Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу əлеуметтік-педагогикалық



жүктеу 142,76 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі142,76 Kb.
#17320


16 

Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 37.018 (574) 

С.Х. Медиева, М.Р. Əмірбекова, А.М. Бейсенбаева 



Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(Е-mail: sara.orazbaeva.66 @mail.ru) 

Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу əлеуметтік-педагогикалық  

мəселе ретінде 

Мақалада отбасы тəрбиесі мен қоғамда қиын баланың болу себептері мен жүргізілетін жұмыс түрлері 

мазмұндалған.  Қиын  балаларды  тəрбиелеу  мəселесімен  айналысқан  қазақстандық  белгілі 

ғалымдардың  əлеуметтік-психологиялық  жəне  педагогикалық  əдебиеттерге  жасалған  түрлі 

талдаулары  баяндалған.  Қиын  балаларды  тəрбиелеудегі  ұстанымдар  қатары,  тəртібі қиын  балаларға 

арналған  мекемелер  мен  оқу  орындарында  жұмыс  істейтін  тəрбиешілердің  арнайы  білімдерінің 

міндеті  жайында  айтылған.  Сонымен  қатар  тəрбиеленуі  қиын  оқушыларға  тəн  ерекшеліктерінің 

топтары берілген. 



Кілт сөздер: ұрпақтар, адамгершілік, мінез-құлық, парасаттылық, мораль, саналы, күрес жүргізу, ой 

еңбегі, дау-жанжал, жағымсыз қылықтар. 

Тəртібі  қиын  оқушыларды  тəрбиелеу  мен  оқыту  қазіргі  уақытта  əлеуметтік-педагогикалық 

мəселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі «тəртібі қиын» оқушылар санының жылдан жылға артып 

келе жатқандығын көрсетеді. Бұдан сəл ертерек уақытта «қиын оқушыларға» көбіне жасөспірімдерді 

жатқызсақ, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы топқа жататындар аз емес 

екендігі байқалады. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан бастауыш мектеп кезеңінен бастап 

қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тəрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тəртібі 

қиын  оқушыларды»  тəрбиелеу  жүйесінде  адамгершілік  тəрбиесі  маңызды  орын  алатыны  белгілі. 

Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сансалалығын 

ескере келгенде, адамгершілік тəрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор. 

Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық жəне «қиын балалар» түсінігі 1920-1930 жылдары пайда бола 

бастады.  А. Макаренко,  С. Шацкий,  Л. Выготский,  П. Блонский,  тағы  басқалар  «қиын»  балалар 

мəселелерін  жан-жақты  зерттеді.  Ж. Баласағұни  «Құтты  білік»  дастанында  адамгершілік  тəрбиесін 

тұлға  бойындағы  адамдық,  парасаттылық,  имандылық,  тектілік  жəне  ізгілік  қасиеттерін 

қалыптастырумен  байланыстырады.  Оның  «Адамшылық  жаса,  адамға  адам  бол,  Адам  атын 

мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері əл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр. 

Осы ой-пікірлерлерге ой жүгіртсек, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-бiлiм 

сəулесiн  таратқан  халқымыздың  ағартушы-педагогы  Ыбырай  Алтынсарин,  ұлы  ғұлама  Абай 

Құнанбаев,  көрнектi  қоғам  қайраткерi,  ғалым-ұстаз  Ахмет  Байтұрсынов,  қазақ  жерiнде  тұңғыш 

ұлттық  педагогика,  психология  пəндерiнiң  негiзiн  қалаған  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсiпбек 

Аймауытовтардың  шығармаларынан  да  орын  тауып, кешегiнi  бүгiнгiмен  жалғастырып  келе  жатқан 

игiлiгi мол асыл қазына болып отыр. 

Ыбырай  Алтынсариннің  педагогикалық  қызметінде  мұғалімдердің  бала  тəрбиесінде  адамгер-

шілік  мəселесіне  жоғары  талап  қоя  білу  байқалады.  Ыбырай  Алтынсарин  досы  Н.И. Ильминскийге 

1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызында менің 

көптен  күткен  ісім  орындалып,  мектеп  ашылды.  Оған 14 қазақ  баласы  кірді,  бəрі  де  жақсы,  есті 

балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірісіп кеттім. Кейін парақор 

болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан əсер етуге бар күшімді салып отырмын», — 

деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскендігін зор қуанышпен жеткізді. 

Ағартушы-педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті оқу-тəрбие үрдісінің арқауы 

ете отырып, бала тəрбиесінде мұғалімнің рөлі ерекше екендігін түсіндіреді. Əрине, бұл мəселе қазіргі 

уақытта  да  маңыздылығын  жоғалпағандығы  белгілі.  Бiрде  бiр  адамзат  қоғамы  өзiнен  бұрынғы  аға 

буынның ақыл-ойын, тəрбиелiк тəжiрибесiн пайдаланбай өмiр сүрген емес. 

Ы.  Алтынсариннiң  педагогикалық  көзқарасынан  да  бүкiл  əлемдiк  тəлiм-тəрбиенiң  деңгейi 

гуманистiк  көзқарас,  яғни  шəкiртке  жылы  жүректi  болу,  мұғалiм  мен  оқушы  арасындағы 

ынтымақтастық  қасиеттерінен  көрiнетінін  байқадық.  Ол  өз  еңбегiнде: «Мен  балаларды  жазалауды 

қалайтын  қатал  адам  емеспiн.  Бiрақ  тентек  етiп  өсiрсең,  балалардың  адамгершiлiк  қасиетiн  жойып 

аласың», — дедi. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу ... 

Серия «Педагогика». № 4(84)/2016 

17 

Ж. Аймауытов  баланы  саналы  азамат  етіп  тəрбиелеуге  байланысты  құнды  пікірлер  айтқаны 



белгілі.  Ол  «тəрбиенiң  негiзгi  мақсаты 

 мiнездi түзеу, адамгершілікке қызмет ету, адал еңбек  ете 

бiлуге  тəрбиелеу» деген  қағиданы  қолдай  келiп, «баланы  тəрбиелеу  үшiн  əрбiр  тəрбиешiнiң  өзi 

тəрбиелi  болуы  керек.  Себебi  бала  айтып  ұқтырғаннан  гөрi,  көргенiне  көп  елiктегiш  келедi.  Солай 

болған соң балаға не жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек», дейдi. 

«Тəрбие мақсаты — баланы тəрбиешінің дəл өзіндей қылып шығару емес, болашақ өз заманына 

лайық  қылып  шығару  ғой»  деп  М.  Жұмабаев  тəрбие  мақсатын  келер  күн  талабымен  байланыс-

тырғысы  келеді.  Қазіргі  таңда,  ақпараттың  дамыған  заманында,  бəсекеге  бейімді  ұрпақ  тəрбиелеу 

оңай  іс  емес.  Интернет  желісімен  санасын  улап,  психологиясы  əлсіз,  тынымсыз,  шыдамсыз 

оқушыларды  өмірдің  алауан  түрлі  сынына  дайындаудың  қиындығын  М. Жұмабаев  болжап  дұрыс 

айтқан [1]. 

Қиын  балаларды  тəрбиелеу  мəселесі  ХХ  ғасырдың 20–30-жж.  бастап,  күні  бүгінге  дейін 

педагогтардың, психологтардың жəне заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, əр жақты қарастыры-

лып  келе  жатыр. «Қиын», «педагогикалық  ықпалдан  тыс  қалған», «тəрбиесі  қиын»  балалар 

түсініктеріне  келер  болсақ,  алдымен,  қиын  балалар  деп  тəрбиесінде  кем-кетігі  бар  балаларды, 

педагогикалық  ықпалдан  тыс  қалғандарды,  тəрбиеші,  ата-ана  қарауынсыз  қалғандарды,  тəрбиесі 

қиын  жəне  мінез-құлқында  ауытқушылықтар  басым  балалар  қатарына  жатқызуға  болады.  Оларды 

жалпы  жəне  өзіндік  ерекше-ліктерге  қарап  бөлуге  болады.  Тəрбиесі  қиын  балалар  мəселесі 

педагогикалық  тұрғыдан  Д.  Дриль,  А.С. Макаренко,  В.А. Сухомлинский,  психологтардан 

В.Г. Ананьев,  А.Г. Асмолов,  А.А. Бодолев,  В.В. Давыдов,  А.Н. Леонтьев,  отандық  педагог-

ғалымдардан  Г.А. Уманов,  В.В. Тифонов,  Л.К. Керімов,  отандық  психологтардан  М.М. Мұқанов, 

Ж.Н. Намазбаева жəне тағы басқалар қарастырса, əлеуметтану саласы бойынша Ш.Е. Жаманбалаева 

өз  зерттеулерінде  жасөспірімдердің  əлеуметтік  жəне  жеке  даралық  білімдері  мен  өмір 

тəжірибелерінде  адамзат  қоғамының  жетістіктерін  рухани  байлықтарын  игеріп,  мінез-құлқын, 

дүниетанымын  қалыптастырып,  күнделікті  жүріс-тұрыстарын  басқарып  отыруға  өз  билктері  мен 

бостандықтарының алатын орнын айқындаған. 

Л.К. Керімов  өз  еңбегінде  қиын  оқушыны  жеке  дара  қайта  тəрбиелеу  тұжырымдамасын  жəне 

ондағы  педагогтың  іс-əрекетінің  белгілі  жүйесін  көрсетсе,  Ш.Е. Жаманбалаева  мінез-құлығында 

ауытқушылық бар балалардың əлеуметтік аспектілерін қарастырған. 

Қиын  бала  мінез-құлқын  ғалымдар  жан-жақты  қарастырғанына  қарамастан,  бұл  мəселенің 

əлеуметтік  педагогикалық  мүмкіндіктері  нақты  көрсетілмеген.  Балалардың  қиын  тəрбиеленуінің 

өзіне тəн себептері бар, олар: отбасы, мектеп тəрбиесінің кемшіліктері, тұлғалық жəне биологиялық 

факторлар мен қоршаған қоғам ықпалы. 

Қиын  балалармен  тəрбие  жұмысын  жүргізудің  өзіндік  топтары  бар  жəне  олармен  тəрбие 

жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл мəсленің басын шешу ата-анадан, қоғамнан бастау алатыны 

сөзсіз. Ол үшін отбасы ішіндегі мəселелерді орнықтыру бірінші орында болу керек. 

Қазіргі жас ұрпақтың болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, 

мінез-құлқын,  ақыл-ойын  дамыту  үшін  өзін-өзі  басқаруды  нығайтып  ұжымдық,  шығармашылық 

істерге  қатыстырудың  тəрбиелік  маңызы  зор.  Сондықтан  мектепте  жүргізілетін  тəрбие  жұмыс-

тарында  ұстаз  оқушылардың  жеке  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жұмыс  істегені  абзал.  Себебі 

мұғалім оқу-тəрбие саласында қандай жұмыс жүргізгенімен, сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын 

жете білмесе, алға қойған мақсаттарына жете алмайды [2]. 

Аса көрнекті  чех  педагогі  Ян Амос  Коменский  өзінің  еңбегінде  адамгершілік  тəрбиесіне  үлкен 

мəн  беріп  қараған.  Ол  «Аналар  мектебi»  атты  кiтабында  отбасы  тəрбиесiне  байланысты  өз  ойын 

білдірді. 

Джон  Локк  өзiнiң  «Тəрбие  жөнiндегi  ойлар»  деген  еңбегiнде  тəрбиенiң  психологиялық  негiз-

дерiне  жəне  адамгершiлiк  қалыптастыру  мəселесiне  үлкен  мəн  бердi.  Баладағы  тума  қасиеттердi 

жоққа шығара отырып, ол нəрестенi не сызса сол болатын «таза тақтаға» теңеумен, тəрбиенiң үлкен 

əсерлi күш екенiн баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо керiсiнше баланы табиғаттан дарынды деп таныды. 

Осыдан,  оның  ойынша,  тəрбие  баладағы  тума  қасиеттердiң  дамуына  кедергi  болмай,  оған  толық 

еркiндiк  берiп,  əрi  оның  қызығулары  мен  құмарлығына  икемделуi  тиiс  деген  тұжырымға  келдi. 

Психология  ғылымында  да  осыған  орай  көптеген  зерттеулер  жүргізілген  болатын.  Ата-анасы 

ие қасиеттерге баласы да ие болады. Тек, керісінше, болмыста көрінуі мүмкін. Мысалы, анасы биші 

бала əнші немесе музыкант, дарынды суретші болуы ықтимал. 

М.Г. Песталоций  педагогикада  алғашқылардың  бiрi  болып  тəрбие  мекемелерiнде  теориялық 

қызмет  пен  тəрбие  iс-əрекетi  бiрлiгiнiң  маңыздылығын  көре  бiлдi.  Өзiнiң  «Лингард  пен  Гертруда» 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



С.Х. Медиева, М.Р. Əмірбекова, А.М. Бейсенбаева 

18 


Вестник Карагандинского университета 

шығармасында  ол  тəрбиенiң  адамгершiлiкке  негiзделуi,  балаларға  сыйластық  қатынас  жəне  оларда 

адамға  деген  мейiрiм  мен  қайрымдылыққа  баулу  хақындағы  демократиялық  идеяларын  дамытты. 

Күнделiктi  педагогикалық  қызметiнде  Песталоций  балалардың  оқуы  мен  тəрбиесiн  олардың 

мүмкiндiгiне  орай  еңбекпен  ұштастыруға  көңiл  бөлдi,  балалар  қауымының  тəрбиелiк  ықпалын 

пайдалана  бiлудi  уағыздады.  Баланы  еңбекке  баулу  оның  өмірге  деген  құлшынысын  оятып,  күн-

делікті  тіршіліктегі  мəселелерді  өздігінен  шеше  алуына  көмектеседі.  ХХІ  ғасырдағы  балалардың 

еңбек қабілеті өте төмен деңгейге жетіп отыр. Оның бəрі жаңа технологиялардың пайда болуы мен 

адамдардың оған тəуелділігімен тығыз байланысты. 

«Баланы  жан-жақты  етіп  тəрбиелеу  үшін  оны  жан-жақты  білу  керек», — дейді  белгілі  педагог 

К. Ушинский. Мектепте педагогикалық тұрғыдан ойластырылып шешілген оқу-тəрбие үрдісін шебер 

жүзеге асыру үшін əрбір мұғалім, тəрбиеші, бүкіл мектеп ұжымы негізгі ұстанымдарды, яғни нақты 

сол істі басшылыққа алатын ғылыми негіздерді, табуы тиіс. 

Қазіргі  уақыт  талабы — білім  мен  техниканың  ерекше  қарыштап  дамыған  заманы.  Тəрбие 

мəселесі  де  қазіргі  заманның  өршіп  тұрған  мəселелерінің  бірі  болып  тұрғаны  белгілі.  Себебі  уақыт 

талабына  сай  оқушылар  компьютермен  ұялы  телефонға  əуестігі  басым  болып  баратындығы  жалған 

емес. Отбасында ата-аналары бала тəрбиесіне көңіл бөліп, күнделікті өмірі, сабағы, қайда жүргендігі 

жайындағы  мəліметпен  хабардар  болып,  тұрақты  бақылау  жүргізуді  қолға  алғаны  жөн.  Бала 

тəртібінің  бұзылуы  ата-ананы  қиын  жағдайларға  итермелейтіндігі  сөзсіз.  Бұл  орайда  ата-анамен 

сынып  жетекшінің  атқаратын  рөлі  өте  зор.  Тəрбиелік  мақсатта  жүргізілетін  іс-шаралар  мазмұны 

мектеп оқушысына зор ықпал етері анық.  

Қазіргі  кезде  педагогикалық,  психологиялық  əдебиеттерде  көмек  көрсету  стратегиясы  ретінде 

сипатталады.  Аталмыш  стратегия  педагогтың  оқушы  мəселесін  түсініп,  шешу  жолын  тауып, 

жағдаятты  өзгертуге  көмектеседі.  Педагог  оқушыға  қолдау  көрсетеді,  оған  өз  мейірімін  төгеді, 

басқаша айтқанда, сəтсіздіктер мен кедергілірге қарамастан, ең мықтысы болуға талпынатын өзіндік 

жеке тұлға ретінде қабылдайды. Қолдау келесідей жағдайлардан көрінеді: яғни педагог адамды емес, 

оның  іс-əрекетін  бағалайды  жəне  тұлға  ретіндегі  сəтсіздіктеріне  қарамастан,  сөзсіз,  тұлға  ретінде 

қабылдайды.  Өзара  ықпалдастық  нəтежесі — оқушының  өз-өзімен  қарым-қатынасы,  өзіне  деген 

сенімділігі,  өз  мінез-құлқын  бақылай  алуы,  мықты  тұлға  ретінде  қалыптасуға  деген  ынтасы  болып 

табылады. Педагог іс-əрекетінің жалпы құрылымы бірнеше кезеңдерден тұрады: 

 байланыс орнату, диалог құру мүмкіндігі; 

 оқушы  мəселелерін,  оның  жеке  қасиетін,  сонымен  қатар  оған  келтірілетін  кедергілерді 

анықтап алу; 

 мəселені талқылау; 

 психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. 

Дамыта  көмек  көрсету  негізіндегі  мəселені  шешуде  өзара  ықпалдастықтың  қарым-қатынас 

технологиясы педагог мінез-құлқының келесі техникасын ұсынады: 

 əнгімелесуге қызығушылық білдіріп, оның бетіне тіке қарауға жəне тындауға үйрену; 

 ойындағысының барлығын айтқызу, тыныштықты сақтай біліу, оқушының жай-күйін түсінуге 

тырысу; 


 өз көңіліңді білдіре білу; 

 керекті ақпаратты алу жəне барлығын түсінуге бағыттылған сұрақтарды қоя білу; 

 əңгімелесуші мəселесін түсінуге, оның шешімін табуға тырысу; 

 жай кеңес беруден гөрі мəселенің шешіміне ықпал ететін шешім қабылдауға итермелеу. 

Сынып  жетекшінің  оқушымен  əңгімелесуге  осындай  шарттар  ұсынылады.  Оның  негізінде 

адамға  өзін-өзі  дамытуға  талпынушы  тұлға  ретіндегі  көзқарас,  ал  оқушыға  дамушы,  оқушыларға 

көмек көрсете алатын адам ретіндегі көзқарас жатыр. 

Отбасы — тұлға  қалыптастырушы  бесiк. «Азамат  қалыптастырамын  десең,  бесiгiңдi  түзе», — 

деп ұлы ғұлама М. Əуезов əу заманнан бағыт беріп келеді [3]. 

Отбасыда адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк жəне əлеуметтiк 

бағыт-бағдар  түзiледi. Отбасыда  өз  кезегімен  қарапайым да  жеңiл  түрде  шешiлiп  жататын  көптеген 

мəселелер,  ересек  шақта  шырғалаң  күйге  түсiп  жататыны  белгілі.  Шынымен  де,  бар  тəрбиенің 

бастауы  бесікте,  отбасында  екені  белгілі.  Бесікте  ананың  сүтімен  сусындап,  бесік  жырын  тыңдап, 

отбасы мейрімін сезініп, еңбек қабілетін шыңдаған бала егемен еліміздің ертеңі. 

Отбасылық кейбір тұжырымдарды саралай келе, келесiдей қорытынды жасауға болады: 

 ықпалы басқа айналадағы əсерден, мектептегі мұғалімнің əсерінен де мықты. Жас ұлғаюмен ол 

əсер азаюы мүмкiн, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды; 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу ... 

Серия «Педагогика». № 4(84)/2016 

19 

 қандай да бiр басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкiн болмаған сапалары, қасиеттері, мінезі тек 



отбасында ғана дами бастайды; 

 отбасы  тұлғаның  əлеуметтенуiн  қамтамасыз  етедi,  оның  тəндiк,  моральдық  жəне  еңбектiк 

тəрбиесiне  болған  мүмкiндiктердi  мейлiнше  шоғырландырып, iске  қосады.  Қоғамдағы  азамат 

мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi; 

 отбасының ықпалымен ғана бала санасына салт-дəстүр ұғымы беріледі; 

 отбасының  аса  маңызды  қызметтерінің  бірі — азамат  тəрбиелеу,  ұлтжандылықты  қалыптас-

тыру, болашақ жанұя иегерiне дұрыс жол нұсқау жəне мемлекет заңдарын мойындап, құқық-

тарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру; 

 отбасының балаға болашақ мамндығына нұсқау беру, оның армандарына деген ықпалы орасан. 

Қазіргі  экономикалық  жүйеге  байланысты  отбасындағы  тəрбие  жоқтығының  кейбiр  себептерi 

ретiнде келесi жағдайларды қарастыруға болады: 

1. Көбінесе, көптеген еңбексүйгіш отбасыларда қаражат жағынан таршылық көруі.

2. Қоғамдық өмiр мəдениетінің төмендiгi.

3. Отбасы анасы, яғни əйел, мойнына артылған ауыртпалық.

4. Əлеуметтiк-тұрмыстық  жəне  моральдық  себептерден  болып  жатқан  ерлi-зайыптылардың

ажырасуы. 

5. Бала тəрбиесiнде ерте заманнан қоғамдағы отбасындағы ер адам мен əйел адамның атқартын

ролі. 


6. Бірнеше отбасылар арасындағы жан-жалдардан туындаған бəсеке.

7. Мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың төмендеуі.

Отбасы  дағдарысын  реттеу  жəне  оның  тəрбиелiк  ықпалын  көтеру  бағытында  педагогтар  мен 

психологтардың беретін ұсыныстары мен ақылдары. 

Бұл  жағдайда  педагогика  ешқандай  жаңалық  ашып  бере  алмайды:  тəрбиенiң  қоғамдық, 

экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тəуелдiлiгi объективтi шындық. 

Білім  беру  мекемелерінен  балалар  мен  жасөспірімдердің  мінез-құлықтарының  қиындауы,  іс-

қимылдарының алдын алуын жəне оны жеңу жолдарының тəрбиелік рөлін арттыру. 

Мектептерде  арнайы  білім  дəрежесінде  дайындалған  əлеуметтік  педагоггтар  мен  психологтар 

қызмет  атқарады.  Бұл  мамандарға  балалар  мен  жасөспірімдер  оқу  жəне  тəрбие  барысында  сенім 

артады.  Оқытушылардың  қызметіндегі  басты  бағыт  тəрбиеге  беріледі.  Педагоггтардың  педагогика-

лық қызметтеріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тəрбиеленушілеріне жағымсыз 

ықпал етеді. 

Білім беру мекемелеріндегі тəрбиені жақсы жолға қою ретінде атқарылады: 

 мұғалімдер  дайындығының  құрамдық  сапасын  жəне  олардың  жоғары  педагогикалық 

мəдениетін арттырып қалыптастыру; 

 білім мекемелерінде педагогикалық қызметке барынша жағымды жағдай тудыру; 

 мұғалімдер  құрамының  өз бетінше  білімдерін  жетілдірулеріне мүмкіндік  туғызу, педагогика-

лық шеберліктері мен мəдениетін жетілдіру; 

 білім мекемелерінде əлеуметтік қызмет ұйымдастыру, девиантты іс-қимылды балалармен жəне 

жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу, мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу; 

 білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс тəрбие жұмысының жүйесін дамыту; 

 ата-аналарды тəрбие жұмысына жұмылдыру олардың педагогикалық даярлығын жетілдіру. 

Отбасы мен мектептің өзара мақсатты əрекеттесуі отбасының, мектеп пен тұрғылықты жердегі 

əкімшілік  органдардың  балалар  мен  жасөспірімдердің  девиантты  мінез-құлық,  іс-қимылдарының 

алдын алу жəне оны жеңу жолдарын қарастыру. 

Мектеп  пен  отбасы  балалар  мен  жасөспірімдердің  тəрбиесінде  оң  нəтиже  беретін  бірлескен 

əрекеттер жасауда. Сол мақсатта мынадай тəжірибелерді басшылыққа алуға болады: 

 мектептерде ата-аналарға арналған əдістемелік семинарлар ұйымдастыру (ата-аналар дəрістері, 

ата-аналар семинарлары 

Балалар  мен  жасөспірімдердің  мінез-құлқының  ауытқуы  іс-қимылын  болдырмау  мақсатындағы 

əлеуметтік-педагогикалық əрекеттің мынадай бағыттары анықталады: 

 балалардың мінез-құлық, іс- қимылдарының əлеуметтік ауытқуындағы отбасының рөлі; 

 болашақ  ата-аналарды  отбасылық  өмірге  дайындау  жəне  өз  балаларын  тəрбиелеуі.  Ол  үшін 

мыналарды зерттеуі керек: 

 отбасы мүшелерінің қарым-қатынас негіздерін;

 отбасы ішілік шиеленістер, оның пайда болу себептері, алдын алу мүмкіндіктері жəне жеңу

жолдары;


Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



С.Х. Медиева, М.Р. Əмірбекова, А.М. Бейсенбаева 

20 


Вестник Карагандинского университета 

 отбасы шаруашылығын жүргізу, отбасы қаржысы; 

 балалық, жасөспірімдік кезеңдегі отбасылық тəрбие негіздері; 

 отбасылық  құқық  негіздері.  Бала  құқықтары  жөніндегі  декларация  жəне  ата-аналар,  олардың 

орнындағылардың құқығын анықтайтын құжаттар; 

 отбасындағы  жағымды  адамгершілік  қалыптарын  отбасы  ішілік  қарым-қатынастарды,  яғни 

отбасылық моральді-психологиялық ахуалды, сақтау; 

 отбасы тəрбиесіндегі қателіктерге жол бермеу; 

 баланың тұрақты адамгершілік бағыттары мен ұстанымдарын қалыптастыруы; 

 балалық  шақтан  еріктік  сапалары  мен  өзін-өзі  құрметтеу  сезімдерін  тəрбиелеу  арқылы 

адамгершілік-жігерлік қасиеттерін қалыптастыру; 

 балаға  күш  көрсетіп,  жəбірлеуге,  ерік-жігерін  төмендетуге  немесе,  керісінше,  күш-қуатын 

қалыптастыруға жол бермеу, өйткені соның салдарынан олар əлсіз адамдарға зорлық жасауға, 

өктемдікке бейім келеді; 

 балалар мен жасөспірімдерден ішімдікке, шылым шегуден бастартып, оларды құмар ойындар-

ға əуестендіруге жол бермеу; 

 баланы өзін-өзі тəрбиелеуге жəне онымен жұмыс жүргізу əдістемесіне үйрету. 

Отбасы — адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – 

дүниеге  ұрпақ  əкелу,  екіншісі – дүниеге  келген  сəбиді  тəндік  жағынан  дамытуды  қамтамасыз  етіп, 

өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру [4]. 

«Баланың  құқығы  жөніндегі»  Конвенцияда (1989) отбасында  баланың  құқын  қорғау,  оған 

қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-

ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббаты қажет. Толыққанды 

отбасы болуы үшін ата-ананың жəне отбасындағы басқа мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақ-

тауы, сонымен қатар əр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс. 

Қазіргі отбасы тəрбиесіндегі басты бағдар баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, 

ата-бабадан  қалған  асыл  мұраны  сақтай  білуге  көңіл  бөлу,  халықтың  тəлімдік-тəрбиелік  мұрасын 

бүгінгі  күнмен  сабақтастыру  болып  табылады.  Осыған  орай  отбасында  еңбексүйгіштікке,  баланың 

жасына  сай  еңбек  түрлеріне  жəне  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  баулуды  үйрету  қажет.  Ата-ана  жəне 

əлеуметтік  орта  болашақ  азаматтың  денсаулығын  жастайынан  сақтау  үшін,  оның  тəнінің  дұрыс 

түзіліп  қалыптасуына,  салауатты  өмір  салтын  нығайтуға  ерекше  мəн  бергені  бүгінгі  күннің  өзекті 

мəселесінің бірі болып табылады. 

Əр  отбасы  ата-тегінен  келе  жатқан  кəсібін, өнерін, атқарған  еңбегін  құрметтеп  оны  кейінгі  ұр-

паққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағида-

ларды  қатаң  сақтап,  дамытып  отырған,  ұрпағына  ақыл-кеңес  беріп,  ата  кəсібін  құрметтеп,  қалып-

тасқан  дəстүрді  жетілдірген.  Туыстық,  отбасылық  қатынастарды  бала  кезінен  қалыптастырған. 

Мысалы,  ойын  ойнау,  көркем  өнермен  шұғылдану,  еңбекке  баланы  қалыптастыру  арқылы  ересек 

адам мен баланың қарым-қатынасын нығайтуды көздеген. 

Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-

əрекетке баулуды дəстүрлі мерекелер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы іске асырған. 

Туыстарға,  айналадағыларға  қамқор  жасай  білу,  қиын  жағдайға  тап  болғанда  қол  ұшын  беру, 

туған жерді, табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге 

қарым-қатынас  жасай  біліп,  əлеуметтік-мəдени  қалыптарды  үйретіп,  қамқорлық  көрсетіп,  өз  ісіне 

жауапкершілікпен  қараған.  Отбасында  қалыптасқан  дəстүрлі  мерекелерді  өткізу  арқылы  баланың 

тұлғалық  қасиетін  жетілдіру  жүзеге  асырылған,  мысалы,  баланың  дүниеге  келуі,  кəмелет  жасқа 

толуы, үйлену тойы т.б. 

Отбасылық  қарым-қатынастың  негізінде  үнемі  балаға  қамқорлық  көрсетіп,  ол  отбасы  мүшесі, 

оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру керек. Халық даналығына назар 

аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді 

ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тəрбиеле» [5]. 

Қазіргі  уақытта  бала  тəрбиелеу  көптеген  отбасыларға  қиындық  туғызады.  Отбасы  ішіндегі 

мəселелер,  ата-ананың  күнделікті  өмірдегі  ұрысы,  келіспеушілігі  бала  психикасына  əсер  етпей 

қоймайды.  Отбасы  шағын  мемлекет  десек,  қандай  мемлекет  болмасын,  уақыт  өте  бір  дағдарыстарға 

ұшырайды. Ол мемлекет өз халқына жағыну үшін, халқын бірлікте ұстап тұру үшін тəртіп пен ұрпағы-

ның сол шағын мемлекеттің ішінде тəрбиесі терең, мазмұнды болашақ ұрпақ тəрбиесіне қажетті тамыр-

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу ... 

Серия «Педагогика». № 4(84)/2016 

21 

ын тереңге жайған бесік тербелу қажет. Ұрпақ өсіріп отырған ата-аналарға байланысты қазіргі таңда 



ұл бала тəрбиесі де, қыз бала тəрбиесі де көңіл көншітерлік жағдайда емес. Отбасын құратын жастар 

тек жеңіл жұмыс істеп, қиындықсыз өмір сүруді қалайды. 

Əр адам өзін қоғамның саналы азаматы екенін түсінсе, осы бағытта отбасындағы ата-аналар бала 

тəрбиесіне уақытын бөліп қызмет етсе, алынбайтын қамал болмайтыны белгілі. 

Балаларға ерекше қарайтын отбасылары да бар. Балаларына барлық жағдайды жасайды, ешнəрсе 

істетпейді,  өз  бетімен  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  бермейді.  Мұндай  отбасында  тəрбие  əр  түрлі 

болады: 

 тəрбиенің  дұрыс  жолда  берілмеуі,  балаға  жетпеуі  бұзақылыққа,  тəртіп  бұзушылыққа  əкеліп 

соғады; 

 құрғақ жəне қатал тəрбие (ата-аналар  бір, əжесі  басқа, мектеп  өз алдына тəрбиелегенде) 

түрлі психикалық ауруларға шалдықтырады. 

Отбасы мен тəрбие берілуіне байланысты əр түрлі адамдар өсіп шығады: төзімді, еңбексүйгіш, 

тез  ашуланшақ,  жауапкершілігі  жоқ,  психикасы  бұзылған  т.б.  Отбасындағы  өзара  қарым-қатынас 

балалық  шақта  ғана  емес, өмірдің  кейінгі жылдарында  да  маңызды  болып  қала  береді.  Ата-ана  мен 

баланың  арасында  эмоциялық  шынайы  қарым-қатынастың  болмауы,  маңызды  тұлғалық 

қатынастардың  бұзылуы  баланың  жүйке  дамуындағы  кемістіктердің  пайда  болуына  əкеліп  соғады. 

Сондықтан отбасы  тəрбиесінде  ата-аналардың  жалпы ұстанымы, педагогикалық мəдениеті, тəрбиелеу 

стилі,  баламен  өзара  қарым-қатынасы  басты  рөл  атқарады.  Мұның  өзі  бізге  отбасының  əлеуметтік 

бейнесін сипаттауға мүмкіндік береді. 

Отбасыларының  əр  түрлі  болатыны  белгілі:  жақсы  жəне  нашар,  толық  жəне  толық  емес, 

ыдырайын деп тұрған жəне ыдыраған. Осындай отбасында балалар бар. Балаларға толық, бірақ қолайсыз 

отбасында  өмір  сүру  өте  қиын  (отбасында  ұрыс-керіс,  жұбайлардың  біреуінің  өзін  дұрыс 

ұстамауынан  реніш,  келіспеушілік,  айқай-шу,  тағы  басқа  жағдайлардың  барлығы  балаларға  ауыр 

тиеді). 


Отбасы тəрбиесінде ата-аналардың үйлесушілігі, мінезі, өз-өзін ұстауы да ерекше орын алады. 

«Сіз  өз  балаларыңыздың  тəрбиесін  бастамас  бұрын  өзіңіздің  мінез-құлқыңызды  тексеріңіз ... 

сіздің  жеке  мінез-құлқыңыз — шешуші  нəрсе...  Ата-аналардың  өздеріне  талап  қою,  олардың  өз 

отбасын  қадірлей  білуі,  өзінің  əрбір  қадамын  қадағалап  отыруы — тəрбиенің  ең  басты  жəне  ең 

бірінші  əдісі», — деп  тұжырымдаған  А.С. Макаренко.  Ұлы  педагогтың  бұл  ойымен  келіспеске 

болмайды.  Ата-ана  əрқашан  да  баласына  үлгі-өнеге  болуы  керек.  Бұны  тек  ақыл-насихат  ретінде 

айтпай, іспен көрсету арқылы тəрбиелесе, келесі ұрпақтың рухани тəрбиесінің шарықтағаны. 

Тəрбиеленуі  қиын  оқушылар  мен  педагогтың  оқудағы  қарым-қатынасын,  оқушылардың  қарау-

сыз  қалушылығын  педагогикалық  рөлдің  субъектпен  байланысын  көрсетуінде  функционалдық 

байланыс  бар.  Мектеп  қабырғасындағы  эпизодтық  төбелес,  ұрлық,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 

жанжал  т.б.  барлығы  мектеп  өміріндегі  бұзақылықты  қалыптастырады.  Бұзақылық  сипат 

оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді. 

Қазіргі  таңда  отбасылардың  арасындағы  келіспеушілік,  отбасындағы  қарама-қайшылықтардың 

болуы балаға қатты əсер етеді. Отбасында берекенің болмауы, ата-балаға тəрбие беретін, ата-ананың 

жаман  жолға,  ішімдікке  салынуы,  нашақорлыққа  бой  ұруы, баланың  алдында  бір-бірін  балағаттауы 

өсіп  келе  жатқан  жеткіншек  санасына  теріс  пікір  қалыптасуын  арттырады.  Бала  жасынан 

сүйіспеншілікке,  отбасында  махаббат  мейіріміне  бөленбей  қатал,  қатыгез  болып,  кейін  жас  өскен 

сайын қылмыскер болуы да ғажап емес. Қазіргі кезде отбасындағы жанжалды көрген балалар əкесінің 

анасына қол көтергенін көріп өсіп, кейде анасын қорғаймын деп, қылмысқа да барып қалып жатқан 

тұстар болады. «Тəртібі қиын оқушы» болып шыға келеді. 

Балаға жас ерекшелігіне қарай тəрбие берсе, сөзсіз, тəрбиелі ұрпақ қалыптасатынына нық сенім-

мен  қарауға  болады.  Осы  орайда  «егер  бала  бұзақы  бола  бастаса,  онда  бұған  бала  кінəлі  емес, 

педагогикалық  əдістер  кінəлі»  деген  А. Макаренконың  пікірін  қайта  қарауға  тура  келеді.  Пайдасыз 

əдістердің  зиянды  салдарын  түзеу  үшін  жан-жақты  ойластырылған,  ғылыми  негізделген  педагогика-

лық-психологиялық жүйе болуы керек. Ал ұлы Абайдың сөзі қайта тəрбиелеу ісін жігермен  бастауға 

дем  береді.  Ол  жеке  тұлғаның  қалыптасып  дамуы  туралы  былай  тұжырымдайды: «Баланы  ең 

алдымен қоршаған ортасы, көшесі тəрбиелейді». 

Халықтық  педагогиканы,  яғни  этнопедагогиканы,  оқыту  үрдісінде  пайдалана  отырып,  ұлттық 

тəрбие  беруде  жеткіншектерге  тілі  мен  əдебиетін,  тарихы  мен  өнерін  қастерлеп,  салт-дəстүрін 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




С.Х. Медиева, М.Р. Əмірбекова, А.М. Бейсенбаева 

22 


Вестник Карагандинского университета 

меңгерту  оқушыларға  қажет.  Сол  арқылы  ұрпаққа  ақыл-ой,  еңбек,  адалдық,  эстетика,  отбасы 

тəрбиесіне  байланысты  тəлім-тəрбие  беретіні  ежелден  белгілі.  Бала  туғаннан  отбасы  мұндай 

қасиеттерді  бойына  сіңіре  беру  керек.  Сонымен  қатар  жасөспірімдерді  нашақорлықтан,  ұрлықтан 

арашалауда,  олардың  санасына  кісілік,  адамгершілік  қасиеттің  рухын  ұялатуға  берері  көп  ата-

бабаларымыз  əдептілігімен,  өнерпаздығымен,  отбасы  мүшелерінің  бір-біріне  деген  өзара  достық 

қарым-қатынасымен,  ерен  еңбегімен  балаларына  үлгі-өнеге  көрсеткен.  Енді  ғана  тілі  шығып  келе 

жатқан  балаға  жас  кезінен  мақал-мəтелді,  жаңылтпаштарды,  ертегілерді  сіңіріп  өсірсе, «Бала — 

біздің болашағымыз» деп санайтын əрбір ата-ана үшін дұрыс жол болып саналады. Ол дұрыс ұрпақ 

қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады [6]. 

Психология  ғылымында  дамуды  меңгеру,  игеру, тыңдау  ретінде  емес,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі 

жасау,  өзін-өзі  құру  ретінде  қарастыратын  басым  тұжырымдама  қалыптасқан  (С.Л. Рубинштейн, 

В.П. Зинченко, А.Г. Асмолов, Б.С. Братусь т.б.).  Əрбір адам  өз алдына дербестікке ие бола отырып, 

дамуында  қайталанбаушылықты  құрайды.  Сондықтан  тəрбиесі  қиын  оқушылардың  дамуындағы 

ерекшеліктерді былай көрсетуге болады: 

 даму үрдісінде жыныстық айырмашылық ерекше мəнге ие болады, М.С. Егорова қыз балалар 

мен  ер  балалардың  санаткерлік,  тұлғалық  сипаттары  жəне  тіл  табысу  ерекшеліктері  жағынан 

айырмашылық  бар  екендігін  бөліп  көрсетеді.  Мысалы,  қыз  балалар  вербалды  қабілеттері 

жағынан  ер  балаларды,  ал  ер  балалар  математикалық  қабілеттері  жағынан  қыз  балаларды 

басып озады. Сонымен бірге ер балалар агрессивті болып келеді, сондықтан балалар психиат-

риясы саласы бойынша көрнекті ағылшын маманы М. Раттер темперамент пен патологияның 

байланысын  көрсетеді.  Темпераменттің  ерекшелігіне  байланысты  əрекеттерді  орындау 

тəсілдеріне, оқушылардың мінез-құлқының стилінде мынадай көрсеткіштер бойынша шынайы 

айырмашылықтар  байқалады:  белсенділік,  шапшаңдық  деңгейі,  əр  түрлі  биологиялық 

циклдердің  басқарылуы  (ұйқы,  сергектік  т.б.).  Сонымен  бірге  балалар  бейімделуге  қабілеті 

жағынан  да,  яғни  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты,  мінез-құлқын  оңай  өзгерту  білігі 

бойынша;  эмоциялық  реакцияның  қарқындылығына  (қуанышқа  жəне  айқайға  əр  түрлі 

реакцияның  болуы)  қарай;  қарым-қатынас  жасау,  тіл  табысу  сипаты  бойынша  дараланады. 

Сонымен  бірге  ерекше,  өзіне  тəн  темпераменті  бар  балалардың  мінез-құлқында  кертартпа 

сапалардың дамуы байқалып, мұның өзі оқушының тəрбиесін қиындатады; 

 тəртібі  қиын  оқушылардың  пайда  болуына  табиғи  ерекшеліктер  мен  оқудың  қиындығының 

байланысы да себеп болады (М.К. Акимова, В.Т. Козлова, О.А. Степанова т.б.). Оқу үлгерімі-

нің  төмен  болуының  бір  себебі  баланың  өзінің  жүйке  жүйесінің  ерекшеліктерін  дұрыс 

қолданбауы  жəне  мұғалім  мен  ата-аналардың  да  бұл  ерекшеліктерді  ескермеуі  болып 

табылады. Қазіргі түсінік бойынша даралық-типологиялық ерекшеліктерді ескеру жəне оларды 

педагогикалық  үрдісте  міндетті  түрде  есепке  алу  қажет.  Мəселен,  кейбір  психологиялық 

зерттеулер  өзінің  нейродинамикалық  ерекшеліктері  бойынша  əлсіз  жəне  жігерсіз  оқушылар, 

көбінесе оқуға үлгермейді немесе оқу үлгерімі төмен болатынын дəлелдейді. Ал М.К. Акимова 

өз  зерттеуінде  жүйке  жүйесі  əлсіз  жəне  жігерсіз  оқушылардың  арасында  үздік  оқитындар  да 

жиі  кездесетінін  атап  көрсетеді.  Сондықтан  мұғалім  мен  ата-аналардың  оқушының  табиғи 

ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері  арасындағы  байланысты  дұрыс  ескермеу  салдары  тəртібі 

қиын оқушының пайда болуына негіз болады. 

Қай  заманда  болмасын  тəрбие  берушілер,  педагогтар,  ата-аналар  тəрбие  беру  түрін  екі  топқа 

бөлді,  кейбірі  балаға  қаталдық  танытуды  дұрыс  санаса,  баланың  тікелей  бағынышты  етуді,  қатаң 

тыңдауын жəне тəртіптілігіне қолжеткізудің кепілі деп санаса, екіншілері тəрбиенің негізі балаларды 

мейрімде,  қайырымдылықта  қарау  деп  білді.  Бірақ  ешқайсысы  баланың  психологиясы,  баланың 

темпераментіне қарай тəрбиелеу керек екенін ескермеді. 

Ғылыми  деректерге  үңіле  қарасақ,  тəрбиесі  қиын  балалардан  байқалатын  бірден-бір  белгілер: 

біріншіден,  аномалды  қажеттілік,  екіншіден,  тұрақты  кері  қасиеттер  жиынтығы,  үшіншіден,  отбасы 

мүшелерімен  немесе  педагогтармен  тұрақты  егесу  жағдайлары,  төртіншіден,  сыртқы  фактордың, 

яғни  басқа  адамдардың,  көмегінсіз  өзін-өзін  тəрбиелеге  деген  қабілетсіздігі.  Сынып  жетекшілері 

тəрбиесі қиын баламен жүргізілетін жұмысты мына мəселелерден бастағаны жөн: 

 «тəрбиесі қиын балалардың» жас ерекшеліктеріне мəн беру; 

 көп жағдайда бірінші орынға терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық жəне медициналық 

мəселелерін міндетті түрде қарастыру; 

 мектептегі жоспардағы жұмыстарды дұрыс орындау жəне оны қадағалау; 

 психолог-мамандармен жиі əңгімелесіп, ол баланың көңілін таба білу керек. 

Тəртібі қиын балалардың шығу себептері мыналар: 

1) қоғамдағы жағдай мен отбасындағы тұрмысының қиындығы;

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу ... 

Серия «Педагогика». № 4(84)/2016 

23 

2) балалардың  мінез-құлқының  жағымсыз  ерекшеліктері  мен  психикасының  өзгеше  болып



қалыптасуынан немесе нормадан ауытқуынан; 

3) мектепте бастауыштан педагогтардың дұрыс тəрбие бермеуінен.

«Елдің  көркі  тіл  десек,  отбасы  көркі  сəби  ме  дейсің», 

  деп  Қ.Мырзалиев  тегін  айтпаған.  Егер 

отбасы өз ұлттық тілінде сөйлесе, отбасы ішінде сыйластық, үйлесушілік болса, бұл отбасының дұрыс 

қалыптасуына жол ашады. 

Бүгінгі ХХІ ғасырдың басты мəселесі болып дұрыс ұрпақ қалыптастыру, болашаққа нық сенімді 

болу  табылады.  Ұрпақтың  мəдениетті,  ұлттық  санасының  жоғары  болуын  қалыптастыру  мақсат 

етіледі.  Осынау  заманның  сан-қилы  мəселелерімен  ата-ананың  бала  тəрбиелеудегі  үлкен 

қиындықтарға  тап  болатыныны  да  белгілі.  Негізінен,  барлық  мəселе  ата-аналар  тарапынан  баланың 

бос  уақытын  дұрыс,  орынды  пайдаланбаудан,  тұрмыстың  нашарлығы  мен  отбасындағы  келеңсіз 

жағдайлардан  бастау  алатындығы  да  болады.  Бала  тəрбиесін  жас  ерекшеліктеріне  қарай  жүргізсе, 

баланың ынтасын дамыту арқылы əдіс-тəсілдерді жаңартып отырса, заман талабына сай мектеп пен 

ата-аналар  дұрыс  жолға  қойылған  тəрбиелік  мазмұны  жоғары  жұмыстар  атқарса  іс  нəтижелі  болып 

жемісін беретіндігі сөзсіз [7]. 

Қазіргі көп мəдениетті қоғамда балаға сырттан əсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе 

жатқан  тұлғасына  ауқымды  əсерін  тигізеді.  Ст.  Холл  «бала  толыққанды  дамуы  үшін  өз  халқының 

сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды. 

Əдебиеттер тізімі 

1  Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. 

 Алматы: Ғылым, 1994.  76, 77-б. 

2  Керімов Л.К. «Қиын» оқушылар жəне оларды қайта тəрбиелеу мəселелері. 

 Алматы: Жазушы, 1991.  25-б. 

3  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. 

 Алматы: Атамұра, 2000.  83, 84-б. 

4  Қалиева Г. Қазақстан мектебі. — 2002. 

 № 4.  22, 23-б. 

5  Қоянбаев Ж.Б. Отбасы балалар жəне жеткіншектер тəрбиесі. 

 Алматы: Рауан, 1990.  234-б. 

6  Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балалар // Ұлағат. 

 2001.  № 1.  29-б. 

7  Өтеген Қ. Қазақстан мектебі. 

 2012.  № 7.  59, 60-б. 

С.Х. Медиева, М.Р. Амирбекова, А.М.Бейсенбаева 



Воспитание трудных детей как социально-педагогическая проблема 

В  статье  отражены  проблемы  семейного  воспитания.  Дан  обзор  социально-психологических  и 

педагогических исследований видных казахстанских ученых по этой проблеме. Рассмотрены условия 

среды, способствующей возникновению трудных детей в обществе, а также содержание видов работ, 

проводимых  с  такими  детьми.  Определены  кредо  и  система  принципов  работы  с  трудными  детьми, 

особенности  в  их  воспитании.  Подчеркнута  необходимость  профильного  образования  воспитателей, 

работающих в специализированных учебных заведениях. 

S.H. Medieva, M.R. Amirbekova, A.M. Beisenbayeva 



The education of difficult children as a socio-pedagogical problem 

The article reflects the problem of family education. A review of the socio-psychological and pedagogical re-

search of prominent Kazakh scientists on this issue. We consider the environmental conditions conducive to 

the emergence of difficult children in the community, as well as the content of the types of work carried out 

with children. Defined creed and principles of the system of work with difficult children, especially in their 

education. It stressed the need for specialized education teachers working in special schools. 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



С.Х. Медиева, М.Р. Əмірбекова, А.М. Бейсенбаева 

24 


Вестник Карагандинского университета 

References 

1  Altynsarin Y. Favorites proizvedeniya, Almaty: Gylym, 1994, p. 76,77. 

2  Kerіmov L.K. «Difficult» children and questionsі, Almaty: Zhazushy, 1991, р. 25. 

3  Koyanbaev Zh.B., Koyanbaev R.M. Pedagogika, Almaty: Atamura, 2000, p. 83, 84. 

4  Kalieva G. Kazakhstan mektebі, 2002, 4, p. 22, 23. 

5  Koyanbaev Zh.B Family education of children and adolescents, Almaty: Rauan, 1990, p. 234. 

6  Ahmetzhanova N. Ulagat, 2001, 1, р. 29. 

7  Otegen K. Kazakhstan mektebі, 2012, 7, p. 59, 60.

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



жүктеу 142,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау