3.3. Өсімдік тамырларының суды пайдалануы
Көптеген зерттеушілер өсімдік тамыры жүйелерінің суды пайдалануы олардың белсенділігіне байланысты болады деп дәлелдеді.
Біріншіден, тамыр метабиологнялық энергия жұмсаса, екіншіден, тамырдың жұту ерекшелігіне сәйкес сұйықты бойына сіңіреді. Қазіргі кезде өсімдік тамырларының суды пайдалануы транспирация құбылысымен тамыр қысымының өзара ара қатынастары тығыз байланысты болуы арқылы түсіндіріледі. А. Ивановтың пікіріне сәйкес олар суды пайдалану үшін біріншіден, топырақ бойындағы суды тарату күшін жояды, екіншіден, тамыр бойындағы судың фильтрациялық кедергілерін төмендетеді, үшіншіден, сабақтарда қозғалатын судың кедергілерін азайтып, топырақта жеткілікті түрде ылғал болғанда ғана бұл істі жүзеге асырады.
Бұл мәліметтерден түрлі дақылдардың тұқымы көктеуі, өсіп-дамуы үшін әр түрлі мөлшерде су керек екендігін көруге болады. Ал мұны білудіц маңызы зор. Әр дақылдың суды пайдалануы тұқым көктеуден бастап кейінгі даму кезеңдеріне қарай өсе береді, тек нағыз егісті жинау кезеңінде ғана суды пайдалану едәуір азаяды. Мұныц негізгі себебі -күз айларындағы күннін салқындауы және өсімдіктердің вегетациялық өсуінің біршама бәсеңдеуі болып табылады.
Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшерін тракспирациялық коэффициент арқылы білуге болады. Өсімдіктердің суды буландыруы -оның транспирациясы.
Өсімдіктер күн сәулесінін энергиясын өз бойына сіңіріп, қатты қызады. Егер олар осылай ұзақ уақыт бойы қызатын болса, онда клеткалардағы белоктар коагулция жасанды да, өсімдіктер тіршілік қабілетін жояды. Сондықтан да олардың кызып кетпеуіне транспирация процесі өте игі әсерін тигізеді. Өсімдіктер суды неғұрлым мол буландырса, солғүрлым жақсы салқындайды. Егер ауа ылғалды болып келсе, онда транспирация процесі баяу өтеді.
1782 жылы швейцар ботанигі Жан Сенебье өсімдіктер қорегінде ауа көмірқышқылының маңызды ролі бар екенін тәжірибе жүзінде белгіледі. Ал 1840 жылы неміс химигі Юстус Либих өсімдіктер үшін минералдық тұздардың барынша қажеттілігін біржола дәлелдеп берді. Осының бәрі өсімдіктердің суды пайдаланатындығы туралы ұғыммен біте қайнасып байланысты болды.
Су -тіршіліктің қажетті шарты. Ол өсімдіктегі ішкі ортаны түзеді де, соның негізінде барлық физиологиялық процестер жасалады. Әрі олардың өтуіне барынша әсер етеді.
Өсімдік организмдері су режимі оған судың келуі мен жұмсалуына қарай қалыптасады. Әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты онын қалыптасуы да біркелкі болмайды, міне осы жағдайлардың арасында тағы да судың алатын орны ерекше. Су өсімдікті топырақпен және атмосферамен жалғастырып, олардың бірлігіне жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |