33
Қандай есімдіктер жиі естіледі?
(«сен», «сенің», «сендердің»…- «хабарлама - СЕН» -
үкім сияқты естіледі; сирек – «хабарлама - МЕН»: «Егер мен сен секілді
көрсем\естісем … «Мен ойлаймын…, )
Мына хабарламалар түрлерінің арасында қандай айырмашылық бар және қарым-
қатынастың әр түрі ұрыс-керіске қалай әсер етеді? Оны не күшейтеді және тездетеді?
Не тоқтатады?
Ұрыс-керісті қалай шешуге болады?
Жалпылау:
«
СЕН-хабарламаларын»-да үкімдер болжамдарға
негізделеді (нақтылауды сұрау,
әсіресе қайсысы). Басқа адамдар, егерде олардың пікірлері ортақ болмаса, бұл
болжамдармен жұмыс жасауға міндетті емес.
«МЕН-хабарламаларын»-да, егер сіз мәселені анықтауға және оларды шешуге
тырыссаңыз, басқа адамның үстінен бақылау орнатқыңыз келмесе, ол іске асады.
Ұрыс-керістің шешілуі қарым-қатынастан басталады, яғни, бір-біріне деген сұрақтар
және шынайы жауаптар.
Бұл жағдайда маңызды:
шынымен мәселені шешуді қалау
бір-бірін сөздермен және әрекеттермен ренжітпеу
бір-бірінің сөзін бөлмеу
адамға және оның мәселесіне ортақ болу
ұстанымдарға емес, қызығушылықтарға жинақталу, екі жақты ұтыстың
жолдарын іздеу
тараптар тәртібінің бағаларының әділ, шынайы белгілерін қолдану.
6-
Тапсырма. Ұрыс-керісті қалай дұрыс шешуге болады? Ұрыс-керіс Картасы .
Үш топта жұмыс жасау.
Топтарға танысуға және талқылауға практикалық жанжалды жағдай және оны шешуге Ұрыс-
керіс Картасы ұсынылады.
Жанжалды жағдайдың үлгісі:
Елестетіңіз: енеңіз сізге үнемі ұқыптылық және үнемділік қажеттіктері, сіздің
ысырапшылдығыңыз жайлы айтып отырады. Өзіне қымбат заттарды сатып алады.
Жанұяда осы үшін шиеленіскен жанжалды жағдай туады. Ол өзінің соңғы сатып алған
затына сіздің ойыңызды білгісі келеді. Сіздің реакцияңыз (әсеріңіз) қандай? Кезекті
жанжалды қалай шешуге болады?
Шешім қабылдаудағы ақпарат:
Жанжалды шешпес бұрын, алдымен оны талдау керек, т.с.с.:
-
не болғанын түсіну керек;
-
жанжалдың мән-жайын білу керек;
34
-
жанжалды шешу керек.
X. Корнелиус және Ш. Фэйр мекемелермен олардың басшыларына және қызметкерлеріне
"
жанжал
картасын
"
қолдануды ұсынды.
Карта бізге назар аудара қоймайтынды көруге және оны талдауға көмектеседі. Адамдар
саяхатқа бара жатып, өздерімен бірге карта алып шығады. Сол секілді ұрыс-керістеде: карта
оның оңай шешілуіне көмектеседі. Оның мәні келесіде:
жанжалдасу
мәселесін жалпы алып, анықтаңыз. Мәселені бір сөйлеммен сипаттаңыз.
Сол мезетте жолын табуға тырыспай, ең бастысына өзіңіздің зеректігіңізді бір нүктеге
топтаңыз. Мәселені қарама-қарсы атаулармен көрсетуге тырыспаңыз, бұл сізге
мәселені еркін шешу варианттарын қарауға мүмкіндік береді.
Ұрыс-керіске кімдер қатысты екенін анықтаңыз, (жеке адамдар, топтар,
бөлімдер
немесе
мекемелер);
Дәл, нақ қажеттіліктерді және әр бірінші деңгейлі жанжалға қатысушының қаупін
анықтаңыз.
Фасилитаторлардың түсініктемелері.
Кез-келген жанжалда мына жағдайлардың жиі болатыны белгілі: адам бір мәселені ұсынады
(қолына кезіккенін, не болмаса «әдемі» көрінгенін), сонда түпкірінде бұл мәселе мүлдем басқа
болып шығады. Бұл сұрақта қатысушының көзқарасындағы нағыз уәждемені білу керек.
Адамдар олардың қажеттіліктерін орындайтынын ғана алып, бұған кедергі келтіретіннен
қашады.
Қажеттіліктер. Кең мағынада айтсақ, бұл адамға маңыздының бәрі. Әңгімелесушінің
қажеттігін анықтауға көмектесу үшін мына жетекші сұрақты қоюға болады: "Сіз мені ананы
да, мынаны да істеуім керек деп ойлайсыз ба. Сізге бұл не береді?" Бұл сұрақтың жауабы
адамның айтылмаған қажеттіктері жайлы ақпарат бере алады.
Қауіптену, қорқыныштар. Оларды да ескеру өте маңызды. Біздің қорқыныштарымыздың
тиімді де тиімсіз де жағы бар. Бірақ бұдан олардың мағынасы аз болып қалмайды. Сіз
қауіптенуді мойындаған кезде ғана, онымен жұмыс істей аласыз. Мысалы, егер адам
сыйламағанға шыдай алмаймын десе, сонда оған қажет тек сыйластық па? Сонымен адамдар
бәрінен де неден қорқады?
Кемсіту мен қорлану.
Жолы болмаушылық.
Қаржылық күйреу.
Беті қайтарылу немесе ұнамсыз болу.
Жағдайдан бақылауды жоғалту.
Жалғыздық.
Сын және кінәлаушылық.
Жұмысынан айырылу.
Өзінің өмірлік іс-әрекеті мен өз отбасын қамтамасыз ету қабілетсіздігі.
Жалықтырғыш жұмыс.
Өтірік.
Бәрін қайтадан бастау қорқынышы.