«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, каб. 617, анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 575-062, электрондық мекенжайы: k.ospanova@kostanay.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшенің бас маманы, санаты D-4, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 116623 теңгеден 157326 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Құпиялық режимді қамтамасыз ету, құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, өндірісте аяқталған істерді есепке алу және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оларды архивке тапсыруға дайындау, лауазымды тұлғалардың құпиялы құжаттарға рұқсатына материалдарды ресімдеу, мемлекеттік құпиялардан хабары бар тұлғалардың шетелге шығуын бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Құқық; білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика); гуманитарлық ғылымдар;әскери іс және қауіпсіздік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
ғылыми дәрежесінің болуы.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білу, аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бектілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Ескерту: конкурсқа қатысушылардың интернет және видеобайланыс арқылы онлайн режимінде әңгімелесуден өту мүмкіндігі бар.
Бұл ретте, кандидат персоналды басқару қызметін алдын ала әңгімелесу басталғанға дейін онлайн-әңгімелесуге қатысатыны туралы хабардар етуі қажет.
Онлайн-әңгімелесу кандидаттың тұратын жері бойынша Қостанай облысының қала және аудан әкімдіктерінде өтеді.
18.09.2019ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
___________________________
____________________________
____________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны__________________________________
__________________________________________________________________
_________ __________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |