Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет88/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   472

 

182 


 

дыбыс  түрінде  де  кездеседі.  Бұндай  жағдайда  дыбысты  дұрыс  айта  тұрып,  оларды 

сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы 

«Шамат  маған  көрсі  тұрады».  Мұндай  жағдайда  дыбыстардың  артикуляциясын 

қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастыруымыздан тыс қалады. Сонымен 

қатар  дыбыстың  тұрақты  алмастыруын  түзету  кезінде  мынандай  жағдайда  ескерген 

жөн.  Жаңа  артикуляцияны  меңгерген  кезде  біраз  уақыт  жаңа  қойылған  дыбыс  пен 

бұрыңғы  ауыстырып  айтылған  дыбысты  сөйлегенде  жиі  қолданылады.  Мысалы,  ш 

дыбысы  с  дыбысымен  алмастырылады  дедік.  Енді  ш  дыбысын  дұрыс  айтып 

үйренгенде  біраз  уақыт  с  дыбысы  бар  сөздерде  ш  дыбысы  қолданылады.  Сабын-

шабын, қасық-қашық т.б. 

Фонологиялық  қателіктер  уақытша  сипаттап  алуына  қарамастан  жазу 

қателіктеріне  де  соқтыруы  мүмкін.  Сондықтан  фонологиялық  қателікті  түзету 

нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын 

мен  сөздегі  әріптерді  салыстырып  отыратын  жаттығуларға  көңіл  бөлу  керек.  Түрлі 

дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сиапттау барысында осы кемшіліктердің пайда 

болуына  себеп  болатын,  оларды  түзетілуіне  кедергі  болатын  аппаратының  шеткі 

бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескеріледі. Бірақ есте болатын жай 

бір  жағынан  айту  кемшіліктері  кейде  сөйлеу  аппаратының  өте  дұрыс,  құрылымы 

бұзылған  жағдайында  да  бола  берсе,  кейде  сөйлеу  аппаратының  елеулі  кемшілігіне 

қарамастан сөйлеу тілінің фонеткалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер 

жоғарыда  нерв  қызметінің  ерекше  икемділігінің  куәсі,  дұрыс  сөйлеу  үшін  сөйлеу 

аппаратының  зор  мүмкіндігі  бар  екенін  танытады.Шеткі  сөйлеу  аппаратының 

құрылымының  анық  аномалиясы  жағдайында  дыбыстарды  дұрыс  айту  мүмкіндігін 

ескерудің  маңыздылығы  сонда,  кейде  бұл  аномалияларды  дыбыстың  айтылу 

кемшілігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі. Тек 

ерін,  тіс  таңдай  жақ,  тіл  құрылысындағы  ең  ауыр  аномалиялар  болғанда  ғана 

логопедиялық  жұмыстан  бұрын  хирургиялық  операция  реттеу  немесе  протездеу 

түріндегі  медициналық  әсерді  қажет  ететінін  тәж  көрсетуде.  Мұндай  әсердің 

қажеттігін логопед пен дәрігер стомотолог, отоларинголог бірлесіп шешеді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



 

1. Тебенова  Қ.С.  Дамуында  ауытқулары  бар  балалар.  Оқулық  құрал.Қарғанды 

2005жыл. 

2. Бигельдинова  З.А.  Логопедия  және  оның  тарихы.  Оқулық  құрал.  Қарағанды 

2006жыл. 

3. Журнал «Тілашар.Логопед» Алматы қаласы. 2011жыл. 

4. Журнал «Дефектология» Алматы қаласы. 2015жыл. 

 

 



 

 

 



 


 

183 


 

ОҚЫТУ - ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ 

ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 

 

Аушекенова Данагуль Едыгеевна, Иманкулова Бекзат Хасеновна 



№ 42"Тілек" балабақшасы 

 

Қазіргі  заман  ағымы  болашақ  ұрпақтың  ой  -  өрісінің  шыңдалуын,  жеке  тұлға 



ретінде  қалыптасуын  талап  етуде.  Осы  орайда  ұлы  педагог  Ушинскийдің  "Бала  -  

балқытылған  алтын",  -  деген  қанатты  сөзді  еске  түсіреді.  Егеменді  еліміздің  алғы 

шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан 

- жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін 

көру,  оны  жетілдіру  ізденгіштік  қасиетін  дамыту  тәрбиешінің  сабақ  берудегі 

ізденушілік,  шеберлік  қабілеттеріне  байланысты.  Ж.Аймауытов  "Сабақ  беру 

үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" - деген, яғни 

оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  балалардың  әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын 

жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. 

Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  халыққа  жолдаған  жолдауында  "Біздің  міндет  жаңа 

технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге 

қабілетті ұрпақ тәрбиелеу" деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. 

Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін,  әр  ұстаз 

алдында  отырған  баланың  жас  ерекшелігін  ескеріп,  өзінің  шеберлігіне  орай  таңдап 

алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті оқыту 

әдісі.  


Әдетте  мұндай  қарым  -  қатынас  балалар  әлдебір  мәселені  талқылап  соның 

шешімін  табуға  талпынған  маңызды.  Себебі  интерактивті  оқытудың  басты 

мақсатының өзі - балалардың өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету.  

Интерактивті  технология  өзара  қарым  -  қатынастың  мол  ауқымын  қамтиды. 

Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі - «inter» -бірлесу, 

«aсt»  -  әрекет  жасау  ұғымын  білдіреді.  Оқу  іс  -  әрекет  барысында  баланың  топпен 

жұмыс  жасауға  қатыспауы  мүмкін  емес,  бірін-бірі  толықтыратын,  оқу  іс  -  әрекет 

барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі. 

Интерактивті әдісімен оқытқанда, баланың: 

- ақыл - ойы дамиды; 

- еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

- шығармашылық белсенділігі артады; 

- ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеленеді; 

- тіл байлығы жетілдіріледі; 

- жан - жақты ізденушілігі артады; 

Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін 

өз  тәжірибемде  қолданып  келемін.  Мысалы,  мен  алған  жобамның  тақырыбы: 

"Балалардың  мектепке  даярлығын  зерттеу".  Мен  осы  жобамдағы  тапсырмаларды 

интерактивті тақтаның арқасында орындай аламын. 

1. Баланың бейнелі қиялын дамыту әдісі.  




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау