944
отбасындағы тәлім-тәрбие,өнегеге байланысты.Отбасындағы ересектердің мінез-
құлқына,әдебіне, іс-әрекетіне қарап өсіп,тәрбие көрген баланың қандай екенін тану
қиын емес.
Жас ұрпақты қоғаммымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу оқушылармен еңбек
етуші мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті.
"Адамның адамшылығы ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы
ұстаздар болады," - деп Абай атамыз айтқандай жеке тұлғаның бойындағы адамдық
қасиеттерді тәрбиелеуге отбасының алатын орны ерекше.
Отбасы - қоғамдық жүйенің бір бөлігі.Отбасындағы жақсы қарым-қатынас баланы
жалпы азаматтық құндылықты түсінуге жетелейді, өмірдің қыр -сырын танытады,
жауапкершілікке,адалдыққа,ойшылдыққа,әдептілікке баулыйды.
Бала дамуының бастауы мынандай факторлерден тұрады.
1.Биологиялық:(туа және жүре берілетін қасиет)2.Әлеуметтік:(бала өсіп жетілетін
рухани орта)қазіргі ұрпақ тәрбиелеудегі басты мәселе тұлғаның рухани дамуы.Рухани
даму дегеніміз - өмірде өз орнын атқаратын міндетін,жауапкершілігін,өзін-өзі үздіксіз
жетілдірі.
Жас жеткіншек ұрпақтарды жастайынан іскерлікке,епілікке,батылдыққа тәрбиелей
отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуіне мән беру қажет.Балаға тәрбие ата-ана,
мектеп, қоршаған орта арқылы беріледі. мектеп жан-жақты дамыған жас ұрпақ
тәрбиелеуге байланысты негізгі қамқорлықты өз міндетіне алса,ата-ана баланы
асырауға ғана емес,үйретуші,азаматтық дағдыны қалыптастырушы.Сондықтан
отбасында келеңсіз қасиеттерден аулақ болу үшін ата- аналар педагогткалық
қағидалар білу қажет.Ұстазбен,ата-ана балаға бірдей талап қойып,онын орындалуын
қадағалап отырғанда ғана жүргізілетін жұмыстар нәтижелі болмақ.[1.68– б]
Ана мейірімі қанша шексіз десек те, бірақ бала тәрбиесінде бәрінің өз шегі болу
керек.Олай болса, ата-ана бала тәрбиесінде жетістіктергежету үшін төмендегі
нұсқауларды есте ұстаулары қажет.
Ата-аналар қандай ережелерді сақтауы тиіс?
1. Баланың дамуына назар аудару;
2. Баланы ағза қалыптасуымен мұқият танысу;
3.Баланың білім алуына көмек жасау;
4.Баланы болашақ өмірге даярлау.
Ата-ана бала тәрбиесінде төмендегі шарттарды есте ұстауы қажет:
1. Ата -ана бала тәрбиесінде алға қоятын мақсатын анықтап алған жөн;
2.Жақсылықтын үлгі өнегесін көрсету ата-ананың жағымды ықпал етуінің басты
шарты;
3. балаға өз мүмкіндігінен артық үміт артпау;
4. Балаға қай істе,қай жағдайда болсын сенім білдіру ;
5.Отбасында орнаған тәртіппен әдептілік салт-дәстүрге негізделуі керек.
Ата-аналарға,мұғалімдерге ұсыныстармен пікірлер:
1.Әрбір ата-ана салауатты ұрпақты өсіру үшін ең алдымен жас өркеннің денсаулығына
ерекше мән берсе. Себебі:жас өркеннің дені сау болса ғана,білім сапасы артып, жан-
жақты дамит;
945
2.Әрбір ата-ана отбасындағы бала тәрбиесін мектептегі оқу білім тәрбиесінен
ұштастыра жүргізуі қажет;
3. Әрбір ата-ана өз баласының ақыл ойының жан- жақты дамуын жақсарту жолында
әр түрлі үйірмелерге,секцияларға қатысуына жағдай жасау;
4.Әрбір тәрбиеші балаға бала деп қарамай баланың қойған сұрағына көңіл бөліп,
сұрағына толық жауап бере отырып,баланы өз бетімен ойланып ізденуге талпындыру
керек;
5.Әр баланың психологиялық ерекшелігімен қоса,ойлануының даму деңгейін біліп
дамыту қажет.
Данышпан Абай былай дейді: балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады:
біріншісі- ата-анадан, екіншісі- ұстаздан, үшіншісі құрбысынан.Соншалықты
қаншалықты шаршап - шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс.
"Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі", "Баланы мақтау жетелемейді,
тәрбиелеп баптау жетілдіреді","Әкеден-ақыл,анадан - мейір","Баланың бас ұстазы - ата
- анасы"деген сөздер бекер айтылмаса керек. Бала - әр жанұяның бақыты.[2.105–
б]Олай болса,өз бақытымызды бағалай білейік. Бала - болашағымыз болғандақтан
жанұя мен мектептің байланысы өте жақсы болуы қажет.Ендеше қыздарымыздың ,
мемлекетіміздің ертеңгі үлгі болар азаматы екендігін ұмытпайық.
Жақсы қасиет отбасынан дариды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезенді басынан
өткізуде.Ажырасу мен толық емес отбасылар отбасылардағы кризис,жас өспірімдер
арасындағы қылмыс,тәрбие сапасынан құлдырап кетуі,қоғамдағы жат қылықтардың
қазіргі кездегі отбасынның жауап кершілігінің төмендеуі заңсыз отбасын құру,некесіз
баланың туылуы,тастанды бала , т.б. қалыптасуына әкеліп соқты.Осы мәселені шешу
, бүгінгі күн талабының көкикесі мәселесі болып отыр.Бүгінгі таңда толық емес
отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл,тез ренжігіш,күйгелек мінезді болып өсіп
келеді. Аналық мейрімді қатты аңсайды.Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді,
қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез
ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.
Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған
алғашқы,өтпелі кезеңінде , қазіргі кездегі ата - ана баланың потриотизмге тәрбиелеу
ісінің бәсенділігінің куәсі болдық. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлуге
жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әр түрлі қызықтар қуу мен
өткізеді.Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден бәр нақты жағдай болып
отыр.
Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек , бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге
байланысты өзінің отасыындағы патриархалды күшін жоғалтқан.Сонымен бірге,
балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде.Кәзіргі жағдайда жауапкершіліксіз
ата-ана көбейіп кетті.Бала тәрбиелеуде ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста
сұхбаттасу қоршаған ортамен қарым-өатынасы жетіспейді.[3.92– б] Отбасын екіге
бөліп қарауға болады: Жақсы тәрбие беретін отбасы бар,мүмкіндігі келмейтін отбасы
бар.Баласын тастап саудаға кетеді,қызмет істейді.Ондай бала үйде жалғыз отырады ол
баланың тамағы тоқ киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.Отбасында
кездесетін көп кемшіліктердің бірі - баланың тілін дұрыстамаймыз.Бала еркелікпен
тілін бұрап,басқаша сөз айтады.