Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет86/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   472

 

178 


 

методология  преподавания  насыщена  социо  –  лингвистическими  стратегиями  и 

коммуникативными заданиями. 

 

Литература 



1. 

Douglas Brown H. Principles of Language Learning and Teaching. Fourth edition. San 

Francisco State University, 2000.    

 

 



СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС 

 

Аукешева Нургуль Сағындыққызы 



Шет ауданы «Балдырған» балабақшасы 

 

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін 



дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес. 

                                                                     В.А.Сухомлинский 

  

Сөйлеу тілінде ақауы бар балалармен логопед жұмыс жасайды. Логопед дегеніміз    



–  сөйлеу  тіліндегі  кемістіктерін,  оның  бұзылу  себептерін  болдырмау  жолдарын, 

сонымен  бірге  әртүрлі  кемістіктерді,  әртүрлі  жолдармен  түзетіп    жою  тәсілдерін 

зерттейтін ғылым. Логопедия логос (сөз) және пайдео (тәрбиелеймін), үйренемін деген 

грек  сөздерінен  алынған.  Ал,  тіл  кемістігі  дегеніміз-сөйлеу  қабілетінің 

психофизиологиялық  механизмінің  бұзылу  салдарынан  сөйлеушінің  сөйлеу  тілінің 

қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз. 

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы барлық мүкістердің 5 жасқа дейінгі 

мерзімде тексеріп анықтау қажет.Себебі дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелері әлі 

жеткілікті  дәрежеде  дамымаған,  әрі  орнығып  бекімеген  жас  бала  сөйлеу  тіліндегі 

дыбыстардың  барлығын  бірдей  дұрыс  айта  алмайтындығы  өзінен-өзі  түсінікті.  4-5 

жасқа дейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстарды бұрмалап айтуы жай деп саналады 

және  бұны  жастық  немесе  физиологиялық  тіл  мүкістігі  дейді.  4-5  жастан  кейінгі 

баланың  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың  бұзылып  айтылуы  патологиялық  деп 

саналады.  Сонымен  дислалияны  жоюдағы  логопедиялық  жұмысты  дәл  осы  жастан 

бастап  жүргізу  керек.Бірақ  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың  дұрыс  айтуын  жетілдіру 

сабағын бастамас бұрын баланың сөйлеу тілін тексеріп алу керек. 

Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс 

кезеңдерінде  әртүрлі  пікірлер  айтылады.  Мысалы,  Ф.Ф.Рау  екі  кезеңге  бөлсе, 

О.В.Правдина,  О.В.Токарева  үш,  ал  М.Е.Хветцев  төрт  кезеңге  бөлді.  Кезең  саны 

әртүрлі  болғанымен  негізгі  мақсаты  бір  болып  келеді.  Логопедиялық  түзету 

жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді: 

 



Дайындық кезеңі 

 



Дыбысты қою кезеңі 

 



Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі 

 



Дыбыстарды ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі 

Аталған  кезеңдердің  арасында  айқын  шекара  жоқ  1-нің  аяқталуы  2-нің 

басталуына ұласып кетеді. 



 

179 


 

Дайындық  кезең.  Бұл  кезеңнің  негізгі  мақсаттары:  баланың  түзу  жұмысына 

ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орныдауға үйрету, зейінің, тыңдау, ойлау 

қабілетін  дамыту,  арнайы  логопедиялық  міндеттерге  артикуляциялық  дұрыс 

қалыптастыру,  дыбысты  қабылдау,  ажырату  жатады.  Артикуляциялық  дұрыс 

қалыптастыру  үшін  арнайы  жаттығулар  қолданылады.  Жаттығулар  қойылатын 

дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға 

бағытталады.Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін 

әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы: 

 

«Күрекше» - жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. 



 

«Инеше» - ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд 

ұстап тұру керек. 

 



«Төбешік» - ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге 

жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау. 

 

«Түтікше» - жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп 



түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. 

 



«Ожау» - ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ 

тигізбей ұстап тұру керек. 

 

«Сағат» тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап 



отырып 15-20 рет қайталау керек. 

 



«Саңырауқұлақ»  -  ауызды  кең  ашып,  тілді  таңдайға  жапсыра  ұстап  тұрып 

төмеңгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау. 

 

«Атыбақан»  -  жіңішке  тілді  ауыздан  шығарып,  тіресе  мұрынға  созып,  біресе 



иекке созу. Жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.Осылай 10-15 рет қайталау. 

 



«Тәтті тосап» - жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына 

тереңірек апару. Жаттығуды 15 рет қайталау керек. 

 

«Тоқылдақ»  -  ауызды  кең  ашып  тілдің  ұшымен  жоғарыға  альвеолаға  немесе 



таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек. 

 



«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе 

таңдай қағу.  

Аталған  жаттығулардан  тек  әр  дыбысқа  керекті  жаттығулар  алынады. 

Фонемаларды  дұрыс  айтылуын  алғашқы  қалыптастырып  қою  кезеңінде  негізгі  үш 

тәсіл қолданылады. 

Бірінші тәсіл – еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, 

бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын 

қабылдайды,  сапалы  түрде  сөйлеу  органдарының  қажетті  түрде  қимылын,  қажетті 

дыбыстарын  қайталауға  талаптанады.  Бұл  жағдайда  дыбыстардың  тікелей  естіп 

қабылдау,  сөйлеу  қимылдарын  көру  арқылы  қабылдау,  оның  ішінде  өзінің  айнаға 

қарау көмегімен, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың 

көмегімен  сөйлеу  органдарының  жұмысын  бейнелеп  көрсетумен  толықтырылуы 

мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның 

элементтерін  қалыптастыруға  күш  салу  керек.  Мәселен,  Р  фонемасының  айтылуын 

түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позияциясын игерілетін жаттығулар жасап, содан 

кейін  ғана  оның  тербелісін  қалыптастыру  болып  табылады.  Сөйлеу  мүшелерінің 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау