Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет18/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#5271
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

45 

 

Сол адамның атын қағазға жазыңыз. Енді жұп жұпқа бөлініңіздер. Жұбыңызбен екі танымал 



тұлғаның  қайсысымен  кездесетініңізді  шешуіңіз  керек.  Сіздерге  талқылау  үшін  2  минут 

беріледі. 

Енді жұптар төрт адам болып бірігіп, өздерінің арасында тек бір танымал тұлға таңдау керек. 

Сіздерге талқылау үшін әдеттегідей 2 минут беріледі. 

Енді төрт адам бірігіп, ішінара  2 минут уақыт ішінде бір танымал тұлғаны таңдайды. Ал енді 

барлығы бірігіп, кіммен бірге таңғы ас ішетінін шешеді.   

Рефлексия: (10 минут) 

 

Неліктен осы танымал тұлға таңдалды? 



 

Жеңілу оңай болды ма?  Неліктен сіз жеңілдіңіз? 

 

Әңгімелесуде сіздің көңіл-күйіңіз маңызды рөл атқарады.  



Қазір  көңіл-күйді  көтерудің  қандай  тәсілдері  бар  екенін  білетін  боламыз,  сонымен  бірге 

қозғалып та көрейік.  

 

«Ал мен бақыттымын» атты жаттығу (10 минут) 

Біз барлығымыз дөңгелек болып отырамыз және бізге тағы да бір орындық қою керек.  

Оң  жағында  бос  орындық  тұрған  адамнан  бастаймыз.  Ол  бос  тұрған  орындыққа  отырып, 

былай деп айту керек: «Ал мен бақыттымын». Келесі адам қасындағы бос орындыққа ауысып, 

былай  деп  айту  керек  «Мен  де»,  үшінші  адам  былай  деп  айтады:  «Ал  мен  бақытты 

болуды_______  (кез-келген  адамның  атын  айтады)  үйреніп  жүрмін».    Аты  аталған  адам  бос 

орындыққа  жүгіріп  барып,  көңіл-күйді  көтерудің  бір  тәсілін  айтады.  Содан  кейін,  қайтадан 

бәрі басынан басталады.  Аттарды қайталауға болмайды.  

Рефлексия: (5 минут) 

Ұсынылған көңіл-күйді көтерудің қандай тәсілдері сізге өте қызық әрі тиімді болып көрінді?  

 

Келесі жаттығу  «Леопольд» деп аталады. (25 минут) 



Топтан бір адам «тышқан» болып таңдалады, ал қалғандары «мысық» болады.  

Әрбір  «мысық»  өз  аты  жазылған  қағазды  алады,  бірінің  аты  Леопольд  болады.  Ал 

қалғандарына  жалпы  мысықтардың  аттары  беріледі,  мысалы,  Василий,  Мурка  және  т.б.  

Сонымен бірге, Леопольд болып кез-келген адам (әйел/ер адам) бола алады. 

Жаттықтырушы  Леопольд  туралы  мультфильмді  топ  мүшелерінің  естеріне  түсіреді.      Бұл 

мультфильмде  дос  әрі  ешкімге  зияны  жоқ  Леопольд  атты  мысық  оған  әртүрлі    қастандық 

жасайтын тышқандармен достасуға тырысады.  

Берілген  жаттығуда  мысықтар  тышқандарға  өздерінің  мейірімді  екенін  әрі  олармен  де  дос 

болуға  болатынын  түсіндіріп  айтуы  керек.  Ең  негізгісі, барлық  мысықтардың  ішінде  тек бір 

мысықтың аты Леопольд және тек сол ғана тышқандармен достасқысы келеді.   

Ал  қалған  мысықтардың  барлығы  –  тек  дос  сияқты  болып  көрінетін  қауіпті  жыртқыш 

мысықтар. Әрбір мысықтың мақсаты – тышқанға өзінің мейірімді  Леопольд екенін сендіру. 

Ал тышқанның мақсаты – нағыз  Леопольдты анықтау. 

Мысықтарға  дайындыққа    5  минут  беріледі.  Содан  кейін  олар  тышқандарға  өздерінің 

мейірімді  екенін  түсіндіре  бастайды.  «Тышқан»  әрбір  мысықты  тыңдап,  кімге  сенгендігі 

туралы айтады.   

Рефлексия: (5 минут) 

Талқылауға арналған сұрақтар: 

 

Неліктен біз бір адамға сеніп, екінші адамға сенбейміз?  




46 

 

 



Бізге біраз сенім арту үшін не істеуге болады? 

 

Интонация қарым-қатынас барысында маңызды рөл атқарады.  Бір фразаны, бір сөзді басқаша 



айтуға болады.  

«Бір сөзбен жеткізу» атты жаттығу (20 минут) 

Мен  сіздерге  эмоциялардың  аттары  жазылған  карточкалар  таратамын.  Ал  сіздер,  оны 

өзгелерге  көрсетпей,  «Сәлеметсіз  бе!»  сөзін  карточкада  көрсетілген  эмоцияға  сәйкес 

айтуларыңыз қажет. Ал қалғандары сіздің қандай эмоцияны көрсеткеніңізді табулары керек.  

Карточкаларды араластырамын да және тағы да бір рет таратамын.  

Тапсырмасы дәл осындай, алайда енді біз «Еденге аюды құлатып алды» атты қысқа тақпағын 

оқимыз. Эмоциялардың тізімі: 

 

Қуаныш 



 

Таң қалу 

 

Өкініш 


 

Түңілу 


 

Күмән 


 

Мұң 


 

Шаттық 


 

Селқостық 

 

Сабырлылық 



 

Қызығушылық 

 

Сенімділік 



 

Көмектесуге деген құштарлық 

 

Шаршағандық 



 

Уайым 


 

Энтузиазм 

Рефлексия: (5 минут) 

Интонация бойынша эмоцияны анықтау қаншалықты оңай болды?  

Күнделікті өмірде сізге телефон соққан кісінің алғаш айтқан сөзінен оның қандай көңіл-күйде 

екенін қаншалықты жиі байқайсыз?  

 

Сөздерді қолдану арқылы сөйлесуден басқа, ишарат арқылы да сөйлесу бар. 



Ишаратпен сөйлесу– бұл барлық белгілер, символдар, ишарат, дауыс ырғағы, әдеп, ымдауды 

қамтиды, яғни бұл өзара түсінушілік арқылы сөйлесудің ауызша түрі. 

 

«Жалпы зейін» атты жаттығу (10 минут) 

 

Ойынның барлық қатысушылары қарапайым бір ғана  тапсырманы орындайды. Айналаңызда  



отырған адамдардың назарын өзіңізге аударуыңыз керек, бірақ бұл әрекетті  қозғалмай  және 

сөйлеспей жасау керек. 

Бұл  тапсырманың  қиындығы  соншалықты,  барлық  қатысушылар  бұл  әрекетті  бір  уақытта 

орындайды.  

Рефлексия: (5 минут) 

 

Қай қатысушы адамдардың назарын өзіне аудара алды және не жасау арқылы назар 



аударды?  

 



47 

 

«Шоколад сұра» атты жаттығу  (15 минут) 

Бастаушы  адамды  таңдап  аламыз.  Бұл  үшін  былай  деп  сұрау  керек.  Сіздің  тобыңызда  кім 

нағыз әділетті кісі? (дауыс беру арқылы анықталады) 

(Ең әділетті адам бастаушы болып тағайындалады, ол адам ортаға отырады.  

Мен оған шоколад беремін. Сіздің мақсатыңыз – кезегіңіз келгенде бастаушы адам шоколадты 

нақты  сізге  бергісі  келетіндей  етіп  одан  арнайы  сұрай  білу  керек.  Әрбір  айналымнан  кейін 

бастаушы  кімге  шоколадты  бергісі  келмейтінін  айтады  да,  2  қатысушыны  таңдайды,  олар 

ойыннан шығады. Шоколад алатын ойын жеңімпазы анықталмайынша, ойын осылай жалғаса 

береді. Әрбір қатысушыға шоколад сұрауға 30 секунд беріледі. 

Рефлексия: (5 минут) 

 

Өтініп сұраудың қай тәсілі ең тиімді болып көрінді?  



 

 

Енді демалып алу үшін үзіліс жасайық.  30 минуттан кейін осында кездесеміз. 



Үзіліс аяқталды және біз қайта жалғастырамыз.  

Барлығы  қарым-қатынастан  басталады.  Ол  қандай  болу  керек?  Қарым-қатынастың  арнайы 

ережелері    болады.  Бұл  ережелер  әртүрлі  кезеңде  әрбір  халық  өмірінде  алуан  түрлі  болып 

келеді. Бірақ барлығына ортақ болатын негізгі ережелер бар.  

Қарым-қатынастың ежелден бері келе жатқан ережелері мыналар: 

 

Сөйлесетін адамыңызға сеніңіз. 



 

Сөйлесетін адамыңызды сыйлаңыз. 

 

Сөйлесетін адамыңызбен шынайы ықыласпен сөйлесіңіз. 



 

Бейтаныс  адаммен  сөйлесу  барысында  мейірімді  болуға  тырысыңыз,  яғни  сіздің 

көзқарасыңыз,  күлімдегеніңіз  барлығы  шынайы  болу  керек.  Сөйлесу  кезінде 

адамның көзіне қарау маңызды болып табылады.   



«Қарым-қатынастың үш заңы» атты жаттығу (15 минут) 

 

Топ  Жер  тұрғындары  және  өзге  ғаламшар  тұрғындары  болып  2-ге  тең  бөлінеді.  Жер 



тұрғындары  аудиторияның  сыртына  шығады.  Қалған  өзге  ғаламшар  тұрғындарына  мына 

ережені түсіндіремін: «Сіздердің ғаламшарларыңызға Жер тұрғандарының кемесі ұшып келді. 

Олардың мақсаты− сіздердің ғаламшар қонақтарымен сөйлесудің ережелерін қалай болса да 

анықтау».   

Ол ережелер мыналар: 

Жер  тұрғындарының  жынысы  еркек  адамдарына  сіздің  ғаламшардың  жынысы  әйел адамдар 

жауап береді. Барлық сұрақтарға «Иә» деп жауап беріледі.   

Жер  тұрғындарының  жынысы  әйел  адамдарына сіздің ғаламшардың  жынысы  еркек  адамдар 

жауап береді. Барлық сұрақтарға әрқашан «Жоқ» деп жауап беріледі.   

Әртүрлі  ғаламшардан  келген  және  жынысы  бірдей  адамдардың  арасында  байланыс  болу 

мүмкін емес. (Бас тарту сөзсіз, ишарат, ымдау арқылы жеткізіледі.)  

Жер тұрғындары ішке кіреді. 



Жер тұрғындарына арналған ереже: «Сіздер қарым-қатынастың үш заңы іске асырылатын 

өзге ғаламшарға ұшып келдіңіздер. Сіздер өзге ғаламшар тұрғындарымен кез-келген жолмен 

байланысқа түсе аласыздар.  Сіздердің мақсаттарыңыз – осы 3 заңды түсіну. Оны түсіну үшін  

сіздерге  ең  көп  дегенде  15  минут  беріледі,  бірақ  егер  сіздердің  жауаптарыңыз  дайын  болса, 

онда сіздер ойынды тоқтата аласыздар».  

Рефлексия: (10 минут) 




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау