537
клиникалық белгілері жойылады, ал шеткі қан кҿрсеткіштерінде, тек олардың жақсарғаны
ғана байқалады.
Қайталу (Рецидив)
кезеңінде
лейкоздық процесстің клиникалық кҿрінісі мен қан
анализіндегі ҿзгерістер қайтадан пайда болып, ҥдейді.
Терминальды кезеңде
аурудың барлық басты кҿріністері анық байқалады, ішкі
мҥшелерде қайтымсыз ҿзгерістер дамып, ҿлімге ҽкеледі. Жиі балалар қан кетуден ҿледі.
Диагностика.
Жедел лейкозды анықтау ҥшін шеткі қан анализі, миелограмма,
цитохимиялық зерттеулер жасалады.
Басты гематологиялық белгісі: шеткі қан анализінде жетілмеген патологиялық бласт
клеткаларының пайда болуы анемия, тромбоцитопения. Лейкоцит деңгейі жоғары немесе
тҿмен, ЭТЖ жоғары болады. Лейкозға кҥмҽн туса стернальды пункция жасалып,
миелограмма тексеріледі.
Ажырату диагнозы
. Жедел лейкозды бактериялық инфекцияларда, дҽрілік
ауруларда, улануларда кездесетін лейкемодиты реакцялармен жырату қажет болады.
Лейкозға қарағанда басқа ауруладра айтарлықтай пролиферативті синдром, сҥйектердің
зақымдалуы болмайды, гемограмма мен миелограммада бласт жҽне аралық жасушалар
болмайды. Кейде инфекция-лық мононуклеозбен ажырату қиынға соғады. Мононуклеозға
арнайы мононуклеарлар тҽн болып келеді. Кезкелген ажыратуға қиын болғанда
миелограмма жасалып, соның нҽтижесіне жҥгініп, диагноз мҽселесін шешеді.
Емі
балаларға арналған арнайы онкогематологиялық бҿлімдерде жҥргізіледі. Біздің
елімізде бҧндай аурулар Алматы қаласында орналасқан ҚР ДСМ Педиатрия жҽне Балалар
хирургиясы Ғылыми орталығындағы онкогематологиялық бҿлімшеде емделсін деген (кво-
та беріледі) нҧсқау бар, жол қаражаттарын жергілікті бюджет кҿтереді. Жедел лейкоздар-
ды емдеу емнің ҥздіксіз барлық медициналық хаттамаларды аяқтағанша жҥргізіледі.
Қазіргі заманғы лейкоз емінде басты орынды лейкоз жасушаларын жою алады. Қа-
зіргі таңда ауру ағымына байланысты балалардағы лейкозды емдеудің ҽртҥрлі схемалары
жасалды. Лейкозға қарсы препараттар алты фармокологиялық топқа біріктірілген: антиме-
таболиттер (метотрексат, 6-меркаптопурин, цитозинарабинозид); алкилдеуші қоспалар
(циклофосфан, миелосан); ҿсімдік алколойдтары (винкристин); ферментті препараттар (һ-
аспарагиназа); ісікке қарсы антибиотиктер (рибомицин); гормондар (преднизолон). Негізгі
ем жалпы ҽлдендіретін жҽне симптоматикалық терапия фонында жҥргізіледі. Қазіргі кезде
бірнеше модификацияланған хаттамалар (ALL, BFM, COALL) қолданылады.
ЖЛ емі бірнеше кезеңге бҿлінеді. Бірінші ремиссияны индукциялау ісіктік жасуша-
ларды жоюға бағышталады, бластық жасушалардың 90% жойылады. Толық клиникалық-
гемотологиялық ремиссияға 95% балаларда қол жеткізіледі. Қалған басқа ісіктік
жасушаларды келесі ем бағытталады: консолидация (ерте интенсификациялау) -
ремиссияны бекіту; алдын-алу немесе ОНЖ зақымдалуын арнайы емдеу (интратекальды
метотрекст, цитарабинді преднизолонды жалпы жҥйелі химиотерапиялық ем фонында,
кейбір аруларда ОНЖ сҽулелендірумен бірге, жіберу); кеш интенсификация
(реиндукция) жҽне қолдаушы ем.
Лимфобласты емес жедел лейкозды емдеудің жедел лимфобласты лейкозды емдеудің
айырмашылығы жоқ. Алғашқы ремиссияға 80-85% науқастарда қол жетеді, бірақ 5 жыл
бойына 40% науқаста сақталып қалады. Жоғары қауіпті топтағы науқастарға бірінші
ремссияда сҥйек миын трансплантация жасау жҥргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: