Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет30/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
    Навигация по данной странице:
  • Сенім

60 

 

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. 



Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет 

өткізіледі.  Жиналысты  дұрыс  ұйымдастырып  өткізуге  ата–аналар  комитеті  мен  ата-аналар-

белсенділері  және  мектеп  басшылары  сынып  жетекшілерімен  бірдей  жауап  береді.  Ата-

аналар  жиналыстарында  оқу-тәрбие  жұмысы  қаралады,  оның  сапасын  жақсартудың  негізгі 

жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда 

сынып  жетекшілері  ата-аналарды  сынып  ұжымының  оқу-тәрбие  жоспарымен,  ал  мектеп 

басшылары оқушылар және ата- аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.  

Педагогикалық білімдер университеті – ата  - аналарға педагогикалық, психологиялық 

білім  берудің  формасы.  Ол  ата-аналардың  педагогикалық  мәдениет  негіздерімен,  жас 

ерекшеліктеріне байланысты тәрбие мәселелерімен танысуға, мектеп, қоғамдық орындармен 

байланыс  орнатуға,  тәрбие  жұмысында  бірлесе  әрекет  етуге  үйретеді.  Университет 

бағдарламасын  педагог  құрастырады.  Университеттегі  сабақты  ұйымдастыру  формасы 

әртүрлі баяндама, әңгіме, конференция т.б. 

Баяндама – тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізін анықтауға арналған педагогикалық, 

технологиялық  білім  беру  формасы.  Баяндамадағы  басты  мақсат  –  тәрбие  құбылыстарына, 

жағдаяттарға ғылыми талдау. 

Практикум  – балаларды тәрбиелеу, педагогикалық жағдаятты тиімді  шешу бойынша 

ата-аналарда    педагогикалық  біліктердің  қалыптасу  формасы,  ата  –  ана  тәрбиешінің 

педагогикалық ойлауын жаттықтыру. Педагогикалық практикум барысында мұғалім қандай 

да болмасын жағдаяттағы өзінің ұстанған бағытын түсіндіреді. 

Ашық сабақтар. Ата - аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен 

таныстыру  үшін  ұйымдастырылады.  Ата  -    аналарға  тоқсанына  1-2  рет  ашық  сабақтарға 

қатысуға мүмкіндік берілуі керек. Бұл ата -  аналардың бүгінгі мектептегі оқу  іс –әрекетінің 

бүкіл  қиындықтарын  және  өзіндік  ерекшеліктерін  білмеуінен  туындайтын  қарама      - 

қайшылықтан құтылуға мүмкіндік береді.  

Ашық  есік  күндері  немесе  ата  –  аналар  күні  үлкен  дайындықты  талап  етеді.  Әдетте 

оны  тоқсанның  басында,  немесе  каникул  күндерінде  өткізген  тиімді.  Бұл  күнге  мектеп 

арнайы  тақырыпқа  сай  безендіріледі,  кезекшілік  ұйымдастырылып,  мерекелік  бағдарлама 

түзеледі.  Мәжіліс  залында    1  -    11  сынып  оқушыларының  концерті  ұйымдастырылады. 

Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата  -аналарға тарту етеді. 

Педагогикалық пікірталас педагогикалық мәдениетті көтерудің ең қызықты формасы. 

Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға, барлығының қатысуына 

мүмкіндік  береді.  Пікірталастың  табыстылығы  оның  әзірлік  деңгейіне  байланысты. 

Пікірталастың  маңызды  бөлімі  –  талқы.  Пікірталастың  негізгі  принципі  кез  келген 

пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. 

Ата  -    аналармен  өткізілетін  конференциялар.  Белгілі  бір  тақырыпқа  орай  ата  -  

аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен   өткізіледі. 

Тақырыбы  «Балаларды  еңбекке  тәрбиелеу»,  «Жақсылыққа  апарар  ең  төте  жол    - 

имандылық арқылы» т.б. 

Педагогикалық консультация – дербес жұмыстың кең тараған түрі. Консультацияның 

негізі  - ата аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық – психологиялық тұрғыдан 

алып  қарағанда  консультация  ата  –  ананың  бастамасына  мұғалімнің  қалауы,          отбасына 

көмек  көрсетуге  дайын  болу,  ата-аналарды  мазалаған  сұрақтарға  нақты  ақыл  кеңес 

сипатында болуы тиіс. 

Рөлдік  ойындар  –  қатысушылардың  педагогикалық  біліктерінің  қалыптасу  деңгейін 

зерделеу бойынша ұжымдық шығармашылықты іс -  әрекет формасы. 

Рөлдік ойындарға мынадай тақырыптарды келтіруге болады: «Бала мектептен келді», 

«Отбасылық кеңес» және т.б. 

Отбасыларына  бару  –  сынып  жетекшісінің    ата  -    анамен  жеке  жұмыс  жүргізуінің 

тиімді  формасы.  Отбасына  барғанда  сынып  жетекшісі  оқушының  өмір  сүру  жағдайымен 

танысады.Ата    -  аналармен  баланың  мінезі,  қызығушылығы,  бейімділігі,  ата  –  анаға  және 



61 

 

мектепке деген қарым   - қатынасы жөнінде әңгімелеседі, оларды балаларының жетістіктері 



жөнінде хабардар етеді, үй тапсырмасын орындауды ұйымдастыру бойынша кеңестер береді 

және т.б. 

Ата  -  аналармен  хат  алмасу  –  ата  -    аналарға    олардың  балаларының    жетістіктері 

туралы  жазбаша  ақпарат  беру  формасы.  Бұл  жағдайда  ата  -    аналарды  алда  бірігіп 

атқарылатын іс – әрекеттерге тартуға, мерекелерімен құттықтауға және оларға бала тәрбиесі 

бойынша ақыл  -  кеңестер беруге болады. Мұндай хат алысудың басты шарты  - көңілді де 

жақсы қарым -  қатынас жасау.  

Сынып  жетекшісінің  ата  -  аналармен  жұмысы  оларды  оқу  -  тәрбие  үрдісіне  тарту. 

Олар    әртүрлі  үйірмелерді,  спорттық  секцияларды  ұйымдастыру,  клубтардың 

жиналыстарына қатысу. 

Ата-аналар  мектепке  әлеуметтік  тапсырыс  берушілер,  сондықтан  олар  өзін    -  өзі 

басқару  органдарын  құра  алады  және  мектептің  кейбір  мәселелерін  өз  беттерінше  шеше 

алады. Олар мектептік ата - аналар жиналысы, конференциялар, ата - аналар  комитеті және 

оның комиссиясы, секциялар және де басқа да жұмысшы органдар болуы мүмкін. Сонымен 

бірге ата - аналар мектеп кеңесінің толық құқылы мүшесі бола алады. Сынып жетекшісінің 

барынша  белсенді  ата  -  аналардан  құрылған  топпен  жұмыс  жүргізу  формаларының  бірі  – 

сыныптық ата - аналар комитеті. Ата  - аналар комитеті мектептің ата  - аналар комитетінің 

ережесі  негізінде  жұмыс  істейді.  Ол  сынып  жетекшісінің  жетекшілігімен  педагогикалық 

білім  беру,  ата  -  аналармен  тығыз  байланыс  жасау,  сынып  балаларына  тәрбиелік  көмек 

көрсету  бойынша  біріккен  жұмыстар  жүргізеді,  мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығы 

негізінде атқарылған жұмыстарды талдап, бағалап және қорытындылайды.  

Белсенді  ата-аналар,  сынып  жетекшісінің  көмекшілері  ата  -  аналар  кеңесіне  кіреді. 

Бұл тәрбиелеу мәселелерін шешу үшін мектеп пен отбасының күшін біріктіретін барлық ата - 

аналармен жүргізілетін жұмыстарды үйлестіретін штаб. 



 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1.   Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі қандай? 

2.  Отбасымен байланыс орнатудың психологиялық – педагогикалық  

ерекшеліктерін сипаттаңыздар? 

3.  Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері 

не? 

 

Дәріс №13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары 

Жоспары: 

1.   Балалар бірлестігі –  тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты 

2.   Балалардың қоғамдық бірлестігінің типтері 

3.    Мектептің  тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы  

Мақсаты: Балалардың қоғамдық бірлестігінің пайда болуы, оның түрлері,  бағыттары 

мен  басты мақсаттарын ұғындыру. 

Глоссарий:  



Сенім – адамның ерік – жігерін, оның бір – біріне қарым –қатынасының қандай екенін 

дәлелдейтін ұғым.  



Балалардың  қоғамдық  бірлестігігі    -  ең  алдымен  ұйымдастырушы,  өзін  –  өзі  

басқарушы,  балалардың  сұранысын,  қажеттілігін,  мұқтаждарын  бейнелейтін  белгілі  бір 

мақсатқа  жету  үшін  қатысушылардың  көтерген  бастамалары  мен  қалаулары  бойынша 

құрылған қауымдастық. 

 

Әдебиеттер: 



1. Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004. 

2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Оқу құралы. –Алматы, 2000.      

3. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Москва, 2008.     



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау