Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет28/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

56 

 

                                                                                                                                                                              



1 – кесте 

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделі. 

 

Сатылар 

Негізгі бағдары 

I саты:  

Жалпы  орта 

білім беру  

1-4 сыныптар  

Оқытуды  

бастау  жасы  - 

6 жастан  

Оқытудың 

ұзақтығы  -  4 

жыл 

Оқушының  өзін-өзі  таныту  мүмкіндігі  мен  қоршаған  ортасының 



шынайлылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын 

және  білігін  қалыптастыру,  яғни  оқытудың  келесі  сатыларына  қажетті 

танымдық  қызығушылықтарын  арттыру,  кіші  жастағы  оқушыларда 

біртұтас  оқу  әрекетін  қалыптастыруға  ықпал  ету.    Баланың  тұлғалық 

қалыптасуын,  оның  қабілеттерінің  тұтастай  дамуын  қамтамасыз  ету. 

Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, 

санау,  шығармашылықпен  ойлау  элементтерінің,  жеке  гигиенасы  мен 

денсаулығын  сақтау  негіздерінің  болуына  ықпал  ететін  оқу  әрекетін 

ұйымдастыру. 

II саты: 

Жалпы  орта 

білім беру  

5-10 

сыныптар 



Оқыту 

ұзақтығы  -  6 

жыл 

Негізгі  жалпы  білім  алуға  жағдай  жасау,  адамдар  арасындағы  және 



этносаралық  қатынастар  мәдениетін,  тұлғаның  біртұтас  көзқарасын, 

өзін-өзі  анықтауын  қалыптастыру,  тұлғаның  өзін-өзі  ұйымдастыру 

тетіктерін,  кәсіби  және  танымдық  ой-пікірінің  туындауына,  теориялық 

ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу 

әрекетін ұйымдастыру.  Негізгі мектеп оқытуды бейінді мектепте немесе 

кәсіптік  бастауыш  және  орта  білім  беру  ұйымдарында  жалғастырудың 

базасы болып табылады.  Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі 

үшінші    сатыдағы  бейіндік  оқытуға  саналы  таңдау  жасауға  бағдар 

көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.  

III саты: 

Жалпы  орта 

білім беру 

11-12 

сыныптар 



Оқыту 

ұзақтығы  –  2 

жыл 

Жалпы  орта  білім  берудің  соңғы  кезеңі  болып  табылатын,  оқытудың 



саралануы  мен  даралануына,  оқушылардың  білімін  жалғастыруға 

қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, 

қызығушылық  ниетімен  сәйкес  әлеуметтендіруге  бағдарланған  бейіндік 

оқытуды іске асыруға жағдай жасау. 

Бейіндік 

(профильдік) 

оқыту 

жаратылыстану-математикалық, 



әлеуметтік-гуманитарлық  және  технологиялық  бағыттар  бойынша 

жүзеге асырылады.  

Бейіндеу  нысандары  мектептің  педагогикалық  әлеуетін,  білімдік 

инфрақұрылымының  мүмкіндігін,  облыстың,  қаланың,  ауданның 

сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.  Бейіндік оқытуды іске асыру 

жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды 

балаларға  арналған  мамандандырылған  мектептерде,  мүмкіндіктері 

шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан  қоғамының  қазіргі  геосаяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайы, 



әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігуі  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім  жүйесін 

жаңғыртуды,  атап  айтканда,  орта  білім  мазмұны  мен  құрылымын,  мақсаттарын  қайта 

қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. 

Қазіргі  кезеңде  12  жылдық  мектепке  есептелген  белгілі  бір  халықаралық  білім  беру 

стандарты қалыптасты. 

    Қазақстанның  12  жылдық  білім  беруге  көшуі  білім  берудің  жаңа  ұлттық  моделін 

жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.  

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы 

орта  білім  беру  жүйесінің  мақсаты,  міндеттері,  ұйымдастыру  ұстанымдары  мен  бағыттары 

бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. 




57 

 

Бұл  Тұжырымдама  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына;  «Казақстан 



Республикасың  2020  жылға  дейін  дамытудың  стратегиялық  жоспарына»;  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  2020  жылға  дейін  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасына; 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Казакстан  экономикалық, 

әлеуметтік,  саяси  жаңғырудың  қаркынды  жолында»  атты  жолдауына,  Болоньдегі  Еуропа 

елдері  білім  министрлерінің  кеңесіне,  ЮНЕСКО-ның  үздіксіз  білім  беру  туралы 

ұсыныстарына  сәйкес  әзірленді.  Жоғары  динамикалы,  жаһандану  дәуірінде  өмір  сүру 

үрдісін,  ойлау  мен  қарым-қатынасты  түбегейлі  өзгертетін  байланыс  құралының  қарқынды 

дамуы,  сондай-ақ  адамның  интеллектісіне,  әлаукаттылығына,  оның  икемділігіне, 

жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі  капиталы бола бастады. 

Қазақстан  қоғамындағы  мұндай  жағдайда  өзекті  мәселелердің  бірі  —  өзгермелі  әлеуметтік 

және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге 

белсенді  қатынасын  байқатып,  оны  жақсартуға  ықпал  ете  алатын,  бәсекеге  қабілетті  жеке 

тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Осыған  байланысты  жеке  тұлғаға  қойылатын 

мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады:  креативтілік,  белсенділік,  әлеуметтілік 

жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке 

қызығушылығының  басымдығы.  Мектеп  бітірушінің  әлеуметтік  және  қоғамдық  өмірдегі 

тұрақты  өзгерістерді  ескере  отырып,  қоғам  өміріне  еркін  енуіне  дайындығын  камтамасыз 

ететін  жалпы  орта  білімді  дамытудың  қарқынын  арттыру  кажеттілігін  әлемдік  тәжірибе 

көрсетіп отыр. 

 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1.  Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты неде? 

2.  Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктерін атаңыздар. 

3.  12 жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері қандай? 

 

 

Дәріс №12 Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы 



Жоспары: 

1.  Отбасы – сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы 

2.  Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара әрекеттестігі  

3.  Оқушылардың ата -  аналарымен ынтымақтастықта болу формалары 

Мақсаты:  Отбасы  туралы  түсініктерін  кеңейте  отырып,  отбасымен  байланыс 

орнатудың формалары мен әдіс – тәсілдерін меңгерту. 

 

Глоссарий:  



Отбасындағы тәрбие – қажетті нәтижеге жету мақсатындағы ата – аналар және отбасының 

басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуінің  жалпы аталуы.  



Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.  

Өзін-өзі  тәрбиелеу  -  саналы  түрде  қойылған  мақсатқа  сәйкес  адамның  тұлға  ретінде 

қалыптасуы.  



Тәртіптілік  –  адамдардың  қоғамдық  ортада  белгілі  бір  тәртіп  жүйесін  сақтауын  және 

олардың  игеруге  міндетті  нормаларды  (құқықтық,  моральдық,  саяси–этностық)  берік 

сақтауын талап ететін жүйе. 

Ата–аналар жиналысы – класс жетекшісінің ата–аналармен жұмысының негізгі формасы. 

 

Әдебиеттер: 



1.  Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. -Алматы: Дарын, 2004. 

2.  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы.  – Алматы, 2004. 

3.  Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. – Астана, 2011. 

4.  Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы. .- Алматы, 2015. 

5.  Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва,2008.  



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау