381
Волейболды 5-7 сыныптарда оқыту әдістемесі
5-7 сынып оқушылары дамуындағы психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер.
Волейболдағы қозғалыс тәсілдерінің жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ойын
техникасының негізгі тәсілдерін меңгеру: орын ауыстыру, тоқтау, бұрылу, қағып алу, допты
алып беру, лақтыру, допты алып жүру. Оларды үйрену оларды орындаудың негізгі тәсілдерін
меңгеру негізінде жүргізіледі. Үйренген тәсілдерді бір-бірімен сабақтастыра отырып және
орын ауыстыру арқылы қабілеттерін тәрбиелеу (жүгіру, кезектесіп адымдау, секіру және т.
б.). Тактикалық даярлық негіздері. Теориялық даярлық. Жарыс даярлығы. 5-7 сынып
оқушыларын оқыту қағидаттары, құралдары мен әдістері.
Волейболды 8-9 сыныптарда оқыту әдістемесі
8-9 сыныптарда оқитын оқушыларды дамытудың психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктері. Шабуылдау мен қорғанудағы техникалық даярлық. Ойын тәсілдеріне үйрету
технологиясы.Тактикалық даярлық негіздері. Теориялық даярлық. Бірлестікті даярлық. 8-9
сыныптарда оқитын оқушыларды оқытудың қағидаттары, құралдары мен әдістері.
Волейболды 10-12 сыныптарда оқыту әдістемесі
10-12 сыныптарда оқитын оқушыларды дамытудың психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктері. Техникалық даярлық. Тактикалық даярлық. Волейболдың ойын тәсілдеріне
үйрету. Теориялық даярлық. Оқыту нәтижелерінің тұтас ойын қызметі мен бірлестігі. Жарыс
даярлығы. 10-12 сыныптарда оқитын оқушыларды оқытудың қағидаттары, құралдары мен
әдістері.
Волейбол сабақтарында оқушылардың техникалық-тактикалық даярлығы деңгейін
бағалау әдістері мен құралдары. Техникалық-тактикалық даярлықты бақылау.
3 МОДУЛЬ. ВОЛЕЙБОЛ САБАҚТАРЫНДА ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН
ТӘРБИЕЛЕУ
3.1 Дене даярлығы техникалық-тактикалық даярлықтың базасы. Волейболдағы дене
даярлығына және дене сапаларын дамытуға қойылатын талаптар. Дене даярлығы. Күштің,
шапшаңдықтың, төзімділіктің, икемділіктің, ептіліктің үйлестірілу қабілеттері мен
секірмеліліктің дамуы. Бастауыш, орта және жоғары мектеп жасындағы оқушылардың жас
ерекшеліктерін есепке алу.
Түрлі жас тобындағылармен жалпы және арнайы дене даярлығының құралдары мен
әдістері: балалармен, қыздармен, жастармен (жаңадан келгендермен және біліктілермен).
Волейболмен шұғылданушылардың дене қасиеттері және техникалық-тактикалық
мүмкіндіктерінің өзара байланысы.
Жалпы дене даярлығы бойынша спорттың өзге түрлерін пайдалану арқылы сабақтар
жүргізуді ұйымдастыру және оның әдістемесі: жеңіл атлетика, гимнастика, ауыр атлетика
және т. б.
4 МОДУЛЬ. МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ- БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС
4.1 Мектепте волейболдан сабақ жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі.
Мектептегі волейболдан сабақ жүргізу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және
мазмұны. ҚР ДШжС бойынша мемлекеттік бағдарлама, оқытудың барлық кезеңіне арналған
жүктемелерді бөлудің кесте-жоспары, тақырыптық жоспар, сабақ жұмысының жоспары,
сабақтардың жоспар-конспектісі, сабақтарды жүргізу түрлері мен жолдары.
4.2 Мектепте сабақтан тыс уақытта волейболдан жаттықтыру үдерісін ұйымдастыру.
Жылдық макроцикл бойынша жаттықтыру үдерісін кезеңдерге бөлу. Жаттықтыру
үдерісінің жеке кезеңдерінің міндеті мен мазмұны, оқушыларды даярлау үдерісінің
педагогикалық және психологиялық тұрғыдан есепке алу және тиімділігін бақылау. Мектеп
командаларына арналған жарыстар жүйесі. Жарыс түрлері. Жарыстарға қатысу мақсаты мен
міндеттері.
Мектеп құрама командасының волейбол бойынша жаттығу ерекшеліктері. Құрама
382
командалармен жұмысты жоспарлау. Жоспарлау құжаттары. Жаттығу сабақтарын жүргізу
әдістемесінің ерекшеліктері.
4.3 Спорттық дәрежелерге қойылатын талаптар. Дәрежелік талаптар мен бақылау
нормативтерінің ғылыми-әдістемелік негіздемесі. Спорттық разрядтар мен атақтар беру үшін
волейболшылардың техникалық-тактикалық даярлығы бойынша разрядтық талаптар мен
нормативтер.
4.4 Жаттықтырушылар мен оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.
Волейболшыларды жаттықтырудың тиімді техникасын, тактикасы мен әдістемесін анықтау
үшін жекелеген зерттеу әдістерін пайдалану.
4.5 Жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу.
Жаттығу жиындарының міндеттері мен түрлері. Жетекшілер мен жаттықтырушылар
құрамының жиынды ұйымдастыруды даярлауы.
Жаттығу жиынының жалпы күнтізбелік жоспары. Жиынға қатысушылардың кестесі
мен тәртібі. Апталық тәртіп бойынша жаттығу сабақтарының саны.
Жиындағы оқу-жаттығу жұмыстарын жоспарлау құжаттамасы. Жаттығу жиынына
қатысушылармен сабақ өткізу ерекшеліктері. Бақылау ойындары мен жарыстары. Жаттығу
кезіндегі мәдени-тәрбиелік жұмыс. Жиын қорытындыларын шығару.
Жарыс алдында жиын өткізу ерекшеліктері.
Волейбол бойынша мектепте спорттық олимпиадалар өткізу. Сыныптар, мектепаралық
жарыстар.
4.6
Спорттық жарыстардың маңызы мен жоспарлануы. Жарыстар туралы
бағдарламалар: мақсат, міндеттер, өткізу орны мен уақыты, қатысушылар мен қатысқандар.
Қатысушы командалар арасында жеңімпаздарды және одан кейінгі орын алушыларды
анықтау, ұйымдастыру, марапаттау.
4.7 Жарыстарды өткізу түрлері мен тәсілдері: дөңгелене, шығару арқылы, араластық.
Ұпайларды есептеу және жарыс нәтижелерін ресімдеу жүйесі: техникалық есеп (хаттама),
нәтижелер кестесі, Бас төреші мен Бас хатшының қорытындылар шығаруы және өткізілген
жарыстар туралы есебі. Жарыс орнын даярлау, төрешілер арасындағы міндеттерді бөлісу,
жекелеген жарыстар өткізу бойынша төрешілер бригадасын жұмыспен қамтамасыз ету.
4.8 Жарыс барысында командаға жетекшілік жасау. Жарыс үдерісіндегі басшылықтың
маңызы. Алдағы жарыстарға даярлану. Болашақ бәсекелестің командасын бақылау. Болашақ
бәсекелеспен болатын ойынның жоспарын құру. Жарыс алдында жаттығулар өткізу (ойын
залын алдын-ала тексерістен өткізу). Команданың ойын жоспарын талқылау және жарыс
алдында ойыншыларға қойылатын талаптарды белгілеу.
Шартты дабылнаманың көмегі арқылы командаға жетекшілік жасау, үзілістер мен
ауыстыруды пайдалану. Жарыс барысында ойын әрекеттерін тіркеу және бейнежазбаға түсіру
және алынған мәліметтерді талдау.
Өткізілген кездесуді және бүкіл жарысты талдау. Талдау жолдары мен тәртібі. Талдау
мазмұнын және ойын әрекетінің жазбасын пайдалану. Жаттықтырушы-мұғалімнің
қорытынды пікірі.
5 МОДУЛЬ. ВОЛЕЙБОЛ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАМА
5.1 МББС сәйкес оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу және құрастыру: оқу
жұмысының жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ жоспар-
конспектісі. Қойылған міндеттерге, ауа райының жағдайларына, оқу-материалдық базасының
жабдықталуына сәйкес волейболдың оқу бағдарламасында жоспарлануы (жас ерекшеліктері
бойынша). Сабақты жоспарлаудың құрылымы: сабақтың нақты есептік міндеттері, волейбол
ойыны білімдерінің, дағдыларының, біліктіліктерінің және қозғалыс сапаларының, топта
өзбетінше шұғылдану біліктілігінің негізі бойынша сәйкес материал, білім, білік және
дағдылардың міндетті аз мөлшерін меңгеру деңгейлерінің критериилері.
5.2 Волейбол сабақтары барысында оқу үдерісін жүргізудің педагогикалық,
психологиялық және физиологиялық жағдайларын жоспарлау барысындағы есеп.