Әож 616. 89-008-085. 851 А. Т. Турысбекова, Е. С. Утеулиев



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
Дата13.02.2020
өлшемі0,83 Mb.
#28913


ӘОЖ 616.89-008-085.851.4. 

 

А.Т. Турысбекова,  Е.С. Утеулиев 

«ҚДСЖМ»  Қазақстандық медицина университеті 

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕРЛІК КАДРЛАРМЕН ҚАМТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ 

(ӘДЕБИ ШОЛУ) 

 

Төменде  көрсетілген  мақалада  Алматы  қаласынының  Наурызбай  ауданы  бойынша  халықтың  дәрігерлік  кадрлармен  қамтылу 

мәселеріне әдеби шолу жазылған.  

Түйінді сөздер: дәрігерлік кадрлар, денсаулық, халық, науқастар,  жүйе, қамтамасыздандыру  

 

Тақырыптың  өзектілігі:  Денсаулық  сақтау  жүйесін  нығайтудың  маңызды  құрамдас  бөлігі  кадрлық  ресурстарды  дамыту 

стратегиялары  болып  табылады.  Бүкіл  әлемдегі  денсаулық  сақтау  жүйесінің  тиімділігі  мен  денсаулық  сақтау  қызметтерінің 

сапасы  қызметкерлердің  білімдеріне,  дағдыларына  және  ынтасына  байланысты  болады.    Халықаралық  тәжірибе,  атап  айтқанда 

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  (бұдан  әрі  -  ДДҰ)  тәжірибесі  -  денсаулық  сақтау  жүйесінің  тиімділігін  арттыруға 

қатысты  ұйымдастырушылық  өзгерістердің  арасында  кадрларды  басқару  саласында  қарастырылған  іс-әрекеттердің  ең  табысты 

екендігін көрсетеді. Медициналық қызметкерлер саны мен олардың біліктілігінің сапасы, оларды бөлу тығыздығының денсаулық 

сақтау саласындағы әртүрлі іс-әрекеттердің нәтижелеріне және жалпы алғанда халықтың денсаулығына оң әсерін куәландыратын 

көптеген  деректер  бар.  Бүгінгі  таңда  әлемдік  қауымдастық  деңгейінде  Денсаулық  сақтау  саласындағы  кадрлық  ресурстардың 

дағдарысы орын алған. Дүние жүзінде денсаулық сақтау қызметкерлерін дамытудың заманауи мәселелері алғашқы медициналық 

көмек көрсететін кадрлардың жетіспеушілігіне, тар  шеңберлі  мамандар санының артықтығына,  дәрігерлер саны мен медбикелік 

және  акушерлік  қызметкерлер  санының  теңсіздігіне,  сондай-ақ  ірі  қалаларда  медицина  қызметкерлерінің  артық  шоғырлануына 

байланысты. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметкерлер мен халықтың санының және денсаулық көрсеткіштері 

қатынасы арасындағы тікелей байланыс бар екені дәлелденді. Жаһандық деңгейде қызметкерлердің тапшылығы ел ішінде орын 

алған теңгерімсіздікті одан әрі тереңдетеді. Ауылдық жерлерде қалалармен салыстырғанда құзыретті кадрлардың жетіспеушілігі 

байқалады.  ДДҰ  бұл  кемшілікті  толтыру  үшін  кем  дегенде  2  360  000  медициналық  қызметкер  және  1,890,000  әкімшілік  және 

қосымша жұмысшылар, яғни жалпы саны 4,250,000 денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер қажет деп санайды[1]. 



Зерттеу мақсаты: Алматы қаласының Наурызбай ауданының дәрігерлік кадрлармен қамтылу мәселелерін зерттеу  

Зерттеу міндеттері:  

1. Алматы қаласы бойынша дәрігерлік кадрлармен 2014-2016 жылдар аралығындағы қамтылу мәселелер қарастыру 

2. Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы дәрігерлік кадрмен қамтылуы мәселелері бойынша дәрігерлердің пікірін зерттеу  

3. Наурызбай ауданы бойынша кадрлық потенциалды нығайтуға арналған ұсыныстар дайындау  

2007-2015  жылдар  аралығында  Қазақстанда  медициналық  кадрлар  жетіспеушілігі  34%-ға  төмендеді, деп  хабарлайды  ҚР 

Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігі. 

«Денсаулық  сақтау  жүйесін  мамандармен  қамтамасыз  ету  бойынша  қабылданған  шаралар  нәтижесінде  2007-2015  жылдар 

аралығында  Қазақстанда  республикалық  және  аймақтық  деңгейде  медицина  кадрларының  жетіспеушілігі  34%-ға  немесе  2 

мыңнан астам адамға азайды. 2005-2010 жылдар аралығында медициналық ЖОО-да түлектер санын арттыру барысында барлық 

мамандықтар  бойынша  дәрігерлер  жетіспеушілігі  төмендеді»,  -  деп  мәлімделген  ведомство  хабарламасында.Осылайша, 

аймақтарды медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында ҚР 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігі  келесі  кешенді  шараларды  жүзеге  асыруда.  Атап  айтқанда,  ҚР  ДСӘДМ 

бастамасымен  2011  жылы  «Білім  туралы»  ҚР  Заңына  медициналық  мамандықтар  бойынша  мемлекеттік  бюджет  есебінен  білім 

алған  түлектердің  3  жыл  ішінде  міндетті  түрде  жұмыспен  өтеуі  туралы  норма  енгізілді.  Жоғарыда  аталған  түзетулер  күшіне 

енгеннен кейінгі медициналық ЖОО-на түскен студенттердің алғашқы түлектері 2019 жылы оқуларын аяқтайды[2]. 

Бұдан  өзге, облыс,  Астана,  Алматы  қалаларының  әкімдіктерімен  денсаулық  сақтау  саласындағы  көрсеткіштердің  жетістіктері, 

оның ішінде дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігін төмендету бойынша 2013-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды. 

Жыл  сайын  еліміздің  барлық  медициналық  ЖОО-да  ҚР  ДСӘДМ,  облыстық,  Астана  және  Алматы  қалалық  денсаулық  сақтау 

басқармалары  өкілдерінің,  медициналық  ұйымдардың  бас  дәрігерлерінің  және  түлектердің  қатысуымен  бос  орындар 

жәрмеңкелері  өткізіледі.  Оның  нәтижесінде  жас  мамандар  еліміздің  өңірлеріндегі  медициналық  ұйымдарға  жұмыс  істеуге 

жіберіледі; медициналық  ЖОО  түлектерін  жұмысқа  орналастыру  мен  оларды  өңірлерге  бөлу  бойынша  жыл  сайынғы  ҚР  ДСӘДМ 

жол  картасына  сәйкес  жас  мамандарды  бекітуді  жеке-жеке  бақылау  жүзеге  асырылуда.    Естеріңізге  сала  кетейік,  медициналық 

кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу - ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" 

мемлекеттік бағдарламасының аясындағы ҚР ДСӘДМ жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады[3]. 

Дүниедүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  тәжірибесіне  қарайтын  болсақ,  денсаулық  сақтау  саласынынң  жұмысын 

эффектілігін  арттыру  үшін  кадрлық  пот енциалды  нығайту  басты  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Халық 

денсаулығының  потенциалын  бағалау  үшін  мемлекет  территориясында  таралу  сипаты,  тығыздығы,  кадрлық 

көрсеткіштердің  таралуына  әсер  етеді.      ДДҰ  анықтамасына  сәйкес  денсаулық  сақтау  саласындағы  ма мандардың 

барлығы  денсаулықты  нығайтуға  бағытталған.  Оның  құрамына  денсаулық  саласындағы  қызметтер(дәрігерлер, 

мейірбикелер,  фармацевттер  және  лаборанттар),  әкімшілік  мамандар  ж»не  қосалқы  мамандар  кіреді.  Дүниежүзінде  60 

миллионға  жуық  денсаулық  сақтау  ма мандары  бар.  Солардың  ішіндегі  2/3  бөлігі  медициналық  провайдерлер, 

қалғандары әкімшілік және қосалқы қызмет атқаратын жұмыстарды істейді [4].   

Кадрлардың  жетіспеушілігі  дүниежүзілік  мамандармен  талқылану  үстінде.  Дүниежүзіндегі  кадрлық  мәселелер 

медицналық  мамандарлдың  тапшылығынан,  алғашқы  медициналық  көмекті  ұйымдастырудағы,  жіті  мамандықтағы 

кадрлардың  көпшілігінен,  медицналық  мейірбикелер  мен  дәрігерлердің  арасындағы  дисбаланстан,  үлкен  қалалардағы 

дәрігерлердің көптігінен дамиды.    

Дәлелді  медицина  тұрғысынан  халықтың  денсаулығы  тікелей  дәрігерлердің  жалпы  санымен  тікелей  бай ланысты 

болатындығы дәлелденген[5]. 

Ауылды  елді  мекендердегі  дәрігерлердің  саны  күннен  күнге  жетпейтіндігі  барлғына  мәлім.  ДДҰ  бағасына  қарайтын 

болсақ,  қазіргі  таңда  кем  дегенде  2360000  дәрігер  және  1890000  әкімшілік  және  қосалқы  мамандар,  жалпы  есепте 

4250000 денсаулық сақтау маманы қажет етеді.   

Барлық  елдердегі  дәрігерлердің  ара  қатынастық  көрсеткіші  әртүрлі  болады.  Сонымен  қатар  мамандармен  мен 

біліктілігіне байланысты диспропорция боалтын жағдайлар болады[6].  



Денсаулық  сақтаудағы  кадрлық  мәселердің  барлығы  кадрлық  ресурстарды  дұрыс  емес  таратуынан,  олардың  сандық 

көрсеткішінен  кадрларды  бөлу  барсыныда  кеңінен  қолданады.  Соңғы  30  жыл  ішінде  өндірістік  орындарында  де нсаулық 

сақтаудағы  мамандардың  экономикалық  қарастырылуы  жүргізіледі.    Мысалы,  әлемнің  көптеген  елдерінде  аурухалық 

ұйымдарды арнайы әкімшілік басқаруды оқыған мамандар, дәрігерлік білімі жоқ басқарады.   

Экономиканың  қазіргі  даму  кезеңінде  дүние  жүзінің  көптеген  елдеріндегі  негізі  проблемаларының  –  персоналмен  қалай  жұмыс 

жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау 

процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың 

қажеттілігін  талдауға  ғылыми  әдістерді  пайдалану,  кадрлық  шешімдерді  негіздеу  және  олардың  жариялылығын  кеңейту; 

мемлекеттік    және  шаруашылық  шешімдерді  кадрлық  саясаттың    негізгі  элементтерімен  жүйелі  түрде  байланыстыру  негізгі 

элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр[7]. 

Кәсіпорында  менеджменттің  тиімділік  факторы  есебінде  персоналды  басқару  проблемасына  кейінгі  уақытта  аса  көңіл  бөлініп 

отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр. 

Ұйымда  персоналды  басқару  бойынша  негізгі  құрылымдық  бөлім  –  кадрлар  бөлімі  болып  табылады.  Ол  кадрларды  жұмысқа 

қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.  

Ұйымдарда  әлеуметтік  мәселелерді  шешу  үшін  әлеуметтік  зерттеу  немесе  қызмет  көрсету  бөлімдері  ашылады.  Бірқатар 

ұйымдарда  персоналды  басқару  бойынша  директор  орынбасарларының  жетекшілігімен  кадрлармен  жұмыс  істеуге  қатысы  бар 

бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады. 

Мотивацияның мәнін, сондай-ақ концепциялары мен ықпалдарын айқындайтын толып жатқан зерттеулер бар. 

Мотивацияның  мазмұндық  теориясы,  адамдарды  көздеген  мақсатқа  орай  әрекет  етуге  мәжбүр  ететін  іштей  талаптануды 

(қажеттілікті) теңдестіруге негізделген. Бұл теорияның өкілдеріне А.Маслоу, Д.Маккеланд, Ф.Герберг және басқалар жатады.  



Қорытынды. Мотивацияның іс жүргізу (процессуалдық) теориясы біршама кейінірек пайда болған. Ол негізінен алғанда, бірінші 

кезекте  адамдардың  түсінігі  мен  танымын  ескере  отырып,  олардың  өздерін  қалай  ұстайтындығына  негізделген.  Мотивацияның 

бұл категориясына Портер Лоулердің үміттену теориясы (теория ожидания), әділдік теориясы және мотивация моделі жатады.  

Кадрлық  жоспарлаудың  мақсаты  адамдарға  керек  уақытында  қажетті  көлемді,  олардың  қабелеттілігі  мен  бейімділігіне  сәйкес 

және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады. 

Кадрлық  жоспарлау  ұйымның  да,  оның  персоналының  да  мүдделері  орындалуы  үшін  іске  асырылады.  Кадрлық  жоспарлаудың 

негізгі  мәселелерінің  бірі  ұйымның  барлық  жұмыскерлерін  көзқарасын  ескеру  болып  табылады.  Кадрлық  жоспарлау  ұйымның 

жалпы жоспарлау процесіне қосылғанда ғана тиімді болатындығын ескерте кету керек[8]. 

 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1  Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Казахстан на пороге 

нового рывка вперед в своем развитии: Послание Президента РК народу Казахстана. – 2006. – 2 марта 

2  Государственная программа реформирования и развитии здравоохранения Республики Казахстан на 2005-2010 годы. 

3  Концепция реформирования медицинского и фармацевтического образования в РК 2010 г. 

4  «Стратегия развития кадров здравоохранения в Европейском регионе», июнь 2008г., г.Таллин, материалы Министерской 

конференции Европейского регионального бюро ВОЗ по укреплению систем здравоохранения.  

5  Законом Республики Казахстан от 24.12.2008г. «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК 

по вопросам социальной поддержки стимулирования работников социальной сферы сельских населенных пунктов» 

6  Постановление Правительства РК от 18.02.2009г. № 83«Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной 

поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для 

работы и проживания в сельские населенные пункты» 

7  Бердюгина Н.М., Яловецкий Г.М.Особенности управления персоналом предприятия // Вестник КАСУ. – 2006. - №4. – С. 51-58.   

8  Травин В.В., Дятлов В.А. Основы кадрового менеджмента. – М.: 2006. – 95 с. 

 

 

 



А.Т. Турысбекова,  Е.С. Утеулиев 

Казахстанский медицинский университет «ВШОЗ»   

 

ПРОБЛЕМЫ ОБЕСПЕЧЕННОСТИ ВРАЧЕБНЫМИ КАДРАМИ НАСЕЛЕНИЕ НАУРЫЗБАЙСКОГО РАЙОНА ГОРОДА АЛМАТЫ 

(ОБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ) 

 

Резюме:  Кадровое  прогнозирование  и  планирование  в  настоящее  время  являются  важным  элементом  кадровой  политики  и 

составляют  часть  общего  планирования  деятельности  организации.  Прогнозирование  потребностей  кадровых  ресурсов 

осуществляется на основе стратегических целей организации и включает оценку спроса  и предложений на медицинские услуги. В 

крупных  компаниях  и  организациях  прогнозированием  занимаются  отделы  по  прогнозированию  потребности  предприятия  в 

материальных и человеческих ресурсах. 

Ключевые слова: врачебные кадры, население, здоровье, система, обеспечение. 

 

 



A. Turysbekova, Y. Uteuliev  

Kazakhstan’s Medical University "KSPH" 

 

PROBLEMS OF THE PROVISION OF MEDICAL PERSONNEL TO THE POPULATION OF THE NAURYZBAYSKY  

DISTRICT OF THE CITY OF ALMATY  

(LITERATURE REVIEW)

 

 



Resume:

 

Personnel forecasting and planning are now an important element of personnel policy and form part of the overall planning of the 



organization. Forecasting the needs of human resources is carried out on the basis of the strategic objectives of the organization and includes 

the evaluation of demand and proposals for medical services. In large companies and organizations, forecasting departments are engaged i n 

forecasting the needs of the enterprise in material and human resources.  

Keywords:

 

medical personnel, population, health, system, provision.



 

жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау