы НҚ құны;

Өсім коэфициенті (Кө)

Кө= НҚ өсім сомасы / жыл басындағы құны;

Тозу коэфициенті (Кт)

Кт = НҚ тозу сомасы / белгілі бір датаға НҚ бастапқы құны;

Техникалық жарамдылық коэфициенті (Ктж)

Ктж= НҚ қалдық құны / НҚ бастапқы құны ;


Жаңа техникаларды енгізу, жаңа объектілерді қосу, негізгі құралдарды жөндеу бойынша жоспардың орындалуы тексеріледі. Прогрессиялық құрал-жабдықтардың, олардың ортақ мөлшері мен әрбір ұйымның машина және құралдардың, сорндай-ақ автоматтандырылған жабдықтардың үлесін анықтайды.

Жастың құрамы мен моральдық тозуын сипаттау үшін қорлардың пайдалану ұзақтығы бойынша топтасып (5 жыл, 5-10,10-20 және 20 жылдан артық) және жабдықтардың орташа жасын есептейді.


НҚ-ң техникалық жағдайы және қозғалысы туралы мәлімет


Көрсеткіштер

Көрсеткіштер деңгейі

Өзгеріс (+,-)

Алдыңғы жыл

Есепті жыл

Жаңару деңгейі %

12,6

15,1

+2,5

Жаңару уақыты, жыл

7,4

6,1

-1,3

Шығу коэфициенті

0,05

0,07

+0,02

Өсім коэфициенті

0,086

0,093

+0,007

Тозу коэфициенті

0,38

0,365

-0,015

Тех.жаңару коэфициенті

0,62

0,635

+0,015

Жабдықтың орташа жасы

4,2

4,0

-0,2

Берілген кесте кәсіпорынның НҚ-ң есепті жылдағы техникалық жағдайы, интенсивті жаңару бірнеше жақсарғанын көреміз.

Кәсәпорынды қамтамасыз ету әртүрлі машиналардың түрлері, механизмдері, құрал-жабдықтар, өнімді щығару жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады

. Көрсеткіштің біріктірілуі, Кәсәпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қамтамасыз етілу деңгейі қор жарақтандырылу және еңбекті техникалық жарақтандырылу болып табылады.

Еңбектің орташа қор жарақтылық көрсеткіші дамушы өндірістік қорлардың және күндізгі кезеңдегі орташа тізімдік санының, өндірістік құралдар құнының қатынасын анықтайды. Оның өсу қарқыны еңбектің өндірістік өсу қарқынымен есептеледі. Осындай жағдайда қор қайтарымдылық деңгейі төмендейді.

18. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау

Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау. Материалдық ресурстардың тиімді пайдалануын талдау.

Өнім өндірісі көптеген материалдық ресурстарды қажет етеді. Материалдық ресурстар – өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті кәсіпорынның пайдаланатын әр түрлі шикізаттар, материалдар, отын энергия және жартылай фабрикаттар, материалдық ресурстарды тиімді жұмсау арқылы, арзан әрі сапалы материалдарды пайдалану арқылы табысты көбейтуге, қаржылық жағдайды жақсартуға байланысты. Өндіріс кезенде материалдық ресурстар материалдық шығыс ретінде есепке алынады. Материалдық шығындар барлық өндірістік шығынды шамамен 70℅ құрайды.

Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі .


  1. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау

  2. Кәсіпорынның материалдық ресурстары мен қамтамасыздығын талдау.

Кәсіпорынның материалдық ресурстары мен қамтамасыздығын талдау үшін, төмендегідей құжаттар пайдаланылады:

1. бизнес жоспар

2. бухгалтерлік есеп беру құжаттары (баланс, накладной)

3. өнімді өндіру және өткізу шығындары туралы №5 форма.

Өнім көлемінің өсуі мен өнімнің сапасының жақсаруына кәсіпорынның материалдық ресурастары мен қамтамасыздығы әсер етеді. Бұл қатынасты мына формуламен бейнелеуге болады:

V = MC * МШ

V - өнім шығару көлемі

MC - материал сыйымдылығы

МШ - материалдық шығындар.

Кәсіпорын материалдық ресурстар мен дер кезінде қамтамасыз етілетін болса, өндіріс үздіксіз, бірқалыпты жұмыс жасайды.

19. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау

Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау. Жұмыс уақыт қорын пайдаланулы талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау. Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау.

Кәсіпорын жұмысының тиімді сүруі көбінесе еңбек ресурстарын пайдалану деңгейіне тәуелді. Кәсіпорынның еңбек ресурстары қамтамсыз болуына: еңбек ресурстарын тиімділігіне, еңбек ресурстарының жұмыс өнімділігіне барлық жұмыстың дер кезінде орындалуы, машиналар мен құрылғыларды пайдалану тиімділігі, өнім шығару көлемі, сапасы, өзіндік құны, кәсіпорын табысы, т.б. экономикалық көрсеткіштер тікелей байланысты.

Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсаттары:



  1. кәсіпорынның еңбек ресурстары мен қаншалықты қамтамасыз етілгенін білу, бағалау.

  2. кадрлар ағымдылығының көрсеткіштерін анықтау.

  3. еңбек ресурстарын анағұрлым тиімді, толық пайдалану жолдарын іздестіру.

  4. еңбек ресурстарының жастық құрамы мен біліктілік деңгейін анықтау.

  5. еңбек өнімділігін анықтау, оны арттыру жолдарын қарастыру.

  6. жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу.

  7. жұмысшылар санының, жұмыс уақытын пайдаланудың және орташа сағаттық өнімділіктің өнім шығару көлеміне әсерін анықтау.

Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың ажырамас бөлігі жұмыс уақытын пайдалануды талдау болып табылады. Еңбек ресурстарын толық пайдалану деңгейін белгілі бір кезінде бір жұмысшының жұмыс істеген күндері мен сағаттары бойынша бағалауға болады, сонымен қатар жұмыс уақытының қорын пайдалануда маңызды роль ойнайды. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау жұмысшылардың әр категориялары бойынша, кәсіпорынның әр бөлімшесі бойынша бөлек жүргізіледі.

Жұмыс уақытының қоры жұмысшылар санына бір жұмысшының бір жылда істеген жұмыс күндерінің санына және жұмыс күнінің ұзақтығына тәуелді.

ЖУҚ = Ж * К* Ұ

Мұндағы, ЖУҚ жұмыс уақытының қоры

Ж жұмысшылар саны

К жұмыс күндерінің саны.

Ұ жұмыс күндерінің ұзақтығы.


20. Кәсіпорынның маркетингтік қызметтін талдау

Маркетингтік қызметтін талдаудың маңызы мен міндеті. Өнімге деген сұранысты талдау және тапсырыстар қоржынын қалыптастыру. Талап етілмейтін өнімнің тәуекелділігін бағалау. Өнім өткізу нарығын талдау. Кәсіпорынның баға саясатын талдау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.

Сату көлемі, бағаның орташа деңгейі, өнімді сатудан түскен табыс, алынған табыс сомасы және т.б. өткізу нарығына тәуелді. Ең бірінші соңғы 3 – 5 жылдағы өткізу нарығындағы әрбір өнім түрінің динамикасын білу керек.



Кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы 2 жылда Б өніміне деген сұраныс және оның рентабельділік деңгейі төмендей бастаған, ал ішкі нарықтағы секілді, сыртқы нарықта да А бұйымы бойынша табыстылық және сату көлемі ұлғайған.
Өнімді өткізу нарығының динамикасын талдау.


Көрсеткіштер

Ішкі нарық

Экспорт (сыртқы нарық)

жылдар

жылдар




ХХХ1

ХХХ2

ХХХ3

ХХХ1

ХХХ2

ХХХ3

А бұйымы

Өнімді өткізу көлемі, дана

7000

6000

6900

3000

4000

5646

Өнім бірлігінің бағасы, мың тг

3,4

4,4

5,8

3,7

5,2

6,5

Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың тг

2,8

3,6

4,6

3,2

4,2

5,0

Түсім, мың тг

4200

4800

8280

1500

4000

8470

Рентабельділік,%

21,4

22,2

26,1

15,6

23,8

30,0

Б бұйымы

Өнімді өткізу көлемі, дана

10200

9000

5904

-

-

-

Өнім бірлігінің бағасы, мың тг

2,2

2,7

3,5

-

-

-

Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың тг

1,9

2,4

3,1

-

-

-

Түсім, мың тг

3060

3000

2360

-

-

-

Рентабельділік,%

15,8

12,5

12,9

-

-

-

Бәсекеге қабілеттілік деп өнімнің оны бәсекелес тауардан нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестіе деңгейі бойынша да, сондай – ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындар бойынша да ерекшілендіретін сипаттамасын түсіндіреді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұтынушының қажеттілігін және нарық талаптарын зерттеу негізінде жасалады. Тауар тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ол белгілі бір параметрлерге сәйкес келуі керек:


  • техникалық;

  • эстетикалық (тауардың сыртқы түрі);

  • эргономикалық (тауардың адам ағзасының қасиеттеріне сәйкес келуі);

  • нормативтік (тауардың әрекет етіп отырған нормаларға және стандарттарға сай келуі);

  • экономикалық (тауарға баға деңгейі, оның сервистік қызмет көрсетуі т.б.).

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін талданатын бұйымның және бәсекелес тауардың параметрлерін салыстыру керек. Осы мақсатпен бәсекеге қабілетті өнімнің бірліктік, топтық және интегралдық көрсеткіштері есептеледі.

Талдау қорытындысына сүйене отырып, 4 категориялы тауар шығарылады:

«Жұлдыз», кәсіпорынға негізгі пайда әкеледі және экономикалық өуіне ықпал етеді.

«Сауынды сиыр», жетілу процесінде маңызды емес кезеңнің экономикалық өсуіне ықпал етеді және «қиын балаларды» қаржыландыру кезінде өз пйдасын тигізеді.

«қиын балалар»- бұл нақтысында жарнаманы қажет ететін тауарлар, нарыққа шығады бірақ уақытша табыс әкелмейді, болашақта «жұлдыз» болуы мүмкін.

«өлі жүк» немесе «жолы бомағандар


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау