747
увлечением знакомятся с художественной литературой: читают рассказы о железной
дороге, заучивают стихи, сочиняют сказки, а взрослые сделали целую подборку
"Железнодорожная тематика в поэзии и музыке для детей дошкольного возраста". С
большим интересом дошкольники составляют и разгадывают кроссворды о
железнодорожном транспорте, о профессиях железнодорожников
В работе с детьми по ознакомлению с профессиями железнодорожников ведущая
роль принадлежит наглядным методам обучения, так как у детей-дошкольников
мышление наглядно-образное. Педагоги используют наблюдение, рассматривание
картин, репродукций, фотографий, железнодорожных экспонатов. Эта работа требует
создания определенного фонда учебно-наглядных пособий. Для этого мы подбираем
иллюстрации и картины на железнодорожную тематику, создаем объемные макеты
железнодорожных станций, поездов.
Взаимодействие с родителями - особое направление нашей работы, так как
маленький ребенок первоначально все берет из семьи. Мы провели анкетирование, где
задали вопрос: "Хотели бы вы, чтобы ваш ребенок работал в будущем на железной
дороге?" Анализ анкет родителей показал, что 60% хотели, чтобы их дети работали в
будущем на железной дороге, так что фронт работы у нас есть.
Одной из самых удачных и интересных, по нашему мнению, формой работы
являются конкурс-состязание "Мама, папа, я - железнодорожная семья", в котором с
удовольствием участвуют семьи детей. В конкурсах, которые разыгрываются смешные,
но в то же время серьезные ситуации о правилах поведения на железной дороге,
состязания на быстроту, силу, выносливость, с удовольствием участвуют взрослые и
дети. Особая наша гордость - участие отцов.
Результатом профориентационной работы также является возросший интерес
детей к железнодорожным профессиям. Дети гордятся работой своих родителей,
понимают важность их труда. Многие из них выражают желание, когда вырастут, стать
такими, как их родители и пойти работать на железную дорогу.
Мы надеемся, что наши дети научатся быть инициативными в выборе
интересующего их вида деятельности, получат представления о мире железнодорожных
профессий, осознают ценностное отношение к труду взрослых, будут проявлять
самостоятельность, активность и творчество, что поможет их дальнейшему успешному
обучению в школе, а в будущем стать железнодорожниками.
Мы уверены, что именно с позитивного влияния на сознание детей и начинается
знакомство с профессией близких людей, миром железнодорожников.
САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ОРНЫҚТЫРУ
Магазова А.Т., Кенжегулова М.Р.
КМҚК №145 «Балапан» балабақшасы, Қарағанды қаласы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға,
білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымызды танып-білуге мол мүмкіндік туғызды. Ата-
748
бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту халық қазынасы ауыз әдебиеті,
балаларға арналған көркем әдеби шығармаларды кеңінен пайдалану арқылы жүзеге
аспақ. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдаған үндеуінде: «... біз тарихи мүмкіндіктерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта
тәрбиелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы
арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, отаншылдыққа
тәрбиелеуге тиіспіз», – деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының негізгі бағыттары мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие
үрдісінде жұмыс мазмұнын, оның әдіс-тәсілдерін жетілдіруді жас ұрпақты болашақ
өмірге даярлаумен тығыз ұштастыра жүргізу талабын қойды. Соған сәйкес,
тәрбиенің алғашқы негіздерін беретін мектепке дейінгі ұйымдардың ұстаз-
педагогтарына, ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өйткені жан-
жақты жетілген жеке адамды қалыптастырудың іргетасы отбасынан, тәрбие
ұйымдарынан басталып, тәлім-тәрбие арқылы қаланатыны белгілі.
Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда.
Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын
жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге
асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік
құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәселелердің
бірі – болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне
сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарында,
оның ішінде ҚР «Білім» туралы Заңында, атап көрсетілген.
Ұлттық әдебиет әр кезде ұрпақ тәрбиесіне, оның қалыптасуына игі ықпал етіп
отырады. Соның ішінде балалар әдебиеті үнемі өсіп, кемелденіп отыруға тиіс. Себебі,
бала табиғаты өзгеріске, дамуға, жаңалыққа бейім болады. Егер балалар әдебиетіне
қатысты зерттеу еңбектеріне қарап отырсақ, мемлекет әр кезде бұл саланың дамуына
назар аударып отырған екен. Оған дәлел ретінде XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары
жарық көрген «Жаңа мектеп» журналында жарияланған Қазақстан Оқу
комиссариатының нұсқау хатынан мынадай үзінді келтіруге болады: «Мазмұн жайынан
балаларға арналған кітапшалар жазу үшін ел әдебиетін пайдалануға болады. Кітап
балаға ой салатындай қызықты, тілін байытатындай әсерлі болуға тиіс. Бала
кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Бала кітапты бал жалағандай сүйетін болсын».
Жалпы, қазақ балалар әдебиетінің әр алуан мәселелерін арқау еткен еңбектер мол
жарияланған. Мәселен, Қ. Жармағамбетовтің “Балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлу
керек”, Қ. Бекхожиннің “Балалар әдебиетін өркендете берейік”, Ө. Тұрманжановтың
“Балалар әдебиеті туралы бір-екі сөз”, М. Әлімбаевтың “Балаларға арналған өлеңдер
туралы”, “Балаларға поэзия керек”, Н. Ғабдуллиннің “Балаларға арналған өлеңдер”, А.
Нұрқатовтың “Балаларға арналған шығармалар туралы” т.с.с. мақалаларды атауға
болады.
Қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі, дамуы, шығармашылық өкілдері Ш.
Ахметов, Б. Ыбырайым, Қ. Ергөбек мақалаларында арнайы сөз болды. Сондай-ақ, Ш.
Ыбыраев, Ш. Әлібеков, К. Матыжанов, К. Ісләмжанұлы т.б. авторлардың қазақ балалар