Презентация пәннің атауы: «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



жүктеу 299,45 Kb.
Дата11.05.2023
өлшемі299,45 Kb.
#42512
түріПрезентация
гигиена презентация


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ
ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БББ: 6В01402 – «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау»
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Пәннің атауы: «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»
Орындаған: 1402-21 оқу тобының студенттері:Туймебай С. Асанхан С.
Қабылдаған: магистр,оқытушы Басынбеков Қ.М
Тақырыбы:Дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық механизмдері
Жоспар:
Тақырып:Дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық механизмдері

  • Дене сапаларын жетілдірудің жалпы механиздері.
  • Күш дамуының физиологиялық механизмдері
  • Шапшаңдықты жетілдірудің физиологиялық механизмдері
  • Төзімділіктің дамуының физиологиялық механизмдері
  • Ептілік пен иілгіштік.

1.Физиологияда төмендегідей дене сапалары ерекшелінеді: күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік. Дене сапаларының жетілуі кезінде жұмыстың ПӘК (пайдалы әсер коэффициентінің) артуын сипаттайтын бұлшық ет қызметінің үнемделуі жүреді.
Дене сапаларының жетілуі кезінде ағзаның гомеостаздың өзгерістеріне қарсы тұруы артады.
2.Адамның жасы ұлғайған сайын жүйкелік реттелудің жетілуіне, бұлшық ет химизмінің және құрылысының өзгеруіне I байланысты бұлшық еттердің салмағы мен күші артады.
Адамның жасы жетілген сайын 4-5 жастан 20 жасқа дейін бұлшық ет күші 9-14 есе өседі, ал салмағы 7-8 есе артады.
Күштің өсу кезеңі 14-15 жаста басталып, барынша даму шегіне 18-20 жаста жетеді де, ары қарай адамның шынығуына, байланысты дамиды.
3.Шапшаңдық - адам нақты бір жұмысты белгілі бір уақыт бірлігі ішінде орындап шыға алатын қабілетімен анықталатын дененің қасиеті. Бұл кезде минимальды қысқа уақыт ішінде қимылдар орындалады.
Шапшаңдықтың анықталуының қарапайым және күрделі түрлері.
Карапайым түрі - қимыл реакциясының уақытынан (ҚРУ) - жасырын (латенггі) уақытынан, оқшауланған қимылдар уақытынан (мысалы, секірулер, лақтырулар) және қимылдардың максимальды ырғағынан тұрады. Күрделі түрі спорт түріне қатысты болады. Шапшандықтың жоғары өсімі 9-12 жас аралығында байқалады.Шапшаңдык жоғары деңгейіне 14-15 жаста жетеді.Шынығу кезінде шапшаңдық күш пен төзімділікке қарағанда баяу дамиды.Қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу шапшандығы - секундына 30 ырғақтан тұрады.
4.Төзімділік - ағзаның ұзақ уақыт бойы жұмыстың тиімділігін төмендетпей орындай алу қабілеті.Төзімділік адамның шаршауды жеңу қабілетін көрсетеді.
Төзімділіктің төмендегідей: жас ерекшелігі бойынша жыныстық жеке түрлері бар.
Төзімділік: жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы төзімділік ағзаның үйреншікті емес жұмысты ұзақ уакыт бойы орындай алу қабілетін көрсетеді. Бұл кезде бұлшық еттердің көп мөлшері қатысады.
Арнайы төзімділік белгілі бір, тиянақты қызметті ұзақ уақыт орындай алу қабілетімен сипатталады
Төзімділіктін физиологиялық механизмдеріне:
  • жүйкелі және гуморалді реттелу механизмдері;
  • аэробты және анаэробты жүйкелер мүмкіндігі;
  • гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер қуатының мүмкіндігі жатады;

  • Жалпы төзімділік жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге оттегінің жеткізілуіне байланысты және негізінен оттегіні тасымалдау жүйесінің - жүрек-тамыр, тыныс алу және қан жүйелерінің қызметімен анықталады.
    Төзімділіктің дамуы негізінен қимыл бағдарының және вегетативті қызметтердің жетілуімен байланысты, әртүрлі жүйелердің гомеостазындағы ығысулардың пайда болуына әкеп соғады.
    Төзімділіктің жоғары өсімі 7-10 жаста байқалады. Содан кейін, бірте-бірте өсіп, 20-30 жасында максимумына жетіп, 40 жастан кейін төмендейді.

5.Ептілік адамның жеке тіршілігі барысында, сонымен бірге спорттық шынығуда жаксы дамиды. Илгіштік, керісінше маңызды генетикалық бақылауда болады, сондай-ақ, тиянақты сұрыптауды және онтогенездегі ертерек жстілуді талап етеді. Ептілік қимылдық міндеттерге сай үйлесімді козғалыстарды тез, әрі дәл орындау кабілетімен сипатталады.
Ептіліктің бірнеше ерекшеліктері бар: жаңа қимыл актілерін және қимыл дағдыларын қалыптастыру қабілеті;
жағдай өзгергендс бір қимылдан екіншісіне жеңіл өтеді; күрдслі бағдарлы қимылдардың орындалуымен сипатталады.
Ептіліктің белгілері - бағдарлы күрделілік, қимылдар нақтылығы және олардың тез орындалуы. Ептілікті дамыту үшін тыныту барысында бір қимылды әртүрлі жағдайларда орындалуын, қимыл нәтижесі туралы жедел қосымша ақпарат алуды, уақыт тапшылығы жағдайында тез шешім кабылдау дағдысын қалыптастыру кажет.
Иілгіштік дегеніміз буындардағы қимылдар дәрежесімен, буын үстінің ерекшеліктерімен, бұлшық еттердің серпімділігімен және сіңір-қоспа аппараты күйімен анықталатын дене сапасы. Дененің бұл қасиеті гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларда, диск лақтыруда спорттық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Ол қимыл аппаратын басқара алу қабілетіне және оның морфофункциональді ерекшеліктеріне (бұлшық ет тұтқырлығына, сіңір аппараттарынын созылмалылығына, омыртқа аралық байланыстардың күйіне) байланысты. Иілгіштік бұлшық еттерді қыздырғанда жоғарылайды, суықта төмендейді. Ұйқылы күйде және шаршағанда төмендейді. Иілгіштіктің ең аз көрсеткіші таңертең байқалады, ең жоғарғы деңгейіне күндіз (12-17 сағ.) жетеді. Иілгіштіктің жақсаруы сөре алдыңғы қозу кезінде ЖСЖ артқан кезде, бұлшық еттер арқылы жүретін қан ағымы күшейгенде, бой қыздыру кезінде жақсарады.
Белсенді және енжар иілгіштік бар. Белсенді иілгіштік ерікті қимылдар кезінде буындарда, ал енжер иілгіштік сыртқы күштің әсерінен бұлшық еттердің созылуы кезінде байқалады. Енжар иілгіштік белсендіден көптеу болады. Иілгіштік қасиеті әйелдерде ерлерге карағанда басым болады. Егде жастаға кісілерді ең алдымен омыртқалар иілгіштігі төмендейді, бірақ, саусақ иілгіштігі ұзақ уақыт бойы сақталады.
Күштің, шапшаңдықтың, төзімділіктің дамуы ептілікті ұлғайтады.
Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану барлық дене сапаларының дамуына әкеп соғады. Бұл физиологиялық механизмдердің жалпылылығымен түсінділеді. Шынығу бастапқы кезінде дененің бір сапасының дамуы басқаларының жетілуімен сәйкес жүреді.
Бұл құбылыс - қимыл сапаларының оң көшірілуі деп аталады.
Төзімділіктің жетілуі ағзаға біршама жетілдіре әсер етеді. Нақты бір қимыл сапасының дамуымен қатар басқалары нашарлайды. Бұл қимыл сапаларының теріс көшірілуі деп аталады. Бұл белгілі бір сапаны камтамасыз ететін морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық ығысулардың дамуы арқылы жүреді.
Кимыл сапаларының айқын байқалуы бір тәулік ішінде 15-30%-ға өзгеріп отырады. Мысалы, МЕК (максимальды ерікті күш) кешке қарағанда таңертең төмен. Шынығуды тоқтатқаннан кейін ең алдымен шапшаңдық, кейіннен - күш, соңынан төзімділік төмендейді.
Қортынды
Пайдалынылған әдебиет тізімі:
  • Смирнов В.Д., Дубровский В.Н. Физиология физического воспитания и спорта. - М.: Владос пресс, 2002. - 258с.
  • Смаил Н.Н. Спорт физиологиясы. – Талдықорған, 2007.

жүктеу 299,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау