А) LM қисығы тік болады B) ІS қисығы тік болады C) ІS және LM қисықтары өзгереді D) ІS қисығы көлбеу болады E) LM қисығы көлбеу болады
Апта - 14
ОСӨЖ 27
Тақырып. Ашық экономика. Айырбас бағамы
Мақсаты: Елдің ашық экономикадағы іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс табады. Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз.
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.Ашық экономика үшін IS-LМ моделі
2. IS және LМ қисықтарына айырбас курсының және өзге де факторлардың әсері
№2 тапсырма
Есептерді шешендер
№1 есеп.
Тауар мен ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін қажетті қандай тіркемесін табуға модель мүмкіндік береді?
№ 2есеп.
IS қисығы инвестиция мен қор жинақтау тең болған жағдайда қандай байланысты көрсетеді?
№ 4 есеп.
Елдің ашық экономикадағы іс-әрекеттері мен сауда операциялары қалай көрініс табады?
№ 5 есеп.
Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) қалай деп атаймыз. Анықтама беріп түсіндір.
№ 6 есеп.
Ағымдағы шотты есептеу керек.
Мұнда: тауар экспорты – 130000 тг, шетелден келген факторлық табыс (пайыз түрінде шетелдік инвестициялардан табыс) – 125000 тг, туризм қызметінің экспорты – 135900 тг, тауар импорты - 127000 тг, шетелдік инвесторларға пайыздық төлемдер – 37000 тг, қызмет көрсету импорты – 45000 тг.
Ағымдағы шот = (тауар экспорты + шетелден келген факторлық табыс (пайыз түрінде шетелдік инвестициялардан табыс)+ туризм қызметінің экспорты) – (тауар импорты + шетелдік инвесторларға пайыздық төлемдер + қызмет көрсету импорты)
№3 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1. Ашық экономика жағдайында, инвестицияға салынатын салықтың азаюы әсерінен инвестициялардың артуы:
Нақты проценттік мөлшерлемені арттырады
Капиталдың келуіне себеп болады
Таза экспорты азайтады
Капитал есепшотының сальдосын арттырады
Төмендегі тұжырымдар дұрыс
2. Ұлттық валютаның алмастыру бағамын өсіретін шарттар қандай?
Осы елдегі еңбектің өнімділігінің өсуі
Осы елдегі пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі
Шет елдердегі пайыз мөлшерлемесінің өсуі
Осы елдегі баға деңгейінің өсуі
Номиналды жалақы деңгейінің өсуі
3. Нарықтық ортада тауарлар тапшылығы болуы үшін
A) Тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет
B) Тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы қажет
C) Тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан төмен болуы қажет
D) Тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет
E) Дұрыс жауабы жоқ
4. Нақты валюта бағамы дегеніміз:
Екі ел тауарларының бағаларының қатынасы
Валюта сатылған күнгі Ұлттық банктің бағамы
Алтын бағасы
Алмастыру орындарындағы бағам
Шетел валютасымен есептелген ұлттық валютаның мөлшері
5. Айырбас бағамы тұрақты емес жағдайдағы тепе-теңдік бағаның төмендеуін валютаның құнсыздануы деп атайды, ал тұрақты айырбас бағамы жағдайында бұл процесс қалай аталады?
Девальвация B) Ревальвация C) Инфляция D) Стагнация E) Рецессия
ОСӨЖ 28
Тақырып. Ашық экономика. Айырбас бағамы
Мақсаты: Елдің ашық экономикадағы іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс табады. Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз.
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Бекітілген айырбас курсы жағдайындағы ашық экономикадағы тепе-теңдік
2. Капитал қозғалысын реттеу жағдайындағы бюджеттік және ақша саясаты.
3. Ашық экономикадағы жылжымалы айырбас курсы
№2 тапсырма
Есептерді шешендер
№ 1 тапсырма.
Девальвация сөзіне тұсінік бер. Девальвация себептерін ата.
№ 2 тапсырма.
Ревальвация сөзіне түсінік бер. Дефляция деп нені айтады?
№ 3 тапсырма.
Деноминация деп нені айтады? Қазіргі кезде валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы қандай әдістер бар?
№ 4 тапсырма.
Шетелдегі бюджет салық саясат қалай жүзеге асырылады? Инвестициялық сұраныстың өзгеруі нене әкеледі?
№3 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1. Тұрақты айырбас жағдайында, валюта бағамын:
Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс анықтайды
Сату барысында анықтайды
Ауытқулар шегінде анықтайды
Ұлттық банк тағайындайды
Алтын стандарты бойынша анықтайды
2.Тұрақты емес валюта бағамы:
Экспортерлер мен импортерлер үшін есептеулерді (калькуляцияны) жеңілдетеді
Бағамның тез ауытқуларына және сауда балансының өзгерістеріне соқтырады
Бағамның өзгерістерін болдырмайды
Инфляция импортын қиындатады
Валюта нарығында тепе-теңдік болуына кедергі жасайды
3. Девальвация дегеніміз:
Номиналды валюта бағамының төмендеуі
Валюта бірлігінің өзгеруі
Сатып алу қабілетінің өсуі
Валютаға деген сұраныстың артуы
Валютаның құнсыздануы
4. Егер АҚШ долларының нақты айырбас бағамы өсетін болса, онда
Америка азаматтары үшін импортты тауарлар арзандайды
Американың таза экспорты азаяды
Ағымдағы операциялар бюджетінің жетіспеушілігі артады
Отандық тауарлар арзандайды
Төмендегі тұжырымдар дұрыс
5. Міндетті резервтер нормасы 20 %. Орталық банк ашық нарықтағы операциялардың көмегімен ақша ұсынысын ең жоғары шегі 520 млрд.теңгеге дейін өсіре алады. Бұл үшін Орталық банк:
A) 2600 млрд. теңгеге облигация сатуы керек
B) 2600 млрд. теңгеге облигация сатып алуы керек
C) 104 млрд.теңгеге облигация сатып алуы керек
D) 104млрд. теңгеге облигация сатуы керек
E) 520 млрд. теңгеге облигация сатуы керек
Апта - 15
ОСӨЖ 29
Тақырып. Экономикалық өсу
Мақсаты: Экономикалық өсудің түрлері мен оны өлшеудің жолдарын мысалдар арқылы студенттерге түсіндіоу.
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Экономикалық өсу түсінігі
2. Ұзақ мерзімді өсудің Солоу моделі. Модельдің графиктік көрінісі
№2 тапсырма
Есептерді шешендер
№ 1 есеп.
Экономикалық өсудің факторларына нелер жатады? Экономикалық өсудің қандай типі болады?
№ 2 есеп.
Экономикалық өсудің интенсивті факторларын ата?
№ 3 есеп.
Қазіргі кезде дамыған барлық елге экономикалық өсудің интенсивті типінің басты себептері қандай?
№3 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1. Солоу үлгісінде бір жұмысбастыға шаққандағы өнім өндірудің тұрақты өсуі түсіндіріледі:
A) Қор жинағы мөлшерінің өсуімен B) Технологиялық прогресспен C) Халықтың өсуімен
D) Барлық жауаптары дұрыс E) Жоғары аталғандардың жауабы дұрыс емес
2. Экономиканың өсуін төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді:
A) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисық оңға қарай қозғалады
B) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисық солға қарай қозғалады
C) Белгілі бір нүкте өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисықтың бойымен жылжиды
D) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисықтың ішінде бір нүктеден екінші нүктеге қозғалысты көрсетеді
E) Дұрыс жауап жоқ
3. Солоу үлгісіне сәйкес еңбек жинақтаушы прогресс қарқынында “g”. Халықтың өсуі “n” жағдайында тұрақты қалыптағы жалпы өнім өндірудің өсу қарқыны неге тең болады:
A) 0 B) g C) n+ g D) n E) о+ g
4. А елінде капиталдың шекті өнімділігі 1/5, ал В елінде – 1/3. Тұтынуға шекті бейімділік екі елде де бірдей. Домар үлгісі бойынша нақты өнім өндірудің өсу қарқыны А елінде:
A) В еліне қарағанда 1,67 есе жоғары B) В еліне қарағанда 13 пайыз төмен
C) В еліндегі өсу қарқынының 60%-ын құрайды D) В еліне қарағанда 40 % есе жоғары
E) В еліне қарағанда 10 пайыз төмен
5. Экономикада өндіріс функциясы, қор жинағының нормасы, халық санының тұрақты өсуі және технологиялық прогрестің тұрақты болған жағдайында ығысу нормасының өсуін төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді:
A) Бір жұмысшыға келетін капитал қорының тұрақты деңгейін төмендетеді
B) Экономиканың тұрақты жағдайы бір жұмысшыға келетін капитал қорын көбейтеді
C) Қормен қамтамасыз етудің тұрақты деңгейін өзгертпейді D) Нақты ешнәрсе айта алмайды
E) Дұрыс жауап жоқ
ОСӨЖ 30
Тақырып. Экономикалық өсу
Мақсаты: Экономикалық өсудің мәлеметтерді беру.
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.Жинақтау және инвестиция. Капиталдың қорлануы.
№2 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1. Экономикалық өсудің экстенсивті факторы:
A) Жоғары аталғандардың барлық жауаптары дұрыс B) Өндірісті ұйымдастыру, басқару
C) Жалпы және терең білім D) Техникалық прогресс
E) Жұмысшы санының өсуі
2. А және В еліндегі өндіріс функциясы Y=K 0.5*L0.5 . Екі елдегі ығысу мөлшері жылына 6 %. Бірақ А елі өз табысының 24 %, ал В елі 15 %-ын жинақтайды. Тұрақты жағдайда А еліндегі бір жұмысшыға келетін өнім өндіру деңгейі:
A) В еліне сәйкес көрсеткішінің 80 % -ын құрайды B) В еліне қарқында 2,56 есе жоғары
C) Елінің сәйкес деңгейінің 62,5 %-ын құрайды D) В еліне қарағанда 1,6 есе жоғары
E) В еліне қарағанда 15 пайыз төмен
3. Дамыған елдерде еңбек өнімділігі өсуінің негізгі факторы болып табылады:
A) Жұмыс уақытының ұзақтылығы B) Технологиялық прогресс C) Жұмысбастылар санының көптілігі
D) Қолайлы әлеуметтік жағдай E) Дұрыс жауап жоқ
4. А еліне өндіріс функциясы Y=K 0.5*L0.5 . Ығысу мөлшері 6 %. Халық жылына 2 пайызға өседі. Техникалық прогресс есепке алынбайды. “Алтын ереже” бойынша тұтынудың ең үлкен көлемі қанша:
A) 3,125 B) 2,65 C) 39,0625 D) 6,25 E) 0,25
5. Y=15*K1/3*L3/2. Капиталдың еңбек ету мерзімі 20 жыл. Халықтың өсуі мен технологиялық прогрестің қатысы жоқ деп есептейміз. “Алтын ереженің” шарттарына сәйкес бір жұмысшыға келетін тұрақты өнім өндіру деңгейі:
A) 1500 B) 1000 C) 300 D) 150 E) 250
8.Жобалық есептерге, есептік-сызбалық, лабораториялық,курстық жұмыстардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар -------------------------------------------------------------------------------------------- Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
9.Студенттің өзіндік жұмысына арналған материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |