Бакалавриат Высшее педагогическое образование



жүктеу 6,57 Mb.
Pdf просмотр
бет32/175
Дата19.11.2018
өлшемі6,57 Mb.
#21553
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175

87 

 

 



 

 

 

 

 

ПӘНІҢ МАЗМҰНЫ 

 

1 МОДУЛЬ. БАЛАЛАР АҒЗАСЫ ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЖАСЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

1.1    Кіріспе.  Балалардың  және  жасөспірімдердің  өсуі  мен  дамуының 

физиологиялық заңдылықтары  

Жасерекшелік  физиологиясы  мен  мектеп  гигиенасы  пәні  -  педагогикалық  ғылымдар 

жүйесінің  құрамдас  бөлімі.  Жасерекшелік  физиологиясы  мен  мектеп  гигиенасы  пәнін 

оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері.  Жасерекшелік  физиологиясы  мен  мектеп  гигиенасының 

педагогика және психология ғылымдарымен байланысы, оның оқу-тәрбие жұмысы мен еңбек 

тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудағы, оқушылар денсаулығын сақтап нығайту, денелік дамуын 

жетілдіру мен жұмысқабілеттілігін арттыру үшін маңызы.  

Жасерекшелік  физиологиясы  мен  мектеп  гигиенасы  дамуының  негізгі  кезеңдері.  Жас 

ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы ғылымдарының Қазақстанда дамуы. 

Ағза  біртұтас  жүйе  ретінде.    Ағза  мен  қоршаған  орта  бірлестігі.  Ағзаның  өсуі  мен 

дамуы. Ағза қызметтерінің нейрогуморалді реттелуі. Өмір сүру жағдайларының балалар мен 

жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсері. Онтогенездің кезеңдерге бөлінуі, оның сенситивті 

және «қиын»  кезеңдері.  

Дененің  дамуы  -  денсаулық  жағдайы  мен  әлеуметтік  бақуаттылықтың  маңызды 

көрсеткіші.  Оқушылардың  денелік  дамуының  күйі  мен  оны  анықтайтын  әдістер. 

Акселерация, ретардация, ағзаның реактивтілігі мен резистенттілігі туралы ұғымдар.  



 

1.2  Жүйке жүйесінің жасерекшеліктері 

Жүйке  жүйесінің  құрылысы.  Жүйке  жүйесінің  ақпаратты  қабылдаудағы,  өңдеудегі, 

өткізудегі  және  психикалық  қызметтерін  атқару  үшін  ағзаның  реакцияларын 

ұйымдастырудағы  рөлі.  Жүйке  ұлпасы.  Нейронның  құрылысы  мен  қасиеттері.  Жүйке 

талшығының 

қасиеттері. 

Жүйке 

талшықтарының 



миелинденуіне 

байланысты 

жасерекшеліктері.  Синапстар,  орталық  жүйке  жүйесіндегі  (ОЖЖ)  қозуды  өткізу  механизмі. 

Жүйке орталықтары және олардың қасиеттері. 

Рефлекс  және  рефлекторлық  доға.  Рецепторлар.  ОЖЖ-гі  қозу  мен  тежелу  үдерістері 

және  олардың  өзара  байланысы.  Иррадиация,  индукция  және  доминанта.  Балаларда 

иррадиация мен индукцияның өту ерекшеліктері, оларды оқыту және тәрбиелеу барысында 

ескеру.  

Орталық  жүйке  жүйесі  бөлімдерінің  құрылысы  мен  функционалды  маңызы. 

Вегетативті жүйке жүйесі. 

Жүйке жүйесінің гигиенасы. 

 

1.3    Балалар  мен  жасөспірімдердің  өсіп-дамуы  барысындағы  жоғары  жүйке 



қызметі қалыптасуының физиологиялық негіздері  

Ми  қыртысының  құрылымдық  және  функционалдық  ұйымдастырылуы.  И.М.Сеченов 

және И.П.Павлов - жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізін қалаушылар.  

Шартты рефлекстер туралы ілім. Шартты және шартсыз рефлекстердің ерекшеліктері. 

Шартты  рефлекстердің  пайда  болу  механизмі.  Шартты  рефлекторлық  әрекеттің 



88 

 

жасерекшеліктері. Жоғары дәрежелі шартты рефлекстер. 



Шартты  рефлекстердің  тежелуі.  Шартсыз  тежелу  және  олардың  жас  ерекшеліктері. 

Тежелудің  қорғаныстық  сипаты.  Шартты  тежелу.  Шартты  тежелудің  түрлері  және 

балалардағы ерекшеліктері. Шартты тежелудің дамуы - тәрбиенің физиологиялық негізі. 

Бірінші және екінші түйсік жүйелері, олардың өзара байланысының жасерекшеліктері. 

Баланың  дамуы  барысында  сөздің  талдағышты  және  моторлық  механизмінің  тұрақтануы. 

Стереотиптердің сөйлеудің дамуындағы маңызы. 

Жоғары  жүйке  әрекетінің  типтері,  олардың  өзгермелілігі.  Балалардың  жоғары  жүйке 

әрекетінің типологиялық ерекшеліктері. 

Мидың  бірлестікті  қызметі  түрлі  жүйке  орталықтарынын  динамикалық  өзара 

байланысының  нәтижесі  ретінде.  Функционалды  жүйе  туралы  түсінік.  Ағзаның  қимыл 

әрекет  реакцияларының  жүзеге  асырылуындағы  кері  афферентацияның  маңызы.  Жекелей 

даму барысындағы ОЖЖ қызметін жүйелі ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. 

ОЖЖ  бірлестікті  үдерістер  ағзаның  психикалық  қызметінің  негізі  ретінде.  Тәрбиелеу 

мен назар салудың нейрофизиологиялық механизмдері. А.А.Ухтомскийдің доминанта туралы 

ілімі және оның адамның танымдық әрекетін басқарудағы маңызы. Динамикалық стереотип - 

әдеттер мен дағдылардың және  күн тәртібінің физиологиялық негізі. 

Оқыту  мен  еске  сақтаудың  физиологиялық  негіздері.  Есте  сақтаудың  құрылымды 

бөлімдері.  Қысқа  және  ұзақ  мерзімді  еске  сақтау,  олардың  онтогенездің  әртүрлі 

кезеңдеріндегі ерекшеліктері. 

Уәждем,  эмоция  және  іс-әрекеттік  реакциялары.  Олардың  жүзеге  асырылуындағы 

мидың  әртүрлі  бөлімдерінің  рөлі.  Эмоцияның  тәрбиелеу  мен  оқытудағы  рөлі.  Ұйқы  мен 

сергектіктің нейрофизиологиялық негіздері. Ұйқы гигиенасы. 



 

1.4 Талдағыштар жүйесі физиологиясы мен гигиенасының жасерекшеліктері 

Сыртқы  ақпаратты  қабылдауды  ұйымдастыру  жүйесі.  Ағзаның  талдағышты  жүйелері, 

олардың  топтамасы.  Талдағышты  жүйелердің  құрылымы  мен  функционалдық  жетілуі. 

Талдағышты  ынталандырулардың  қарапайым  белгілерін  қабылдау  және  өмір  сүрудің 

алғашқы жылдарындағы сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдаудың күрделенуі. 

        Көру  талдағышы.  Көздің  құрылысы  мен  оптикалық  қасиеті.  Аккомодация  және  оның 

жасқа байланысты өзгерісі. Көру өткірлігі. Алыстан және жақыннан көру. Кеңістікті көрудің 

жасерекшеліктері.  Әртүрлі  жаста  жарықты  және  түсті  сезу.  Балалар  мен  жасөспірімдердің 

көру қабілеті ауытқуларының  алдын алу. Көру гигиенасы. Мектеп ғимаратын жарықтандыру. 

Сынып бөлмесінің жарықтандырылуын гигиеналық бағалау. Көру өткірлігін анықтау. 

        Есту талдағышы. Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттері. Есту талдағышының 

жасерекшеліктері.  Есту  гигиенасы.  Балалар  мен  жасөспірімдердің  ағзасына  катты  шудың 

әсері. Балалардағы есту мүшесі ауытқуларын алдын алу. 

 

Тері, қимыл, иіс сезу,  дәм сезу және тепе-теңдік талдағыштарының маңызы мен жалпы 



құрылымы. Олардың әртүрлі жастағы балалар ағзасындағы  қызметті маңызы. 

 

1.5 Балалар мен жасөспірімдердің эндокринді жүйелерінің жасерекшеліктері 

Ішкі  сөл  бөлу  бездері.  Гормондар.  Гипоталамус-гипофизарлық  жүйе,  оның  ішкі  сөл 

бөлу  бездерінің  қызметін  реттеудегі  маңызы.  Ағзаның  гуморалді  реттелуі  туралы  түсінік. 

Шеткі  эндокриндік  бездердің  құрылысы  мен  қызметі.  Балалық  және  жасөспірімдік 

кезеңдердегі  ішкі сөлу бездері қызметінің ауытқулары. Балалар мен жасөспірімдер арасында 

тараған йодтапшылығы және қант диабеті аурулары, олардың алдын алу. 

Жыныс  бездері,  олардың  ағзаның  дамуы,  өсуі  және  жыныстық  жетілуі  барысындағы 

маңызы.  Екінші  реттік  жыныстық  белгілердің  дамуы.  Физиологиялық  және  әлеуметтік 

жыныстық жетілу түрлері. 

Жыныстық  тәрбиелеу  -  жастарды  отбасылық  өмірге  дайындаудың  ажырамас  бөлімі. 

Медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеудің қағидаттары, түрлері, амалдары мен 

әдістері. Жасанды түсік жасаудың  зияны. Жыныстық тәрбиелеуді педагогтардың, ата-аналар 




жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау