Тапсырма 6. "Чарков" картасы бойынша (1 : 50 000):
а) Горняк кентінің ауданын;
б) Чарков қаласының ауданын есептеп шығарыңыз.
Тапсырма 7. Егер тӛмендегілер белгілі болса, картаның сандық масштабын анықтаңыз:
а) картадағы 1 см2 100 га-ға сәйкес келеді; б) картадағы 1 мм2 64 га-ға сәйкес келеді.
ТӘЖІРБИЕЛІК ЖҰМЫС № 4
Географиялық координаталар жүйесі.
Географиялық координаталар жҥйесі барлық географиялық ғылымдар кешенінде қабылданған, теңіз және әуе навигацияларында да қолданылады. Жер бетіндегі кез-келген нҥктесінің орналасуын географиялық координаталар (бойлықтар мен ендіктер) арқылы анықтайды. Бҧл параллель мен меридианның қиылысу нҥктесі. Меридиандар мен параллельдер сызықтары Жердің градустық торын қҧрайды, ал олардың картадағы бейнелерін картографиялық тор деп атайды.
Параллель - Жер эллипсоидының айналу осіне перпендикуляр жазықтығымен қиылысу сызығы (экваторға салыстырмалы тҥрде параллель етіп жҥргізілген сызық).
Меридиан – Жер эллипсоидының берілген нҥктеден ӛтетін жазықтықпен қиып ӛту сызығы және Жердің тәуліктік айналу ӛсі. (бір полюстен екінші полюске салыстырмалы тҥрде жҥргізілген ең қысқа сызығы).
ТМД елдерін бастапқы меридиан ретінде Гринвич меридианы қабылданған. Ол Гринвичте (Лондон қаласының сыртында) орналасқан астрономиялық обсерваториядан ӛтеді, бойлық ҧзындығы 00-қа тең. Гринвич меридианынан шығысқа қарай орналасқан нҥктелер бойлықтар шығыстық, батысқа қарай орналасқан нҥктелер бойлықтары батыстық деп аталады. меридиандар . Нҥктелер бойлықтарының шамалары 0 до 1800 болуы мҥмкін.
Экватор ендігі 00. Солтҥстік жарты шарда орналасқан нҥктелер ендігі солтҥстіктік деп, ал оңтҥстік жарты шарда орналасқан нҥктелер ендігі оңтҥстіктік деп аталады. Ендік шамасы 0-ден 900-қа дейін болуы мҥмкін.
Географиялық координаталар
параллель меридиан
ендік бойлық
солтҥстік оңтҥстік батыс шығыс
(0-900с.ж.ш.) (0-900о.ж.ш.) (0-1800б.б.) (0-900 ш.б.)
Глобус - жер шарының кішірейтілген моделі. Глобус Жер формасы туралы, оның ӛлшемдері және жер бӛліктерінің (материктер, мҧхиттар т. б.) ӛзара орналасуы туралы дҧрыс және кӛрнекі мәлімет береді, сондай-ақ жер шары элементтерінің – айналу ӛсі, полюстері, географиялық торларының дәл орналасуы мен бейнесін кӛрсетеді. Жер радиусы 6371,1 км-ге тең деп қабылданған. Экватор ҧзындығы – жуықтап алғанда 40 000 км. Тәжірбие жҥзінде қолданылатын глобустар масштабтары 1 : 80 000 000-нан 1 : 30 000 000-ға дейін болады. Глобус масштабын глобус экваторының ҧзындығын Жер экваторының ҧзындығына қатынасы арқылы анықтауға болады. Глобустың ҥлкен шеңбері доғасында берілген пункттер арасындағы ең кіші арақашықтық –ортодромия деп аталады. Сҧрақтарға жауап беріңіз:
Глобустың географиялық торының торлары қандай формаға ие?
Жер шарының қандай объектілері экваторды қиып ӛтеді?
Тропиктер мен полярлық шеңберлер қандай ендіктен ӛтеді, оларды неге бӛліп қарастырады?
Жер шарының қандай нҥктелері бір координатамен анықталады?
Мектеп глобусының масштабы қандай?
Глобустан экваторды, солтҥстік және оңтҥстік полюсті, гринвич меридианын, батыс, шығыс, солтҥстік және оңтҥстік жарты шарларды кӛрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |