62
химиялық заттар тез ҿтіп (сорылып), бала организміне ҽсерін тигізеді. Сондықтан, бҧл
жастағы балаларға қҧрамында улы, қоздырғыш, тез сорылатын заттар бар майларды
(скипидар, йод, формалин жҽне т.б.) қолданбаған жҿн.
Эпидермистің базальды қабатында орналасқан моноциттер шығаратын тері пигменті
меланиннің ультра кҥлгін сҽулелерді жҧту қабілетінің нҽтижесінде, тері организмді кҥн
сҽулесінің зақымдау ҽсерінен қорғайды. Балаларда меланин шығару процессі толық
жетілмеген, пигментті тҥйіршіктер саны, ересектермен салыстырғанда, кҿп болып келеді.
Осыған байланысты емшек жасындағы балаларға ультра-кҥлгін сҽулелерін ем ретінде
қолдану ҥлкен сақтықпен жҥргізілуі керек.
Баланың терісі туған кезде стерильді болып келеді. Туғаннан кейін бірден терісінің
бетін микробтар жайлай бастайды. Теріде кҿбіне патологиялық ҽсері жоқ стафилококк,
диплококк жҽне ішек таяқшасы кездеседі. Тері бетінде 2–10 кҥн аралығында микробтар
кҿп болып келеді. Содан кейін, терінің бактериоцидтік ҽсеріне байланысты, азаяды.
Терісінің нҽзік жҽне беріксіздігіне қарамастан, дені сау балаларда микробтар қанша кҿп
болса да, тері ауруларымен сирек ауырады. Ҥйткені, терінің дербес стерилизациялық
қасиеті жақсы дамыған. Микробтардан қорғауда терінің реакциясының қышқылдығының
(РН-5,0) маңызы ҿте зор. Бірақ, балаларда терінің реакциясының бейтарап болуына
байланысты, микробтардың дамуына жақсы жағдай жасалынады. Терінің бактериоцидтік
қасиеті спиртпен, эфирмен сҥрткенде, салқын тигенде тҿмендейді. Мҥйізді қабаттың
қабыршақтанып тҥсуі ересектермен салыстырғанда, 4–5 рет тез жҥреді. Терінің нҽжіс
тҥсіп былжырауы, тер бездерінің активті секреті эпидермистің су мен майдан (липидті)
тҧратын қабығының (мантия) босаңсуына ҽсерін тигізеді.
Терінің тыныстық қызметі кҿмір қышқылы мен суды қоршаған ортаға шығару
арқылы орындалады. Терінің бҧл қызметінің маңызы ҿте ҥлкен жҽне, ересектерге
қарағанда, 8 есе артық. Терінің ауданының 2/3 бҿлігінің зақымдалуы (кҥю, ауа ҿткізбейтін
майлар жағу жҽне басқалар) баланың тҧншығып (демалысы жетпегендіктен) ҿлуіне ҽкеліп
соктыруы мҥмкін.
Терінің жылуды реттеу қызметі жетілмеген, ҽсіресе, жаңа туған жҽне емшек
жасындағы балаларда анық байқалады. Осыған орай, балалар тез тоңып немесе тез қызып
кетеді. Терінің беті ҥлкен, эпидермис жҧқа, капиллярлары кҿп, жҽне олар орталық нерв
жҥйесінің реттеу ҽсерінің толық жетілмеуіне байланысты, жеңіл, бірақ нашар тарылатын
болғандықтан, дене жылуын кҿп жҽне тез жояды. Сондықтан, ерте жастағы балалардың
денесі тез салқындайды. Қоршаған ортаның қызуы жоғарылағанда капиллярдағы қан
мҿлшері кҿбейеді, жылуды шығару жҽне ҿткізу жолымен беруі молаяды. Терімен
қоршаған ортаның жылуы теңескенде жылу беру процесі тоқтайды. Қоршаған ортаның
қызуы одан ҽрі кҿтеріле берсе, тері қызу жоғалтудың орнына ҿзі қыза бастайды. Бҧл
жағдайда жылуды ҿткізу жҽне сҽулелену арқылы шығару тоқтап, тек қана булану арқылы
жҥреді. Бірақ, бір жасқа дейін булану арқылы жылу шығару мҥмкіндігі жетіспейтін
болғандықтан, дене қызуы кҿтеріледі. Тек қана 2–3 жастан бастап дене қыза бастағанда,
булану арқылы қызу шығару жеткілікті болады.
Тері – сезім мҥшесі болып тҥйсіну, ауру жҽне қызу қоздырғыштарын қабылдайды.
Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған жҽне қоздырғыштарды қабылдай
алады.
Терінің су алмасуда атқарар маңызы зор. Емшек жасындағы балалардың терісінде су
10–17% болса, ересектерде 6–8%. Терінің фосфор мен кальций алмасуда маңызы зор.
Теріде ферменттер, иммундық денелер, витамин «Д» тҥзіледі. Бҧл процесстің, ҽсіресе
емшек жасындағы балаларда, маңызы ҥлкен. Теріде организмді сенсибилизациялау
процесіне қатысатын гистамин тҥзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: