22. И НФЕКЦИ ЯЛЫҚ АУРУЛ АРД ЫҢ АЛД ЫН -АЛУ
Профилактика (Алдын-алу)
– халық арасында инфекциялық аурулардың
таралуының алдын-алуға бағышталған шаралар.
Инфекциялық аурулардың таралуын
алдын-алуда санитарлық ағарту жҽне халықтың санитарлық-ағарту мҽдениетін кҿтеруде
маңызды болып келеді. Арнай алдын-алу шаралары эпидемиялық процесстің 3 бҿлігінеде
бағышталған болу керек: инфекция кҿзі, берілу механизмі (берілу жолы) жҽне адам
организмінің қабылдау мҥмкіндігі.
Инфекция ошағына байланысты шаралар.
Инфекцияның негізгі ошағы ауру адам
болғандықтан, оны мҥмкіндігінше ерте ҧжымнан оқшаулау қажет. Бҧл науқастың
мерзімінде қаралып, диагнозды уақытында қоюға байланысты. Ерте оқшаулауға (мерзімі
инфекцияның тҥріне байланысты) тек қана ауру балалар ғана жатып қоймайды, оған
кҥмҽн туған балаларда оқшаулану керек. Инфекциялық ауырған науқас баланың ҥйде
немесе ауруханада емделу керектігін дҧрыс анықтаудың маңызы ҥлкен. Мерзімінде
жҥргізілген ем науқастың тез жазылып, қоздырғыштың тез эрадикациясына ықпал етеді.
Ауруханаға барлық бірдей инфекциямен ауырған науқастар жатқызыла бермейді, тек
айналасына қауіпті инфекциялармен ауырған (кҥлмен, іш сҥзегімен, тырысқақпен)
балалар ауруханаға жатқызады. Кҿптеген инфекциялық ауруларда (жҽншау, қызылша, жел
шешек, кҿк жҿтел жҽне т.б.) оқшаулап, ҥйде емдейді, ауруханаға жатқызу мҽселесі
ауырлық дҽрежесіне жҽне баланы ҥйде оқшаулау жҽне тиісті кҥтімді ҧйымдастыру мҥм-
кіндігі болмаған жағдайда шешіледі. Инфекциялық аурулардың барлығыда санитарлық-
эпидемиялық органдарда есепке алынады, сондықтан барлық науқас туралы жедел
хабарламалар кешіктірілмей жіберілуі керек. Ауырып қалған жҽне онымен қатынаста
болған балалар туралы мҽліметтер ,ол қатынайтын балалар мекемелеріне хабарланады.
Инфекция кҿзі тек қана ауру адамдар ғана болып қоймайды, дені сау
тасымалдаушылырдыңда маңызы ҥлкен. Оларды анықтау оңайға тҥспейді, дегенмен,
ҽсіресе балалар ҧжымында, анықтауға мҥмкндік бар. Балалар мекемелерінде науқас бала
анықталса, клиникалық жҽне лабораториялық тексеруге барлық қатынаста болған
балалармен қатар мекеме қызметкерлеріде жатады. Дені сау балалар немесе қызметкерлер
арасында анықталған тасымалдаушыларды немесе жасырын тҥрдегі аурулар анықталса
оларды да оқшаулау, тексеру, қажет болса емдеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |