Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет3/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

 

Алтыншыдан,  тәрбиенің  қоғамдық  құбылыс  ретінде  тағы  бір  қыры  -  ол  жалпы  адам 



баласына  тән  қасиеттерді  қалыптастыру.  Ұлттық  тәрбие  арқылы  балаға  жалпы  адам 

баласына ортақ жақсы қасиеттерді дарыту. Қиянат жасамау, өтірік айтпау, адам болу, арды 

сақтау,  кішіпейілділік,  әдептілік,  еңбекшілдік,  үлкенді  сыйлау,  сәбиді  және  әйел  баласын 

құрметтеу,  ата-анаға  деген  мейірім,  т.б.  сияқты  қасиеттерді  жас  ұрпаққа  үйретіп 

қалыптастыру.  Тәрбие    ежелгі  дәуірден  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық 

теориялардың  негізгі  арқауы  болған.  Ежелгі  ойшылдар  Сократ,  Платон  тәрбиелеудің  мәні, 

қоғамдық құрылымы мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдарға 

анықтама берген ғұламалар. Сократтың пікірінше, тәрбие өзін -  өзі тану, мінез – құлықтарды 

жетілдіру.  Платон  тәрбиені  ақыл  –  ойын,  еркін  және  сезімін  дамыту,  балалар  ата  –анасы 

алдында ешбір міндетсіз, еркін, ал ата – ана оларға білім мен тәрбие беруге міндетті. «Ұлды 

тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» 

деп тұжырымдаған.  

Тәрбие  қоғамдық  құбылыс  ретінде  өте  күрделі,  әрі  қарама-қайшылықты  тарихи  - 

әлеуметтік  процесс.  Ол  жас  ұрпақтың  қоғам  өміріне  қосылуына,  тұрмыс-тіршілікке, 

қоғамдық  өндірісті  қызметке,  процеске  араласуына,  шығармашылық  пен  рухани  мәдени 

игіліктерді игеруіне, адамдық болмыстың негізін игеріп, жеке  тұлға ретінде дамып, азамат 

ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады.  

Тәрбие  ұғымына  бірнеше  анықтама  берілген:  Н.И.Болдыревтің  «Мектептегі  тәрбие 

жұмысының әдістемесі» оқулығында «Тәрбие – тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір 

мақсатқа бағытталған және өзара байланысты іс – әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым – 

қатынасы, жеке адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы» делінген.  

Қысқа  педагогикалық  сөздікте  «Тәрбие  –  жас  ұрпаққа  қоғамдық–тарихи  тәжірибені 

диалектикалық–материалдық  көзқарасты,  жоғарғы  моралды,  терең  идеяны,  қоғамдық 

белсенділікті,  шығармашылық  қатынасты,  жоғары  еңбек  мәдениетін  және  тәртіпті  жеткізу 

жолдары» деп көрсетіледі. 

«Насихатшылардың  қысқаша  педагогикалық»  сөздігінде  «Тәрбие  –  адамдарды 

еңбекке  тағы  да  басқа  көптеген  қоғамдағы  пайдалы  іс–әрекетке  дайындаушы,  көптеген 

әлеуметтік    функцияларды  орындайтын  объективті  заңды  процесс»  деп  тәрбиені  іс–әрекет 

емес процесс ретінде қарастырған.  

1995  жылы  қабылданған  «Мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларды 

тәрбиелеу тұжырымдамасында» тәрбиенің мақсат – міндеттері айқын берілген:  

«Тәрбие  -  халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі  мен ізгі 

қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым   - қатынасын, 

дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру»   

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, 

мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттері 

қалыптасқан, адамды тәрбиелеу. 

Тәрбиенің міндеттері:  

-  озық  педагогикалық-психологиялық  ойларды,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолдана 

отырып,  қазақ  ұлтының  төл  мәдениеті,  салт-дәстүрлері,  әдеті,  ғұрпы  арқылы  жас 

жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру; 

-  жалпы  және  кәсіби  білім  беретін  пәндердің  тәрбиелік  мазмұнын  күшейту,  тәлім-

тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтерді оқуларды енгізу; 

- Балалар мен жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой 

қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру, өмірлік мақсат-мүдесін айқындауға, 

жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;   

Қазақстан Республикасы өз алдына дербес, тәуелсіз ел қатарына қосылған соң, ұрпақ 

тәрбиесінде  жаңа  мақсат  -    міндеттер  туындады,  олар  Қазақстан  Республикасының  Білім 

туралы заңының 8-бабында жазылған. 



 

1. Білім беру жүйесінің басты міндеті  - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 



ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және 

кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. 

2. Білім беру жүйесінің басым міндеттері жеке адамның шығармашылық, рухани және 

дене  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 

қалыптастыру,  жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін байыту. 

3.  Адамзаттық  пен  елжандылыққа,  өз  Отаны  -  Қазақстан  Республикасына 

сүйіспеншілікке,    мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге, 

Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. 

4.  Республиканың  қоғамдық  -  саяси  экономикалық  және  мәдени  өміріне    қатысу 

қажеттілігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы  көзқарасын 

қалыптастыру. 

5.  Әлемдік  және  отандық  мәдениеттің  жетістіктеріне  баулу,  қазақ  халқы  мен 

республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет –ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2009  жылғы                            

16  қарашадағы  №521    бұйрығымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім 

беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселе   - тәрбие беру міндеттерін 

шешудегі  тәрбие  үдерісіндегі  барлық  субъектілердің,  яғни  тәрбие  саласымен  айналысатын 

педагог мамандардың іс – қимылдарын келістіру болып табылады». 

Тәрбие  тұжырымдамасында  тәрбиенің  12  бағыты  нақтыланған,  жаңа  мазмұнда 

енгізілген  бағыттары  «Өзін-өзі  тану  мен  өзін  –  өзі  дамыту»  қажеттілігін  қалыптастыру, 

«Әлеуметтік  –  мәнді  және  жеке  қасиеттерін  қалыптастыру»,  «Коммуникативті  мәдениетті 

қалыптастыру»  және  «Интеллектуальды  мәдениетті  дамыту»  жаңадан  енгізілген  жұмыс 

бағыттары  бойынша  тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың  таңдаулы  тәжірибелерін  зерделеу, 

зерттеу, анықтау және кең тарату сынды жұмыстар жетілдірілуі қажет етеді. 

Тәрбие үдерісі  - тәрбиеші  мен тәрбиеленушінің белгілі  мақсатқа жетуге бағытталған 

өзара байланысты іс-әрекеті. 

Тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның сыртқы әсерлерді іштей қайта қорыта білуі маңызды 

орын  алады.  Адам  қоршаған  ортамен  белсенді  қарым-қатынасқа  түсіп,  өзінің  белсенділігін 

көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырады. 

А.С.  Макаренко  «Бала  айнала  қоршаған  ортамен  шексіз  қарым-қатынасқа  түседі, 

дамиды,  баланың  дене  күші  артып,  адамгершілік  қасиеті  жақсарады.  Жылдар  өткен  сайын 

баланың  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы  маңызды  бола  бастайды,  қарым-қатынас  даму 

мен тәрбиеге ықпал етеді» - деген. 

Жеке  тұлғаның  тәрбиесі  мен  дамуының  бірлігі  мен  байланысы  –  бұл  тәрбие 

процесінің заңы. Ал даму  - тәрбие нәтижесі. 

Тәрбие үдерісінде адамның сана – сезіміне, ерік – жігеріне, мінез – құлқына, мақсатты 

әсер ету арқылы оның санаткерлік деңгейі дамытылады. 

А.С.  Макаренко:  «Тәрбие  логикасы,  оқу  логикасын  қайталамайды,  тәрбиенің  өзіндік 

мазмұны, принциптері, әдістері бар», - деді. 

Тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшеліктері бар. 

Тәрбие    -  қоғамдық  құбылыс,  өйткені  қоғамның  материалдық  жағдайының  өсуі, 

идеологияның  өзгеруімен  байланысты.  Тәрбиенің  мақсат    -  міндеттері,  мазмұны  мен  оны 

ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. 

Тәрбие  мақсатты  үдеріс.Тәрбие  мақсаты  айқын  әрі  нақты  өмір  жағдайына  сай 

белгіленсе  ғана  өз  нәтижесін  дұрыс  береді.  Оны  тәрбиешілердің  өз  қалауымен  анықтауға 

болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен 

әрқашанда тығыз болады. 

Тәрбие – көп факторлы үдеріс, ол тек мектепте ғана емес, отбасында, мектептен тыс 

мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады.     



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау