4.Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру. Балабақша немесе мектептің хабарландыру тақтасына күні бұрын психологпен әңгімелесуде балаға қандай тапсырмалар берілетіндігі туралы хабарлар жазылған қағаз ілінеді. Бұл тапсырмалар төмендегідей формада болу мүмкін:
Бала білуі керек:
Үлгіні елестете алу
Ереже бойынша жұмыс істеу
Желілі суреттерді бірізді орналастырып, олар бойынша әңгіме құрастыру;
Сөздердегі жекелеген буындарды ажырату
Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан кейін іске асырылады немесе бала өту жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан аяқталады. Баламен әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төмендеуіне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |