М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Ғылыми Кеңесімен бекітілді
«__25___» ____02_ 2013ж,
№ 7 хаттама
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі
Жалпы ережелер
1. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы осы ереже төмендегіше сәйкестікте дайдалды:
- 24.10.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- 01.09.2009 жылғы «Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы ұйымдастыру» ҚР ЖММС;
- 25.04.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен, 13.04.2010 жылғы «Жоғары оқу орындары білім алушыларын аралық және қорытынды аттестаттау, ағымдағы үлгерімді бақылауды өткізудің типтік ережелері» туралы ҚР БҒМ № 168 бұйрығы;
- 19.01.2012 жылғы «Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері» туралы ҚР Үкіметінің №112 өкімі.
2. БҚМУ-дың қашықтан оқыту технологиясы төмендегі технологияларды қолданумен жүзеге асады:
1) кейстік технология
2) желілік технология
3) ТВ - технология
Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
3. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) жеке оқыту;
2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
3) дәстүрлі оқу түрі мүмкіндігі жоқ адамдарға білім қызметін ұсыну.
Қойылған қашықтан оқыту міндеттерін шешуге жету үшін БҚМУ мыналарды негіздейді:
- қашықтан оқыту технологоиясының қағидаттары;
4. Қашықтан оқыту технологиясының дұрыс қызметі мен ұйымдастырылуын БҚМУ басшылығы төмендегіше қамтамасыз етеді:
1) оқу курстарын қолдау;
2) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
3) кеңестер;
4) білім алушылармен кері байланыс орнатуды ұйымдастыру;
5) білім алушылардың білімін бақылау.
5. БҚМУ-да қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қажетті шарттарына мыналар жатады:
- білім алушылар үшін мазмұнды ақпаратты беттерімен білім интернет-порталы;
- телекоммуникациялық желіге (интернет) шығуға болатын құралдар;
- электронды оқу залдары, компьютерлік және тьютерлік кластар;
- оқу континентінің әр түрлі типтегі жеткізушісі (жеке немесе алынған);
- желілік оқу мультимедиа континенті (жеке немесе алынған);
- дайындыққа сәйкес профессор-оқытушылар құрамы, оқу-көмекші және техникалық персоналдар.
6. ҚОТ келесі білім алушылар үшін пайдаланады:
1) техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім негізіндегі жеделдітілген білім беру бағдарламалары бойынша;
2) шектеулі физикалық мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін, соның ішінде мүгедек-балалар және білім берудің әр түрлі деңгейіндегі 1 және 2 топ мүгедектері үшін;
3) «Болашақ» стипендиаттарынан басқа, жоғары білім деңгейінде білім алушылармен алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс шыққандар үшін;
4) жоғары білім деңгейінде әскери қызметке шақырылған сырттай оқу түрінің білім алушылары;
5) жоғары білім негізіндегі ұзақ шетел іс-сапардағылар үшін (4 айдан артық емес).
7. ҚОТ бойынша білім аламын деген тұлға білім беру мекемесінің жетекшісінің атына еркін түрде ҚОТ арқылы білім ала алатының негіздейтін өтініш жазып, растайтын құжаттарын ұсыну керек:
1) мамандығы бойынша қызмет жасайтындар үшін жұмыс орнынан анықтама;
2) мүгедек балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы.
8. Өтініш қаралған соң, білім беру мекемесінің жетекшісінің білім алушыны қашықтан оқытудың технологиясы арқылы білім алуға аудару жөніндегі бұйрығы шығады.
9. Бұйрыққа қоса тіркеледі:
1) білім алушының өтініші;
2) білім алушылылардың жеке оқу жоспары;
3) әр-бір білім алушының оқу іс-әрекетінің жеке кестесі;
4) мүгедек балалардың қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісіне қатысу мүмкіншілігі жөніндегі психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы.
Білім беру мекемесі екі күнтізбелік күн аралығында білім алушыны жоспары және оқу үрдісінің кестесімен таныстырады.
10. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін білім беру мекемесі жұмыс оқу жоспарындағы барлық пәндері бойынша электронды пәннің оқу-әдістемелік кешендеріне ие болуы керек.
11. Электронды оқу-әдістемелік кешендерді дайындау бекітілген жұмыс оқу жоспарымен және типтік оқу жоспарына сай жасалуы тиіс.
12. Электронды пәннің оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша тарауларынан тұрады.
13. Міндетті тарауына жатады:
1) пәннің мазмұнынан, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, ұсынылған әдебиеттер тізімінен (негізгі және қосымша әдебиет), пәнді модульдік бағыттан бөлінуінен, қашықтан кеңес өткізу кестесінен тұратын жұмыс оқу жоспары;
2) дәрістің электронды нұсқасы;
3) практикалық және семинар сабақтарының материалдары;
4) студенттің өзіндік жұмысы және оқытушының жетекшілігімен іске асатын өзіндік жұмыс тапсырмалары;
5) аралық бақылау ұйымдастыратын материалдар (бақылау жұмыс, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
6) қорытынды бақылау материалдары (тест емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары).
14. Қосымша тарау курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, үйрету сипаттағы компьютерлік бағдарламалар, тренажер, репетитор, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пән бойынша оқу материалдарын жақсы игеруге қажетті оқу және оқу--әдістемелік құралдардың мультимедиялық нұсқаларынан тұрады.
15. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында БҚМУ-да ақпараттық және білім технологиялары орталығын, кафедралар мен факультеттердің жұмысын үйлестіретін және төмендегідей қызметтер атқаратын құрылымдық бөлімше (Қашықтан оқыту бөлімі) құрылды:
- Оқу үдерісін үйымдастыру мен басқару;
- Қашықтан оқыту технологиясының дидактикалық материалдарын дайындау;
- Ақпараттық-техникалық камтамасыз ету.
16. Қашықтан оқыту технологиясы бөлімі қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және басқарумен айналысады, қашықтан оқыту технологиясына қатысты құжаттарды жүргізеді, оқытушылар мен тьюторлар үшін оқыту семинарларын ұйымдастырады, оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
17. Ақпаратттық және қашықтан оқыту технологиясы орталығы жүзеге асырады:
- электронды оқулықтар, мультимедиялық курстарды дайындайды, иегереді, қолданады;
- тест жүйесі және басқа да білімді бақылау түрлерін дайындайды;
- қашықтан оқыту технологиясы бойынша ақпараттық ресурстарды қолдану әдістерін дайындайды;
- қашықтан оқытудың ақпараттық және техникалық құралдарын, көшіру бағдарламаларын қолдау, игеру және дайындау.
18. Факультет кафедралары қашықтан оқыту технологиясының көптеген әдістемелік құралдарын дайындаумен айналысады.
3. Кейстік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру
19. Білімді ұйымдастыру жетекшілерімен бекітідген, қашықтан оқыту технологиясы оқу жұмыс жоспары негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының талаптарына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрылады. БҚМУ қашықтан оқыту технологиясы таңдауына сәйкес оқу сабақтарын өткізу түрлерін білім үдерісінде қолданады.
20. Оқытылатын пәндердің кредит көлемі былай жүргізіледі: 1 кредит оқу жұмысының 45 сағатына тең. Кейстік технология арқылы 1 кредитті оқыту үшін 4 сағат (аудиториялық) сабақ, 3 сағат оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ), 38 сағат студенттің өзіндік жұмысына беріледі.
21. Білім алушының жеке оқу жоспарын кафедра меңгерушісі және қашықтан оқыту бөлімі жетекшісінің көмегімен эдвайзер құрастырады және факультет деканы бекітеді.
Қашықтан оқытудың кейстік технологиясы арқылы білім алатын студентке жеке оқу жоспары негізінде қашықтан оқыту бөлімі жетекшісінің өкімі бойынша (емтихан парағы) үлгерімді бақылаудың (ағымдағы, бақылау, аралық аттестация) жеке кестесі іске асуы мүмкін.
22. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылар үшін оқу сабақтары басталар алдында қашықтан оқыту технологиясы мен жүйесін таныстыру мақсатында бейімделу курстары жүргізіледі.
23. КОТ талаптарына сәйкес оқу жылы екі сессиядан тұрады. Бірінші курста бейімделу сессиясы жүргізіледі. Бейімделу сессиясы тек теориялық, келесісі теориялық және емтихан сессиясы болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысы сессияаралық кезеңде орындалады. Бейімделу сабақтары өткізілгеннен кейін оқытылған пәндерден ОЖСӨЖ, ал аралық және қорытынды бақылау (емтихан сессиясы) келесі семестр уақытында жүргізіледі.
24. Студенттердің өзіндік жұмысы пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) мазмұнындағы әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу материалдары негізінде ұйымдастырылады. Осы мақсатта білім алушылар әр түрлі жеткізуші құралдар арқылы ПОӘК-пен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ http://inside.wksu.kz/ білім порталында орналасқан оқытушылардың пәндер бойынша бейне дәрістерімен де оқиды.
25. Қашықтан оқыту технологиясының сессияаралық кезеңінде оқытылатын теориялық материалдарды оқиды және тьюторлардан кеңес алады. Студенттердің өзіндік жұмысына пәннің барлық оқу материалдарымен (чат, форум арқылы) оқытушы-тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін интерактиті кеңестері де жатады.
Топтық және жеке кеңестер мен сабақ кестесіне сәйкес, қойылған рейтинг пен ағымдағы білімді бақылау студент пен оқытушының өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) кезінде жүзеге асады.
4. Желілік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру
26. Оқу үдерісі қашықтан оқыту технологиясының оқу жұмыс жоспары негізінде білім ұйымы басшысының бекітуімен ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға білім берудің стандарты талаптарына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрылады.
27. Осы оқу түрінлегі мамандықтар тізімі қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы кафедралар ҚО бөлімімен келісе отырып, университеттің ОӘК бекітуімен анықталады және ректор бұйрығымен ҚО-ның желілік технологиясына көшіріледі.
28. Желілік технология бойынша оқушылар үшін бірінші курста қашықтан оқыту технологиясы және жүйесімен таныстыру үшін бейімделу сессиясы өткізіледі. ҚР МЖББС 6.6 т. талаптарына сәйкес оқу үдерісін басқарудың ақпараттық жүйесінің таратылуында электронды пошта және қашықтан оқыту жүйесі қолданылады.
29. Білім алушының жеке оқу жоспарын кафедра меңгерушісі және қашықтан оқыту бөлімі жетекшісінің көмегімен эдвайзер құрастырады және факультет деканы бекітеді.
Қашықтан оқытудың желілік технологиясы арқылы білім алатын студентке жеке оқу жоспары негізінде қашықтан оқыту бөлімі жетекшісінің өкімі бойынша (емтихан парағы) үлгерімді бақылаудың (ағымдағы, бақылау, аралық аттестация) жеке кестесі іске асуы мүмкін.
30. Оқу жылы екі емтихан сессиясынан тұрады. Студент келуге міндетті. ҚОТ бойынша студент арнайы негізде ҚОТ-сын пайдалану үшін ректордың атына өтініш жазады және қажетті мәліметтерді көрсетеді (байланыс жасау мәліметтері). Желілік технология бойынша оқу сессияаралық кезеңде өткізіледі және онда ЖОО-на білім алушының келуі міндетті емес.
31. Жұмыс оқу жоспары мен жеке оқу жоспарына сәйкес студент семестрдегі барлық оқытылатын пәндер бойынша ПОӘК-пен қамтамасыз етіледі.
32. «on-line» немесе «off-line» жүйесіндегі қашықтан оқу сабақтарының өткізілуі ҚОТ-қа негізделеді.
33. Оқу үдерісі «off-line» жүйесіндегі желілік қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысы түрінде ұйымдастырылады және қажеттілікке орай кеңестер өткізіледі. Желілік қашықтан оқыту технологясы бойынша оқу үдерісі кестесін ҚО бөлімінің әдіскері құрастырады, сондай-ақ оған кесте бойынша келісілген уақытта жұмыстардың уақытында орындалуын қадағалау жауапкершілігі жүктеледі.
Қашықтан оқытудың желілік технологиясының оқу үрдісі кестесіндеВ графике учебного процесса сетевой технологии дистанционного обучения 1 курста ұйымдастыру сессиясы көрсетіледі (ұзақтығы 2 күн). Ұймдастыру сессиясы барысында студент жеке басымен жоо-на келіп, ҚО жүйесімен жұмыстану жөнінде кеңес алып, жүйеге тіркеледі (логин, пароль алады). Әр-бір семестрдің басы және яағы көрсетіледі, кеңес алу мерзімі, рейтингілік бақылау және емтихан сессиясының мерзімдері көрсетіледі.
Соынмен қатар, ҚО технологиясы бойынша білім алып жатқан студент бақылаудың барлық түрлерін (ағымдағы, аралық,) жеке кесте бойынша тапсыра алады, сондықтан емтихан сессиясы мүмкінінше максималды түрде ұзарады.
Желілік қашықтан оқыту технологиясында студенттердің өзіндік жұмыстары: дәрістік материалдарды оқу, практикалық тапсырмаларды орындау, СӨЖ үшін берілген тапсырмаларды шешу, жағдаяттар, баяндама, реферат жазу, бақылау жұмысы, курстық, жобалармен жұмыс, т.б. өз бетімен қарастырылады. Бұдан басқа студент өздігінен университеттің http://inside.wksu.kz/ білім порталында орналасқан пәндердің бейнедәдістерін оқумен айналысады. Кеңестер әр түрлі формада өткізілуі мүмкін:
- күндізгі жеке (білім алушының бастамасы бойынша);
- қашықтан жеке (бақылау және аттестациялық жұмысқа пікір, автоматтандырылған электронды бағдарлама арқылы, телефон арқылы, электронды пошта арқылы, web-камера, чат («on-line» жүйесі), форум);
- қашықтан топпен (чат, форум арқылы).
34. Оқытылатын пәндердің кредит көлемі былай жүргізіледі: 1 кредит 45 оқу жұмысы сағатына тең. 1 кредитті оқу үшін желілік қашықтан оқыту технологиясы бойынша 1 студентке 0,5 сағат уақыт бөлінеді (Х (кредит саны) х Ү (студент саны).
. Мамандықтың ЖОЖ дәріс, семинар, практикалық және ОЖСӨЖ сабақтарының саны көрсетілмейді, бірақ кредит саны кейстік технология және күндізгі оқытудың ЖОЖ бірдей болу керек. Студенттер ПОӘК және кеңесті оқу жоспарында көрсеткен семестрде алады.
35. Ағымдағы үлгерімді бақылау сессияаралық кезеңде және кеңес кезінде жүйелі жүргізіледі. Ағымдағы бақылау нәтижелері ҚО бөлімі әдіскерінің ҚО желілік технология бойынша оқу үдерісін тіркеу журналында тіркеледі және MS-Exsel бағдарламасы арқылы үлгерім базасында жүргізіледі.
36. Ағымдағы білімді бақылау нәтижелері мен емтиханға жіберілу рұқсаты факультеттің сырттай бөлім әдіскерінің емтихан сессиясы басталмас бұрын оқу үдерісі кестесіне сәйкес ресімдейтін рейтинг ведомосінде көрінеді.
5. Білімді бақылауды ұйымдастыру
37. Білімді аралық және қорытынды бақылау балдық-рейтингілік негізде жүргізіледі. Ағымдағы және рейтингілік бақылау нәтижелері тьютор журналында, үлгерімнің электронды базасында, автоматтандырылған жүйеде көрінуі тиіс.
38. Балдық-рейтингілік жүйе 100 балдық шкала бойынша бірінші және екінші білімді аралық бақылау мен қорытынды бақылауды қарастырады. Осыдан қорытынды бағаның жалпы сомасынан білімді аралық бақылауға 60%, қорытынды бақылауға 40% беріледі. Сонымен қатар, студенттердің білімі апта сайын бақыланады және қорытындысы журналға түсіріледі.
39. Ауыстыру балының деңгейі (GPA) университеттің студенттерді келесі курсқа көшіру туралы қабылданған шешімі мен білім алушының жетістік деңгейінің орта бағасы арқылы қойылады.
40. Тиімділікті көтеру мақсатында БҚМУ студенттерінің білімді қорытынды бақылау мен барлық оқу үдерісіндегі білім технологиялары сапасы артуда. Білімді қорытынды бақылау (емтихан) БҚМУ Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілген арнайы және әдістемелік пәндерді есепке алмағанда компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі.
41. Кредиттік жүйе ережелері бойынша студенттердің білімін бақылауда келеңсіз жағдайларды болдырмау және жою мақсатында аппелляция қарастырылған. Аппелляция студенттердің бастамасы бойынша келесі жағдайларды жұмыс жасайды:
- Тест тапсырмаларының мазмұны дұрыс құрастырылмаса;
- Тест тапсырмаларында дұрыс жауап болмаса;
- Тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап болса;
- Тест тапсырмалары пәннің ОӘК берілген оқу бағдарламалары шеңберінен шығып кетсе.
42. Кредиттік жүйе ережелеріне сәйкес ағымдағы сессияда алынған «қанағаттанарлықсыз» баға қайта тапсыруға жатпайды. Дәлелді себептермен емтиханға келе алмаған білім алушы емтиханды жолдама (емтихан тапсыру парағы) бойынша тапсыруға құқылы. Ол үшін емтихан парағына рейтингілік бақылау балы қойылып, емтиханды бірінші рет тапсырып отырғаны туралы белгі қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы ақылы негізде қосымша оқу/жазғы семестр уақытында (ЖОО әкімшілігі белгілеген басқа да қосымша оқу кезеңінде) пәндер бойынша (кеңес тыңдау, оқу-әдістемелік материалдарды алу (кейс), білімді аралық бақылаудан өту) қайта оқуына құқылы.
43. Пәндер бойынша қарызы, ЖОО-нан ЖОО-на ауысу кезінде оқу жоспарында пән айырмашылығы бар студенттер үшін қосымша оқу/жазғы семестр ұйымдастырылады. Курсты қайта оқуы үшін белгіленген көлемде ақы төлеген соң (соның ішінде мемлекеттік білім гранты бойынша білім алушылар үшін де) студент қайта оқуға жіберіледі. Қайта оқу ақысы оқытылатын пәннің кредит санына байланысты есептелінеді. Егер студент қосымша оқу қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол өтініш жазып курсты қайта оқуына құқылы.
44. Жеке оқу жоспары мен қорытынды аттестацияны тапсыруына сәйкес таңдаған мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын игеру мен мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты талаптарын толық орындаған білім алушыға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
6. Оқу ақысын төлеу, студенттерді оқудан шығару мен қайта қабылдау тәртібі
45. Оқу ақысын төлеу тәртібі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мамандарды дайындауда шығындарды толық қайтару туралы келісімшарты негізінде жүргізіледі.
46. Оқу ақысы көлемі коммуналдық қызметтің өсуіне, білім қызметкерлерінің еңбек ақысының индексациялануына байланысты (инфляция коэффиценті есебімен), т.б. өсуі мүмкін. Ол туралы келісімшартқа қосымша келісім жасалады.
47. Төлем кестесі келісімшартпен қойылады және сессия басталғанға дейін оқу ақысын төлеу қарастырылады. Ол үшін студенттің сынақ кітапшасына қаржылай қарызының жоғы туралы штамп қойылады. Сынақ кітапшасында қаржылай қарызының жоғы туралы штампсыз студент сынақ-емтихан сессиясына жіберілмейді.
48. Дәлелді себепсіз оқу сабақтарына қатыспаған немесе ескертусіз сабақтан кетіп қалған (өтінішсіз немесе дәлелдейтін анықтама) студент оқу кезеңіне сәйкес оқуақысынан босатылмайды.
49. Оқуын жалғастыруына мүмкіндігі болмаған жағдайда (сырқат, отбасылық жағдай, ҚР ҚК қатарына шақырылуына байланысты) студент өз еркімен (өтініш негізінде) келісімшартты бұзуы қажет.
50. Білім алушы униерситеттен мына жағдайларда шығуы мүмкін:
- университет алдындағы қаржылық міндетін орындай алмаған жағдайда;
- өз еркімен, соның ішінде денсаулығына байланысты дәрігерлік қорытынды анықтама негізінде;
- басқа білім ұйымына ауысуы байланысты;
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына шақырылуына байланысты;
- университетпен байланысты үзгені үшін (сабақ қалдыру немесе дәлелді себепсіз емтиханға қатыспау, көрсетілген мерзімде академиялық демалысқа шықпағаны үшін, егер студенттің академиялық қарызы болып, жазғы семестрден өтуге өтініш бермесе немесе қосымша оқу үшін белгіленген төлемді төлемесе, егер студент жазғы семестр қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алса, қайта курстан өтуге өтініш бермесе;
- егер оқу қорытындысы бойынша оның GPA көрсеткіші университет Ғылыми кеңесі белгілеген төменгі шектік деңгейден төмен болса немесе студент оқу курсынан қайта өтуге өтініш бермесе;
- оқу жоспарын орындаған, бірақ қорытынды мемлекеттік аттестациядан өтпеген (дәлелді себептерсіз, мемлекеттік емтихан тапсыруда немесе дипломдық жұмыс/жобаларды қорғауда «қанағаттанарлықсыз» баға алса);
- БҚМУ студенттернің Этика кодексін бұзғаны үшін.
51. Оқудан шығарылған студент университетке қайта қабылдануға құқылы. Ол үшін оқу курсын, оқу жоспары бойынша пән айырмашылығын анықтау қажет. Ол 5 (бес) пәннен аспауы керек.
52. Оқудан шығарылған студент қайта қабылдануда қарызын өтейді және сол кездегі шарттарға (келісімшарт) сәйкес жаңа келісімшарт жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |