Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#5271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 

Кіріспе 



 

Соңғы он жылда адамдар бұл дүниеде өмір сүрудің қорқынышты екендігін жиі айтады. 

Көшеде  келе  жатқанда  есіңнен  талып  қалу,  кешкісін  үйге  қайту,  бейтаныс  адамға  есік  ашу, 

ұшақпен  ұшу  және  т.б.  қорқынышты  екені  айтылады.  Дегенмен,  балаларымыз  бен 

ұрпақтарымыздың  өмір  бойы  айналадағыларға  сенімсіздік  пен  шыдамсыздық    сезімін 

сезінетіндігі одан-әрі қорқыныш тудырады. Толерантты өмір, яғни зорлық-зомбылықсыз және 

қатыгездіксіз, тек адамның басты құндылығы болып табылатын қайталанбас және мызғымас 

жеке тұлға өмірі туралы жиі сөз қозғалатыны да сондықтан.  Басқаша айтқанда, қазіргі таңда 

алдыңғы қатарға жалпы өмір сүруге және еркін жетілуге қажетті құндылықтар мен қағидаттар 

(әдептілік  және  зорлыққа  қарсы  стратегия,  өзгелерге  және  өзге  позицияларға  шыдамдылық 

таныту идеясы, қарым-қатынастың және өзара түсіністіктің құндылығы мен мәдениеті, өзара 

тиімді ымыраға келу және т.б.).  



«Толеранттылық  –  бейбітшілікке  жетуге 

мүмкіндік беретін және соғыс жағдайынан бейбітшілік 

жағдайына  жеткізетін    дүние»,  -  деп  1995  жылы 

(БҰҰБҒМҰ)-ның    бас  Конференциясында  қабылданған  

толеранттылық 

қағидаттары 

жөніндегі 

Декларациясында  айтылған.    

Толеранттылық  –  дегеніміз  бейбітшілікті  қалау 

қасиеті,  сонымен  қатар  этникалық,  діни,  саяси, 

конфессионалдық  және  жеке  адамдар  арасындағы 

келіспеушіліктерге,  жас  және  гендерлік  айырмашықтарға  қатысты  шыдамдылық  таныту 

және  «өзге  адамдардың»  өмір  сүруге  тең  құқылы  екендігін  мойындау  болып  табылады. 

Толеранттылық  - ол адами рақымшылдық: түрлі адамдар мен идеялар әлемінде  өмір сүру 

өнері, сонымен қатар, құқық пен еркіндікке ие бола тұра өзге адамдардың  құқықтары мен 

еркіндігін  бұзбау.    Дегенмен,  толеранттылық  -  көну,  мейірімділік  көрсету  немесе 

құптаушылық емес, ол өзгені мойындау негізіндегі  белсенді өмірлік ұстаным. 

 

Көптеген сарапшылар толеранттылық мәселесін тәрбие саласына, яғни қарым-қатынас 



мәдениетіне  жатқызады.  Олай  ойлаудың  өз 

себебі бар, өйткені толеранттылық жеке бір 

қасиет емес, ал тұлғаның өзара байланысты 

қасиеттерінің  нәтижесі.  Ал  тұлғаның 

жетілуі  тәрбиемен,  қатынаспен  және 

біліммен  тікелей  байланысты.    Толерантты 

мінез-құлықты  қалыптастыру  мәселесі  тек 

мектептерде  ғана  емес,  сонымен  қатар 

жалпы  қоғамда  орын  алатын  маңызды 

мәселелердің  бірі.  Барлық  адамдардың 

бірегей  емес  екендігін  және  оларды  сол 

күйінде  қабылдау  керектігін  жетерліктей 

түсіне  тұра,  әрдайым  әдепті  және  дұрыс  болмайтынымыз  рас.  Оңай  дүние  болмағанымен, 

өзгелерге қатысты шыдамдылық таныта білуіміз өте маңызды.   

Бұндай    мінез-құлықтың  негізі  отбасы  тәрбиесімен  қалыптасады.  Көптеген  БАҚ 

басылымдарының  айтуы  бойынша  және  әлемнің  түрлі  елдерінің  ғалымдарының  мәліметіне 

сәйкес  отбасындағы  ахуал  келеңсіз  қоғамдық  құбылыстарды  болдырмауда  маңызды  рөл 



 

атқарады.  Сондай-ақ,  психиатриялық  емді  қажет  ететін,  мінез-құлықтарында 



ауытқушылықтары  бар  балаларды  зерттеу  жұмыстары    отбасы  және  отбасы  ахуалының 

атқаратын  рөлінің  қаншалықты  үлкен  екендігін  дәлелдейді.  Бұндай  балалардың  өміріне 

отбасындағы шиеленістер және тәрбиенің жетіспеушілігі барынша кері әсерін тигізген.  

Тәжірибеге  сүйенер  болсақ,  көптеген  ата-аналар  психологиялық  және  педагогикалық 

жағынан жеткілікті дәрежеде сауатты  емес, сондықтан бұндай ата-аналар үшін балаларымен 

сөйлесу, оларды жетілдіру және тәрбиелеу мәселелерін шешу қиындық тудырады.   

 

Бұл  жинақтың  мақсаты  балаларды  тәрбиелеуге  байланысты  ата-аналармен  жұмыс 



жасау  кезіндегі  жетіспейтін  ақпараттық  және  әдістемелік  дүниелердің  орнын  толықтыруға 

бағытталған.  Тек  ата-аналар  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  психологиялық  және 

педагогикалық  ой-өрісін  кеңейткісі    келетін,  әсіресе,  балаларда  толерантты  мінез-құлықтың 

қалыптасу мәселелері қызықтыратын басқа-да тұлғаларға арналған.  

Берілген  жинақтағы  материалдар,  біріншіден  жастар  мен  ересектерге  арналған  ресми 

емес  білім  беру  мекемелерінде  пайдалануға  көзделген.  Олардың  қатарына  Қазақстанның 

қашық  аймақтарында  тұратын  жергілікті  халыққа  түрлі  білім  саласы,  жалпы  мәдени  және 

кәсіби  қызмет  көрсетуге  бағытталған  Жергілікті  қоғамдастықты  оқыту  орталықтары 



(ЖҚОО) да жатады. Осы басылым білім және тәрбие жөніндегі құрылым қызметкерлерінің 

біліктілігін  көтеру  курстарын  ұйымдастырушыларының  қызығушылығын  арттырады  деп 

есептейміз.    

Жинақ  үш  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөлімде  толеранттылықтың  жалпы  мәселері 

қарастырылады:  толеранттылық  түсінігі,  формасы,  мәселенің  қысқаша  тарихы  жөнінде 

айтылады.  Екінші  бөлім  жастарды  және  ересектерді  өз  орындарында  психологиялық  және 

педагогикалық ағартуға арналған ресми емес білім беру мүмкіндіктерін сипаттауға арналған. 

ЖҚОО-ның  атқаратын  жұмыстарына  жататын  тәрбиеге  және  бейбітшілікті  насихаттауға 

бағытталған  түрлі  іс-шаралар  белгілі  мысалдармен  берілген.  Үшінші  бөлімде  отбасы  ішінде 

толерантты  мінез-құлықты  қалыптастыру  әдістері  мен  тәсілдері  айтылған.  Заманауи 

жанұяның  мәнін,  оның  мәселелерін    және  балалар  үшін  тәрбиелік  және  жетілдіру 

потенциалын сипаттауға ерекше назар аударылған. Құндылықты бағыт-бағдар және  балалар 

мен  немерелердің  әлеуметтік  жүріс-тұрысын  қалыптастырудағы  басты  қайнар  көз  болып 

табылатын  ата-аналар  мен  ата-әжелердің  қатынастарына  ерекше  мән  берілген.  Төртінші 

бөлімде  балалар  мен  ересектердің  коммуникативтік  қасиетін  дамыту  мәселелері  бойынша 

тренинг  өткізуді  қалайтын  фасилитаторларға  арналған  практикалық  материалдар,  сонымен 

қатар  тренинг  қатысушыларына  арналған  көрсетілімдер  (презентациялар)  және  практикалық 

тапсырмалар  мысалдары  берілген.  Ұсынылған  материалдардың  тиімділігі  «Барлық 

Қазақстандықтарға арналған білім» қауымдастығымен өткізілген іс-шарамен дәлелденген. Бұл 

іс-шара  «Жергілікті  қоғамдастыққа  білім  беру  орталықтары  (ЖҚОО)  фасилитаторларының 

ата-аналарды балаларын толеранттылық тәлімін тәрбиелеуді үйрету дайындығы»  БҰҰБҒМҰ  

Алматы жобасы аясында жасалған.  



 

Басылым  үйлестірушілері  БҰҰБҒМҰ    Алматы  Кластерлік  Кеңсенің  басшыларына 

аталмыш  жобаға  қатысу,  толеранттылыққа  тәрбиелеудің  халықаралық  деңгейдегі 

тәжірибелерімен  танысу  және  берілген  жинақты  дайындау  мүмкіндігі  үшін  алғысын 

білдіреді.  

 

 



 


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау