БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҤЙКЕ -ІС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ КӚРСЕТКІШТЕРІ
Жасы
1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5ай
1
2
3
4
5
6
Кҿру бағдарлау
ҽрекеттері
/Бк/
Қыска уақытқа кҿзін жылтырақ
заттарға тігеді жҽне оларға
қадағалап қарайды
Кҿзімен кҿз алдында-
ғы ойыншықтарды
қадағалайды
Ҽртҥрлі калыпта
жатып, қозғамайтын
заттарға кҿзін тігеді
Анасын
таниды
Туысқандарын
бҿтен адамдардан
айырады
Есту-бағдарлау
ҽрекеттері
/Бе/
Қатты дыбыс естігенде шошиды
жҽне кҿзін жыпылықтатады
Қҧлақ салып,
тыңдайды
Даусын естиді
Дауыс шыккан
жақка басын
бҧрады
Оған қарап айтылған
сҿздің тҥрін
айырады
Кҿңіл-кҥй
(эмоция)
(Э)
Алғашқы жымию
пайда болады.
Ҥлкен кісінің оған
арнаған сҿзіне кҥлкі-
мен жауап береді.
Онымен сҿйлескенде
қуанышын кҥкімен, аяқ-
қолының қуанышты
қозғалысымен білдіреді
Даусын
шығарып,
кҥледі.
Жалпы
қимылдар
(Кж)
Етбетіне жатып басын кҿте-руге
(ҧстауға) тырысады
Басын тікесінен
жақсы 1-2 минут
ҧстайды
Етбетінен жатып басын
жақсы ҧстайды.
Аяғымен тірейді.
Шалкасынан
жатып, етбетіне
аударылады.
Қолтығының
астынан ҧстағанда,
аяғын тік басып тҧра
алады. Шалқасынан
жатып етбетінен
аударылады
Қолдарының
қозғалысы жҽне
заттармен
ҽрекеті
(Ққ)
Кеудесінің ҥстінде ілулі
тҧрған ойыншықтарды
кездейсоқ ҧстайды.
Ілулі тҧрған
ойыншықтарды
колымен
ҧстайды
Ҥлкендердің
кеудесінің ҥстіне
ҧстап тҧрған
ойыншықтарын
колына ҧстайды
Белсенді сҿйле-
удің дамуының
дайындық
сатылары (Сб)
Уілдеп, дыбыс шығара
бастайды.
Ҧзак уакыт
уілдеп, дыбыс
шығарады.
Ҧзақ уақыт уілдеп,
дыбыс шығаруды
жалғастырады.
Сҿзді тҥсіну
(Тс)
Ҽрекеттердегі
икемділіктер
мен іскерліктері
(И)
Тамақтанғанда,
қасықтан тамақты
ернімен тҥсіріп
алады
6 ай
7ай
8 ай
9 ай
10 ай
11 ай
12 ай
7
8
9
10
11
12
13
Етбетінен жатып
арқасына
аударылады.
Еңбектей
бастайды
Жақсы еңбектейді. Ҿзі отырады, тіреу-
ден ҧстап, жағалап
жҥре алады
Екі қолынан
жетектегенде,
жҥреді
Аласа жерлерге ҿзі
шығып, тҥсе алады
Тіреусіз тҧра алады. Ҿзі жҥре алады
Ҽртҥрлі
қалыптан
ойыншықтарды
ҿзі алады
Ойыншықтарды
біріне-бірін соғып
ойнайды.Бір қолын-
дағысын екінші
қолына ала алады
Ойыншыктармен
ҧзақуақыт ойнайды.
Ойыншықтардың
тҥріне қарап, ҽрекет
істеп, ойнайды
(домалатады,
дҿңгелетеді, т.б.)
Қораптарды
ашып, жабады. Бір
затты екіншісіне
салып жинайды
Кубиктерді тҧрғыза
алады, пирамида-
ның шынжырын
алып, сала алады
Сҿздің
буындарын айта
бастайды «ма»,
«па» жҽне т.б.
Сҿздің буындарын
жиі қайталап айта-
ды былдырлап бір-
нҽрселер айта
бастайды
Бҿлек буындарды
дауыстап, жиі
қайталап айтады
Оның сҿзінде бар
буындарды
естігенде, еліктеп
қайталайды
Ҥлкен кісілердің
айтқан буындарын
еліктеп кайталайды
Бірінші «мама»,
«мяу»деген
кҿрсеткіш сҿздерді
айта бастайды
8–10 сҿз айта
алады
«Бер» деген сҧраққа
тиісті жерде жатқан
затты табады
Ҥлкеннің ҿтінуімен
алаканын «шапалақ
-тайды», «сау бол»
деп, колын
бҧлғайды
Дене бҿліктерінің
атын біледі, таныс
заттарды сҧрағанда
алып береді
Ҿзінің атын біледі,
«қайда?» - деп сҧра-
ғанда, кҿп ойыншы-
ктардың ішінен ке-
регін алып береді
Ҥлкендердің
болымсыз
ҿтініштерін
орындай алады
Тҥсінетін
сҿздерінің қоры
кҿбейеді
Ҥлкен кісі ҧстап
тҧрған пияладан
сҧйықтықты
ҧрттап ішеді
Нанды ҿзі ҧстап
жейді
Пияланы қолымен
ҧстап тҧрып ішеді
Пияладан ішеді
Пияладан ішеді
Пияланы ҿзі алып
ішеді
4 КЕСТЕ
2 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖҤЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ КӚРСЕТКІШТЕРІ
Жасы
1 жас 3 ай
1 жас 6 ай
1 жас 9 ай
2 жас
Сенсорлық даму
/Сд/
Ойнап отырып, 2 тҥрлі
кҿлемді затты ажыратады
/мысалы 2 кубик/.
Ҧсынылған, аты аталған
ҽр тҥрлі кҿлемді заттарға
сҽйкес (3-4) дҽл сондай
заттарды таба алады
(кубикке - кубик).
Ойнап отырып, аумағы
3 тҥрлі затты ажыратады
(3 кубик).
Ҥлкендердің сҧрауы
бойынша заттың тҥрін-
тҥсін ажыратады.
Қозғалу
/Қ/
Ҧзақ жҥреді,еңкейеді,
отырады, т. б.
Жҥрісі ҥйлесімділеу болып
келеді де, заттан аттап ҿте
алатын (ағаш, таяқ т.б.)
болады
Еденнен 15-20 см жоғары
жалпақтығы 15-20 см заттың
ҥстінен аттап ҿте алады.
Кедергілерден ҿтіп,
адымдап жҥреді.
Ойыншық жҽне
заттармен ҽрекеті
/О/
Қуыршақты тамактандыру,
пирамида жинау т.б.
ҽрекеттерді орындайды.
Кҥнделікті кҿріп жҥрген
қимылдарды ҿзі орындай
алады (қуыршақтың
шашын тарау, шомылдыру,
т. б.).
«Қақпа», «орындық», «ҥй»
салады.
Бір-біріне байланысты
бірнеше қимылдарды
орындайды: қуыршақты
суға тҥсіру, сҥрту т.б.
Сҿйлеу
/С/
Жеңіл сҿздерді пайдалана-
ды (машина – «би-би»,
ит – «ав-ав»).
Таңғалған, қуанған,
қызыққан кезде заттың
атын атайды.
1–2 сҿзден сҿйлем
қҧрайды.
Ҥлкендермен араласқанда
2–3 сҿзден сҿйлем қҧрап,
сҿйлейді.
Сҿзді тҥсінуі
/Ст/
Тҥсінетін сҿздерінің қоры
кҿбейеді.
Сыртқы аумағымен тҥсі
ҽртҥрлі, бірақ бір-біріне
сыртқы пішіні ҧқсас
2 затты ажыратады.
Суреттерді қарап отырып,
ҥлкендердің сҧрағына
жауап береді.
Қысқа ҽңгімелерді
тҥсінеді.
Икемділік
/И/
Ҿзі қасықпен қою тамақты
ішеді.
Сҧйық тамақты қасықпен
ішеді.
Ҥлкендердің аз ғана
кҿмегімен киімдерін шешеді
(аяқ-киімін шешеді).
Ҥлкендердің аз ғана
кҿмегімен киіне алады.
5 КЕСТЕ
3 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖҤЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ КӚРСЕТКІШТЕРІ
Жасы
2 жас 6 ай
3 жас
Сенсорлы дамуы
/С/
Алдындағы суретке қарап отырып, 4 тҥрді ажыратып, іріктей
алады (қызыл, кҿк, сары, жасыл).
4 негізгі тҥсті айыра алады.
Қозғалу
/Қ/
Жерде жатқан ара қашықтығы 20 см бірнеше
заттардан аттап ҿтеді (жіп, таяқ, т. б.).
Биіктігі 10–15 см заттардан аттап, ҿтеді.
Ойыншық жҽне
заттармен ҽрекеті
/О/
Жҥйелі жҽне байланысты ойнайды (қуыршақты
тамақтандырады, ҧйықтатады жҽне т. б.)
Ойын кезінде «рольдерді» орындап, ойнайды
(мысалы: мен «мама», мен – «дҽрігер»).
Сҿз сҿйлеу /Сс/
2–3 жҽне одан да кҿп сҿздерден сҿйлем қҧрады.
Кҥрделі сҿйлемдер қҧрастыра бастайды.
Икемділік
/И/
Ҿзі киінеді, бірақ ілгегін сала алмайды жҽне т. б.
Ҿзі киінеді, ҥлкендердің аз ғана кҿмегімен ілгегін
салады, аяқ киімінің бауын байлайды.
53
1.4. БАЛАН Ы ТЕК СЕ РУ Е РЕКШЕЛІ КТЕРІ
Баланы тексеру кезінде педиатрлар ересек адамдарды тексеруге қолданылатын
барлық тҽсілдер қолданылады. Бірақ тексеру нҽтижелі болу ҥшін баламен тіл таба білу
жҽне кейбір арнайы тексеру ҽдістерін жҥргізе алу керек.
Дені сау жҽне науқас балаларды тексеру сҧрастыру жҽне тікелей зерттеуден тҧрады.
Сҧрастыру арқылы паспорттық мҽліметтер, ҿмір тарихы, аурудың даму тарихы
анықталады.
1.4.1. Н АУҚАСТЫҢ АУРУ Т АРИ Х Ы
Шежіренің бҧл бҿлігі науқастың (ата-анасының) шағымдарын, пайда болу тарихын
жҽне осы аурудың даму тарихын қамтиды.
АУРУДЫҢ ШАҒЫМДАРЫ. Шағым деп науқастың ҿзі сезінетін аурулық сезімді
айтады. Шағымдар негізгі жҽне қосымша болып екіге бҿлінеді. Негізгі, ия бас шағым, ҽр
мҥшенің (жҥйенің) патологиясына тҽн болады. Мысалы, тыныс мҥшелерінің ауруына тҽн
негізгі шағымдар – жҿтел, қақырық тастау, ентігу жҽне т.б.
Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы арнаулы емес
жауабының кҿрінісін білдіреді. Бҧл шағымдар ҽртҥрлі ауруларда бірдей болады. Қосымша
шағымдарға ҽлсіздік, делсалдық, тершеңдік, ҧйқысының бҧзылуы жҽне т.б. жатады.
Мҥмкіндігі болғанда ҽр шағымды жан-жақты талдау қажет. Негізінен шағымды қай
жері, мезгілі, саны, сапасы, себебі, қосалқы жағдайларды анықтау бағытында талдайды.
Тҿменде шағымдарын анықтаудың жҽне жҥйелендірудің болжамды естелігін беріп
отырмыз:
Қызба байқалатын болса: дене қызуы ҧдайы жоғары бола ма, ҧстамалы тҥрде
кҿтеріле ме, тҽулік бойындағы ҿзгерістері қандай, қызбаның сипаттамасы (ҧдайы, толқын
тҽрізді, ҥзбелі, екі ҿркешті жҽне т.б.); Қызбалық кезеңнің ҧзақтығы, қызуы ненің ҽсерінен
тҿмендейді, қалтырай ма, оның жиілігі, терлей ме, оның қарқыны жҽне терлейтін уақыты,
тҥнде терлей ме?
Тері, тері асты шелі: терісі қыши ма, жалпы немесе жергілікті қыши ма, қай жері;
тері жамылғысының тҥсі. Бҿртпелер, орналасқан жері, сипаты. Бҿртпелердің тамақпен,
қабылдаған дҽрілерге байланыстылығы. Қан кету, олардың орналасқан жері, сипаттамасы.
Ісінуі, орналасқан жері, пайда болған мерзімі (ертеңгісін кешке). Баланың арықтағаны
немесе толықсығаны қай уақытта байқалған.
Тыныс мҥшелері: аяқ-қол, жалпақ сҥйектердің, омыртқалардың, буындардың ауруы.
Мҧрыннан сҧйықтықтың ағуы: мҿлшері, сипаты, иісі. Мҧрыннан қан кету, тамақтың
ауруы. Жҿтел – ҧдайы немесе мезгіл-мезгіл байқалады. Қҧрғақ немесе қақырықты,
қақырықтың сипаты. Ентігу – тыныс алу немесе шығару ауырланған, ненің ҽсерінен ентігу
ҥдейді немесе азаяды, тҽуліктің қай мезгілінде ҧстайды, денеге салмақ тҥсуімен
байланыстылығы. Кеуде қуысының ауруы – орналасқан жері: сыздайды, шаншиды,
сырқырайды, демалыспен, жҿтелмен қалпын ҿзгертумен байланыстылығы; ауруды не
жеңілдетеді.
Жҥрек-тамыр жҥйесі: жҥгіргенде жҽне ойнағанда қатарынан қалып қояма,
жҥгіргенде бҧрын ҿзгерістер байқалды ма, цианоз қашаннан қай жерде байқалады;
жҥрегінің соғуы: ҧдайы немесе ҧстамалы тҥрде, ҧзақтығы, денеге салмақ тҥсуіне, кҿңіл-
кҥйіне, ортаның қызуының ҿзгеруіне байланыстылығы. Жҥрек тҧсының ауруы: немен
байланысты, сипаты (шаншу, сыздайды, қысады), қарқыны, ҧзақтығы, иррадиациясы
(қайда тарайды).
Ас қорыту жҥйесі. Тҽбеті – жақсы, тҿмен, жоғары, таңдамалы, бҧрмаланған. Шҿл,
аузының қҧрғауы, сілекейінің ағуы. Жҧтынғанда тҿс тҧсының ауруы. Лоқсу, қҧсу, немен
байланысты. Қҧсықтың сипаты. Жҥрегінің айнуының ішкен тамағымен, аурумен
байланыстылығы, ҧзақтығы, қҧсуға жалғаса ма. Кекірік: ауамен, ащы, шіріген, жҧмыртқа
54
иісті. Қыжылдау: ішкен тамақпен байланыстылығы, не жеңілдетеді. Іштің ауруы,
ауыратын жері, тамақпен, денеге салмақ тҥсумен байланысы; иррадиациясы, ҥлкен
дҽретке отыруымен байланыстылығы.
Ішінің кебуі, газ шығуы, нҽжісі: ретімен, ретсіз, қатуы, іштің ҿтуі: тҽулігіне неше рет,
тамақтың тҥріне байланыстылығы, байқалатын мезгілі, нҽтижесіз дҽретке отырғысы келу.
Нҽжістің тҥсі (қоңыр, ақшыл, жасыл, қара), қан араласқан (ашық қызыл, қара, бетінде
орналасқан, араласып кеткен), кілегей, ірің, тамақ қалдығы араласқан. Ішек қҧрттары
байқалама? Кҿтеншектің тесігінің айналасы қыши ма, нҽжіске отырғанда ауыра ма, тік
ішектің айналуы.
Зҽр шығару жҥйесі: Тҥзге шығу жиілігі, ауырсынуы, тҥнде немесе кҥндіз зҽр
тоқтамауы байқалмай ма, зҽрдің мҿлшері. Іштің жҽне белдің ауруы, олардың сипаты,
иррадиациясы, ҧзақтығы. Ісіну, пайда болған жері. Зҽрдің тҥсі (ақшыл сары, қара қоңыр,
сары, «еттің жуындысы» тҥстес), зҽрдің кҿбігінің тҥсі, тҧнбасының тҥрі.
Эндокрин жҥйесі: шаштың дамуы (шектен тыс жҽне жынысына сҽйкес емес
жерлерде дамыған, шашының тҥсуі, оның қаттылығы). Терінің ҿзгеруі (шектен тыс
тершеңдігі немесе қҧрғақтығы, дҿрекіленуі, стрия (тілінулер). Дене салмағының ҿзгеруі
(семіру, арықтау). Тері асты шел майының орналасу ерекшеліктері. Дене ҧзындығының,
дене пішімінің, дене пропорциясының ҿзгеруі. Алғашқы жҽне екінші жыныстық
белгілерінің дамуы.
Нерв жҥйесі жҽне сезім мҥшелері: Тҽртібінің ерекшеліктері. Кҿңіл-кҥйі
(эмоционалдық тонус), тітіркендіргіштігі. Ҧйқысының ерекшеліктері (ҧйықтап кетуі, ҧйқы
тереңдігі, тыныш-сыз ҧйқы, тҥнгі қорқыныштар, ҧйқылы-ояу жҥру). Сҿйлеуінің дамуы,
кекештенуі. Басының ауруы, айналуы, тырысу, қай жастан басталады, сипаты. Жағымсыз
ҽдеттері (тырнағын жеу, стереотипті қимылдар, онанизм). Естуі, кҿруі, иіс сезуі. Мектепте
шаршауы, ҥлгерімі.
Осы аурумен ауру тарихы: Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды.
Аурудың басталуына қандай ҽсерлер себебін тигізді (жҥйкелік зақымдалу, физикалык
жҽне ойлық шаршау, инфекция, тоңазу жҽне т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп.
Аурудың даму барысы (жҥйелігі, кҥшейуі, ҿзгерістері, ҿзгешеліктерінің ҽлсіреуі,
бегілерінің жойылуы, жаңаларынан пайда болуы). Бҧрынғы (ҥйде) жасалған емдік
шаралар жҽне олардың тиімділігі.
Науқастын ҿмір шежіресі: Баланың ҿмір шежіресі немесе «медициналық ҿмірбаяны»
оның ҿзіндік ерекшеліктерін жҽне ауруын анықтауда ҥлкен іс атқарады. Ҿмір тарихын
анықтауды тҿмендегі ретпен жҥргізген жҿн:
Бала нешінші жҥктіліктен туылған. Бҧдан бҧрынғы жҥктіліктердің нҽтижелері.
Соңғы жҥктіліктің ҿрбуі (уыттың денеге жайылуы, ауруы, жарақаттануы, кҽсібі, сырқаты).
Босанудың барысы (жедел, шапшаң, ҧзақ, қҧрғақ, сусыз кезең, босану кезіндегі
ҽлсіздік, қолданылған шаралар), туылған кҥні. Кҥн жетіп туған, болмаса шала туған. Дене
салмағы, ҧзындығы. Алғашқы айқалаған уақыты, туған кезде тҧншығуы, сарғыштығы.
Кіндігінің тҥскен мерзімі. Неше тҽуліктен кейін, қандай салмақпен перзентханадан
шығарылды.
Нҽрестелік кездегі ауырған аурулары: а) сарғыштығы, пайда болған мезгілі,
ҧзақтығы; б) басқа аурулары (жоғары тыныс жолдарының қабынуы, қҧсу, сҧйық дҽрет
жҽне т. б.).
Қоректенуі: а) бірінші рет емізген уақыты; б) емізу тҽртібі; в) қосымша тағам
берілген мезгілі; г) аралас жҽне қолдан қоректендіру кезіндегі қосымша тамақтың берілген
мезгілі жҽне қолдан қоректендіру себептері; Қоректенуге берілген сҥт қоспаларының
тҥрлері; д) бір жасқа толғаннан кейінгі қоректенудің ерекшеліктері (жарамдылығы,
толықтығы, жҥйелі, ретсіз).
Ауру баланың жҥйке-іс ҽрекетінің дамуы: а) жымиып кҥлген уақыты, былдырлаған,
уілдеген мезгілі, бірінші айтқан буындары, сҿздері, бір жасқа толған кездегі сҿз қоры; б)
бір жастан кейінгі дамуының негізгі мағлҧматтары.
55
Баланың дене дамуы: а) ай сайын дене салмағының ҿсуі; б) қай уақыттан бастап
басын ҧстады: отыратын, тҧра алатын, еңбектей, жҥре алатын болды; в) бірінші тіс
шыққан мезгілі, бір жасында неше тіс шықты.
Ауырған науқастары: қандай, қай жасында, аурудың сипаты, ерекшеліктері,
асқынуы, жасалған операциялар.
Отбасы жағдайлары: пҽтердің кҿлемі, лайықтылығы, сҽйкестігі, от басының ҽл-
ауқаты.
Баланың кҥтімі, баланың іш киімдермен жҽне тҿсекпен қамтамасыз етілуі. Баланы
серуендету, суға тҥсіру, кҥн тҽртібі, ҧйқысының ҧзақтығының ерекшеліктері, сипаты.
Эпидемиологиялық анамнезі: Жҧқпалы жҽне туберкулез ауруларымен науқас
адамдармен
қарым-қатынасы. Алдына
ала
туберкулезге,
кҿкжҿтелге,
кҥлге,
полиемиелитке, қызылшаға жҽне басқа ауруларға қарсы егу.
Аллергиялық мҽлімет (анамнез): Баладағы аллергиялық аурулардың тҥрлері;
экссуда-тивтік диатез, ринит, демікпе жҽне т.б. Қандай тағамдар жҽне дҽрі-дҽрмектер
жағымсыз ҽсер етеді. Алдын ала сақтандыру ҥшін егілген дҽрі-дҽрмектермен (вакцинация,
гамма-глобулин) мен қаннан жасалған дҽрілердің жағымсыз ҽсері. Туысқандарында
кездесетін аллергиялық аурулар.
Тҧқым қуалаушылық: Ата-аналары: аты-жҿні, кҽсібінің тҥрі, денсаулығы. Апасы мен
сіңлілерінің, ағасы мен інілерінің денсаулығы, егер қайтыс болған болса, қай жасында,
қандай себептерден қайтыс болғаны. Туысқандарының арасындағы созылмалы, тҧқым
қуалайтын аурулардың тҥрлері.
ЖАЛПЫ ҚАРАУ
Дені сау жҽне ауру балаларды клиникалық зерттеу, сҧхбаттасудан кейін жҥргізілетін,
жалпы қараудан басталады. Жалпы қарау ең қарапайым ҽдістерге жатады. Ҽр саладағы
лабораториялық, қҧрал жабдықтық зерттеу ҽдістерінің жедел дамып келе жатқанына
қарамастан ҿзінің диагностикалық маңызын сақтап қалып отыр. Ол тек дҧрыс
пайдаланғанда ғана ҿз нҽтижесін береді. Ол ҥшін қарау кезінде тҿмендегідей ережелерді
мҧқият сақтау керек.
Ауруды табиғи жарықпен қараған жҿн. Себебі, жасанды жарықта кейбіреулері
кҿрінбей қалады. Егер кҥн жарығын пайдалануға мҥмкін болмаса, ақ жарық электр шамын
қолдану керек. Ауруға жарық қарсы жҽне бҥйірінен тҥсіп тҥру керек. Ауруды жылы
бҿлмеде толық шешіндіріп қарау керек. Қарауды бір жҥйелілікпен жҥргізу қажет.
Қарау бала бҿлмеге кірген бойдан басталып, сҧхбаттасу кезінде жалғаса береді. Бҧл
кезде баланың аяғын басуына (егер жҥретін болса), оның дене пішінін, бет ҽлпетін, кҿңіл-
кҥйін, айналасындағыларға реакциясын бағалау керек.
Жалпы қарауда науқастың жалпы жағдайын, сана-сезімін, тҿсектегі қалпын, сыртқы
жамылғылардың (тері мен кҿрініп тҧрған кілегей қабықтары) келбетін бағалайды.
Ауруды мҥшелеп қарау тиісті жҥйемен жҥргізіледі:
1.
Басты қарау
2.
Бетті қарау
3.
Мойынды қарау
4.
Кеудені қарау
5.
Қол-аяқты қарау
Достарыңызбен бөлісу: |